Жүсіпов А.Е. ф.ғ.к., Кабиева А.Ш.. ф.ғ.м., Төлеужанова Ж.,

Баймағамбетова К.ф.ғ.м., Жүсіпова Ә.Р.

 

 «С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ

Астана, Қазақстан

 

Қазіргі қазақ тіл біліміндегі қайшылық пен болымсыздық: салыстырмалы талдау

 

Табиғат заңы объективті болады, оның зерттеушінің көзқарасына қарай өзгерілуі мүмкін емес. Осы заңды өзінше түсіндіру қандай да бір субъективтік элементті енгізетіні белгілі. Табиғат, қоғаммен бірлескен тілдік заңдар да объективті болады, тілге өзінше түсініктеме беру субъективтік элементті енгізе отырып, тілдік құбылыстың түбегейлі байланысын бұзады. Осыдан барып алдымен тілдік заңдылықтарды құрып алып, содан барып зерттеуші өзінің бағытын таңдайды. Осындай шегеру шексізді шектіге, оқуға жарайтын етуге мүмкіндік береді[1].

С. Бондарчук «рельефно обнаруживается, что отрицание выступает единственным средством определения различия предмета самим собой» деп, «наличие-отсутствие, умный-неумный» типіндегі антонимдік оппозицияларды мысалға алып, «отсутствие», «неумный» сөздерінің «ақ емеске» ұқсайтынын көрсетеді [5].

Ғалымның осы пікірінен соң «ақ -ақ емес, стол – стол емес» сияқты оппозициялардың бәрін антонимдер қатарына қоспақпыз ба деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Бұндай «антонимиялар» осындай оппозициялардың шектеусіздігіне орай антонимдік бірліктер класын бөліп алуымызға мүмкіндік бермейді. Біз шектеу тапқандаймыз: болымсыздық нақты антиподын «көрсетуі» тиіс  - «ақ» - «қара»; «үлкен» - «кіші» және т.б. [6].

Басы Б – жалғасы (Ж1) – ортасы (О) – жалғасы (Ж2) – соңы (С) мысалына қайта оралатын болсақ, Б-С соңғы, шеткі болымсыздықты көрседі, ал басқа қарама-қарсы оппозициялар – антоним емес. Алайда  «шеткі болымсыздықты» өзгерусіз көрсеткіш деп қарамай, оның динамикасын біз сөйлесім кезінде  анықтағанымыз дұрыс сияқты. «Әңгіме неден басталса да, соңы жанжалмен аяқталды…. Уақыт өте аздап тынышталғандай болды, бірақ бәрі қайта жалғастың.  Басталды сөзі соңы сөзімен антонимдік оппозиция құрып тұр, ал мына мысалда біз «соңы» сөзінің «жалғасты» сөзімен антонимдік оппозиция құрып тұрғанын айқын көріп тұрмыз. Бұл оппозиция  барлық мүшелерге ортақ ұрыс-жанжалдың басталып аяқталмай, жалғасын тапқанын көрсетіп, мезгілді, уақытты беріп тұр [7]. Сондықтан соңы/жалғасы  қарама-қарсы мағынадағы антонимдік оппозицияны құрайды. Осы орайда зерттеуші-ғалым Е.Н.Миллердің Г. Агрикола және М.Р.Львовтың  антонимдер сөздіктерінде  аралық сөздерді енгізулері туралы мына тұжырымын келтіруге болады. «Возможно, что именно осознание динамики предельного отрицания /белгілеген біз - А.Ж./ привело составителей к включению в словари оппозиций антонимов с так называемым промежуточным (средним) членом, например, «прошлый – настоящий», ср. «прошлый – будущий», «gestern – heute», ср. «gestern – morgen»[1].

Келесі сөздердің мағынасын және «антимағынасын» түсіндірген кезде де біз шеткі болымсыздықты көруімізге болады: «жас» деген сөз («өспірім, жас мөлшері жағынан кіші») деген мағына береді де, (жас мөлшерін беретін) егде (орта, жер ортасы жасқа келген), кәрі («көп жыл жасаған») сөздеріне қарсы мағынада қолданылған. Алайда жас – егде оппозициясы шеткі болымсыздық қасиетті бере алмайды, ал жас – кәрі оппозициясы болымсыздықтың ең шетіне жеткізілген, сондықтан олардың арасында антонимдік қатынас пайда болады [8].

Сонымен көз жеткізгеніміздей антонимдердегі болымсыздық қасиеттері формалдық түрде көрсетілмеуі мүмкін. Мәселен, атака – контратака, қисынды - қисынсыз, жанды – жансыз оппозицияларындағы бірінші сөздердің екіншілерін жоққа шығаратынын (не керісінше),  оларды формалды көрсеткіштер әсерінен болатынын көрсек (контр-, -ды, -сыз), ауыр - жеңіл, дос - қас оппозицияларында болымсыздық формалды түрде берілмегенімен, бар екенін байқаймыз. Ауыр – жеңіл емес, керісінше жеңіл – ауыр емес, дос - қас емес, қас – дос емес. Сонымен бірге сол жақта – оң жақта,  өткен – болашақ,  сату – сатып алу (қандай бір нақты нүктеге байланысты бір уақытта сол жақта да, оң жақта да болу мүмкін емес қой) сияқты болымсыздығы бар оппозицияларда болымсыздық антонимдердің нақтылайтын, айқындайтын қасиеті болып табылады. Сол жақта дегеніміз – оң жақ та емес, артқы жақ та емес, алдыңғы жақ та  емес; өткен – болашақ та емес, осы кезең де емес; сату – сатып алу ғана емес, бұл дегенің сыйлау да емес, айырбастау да емес [9].

