ӘЗІРБАЙЖАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДЫҒЫ ТІЛ САЯСАТЫ

 

Оспанова Б.Р. Абай атындағы ҚазҰПУ   Әдебиеттану және тіл білімі  ҒЗИ-ның  бас ғылыми қызметкері,

ф.ғ.к.Алматы, эл.поч baian_80@mail.ru

 

Тәуелсіздік алған жылдары Әзірбайжан мемлекеті қайтадан латын әліпбиіне көшуді қолға алды. Бұқаралық ақпарат құралдары-ның бір бөлігі латын әліпбиімен жаза бастады. Әзірбайжанда латын графикасына көшуге саяси, экономикалық, мәдени, лингвистикалық, қоғамдық-әлеуметтік мәселелер себеп болды. Осы аталғандардың ішінде алғашқысы саяси, одан кейінгі кезектегісі экономикалық, тілдік мәселелер болған. 1991 жылы 25 желтоқсанда Әзір-байжан Республикасының Президенті А.Муталибов «Латын графикасы негізіндегі әзірбайжан әліпбиін қалпына келтіру туралы» заңға қол қойды [1]. Бұл заң бойынша Әзірбайжанда 1940 жылға дейін қолданылған 32 әріптен тұратын латын графикасындағы әліпби азын-аулақ өзгерістермен қалпына келтірілу ұйғарылған. Бұл шаралар Кеңес үкіметі құлағаннан кейінгі кеңістіктегі түркі мемле-кеттерінің егемендік алуымен байланысты ұлттық сананың көтерілуімен, өз рәміздерін, ұлттық нақышын белгілеу процесінің жемісі болды. Оның үстіне Әзірбайжан елі шекаралас жатқан бауырлас Түркия мемлекетімен тығыз мәдени қарым-қатынасы да осы  үдерістің Әзірбайжанда бірінші болып басталуына себепші болды. Әзірбайжан халқы үшін ХХ ғасырдың 90 жылдары үлкен отаншылдық серпіліс, ұлттық сананың көтерілген кезеңі болды. Осының негізінде елде графика реформасы жасалды. Оған әзірбайжан тілінің кирилл әліпбиі негізіндегі жазудың екіжақтылығы дағда-рысқа әкелді. Себебі орыс тілінен енген сөздерді өзгеріссіз жазуға арнайы жасалған кирилл графикасы олардың тұрпатын өзгертуге мүмкіндік берген жоқ. Осы аталғандар лингвистикалық факторды білдіреді. Одан кейінгі кезекте мәдени-әлеуметтік мәселелер бұлар: ұлттық сананың көтерілуімен болған елдегі ұлттық отаншылдықтың серпілісіне жауап беретін нақты шаралар керек болды, ұлттық жазуға негізделген графика талап етілді; көршілес мемлекет Түркиямен теледидар, сауда, БАҚ құралдары арқылы да кеңінен тарап, орныққан мәдени қарым-қатынас нәтижесінде осы аяда қолайлы болатын жазуды талап етті.

Әзірбайжанның латын қарпіне өткенге дейінгі жағдайы посткеңестік дағдарыс кезеңінде елде көптеген саяси ағымдар мен діни секталар көбейіп, ұлттық отаншылдық сезімінің көтерілу процесімен қатар үлкен саяси пікірталас, тартыс кезеңі қатар жүрді. Осындай жағдайда ұлттың басын біріктіретін шаралар қолға алыну керек болды. Ол тіл мәселесі болды. Бұл мәселенің бірден-бір шешімі мемлекеттік тілді барлық мемлекет тұрғындарының мүддесіне қызмет еткізу болды. Ал орыс жазуына негізделген кирилл графикасы тілдің осындай қызметіне жауап бере алмады; халық арасында латын жазуымен өркендеп өсіп жатқан Түрік мемлекетінің мәде-ниетіне, экономикасының дамуына бет бұру керек деген сияқты көзқарастар күшейді.

