Шаматова
Б.А.
Сөздік жұмысы – тіл дамутыдың
құралы
А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Тілдік
даярлау орталығының оқытушысы
Тілді оқытудағы
негізгі мақсаты – тіл дамыту. Тіл дамыту мағынасы кең
ұғым. Тіл дамыту – студентті тілдік тұлғаларды
дұрыс қолданып, ойын басқа адамға толық жеткізуге
дағдыландыру, басқа адамдардың сөзін жақсы
түсінуге үйрету. Басқаша айтқанда тіл дамыту –
қазақ тілін студенттің қарым – қатынас
құралына айналдыру. Бұл жалпы тіл үйрету
мақсатымен толық сай келеді. Орыс тілінде оқытатын топтарда
студенттің қазақ тілін дамыту ұғымына
қазақ тілінің лексикалық, грамматикалық
тұлғаларын меңгерту, оларды сөйлемде қолдану дағдыларын
қалыптастыру яғни қазақ тілінде сөйлеуге
үйрету жатады.
Адам ойын ауызша , не жазбаша
түрде жеткізеді. Сондықтан студент тілін дамыту екі бағытта
жүргізіледі: ауызшы және жазбаша. Жалпы алғанда тілді
оқытуда бұл екі бағыт қатар байланыста
жүргізіледі. Бірақ қазақ тілін оқытудың
ең алғашқы кезеңінде ауызша тіл дамыту басымырақ
болады.
Орыс топтарында қазақ
тілі пәнінің көздейтін мақсаты – студентті
қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға
түсіндіре алатын, біреудің сөйлеген сөзін түсіне
алатын дәрежеге жеткізу.
Осы орайда жүргізілетін
жұмыстардың түрлері әр алуан. Соның бірі –
сөздік жұмысы.
Студенттің сөздік
қорын үнемі байытып отыру – тіл дамытудағы негізгі
мәселе. Сөздік қоры бай адамның ойын анық жеткізу
мүмкіндігі мол болады. Сөздік қоры бай адам ойын жеткізуге ең
керек сөзді таңдап қолдана алады, оның ойын дәл
білдіретін сөзді тыңдау мүмкіндігі бар. Тауып сөйлеу,
ойын анық білдіру қажетті сөзді қолдануымен тікелей
байланысты. Ал ол сөздік қордың байлығын керек етеді.
Сондықтан тіл дамытуда студенттің сөздік қорын байытуға
ерекше мән беріледі.
Сөздік жұмысы
әр сабақ үстінде, жыл бойында, бүкіл оқу кезеңінде
белгілі жоспармен, жүйемен жүргізілуі керек. Студент сабақ
сайын жаңа сөз үйреніп отырады.
Бұл жұмысты
жүзеге асыру үшін оқытушының алдына мынадай
мақсаттар қойылады.
1. Студенттердің
қазақ тілінде қарапайым қарым – қатынас жасап
тілдесе білуге қажетті сөздік минимумды анықтау.
2. Студенттердің
жаңадан үйренген сөздерін еркін қолдана білуіне
басшылық жасау.
3.
Сөздік жұмысының әдіс – тәсілін тиімді
қолдана білу. Күнделікті өмірде қазақ
тілінің сөздік қорына кіретін барлық
сөздердің қолдана бермейтіндігі белгілі. Тәжірибеде
көрсетіп отырғандай бір адамға белгілі бір ойды
жеткізетіндей, не болмаса сұрақ қойып оған берілетін
жауап түсінерліктей болып ұйымдастырылуы керек. Меңгерілетін
сөздер саны жағынан да студенттердің ұғымына,
қабылдауына сай болғаны жөн.
Үйретілетін жаңа
сөздерді тұлғалап, мағыналық жағына
қарай былайша топтауға болады:
1.
Заттың, адамның атын білдіретін сөздер.
2.
Заттың іс - әрекетін, қимылын білдіретін сөздер.
3. Заттың
сынын білдіретін сөздер.
4.
Заттың санын білдіретін сөздер
5.
Заттың орналасу ретін білдіретін сөздер.
6. Іс –
қимыл әрекеттің мезгілін, мекенін, амал – мақсатын
білдіретін сөздер.
7. Көмекші
үстеме мағына беретін сөздер.
8. Есімдіктер.
Студенттердің
сөздігінің тез көбеюіне бірден – бір шартты жағдай –
олардың айналасын-дағылардың қазақ тілінде жирек
сөлесуі. Сөздік жұмысын жүргізу, тіл дамыту
жұмысы тақырыпты принципке негізделіп, әр
тақырыптағы сөздер жеңілден – ауырға,
қарапайымнан күрделіге қарай топтастырылып үйретіледі.
