Жүсіпов А.Е. ф.ғ.к., Баймағамбетова К.Н. ф.ғ.м., Болатбаева З.,

Қабиева А.Ш.ф.ғ.м., Жүсіпова Ә.Р.

 

 

«С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ

 

Парадокстың тіл біліміндегі орны: салыстырмалы сипаты

 

 

Парадокс мақал-мәтел негізгі үш топты құрайды: (а) Гномалық (гректің «γνωμη» - «ақыл, білім, пікір» деген сөзі, сонымен қатар, «гнома» - ұлағатты пікір, өсиет ретінде де қолданылады), яғни осы қоғамда өмір сүретін көпшілік көзқарасына қайшы келетін пікірді білдіретін: күндердің күнінде – осы күндердің бірінде емесі анық; (ә) Семантикалық, сырт әлемге тура бағыштамай-ақ сол пікір шеңберінде орын алатын қайшылық: асығун асықпай-ақ қой, бірақ тездет. (б) Әзіл және сөзойнатымдық (каламбур): Анашым, өзің әкеме күйеуге шығып алып, мені бөтен ерге бергің-ақ келеді. (в) Кейде мақал-мәтелдегі парадокс прагматикалық тұрғыда қарапайым, қарабайыр десе де болады, көбіне сол тіркес екінші шекке өтіп, әдетте парадокс ретінде қабылданады. Мақал-мәтелдің парадоксы семантикалық және прагматикалық деңгейде туындайды. Семантикалық деңгейде парадокс туындатушы логикалық қайшылық мәтін ішінде, ал прагматикалық қайшылық – мәтін мен мәнмәтін әрекеттескен кезде туындайды [1].

Парадокс мақал туралы ғылыми еңбегінде Матти Кусси халық арасында мол қайшы пікірдің барлығын көрсетті [2:С.131-141]. Кусси парадоксты ұлғайтқыш деп атаған. Алайда сипаттайтын екі нысаны бар кей антонимдік тілдік бірлікті парадокс қатарына қосуға негіз бар ма? «Мысық қуанышы – тышқанның көз жасы», «Байлар кедейдің салығы есебінен күн көреді», «Бүгінгі алтын – ертеңгі шаң». Бұл жағдайда парадокс жоқ, тек қарсылық қана бар. Х Х емес формуласына негізделген «алтын – алтын емес, нан – алтын» іспетті парадокс тосындығымен тыңдаушыны қайран қалдырады деген ойды да осы Кууси айтады. Х у-тен артық, жақсырақ салыстырмалы формулаға негізделген «өз зұлымың өзгенің ұлығынан артық» секілді мақал да тіл-тілде көптеп кездеседі. Алайда «жүз рет естігенше, бір рет көр», «алты қорқақтан бір батыр артық», «жүз доллардан жүз теңгең артық» деген сияқты мақалда парадокс бар деу қиынға соғар. Салыстырмалы парадоксты «Саво елінің адамынан гөрі қасқырды иландырғаның артық» іспетті мақалды алып, болуы мүмкін емеске қарағанда болуы ықтимал дүниемен салыстырудың өзі парадокс туындатады деген оймен қорытындылайды[3].

Мақалдағы парадокс негізгін құрайтын: (а) қайшылық түсінігіне екі эпитет қарсы тұрады; (ә) эпитет тағы бір эпитетпен «соқтығысады»; (б) бір эпитет қос қарсы эпитетпен байланысады не олар басқаша анықталады; (в) аксиомалық шындыққа қарсы шығады; (г) әдетте «мүмкінге» қарағанда «болуы мүмкін емес» іске асады; (ғ) «Жақсы/жаман», «көп/аз», төмен/жоғары» сияқты мағына тәртібі «төңкеріледі»; (д) «Х у болса, онда у х» деген хиазмдық құрылым құрылады.