Әзірбайжан тілінің өз ішінде де диалектілік тармақтар мен айыр-машылығы бір-бірінен алшақ сөйленістердің болуы жалпыға ортақ басым әдеби тілдің қалыптасуына кедергі жасады ол дегеніміз ғылыми-техникалық терминдердің де дамуына өз әсерін тигізді.

 Әзірбайжан тілінің 1940 жылдарға дейін қолданған әліпбиіне қайта оралу проб­лемасы көтерілді; елде орыс тілінің беделі күрт төменде­ді, мұның себебі Әзірбайжан халқының ең көп пайызын әзірбайжан тілділер құрады. Мемлекеттің құрамында ұлттың пайызы үстем болғандықтан, басқа ұлт өкілдерінің арасында да мемлекеттік тілді білмейтіндер аз болды; ұлттық мүддені көздейтін «Народный фронт» («Халық майданы») атты саяси басым күштердің ұйымы белсенділік танытып, қоғамдық өмірдің өзгерістеріне қатысып отырды. 1991 жылы Әзірбайжанда түрік тілінің нұсқасындағы әліпби қабылданды; алғашқы заң қабылданғаннан кейін ел ішінде осы мәселеге қатысты әртүрлі көзқарастар болды; осыны ұзаққа созып, аяғын ушықтырып жібермес үшін Үкімет қатаң қадағалау саясатын ұстанды; артық-ауыс пікір білдіруге теріс қарады, тіпті агрессиялық қатаңдықпен барлық қарсылықтарды ­тыйып отыруды ұстанды, біржақтылықты ұстанған саясат өз жемісін берді; қазіргі кезде Әзірбайжанда латын графикасына өту процесі аяқталды, осы кезеңге дейін аталған мәселе бойынша айтарлықтай наразылық болмағандығын аңғаруға болады.

1991-2001 жылдар аралығында мынадай шаралар жүзеге асырылды: ең бірінші орта білім беретін мектептің бірінші сыныбы мен басқа сыныптары латын графикасында білім алды; 5-6 жылдың ішінде барлық ісқағаздары кезеңімен жаңа қаріпке көшірілді; осы аралықта барлық мемлекеттік мекемелер латын жазуына көшірілді; соңында барлық БАҚ латын әліпбиіне көшірілді. Сөйтіп, өту кезеңінің соңында Әзірбайжан Республикасының Президенті Г.Әлиев 2001 жылдың 18 маусымында «Мемлекеттік әзірбайжан тілін қол-дануды жетілдіру туралы» Жарлық шығарады [2]. Процестің аяқ-талғанының белгісі ретінде Республика Президентінің 2001 жыл-дың 9 тамызындағы «Әзірбайжан тілі мен әзірбайжан әліпбиінің күнін өткізу туралы» Жарлық қабылдады [3]. Латын әліпбиі негізіндегі жазудың алдыңғы жазуға қарағанда артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталайық. Әзірбайжан жазу-сызуы үшін қазіргі әзірбайжан әдеби тілінің латын әліпбиі мен оған көшу кезеңі­нің артықшылығын ғалымдары былай деп көрсетті: латын графикасы әзірбайжан тілінің дыбыстық қорындағы фонемаларды бел­гілейді, ал орыс графикалы жазу әзірбай­жан тілінде жоқ, бірақ орыс, басқа тілдерден енген ғылыми-техникалық терминдер бөтен фонемаларды да таңбалайды; латын графикасына көшкен кезде түркітілдес басқа халықтар да латын әліпбиін қабылдаған болатын, сондықтан түркі әлеміне ортақ жазу ортақ ақпарат алмасуға қолайлы болды; графемалық жүйесі ықшамды әрі қолайлы болғандықтан, әзірбайжан тілінен сауат ашу процесі жеңілдеді.