Студенттерге белсенді түрде
меңгертуге ұсынылатын сөздерді тыңдауда
ұсынылатын басты принцип – ол сөздердің ауызекі сөйлеу
тілінде қолдану қажеттілігі. Жаңа сөздерді
қайталау, бекіту мақсатында қолданылатын ойын
жаттығулар мен олардың әр түрлі тақырыптық
нұсқаулары студенттердің сөздік қорын ғана
арттырып қоймайды, сөздерді жандандыра түседі.
Алғашқы сабақтардан бастап – ақ студенттер зат
атауларымен қатар олардың түр – түсін, дәмін,
қимыл – қозғалысын, мекенін басқа да сипаттарын
білдіретін сөздермен қарулануы керек. Әр
сабақтағы сөздер тақырыптық жағынан бір –
бірімен үйлесіп, студеттердің тіл үйренуіне ынтасын арттыратындай
болуын қамтамасыз ету – оқытушының басты міндеті.
Сөздік қордың жүйелі болуы алдымен
тақырыптардың дұрыс алынуына байланысты. Орыс топтарына
негізделіп құрылған қазақ тілі
бағдарламасында студенттердің өздігінен сөз,
сөлем құрап, тілдік қарым – қатынасқа
түсіге бағыттайтын сөздік минимум берілген. Сөздік
минимумға ұсынылатын барлық сөздер түгелдей
түбір зат есімдер, атау тұлғадағы етістіктер, сан
есімдер жекеше түрдегі атау тұлғада болып келеді. Бірақ
мұндай тұлғадағы сөздерді студент те осы
күйінде меңгерумен шектеліп қоймауы керек.
Студенттердің грамматикалық формада сөйлеу дағдылары
мен қабілеттерін қалыптастыру және оларды
сөздердің бастапқы формасын мәтінге қатысты
өзгертіп қолдана білуге үйрету керек. Осындай жолмен
студенттердің сөздік қоры жетіле түседі.
Студенттердің сөздік қоры сөздердің белсенді
және белсенді емес топтары арқылы жинақталады.
Белсенді қолданылмайтын
сөздер студенттердің өздеріне қарата айтылған
сөздерді біртіндеп түсіне бастауы арқылы қалыптасады.
Мысалы, алғашқы күндерден «отыр», «тұр»,
«тақтаға шық» сияқты сөздер әр
сабақта қайталанып тұратындықтан, студенттердің
құлағына біртіндеп таныс сөздердей естіліп,
қабылдай бастайды.
Ал сөздердің актив,
яғни белсенді түрде қолданылатын түрі студенттен
көп ізденісті, ерекше дайындықты талап етеді. Өйткені актив
сөздер қатарын бекіту, қазақ тілі лексикасын
үйретудің негізі болып табылады. Сөздерді
үйретудің үш түрлі міндеттері бар.
Біріншісі – сөз қорын байыту, яғни
сөздің дыбыстық құрамымен таныстыру,
мағынасын түсіндіру және оның естілуі арқылы
мағынасын еске сақтауға үйрету.
Екіншісі – студенттердің сөзді саналы түрде
сөйлеу тілінде қолдана білуге бағыт беру.
Үшіншісі – студенттерге жаңа сөздерді
үйретуде оқытушылар әрқашан мынадай әдістемелік
принциптерді есте ұстау керек.
1.
Жаңа сөздерді жеке емес, басқа сөздермен
қатар байланысқа түсетіндей көп мәтінде
кездесетін сөздермен қатар беру.
2.
Студенттердің белсенді түрде меңгеруіне ұсынылатын
әрбір сөз бес – алты сабақ бойы қайталанып отырады.
3.
Жаңа сөздер ең ыңғайлы, жеңіл
формада берілуі тиіс.
4. Бір
сабақта жаңа сөз бен жаңа грамматикалық форма
бірден берілмейді.
Сөздерді
студенттердің есіне әбден бекіту үшін алуан түрлі
ойындарды қолданған тиімді.
Осы орайда қазақ тілі
сабағында ұлттық ойын
түрлерін пайдалану артық етпейді. Ұлттық ойындарын
сабақта пайдаланудың өзіндік мән мағынасы
бар.Ұлт ойындарының мазмұнын, ойлау тәртібін
түсіндірген кезде тіл дамиды, ұшқыр ойлау қабілетін игереді,
ұлттық әдеп – ғұрыптардан, өткен тарихи
өмірден хабардар болады.
Төменгідей ұлттық
ойын түрлерін және қазақ халқының салт –
дәстүрінің элементтерін сабақ барысында пайдалануға
болады.
1. «Шашу» - үлкен той, мейрам
қарсаңында өткізілетін сабақтарда пайдалануға
болады. Грамматикалық тапсырмалар берілген карточкаларды кәмпит
тәрізді орап, шашу шашамыз. Кімге қандай сұрақ
түседі ауызша немесе жазбаша түрде жауап береді.