Парадокс мақал-мәтел екі есе кереғар, себебі үнемі бір-біріне қайшы шығып тұрады. 1887 жылы «Нью Йорк Таймс» газетінде жарық көрген «Влияние пословиц» деген мақала авторы мақал-мәтел дегені дұрыс емес, үнемі бір-біріне қайшы болады, шынайы болып көрініп адамды арбайды, «ғұламаның тапқырлығы әрі бұқараның даналығы» емес, «азшылықтың сопылығы мен көпшіліктің жөнсіздігі», «молчание – знак согласия», «в тихом омуте черти водятся» сияқты мақал құндылығы даулы, ал кейбірі тіпті бір-біріне қайшы пікірді білдіреді деген. Мысал ретінде ағылшын тіліндегі:  «a little learning is a dangerous thing» - «аздаған білім қауіпті», «it is better to know something than nothing» - «түк білмегеннен де аздап білген жақсы» деген мақалды салыстыра отырып сынауға алады. В.Мидер бұл тұжырымға қарсы шықты: мақал-мәтел – универсалий емес, олар адам тәжірибесінің әрқилы, әр қырынан хабар береді, сондықтан да бір-біріне қайшы, себебі өмірдің өзі қайшылықтан тұрады [4:С.109-143]. Мақал-мәтелдің айрықша тобына сәйкес жұп мүшесінің мәніне семантикалық тұрғыдан қайшы келетін мақал-мәтелдер жатады. Олар көбінесе парадокс мақалдың бірінші тобына жатады: «Ащы шындықтан, тәтті өтірік артық», «тәтті өтіріктен, ащы шындық артық» «шыңғырған шындық» деген нұсқасы да қолданылатынын білеміз[5]. Өз кезегінде осы типтес мақал-мәтелді екі топшаға бөлуге болады:

(1) Бір-бірінен тәуелсіз, жеке тұрып та парадоксты болып қабылдана беретін мақал-мәтел жұбы: «Өтірік болмаса, шын екенін кім білер». «Шындық болмай, өтірік те болмас».

(2) Өздігінен жеке тұрып нақты мағынадан хабар бететін, мазмұны түсінікті, алайда бір-біріне қайшы қойылған кезде тыңдаушы қайшылық пен парадоксқа тап болатын мақал. Салыстырған кезде қайшылық туындайды. Қонақ қойдан жуас. Мықты қонақ қожасын билейді. Қонақ берсең етіңді жейді, бермесең бетіңді жейді. Қонағым сен ет деме, мен кет демеймін. Тойға барсаң бұрын бар, бұрын барсаң орын бар. Көп күттірген - сыйлы қонақ.

Қандай да мақал-мәтелдегі қалыпты не парадоксты таңдау мәліметті жіберішу не қабылаушы талғамына байланысты. Осындай (тілдесімге қатысушы көзқарасына тәуелді) пародоксты мақал-мәтелді гномалық парадокс мақал деуге болады[6]. Мақал-мәтелдің кез келгенін қарсы қою парадокс туындата бермейді. «Теңіз – біздің егістік: балық та, нан да терістік». «Теңіз егістік емес, себер ем, тұқым жетпейді». Бұл екі мақал бір-біріне қайшы, алайда парадокс жоқ, себебі бірінші жағдайда «егістік» метафоралық, екінші жағдайда тура мағынада қолданылған. Мағынасы қайшы мақал-мәтел жұбы - қазақтың тілдік бейнесінің тамаша көрінісі: «Үндемеген үйдей пәледен құтылады» - «Жыламаған балаға емшек бермейді»; «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі – жапырақ» - «Киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады». Парадокс мақал-мәтел тіл тілде көптеп кездеседі [7]. Тура баламасы болмаса да, соған жақын ұқсасы жетіп артылады.

Мысалдардан көріп отырғанымыздай, тіл тілде кездесетін парадокс мысалдар бірнеше мақсатта қолданылады екен. Туыстас тіл болмағанның өзінде бір-бірінің мағынасы жуық, тура не ауыспалы мағынада да халықтардың этнолингвистикалық сипатын ашуда таптырмайтын тәсіл екені түсінікті.

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі:

1.                 Kuusi M., Concerning Folk Paradoxes Mind and Form in Folklore. Selected articles of MattiKuusi. Helsinki 1994. – P. 131-141.

2.                 Mieder W., Popular views of the proverb. Proverbium 2 (1985). P. 109-14.

3.                 Шалабаев Б., Қазақ көркем прозасының тілін зерттеудің ғылыми теориялық негіздері. Алматы: «Рауан», 1997, Б-8

4.                 Жүсіпов А., Қайшылық: түсініктің тарихи даму үрдісі, лингвомәдени көзқарас. Материалы ІХ Международной научно-практической конференции «Aktualni vymozenosti vedy -2013», 27.06-05.07. 2013 roku, Praga, рр. 46-49.

5.                 Колесников Н., Омонимия в предложении и вопросы ее устранения (на материале русского языка). Докт.дисс., Тбилиси, 1967.-С57.

6.                 Жүсіпов А., Қайшылық туралы ойшылдар көзқарасына шолу. Материалы ІХ Международной научно-практической конференции «Dynamika naukowych badan», 07-15 lipca 2013 roku, Praga, рр. 51-54.

7.                 Исаева Л., Семантическая двойственность синтаксических отношений в современном русском языке. Дисс.канд.филол.наук. Ростовна Дону. 1989. 160с.