Формалды түрдегі антоним-сөздердің болымсыздық түрлерін шартты түрде екіге бөліп көрсетуге болады (әрине бірінші қатардағы қарама-қарсы мағыналар екінші қатардағы сөздерге қарағанда өзгеше):

1)         бай – кедей; үлкен – кішкентай, жоғары – төмен, қымбат – арзан, жас – кәрі, жақсы – жаман және т.б.;

2)         бай – бай емес, үлкен - үлкен емес, жоғары – жоғары емес, қымбат- қымбат емес, жас – жас емес, жақсы - жақсы емес және т.б..

Тілде өзінен-өзі пайда болған антонимнің болмайтынын мойындай отырып, антоним өзінің антиподын жоққа шығаратынын көреміз. Бұл болымсыздықтың табиғаты мынада: кез келген сөзді айтқан кезде адам бірден оның қарама-қарсы сөзін (антиподын) еске түсіреді. «Каждое утверждение есть одновременно отрицание» деген қағиданы ұстана отырып, «үлкейту» деген сөзді алатын болсақ лезде «кішірейту» сөзі ойымызға келетінін аңғарамыз. Сол іспеттес басқа да сөздер қарама-қарсы сөздерін «сұрап тұрады». «Положительное и отрицательное – это стороны противоположности, ставшие самостоятельными…. Каждое из них  есть оно же само и свое иное, и потому каждое имеет свою определенность не в чем-то ином, а в себе самом. Каждое соотносится с самим собой, лишь соотносясь со своим иным» [2.48]. Ендеше екі антонимдік бірлікте де бір уақытта болымды және болымсыздық қасиеттері болуы мүмкін. Болымсыздық қасиеті формалды түрде көрінбеуі де мүмкін. «Формально-логические и языковые отрицания по смыслу сопоставимы, но отнюдь не идентичны, могут не совпадать. Так, отрицательные языковые формы не всегда выражают логическое отрицание»[3.77]. Осы ойды мына мысалмен түсіндіріп өтсек: «Ақыл гауҺар бағасыз, ақымақ ауру дауасыз» (Мақал-мәтелдер жинағы). Бағасыз деген сөзде болымдылық мағына бар (-сыз деген болымсыздық көрсеткіш болғанның өзінде де), ол қымбат деген мағынаны береді. Керісінше  болымды тілдік формалар логикалық, қисындық болымсыздықты беруі ықтимал, мәселен: соқыр, саңырау деген сөздерді алатын болсақ, соқыр – көр-ме-й-тін, саңырау – есті-ме-й-тін. Сонымен қатар осы соқыр, саңырау деген сияқты сөздер  (бұл сөздерде көздің көрмейтіні, құлақтың есітмейтіні туралы, жоқтығы берілген, - болымсыздық форма бар) грамматикада болымсыздық мағына бермейді, болымсыздық көрсеткіші жоқ, ал логикада /қисында/ ондай көрсеткіш бар. Антонимде болымсыздық формант болған жағдайда, ол тек антонимдік оппозиция мүшесінің мағынасын жоққа шығарып қана қоймай, сонымен қатар болымдылықты беретін кезі де болады, себебі «отрицание есть определенное нечто, имеет определенное содержание» [4].

Жоғарыдағы тұжырымдарды және антонимдердің сөйлесімде қолдану фактілерін ескере отырып –лы, -сыз т.т. жұрнақты бір түбірлі антонимдерді әр түбірлі антонимдермен қатар қарастыру дұрыс деп ойлаймыз. Сонымен бірге осындай жұптардың екінші компоненті мазмұнының нақтылығы мен нақтысыздығын /сапаның, толық мағынаның берілуі, берілмеуіне қарай/, сөйлесімдегі қолданысына қарай, -лы, -сыз аффикстерінен жасалған сөздерді контекстік антонимдер ретінде қолданылатынын да көрсеттік.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

1.     Миллер Е., Вопросы лексики и фразеологии современного русского языка. Ростов-на-Дону, 1968, С.68-74.

2.     «Наука логики» Гегель. М., 1971:124.

3.     Бондаренко В., Отрицание, как логико-грамматическая категория. М., 1983.

4.     Жүсіпов А., Қайшылық туралы ойшылдар көзқарасына шолу. Материалы ІХ Международной научно-практической конференции «Dynamika naukowych badan», 07-15 lipca 2013 roku, Praga, Чехия. рр. 51-54.

5.     Болғанбаев Ә., Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. Алматы, 1979.

6.     Шүкіров Р., Лексико-семантическая природа антонимов узбекского языка . Ташкент.: 1973.

7.     Жүсіпов А., Қайшылық: түсініктің тарихи даму үрдісі, лингвомәдени көзқарас. Материалы ІХ Международной научно-практической конференции «Aktualni vymozenosti vedy -2013», 27.06-05.07. 2013 roku, Praga, Чехия. рр. 46-49.

8.     Оразов М., Қазақ тілі семантикасы А. 1991 –146 б.

9.     Жумабекова А., Оппозитивный анализ антонимичных единиц в казахском и русском языках. АКД. Алматы, 1995.