2. «Қыз қуу» - үйге
берілген тапсырманы қай деңгейде орындап келгенін байқау
ретінде
пайдалануға болады. Қыз балалар
сұрақ қояды, ұл балалар жауап береді. Егер ұлдар
жауап бере алмаса, , ойыннан шығып қалады, ал егер қыздар ары
қарай сұрақтарды жалғастыра алмаса, онда
жеңілгендері.
3. «Бөкет өлең» - тапсырма
тағылған домбыра беріледі.Студенттер шетінен бастай кезектесіп
домбыраны алып, кезекті сұраққа жауап береді.
4. «Бәйге» - өткен
тақырыптарды қайталағанда пайдалануға болады.
Студенттерді екі топқа бөліп сайыс сағатын өткізу.
Тапсырмалар лексика, грамматика бойынша беріледі. Мысалы:
1.
Жалғауларды атау.
2. «Менің
отбасым және туған – туысқандарым» тақырыбына
байланысты туыстық атауларды атау.
3. Бір
тақырып бойынша мақал – мәтелдер сайысын өткізу (адам
туралы, Отан туралы білім туралы т. б.), мақалдың мағынасын
түсіндіру, мақал – мәтелді жалғастыру.
4. Тапсырма бойынша өрнектерді
дұрыс жинау.
5. Жәрмеңке өткізу
(сұрақ – жауап).
Сабаққа
жоғарыдағыдай ойын элементтерін жиі пайдалану студентті сергіту
үшін ғана емес, олардың танымын, білімін, ой - өрісін
кеңейту, дамыту үшін қажет. Мұндай ойын тәсілдерінің
тиімділігі біріншіден, түгел тіл үйренушілерді қамтиды,
екіншіден, жаңа сөздерді жеңіл меңгеруге ықпал
етеді.
Жаңа сөздерді студент
жадында тұрақтандыруға жаттығулардың
атқаратын қызметі де өте зор. Бұл жағдайда
лексикалық, грамматикалық, фонетикалық жаттығулардың
орны ерекше.Жаңа сөздің қайталанып келуіне жаттығулар
зор әсерін тигізеді. Сонымен бірге студенттерге міндетті түрде
сөздерді бір – бірімен байланыстратын қосымшаларды,
сөздердің сөйлемде бір – бірімен тіркесу жолдарын, сөздердің
сөйлемдегі орын тәртібін жақсы меңгерту қажет.
Сонда ғана ол өз ойын біреуге жеткізеді немесе біреудің
айтқанын еркін түсіне алатын дәрежеге жетеді.
Сөзді сабақ бойы
қайталап қана қоймай сабақта студент тілін
дамытуға жаттығу жұмыстарын, мәтінмен жұмыс,
сурет бойынша шағын әңгіме жазу, сұхбат,
сөзжұмбақ, сканвордтар, анаграммалар құру (шешу),
диктант, мазмұндама, шығарма жазу да қолданып отырған
жөн.
Жаңа сөзді
үйретуде үнемі бір тәсілмен өткізбей, әр
сабақта тәсіл түрлерін өзгертіп, студентті жалықтырмай,
жаңа технологияның әдіс – тәсілдерін түрлендіріп
өткізген дұрыс.
Жаңа технология
әдістері әрбір студенттің өз бетімен оқып
үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс
істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне
ыкпал етеді, яғни білім сапасын арттырады.
Оқыту технологияларын
сабақта тиімді қолдану студенттердің білім сапасын арттырып
қана қоймайды, оларды жеке тұлға ретінде
қалыптастыруға әсерін тигізеді. Жаңа әдіс -
тәсілдерді мән - мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай
таңдап қолдана білсек, студентке білім беруде ұтарымыз
анық.
Қазақ тілін
меңгеруде студенттер мынадай жетістіктерге жетуі тиіс:
1.
Өздеріне қаратыла айтылған сөздерді толық
түсінуі;
2. Өз ойын ауызша жүйелі түрде
айтып беруі;
3.
Өзі және отбасы жайлы әңгімелей білуі;
4.
Өтініш, алғыс айтудың сыпайы түрлерін
қолдана білуі,
5.
Өз әрекеттерін немесе басқа біреудің жасап
отырған жұмысы, яғни қимыл әрекеті туралы
сипаттама беруі;
6.
Бұйрық, ұсыныс айта білуі.
Сөз соңында айтарым,
еліміздің тілін дамыту арқылы мемлекетіміздің абыройын
арттырып жүре берейік!
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. М. Қалиева. Білім беру технологиялары
және оларды оқу – тәрбие үрдісінде ендіру жолдары.
Алматы. Рауан, 2002.
2.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005
– 2010 жылдарға арналған бағдарламасы. «Егемен
Қазақстан» газеті. 16 қазан, 2004.
3. «Қазақ тілі мен әдебиеті»
журналы. № 7, 2003.