Г.Ж.Хаирлаева
Абай
атындағы ҚазҰПУ, 2 курс магистранты
Ғылыми
жетекшісі: ф.ғ.к. Б.Е.Бұқабаева
Масс-медиа – ғаламның ақпараттық
бейнесін құраушы
Тіл
ғылымының дербес саласы
болып табылатын прагмалингвистика бағытың
алғылшарттары
отандық зерттеушілердің соңғы еңбектеріне
өзек болып отыр.
Атап айтар болсақ,Б.Момынова газеттік
лексиканың
прагматикалық
аспектісін қарастырса,
З.К. Ахметжанова, А.Т.Таткенова қазақ және ағылшын тілдеріндегі газет
мәтіндерінің
экспрессивті
синтаксисін,М.Оразов сөз семантикасының
прагматикалық аспектікін,
А.Алдашева публицистикалық терминдердің прагматикалық
ерекшеліктерін, Г.А.Ержанова
газет
тақырыпшаларының
синтаксистік және когнитивті
негіздерін, Д.Әлкебаева қазақ тілі
стилистикасының прагматикасын, В.Ерназарова сөйлеу тілі синтаксисінің
прагмалингвистикалық
аспектісін,С.Аташев бұқаралық ақпарат құралдарының
прагматикасын, Б.Хасанов сөздің лексикалық мғынасы мен
прагматикасын,Б.Райымбекова қазақ және орыс
тілдеріндегі газет мәтінінің прагматикалық аспектісін, Ф.Жақсыбаева газет
мәтінінің
праматикалық
функциясын қарастырса,
Г.К.Ихсанғалиева
тақырыптарға
прагматикалық талдау
жасаған
Т.Ш.Мырзахметова тыныс белгілердің, оның ішінде көп
нүктенің
қолданысын
прагматикалық
тұрғыда зерттеген.
Р.А.Омарова
өз кезегінде неміс тіліндегі
газет материалдары бойынша баспасөз дискурсына
прагмалингвистикалық
талдау жүргізсе, С.Қ.Ережепова орыс және қазақ тілдеріндегі ресми-іскерлік
стильдің прагмалингвистикалық тұрғысынан, М.С.Абишева ақпараттық жазбаның құрлымы, семантикасы және прагматикасын, А.С.Жуматова заманауи
прессадағы фразеологизмдердің қызметін, Г.С.Кусаинова қазақ және
ағылшын тілді газет беттеріндегі саяси метафоралардың аспектісін кең ауқымда
қарастырды.
Сондай-ақ, медиа-мәтін мәселесімен
арнайы айналысып жүрген отандық көшбашылар ретінде
К.Ө.Есенова, А.М.Тютебаева, Т.С.Тимирханов сынды зерттеушілердің еңбектерін атап өту
маңызды.
Ғалым
Қ.Ө.Есенова пікірінше ауқымды ақпараттық кеңістікті қамтитын
медиа-мәтін бүгінгі социумның когнитивтік санасын
құрайтын діни, саясм, әлеуметтік, мәдени, тарихи т.б.
факторлардың барлығы тілдік санада айшықтай
отырып:бұқаралық санаға ығпал етуші қуатты құралға айналды[1.3-б].
Сонымен кез-келген публистикалық мәтін автор
мен реципиент арасындағы
өзара әрекеттестікке қатысты қабылданады.Ол-ой
әрекеті мен тіл әрекетінен тұратын күрделі
процесс.Автор ойын оқырманның дұрыс түсінуі
мәтінде көтерілген мәселенің айқын немесе астарлы мәнде берілуіне тікелей байланысты
болады.Бір ғана тақырыпқа құрылған автор
мақсаты ашық баяндалған шағын хабарламаларды
қабылдау және оны аудару оқырман үшін де аудармашы
үшінде қиындық туғызбайды.Ал автордың түпкі
ойы әр түрлі лексикалық бірліктердің айшықтала
қолданылуы арқылы түрлі
синтаксистік композицияларды безендірілген,бірнеше тақырыпта
қамтитын күрделі мәтіннің
қолдануы,адресат(біздің жағдайымызда,аудармашы)тарапынан
тілдік біліктілікті,саясат
сауаттылықты,жан-жақтылықты,мәселеден
хабардарлықты,бір сөзбен айтқанда энциклапедиялық білім
қорының болуын қажет етеді.Сонымен сөзімізді
қорытындылайтын болсақ XXғасырдың II ші жартысында өркендей
бастаған адам тану ілімінің
басты салалары қалыптасу кезеңінен
өтіп,ұғымдық шеңбері,проблемалық аясы
айқындалып,жеке тұғырына ие деуге болады.Осыған орай
қолданыстағы тілді адресат мәтін адресат үштігі төңірегіндегі
қарастырылатын праглинвистика қоғам өмірінің
әрбір саласына қатысты жеке-жеке зерттеуді қажет етеді.
Әсіресе алуан түрлі әлеуметтік,мәдени т.б
өзгерістерге толы қоғам өмірінің айнасы іспеттес
газет тілінде социлумға қатысты тілді жағдаят жан-жақты
көрінетіндіктен оны арнайы
зерттеу бүгінгі күн талабынан туындаған қажеттілік деп
түсінген жөн. Ақпарат дәуірі деген атауға ие
болған бүгінгі күні БАҚ-бұхаралық
комуникацияны жүзеге асырушы
негізгі құрал ретінде танылып, мойындалды. Әлемнің
болмысының бір үзігін
таныта отырып,оны бұхаралық санадағы
ақпараттық бейнесін қалыптастыратын медиасын-мәтін
социлумға әсер етудің прагматикалық
қағидаларын жүзеге асырушы, күрделі құрылым
болып есептеледі. Аса маңызды әлеуметтік реттеуші ролін
атқаратын медиа-мәтіндерге
сол қоғамдағы,сондай-ақ шетелдердегі саяси оқиғалар мен
әлеуметтік-экономикалық жағдай түрліше тәржімаланады. Және оны аударуда
байқалатын түрлі қиындықтар, екі тілдің
өзара әсерімен тілдік нормадан ауытқу мен аудармашылық қателіктер
занды құбылыс. Сондықтан медиа-мәтіндерді аудару
барысындағы ауытқу көрінісін айқындау біздің
зерттеуімізге негіз болады. Қорытындылай келе айтар болсақ, аудармадағы ауытқу оның
интернет сайттарында жарияланған медиа-мәтіндердегі көрініс
мәселесі қазіргі танда өте өзекті болып танылып отыр.
1.Қ.Ө.Есенова-Қазіргі
қазақ медиа-мәтіннің прагматикасы (қазақ
баспасөз материалдары негізінде) диссерт.авторефераты,Алматы,2007,24б.
2.Комиссаров В.Н.Лингвистика
перевода.-М.:Международные отношения,1980,166