Жастар латын қаріпін тез үйреніп алып, оның таралуын қолдап отырды; көршілес мемлекет Түркияның ресми әрі коммерциялық телеарналары Әзірбайжанда еркін көрсетілетіндіктен, латын графи­касы негізіндегі бейне ақпарат легі әліпбидің игеріліп, қолданылуына дұрыс бағыт жасады. Әзірбайжан мемлекетінде латын әліпбиіне көшу кезеңінде ұтымды жақтарынан бөлек кемшіліктері де кездесті: мектептер латын қарпіне көшірілген алғашқы жылдары оларды оқытатын бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау ісі бірден алға баса алмады, мұғалім тапшы болды. Кирилл графика-сында білім алған мұғалімдер үшін латын әліпбиін оқып-үйрену қиынға соқты; балаларға арналған латын қарпіндегі әдебиеттер тапшы болды; ересектерге арналған латын жазуын оқытатын курс-тардың аздығынан ұрпақ арасындағы түсіністік қиындап қалды;  кирилл графикасына негізделген бір ғасырлық мұралардың барлы-ғын толықтай халық пайдалана алмады бірақ ол мәселені шешу қазіргі таңда да жүргізіліп жатыр.

Латын графикасын қабылдау егемендік алған жаңа мемлекетте ұлттық сананың көтерілуі, өз рәміздері мен ұлтық нақышын бел-гілеуі секілді жемісті үдеріс ретінде қаралып, бұған қарсылық танытқан әртүрлі саяси топтардың әрекеттері мемлекет тарапынан тойтарылып отырады» [3, 3-4] – деген мәлімет келтірілген. Алайда, бұған қарап әзербайжанның латын графикасына көшу реформасы кемшіліксіз болды деп айта алмаймыз. Латын графикасы негізіндегі әзербайжандардың жаңа әліпби алты жаңадан диакритикалық сим-волдардың енгізілуіне орай электрондық жағынан тиімді болып саналмай отыр. Десек те, бұл кемшіліктерді түзетудің мүмкіндік-тері жоқ деп айта алмаймыз. Әзербайжан халқының тоталитарлық жүйе ұсынған әлипбиден арылуы арқылы ұлттық сәйкестілігін орыстық негізден ұлттық бағытқа бұруы үлкен жетістік болып саналады. Филолог А.Фазылжанова:

«Әзербайжандағы графика ре-формасына себеп болған. Саяси факторға Әзербайжанның тәуел-сіздік алуын, бауырлас Түркиямен шекаралас жатуын және 1990 жылдары отаншылдық серпілістің, ұлттық сананың өсуін айтады. Ал лингвистикалық факторға әзербайжан тілінің кириллица бойын-ша екіжақты болғандығын, қолданыстағы әліпбидің орыс тілінен енген сөздердің тұрпатын өзгертуге қауқарсыздығы мен Ислам шеииттік ағымын ұстанған әзербайжандар үшін кирилицаның діни жаттығын жатқызса, мәдени-әлеуметтік факторға елдегі ұлттық жазуға негізделген графикаға деген сұраныс пен көршілес Түркия-мен сауда-саттық және БАҚ арқылы орныққан қарым-қатынасқа қолайлы жазудың қажеттілігін айтады»  [3, 141].

Әзербайжан жазуының латын графикасына негізделген жаңа әліпбиі 32 графема мен 1 апострофтан тұрады. Лингвистикалық сипаты жағынан бұл әліпби ұлт тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкес келеді деп бағаланды.

Әзербайжан ғалымдары әліпби реформасын зерделеуге келген қазақстандық экспедиция өкілдеріне латын графикасына көшудің артықшылықтары деп фонемалық тұтастықты, әріп санының аздығын, түркілік ортақ жазба және ортақ әліпби кеңстігін қалыптастыруын, жаңа жазу арқылы экономиканың бастыстық моделін дамытудың мүмкіндігін, сауаттылық деңгейін көтеруін, жаңа әліпбидің жастар мен сауда-саттық жасаушыларға тиімділігі мен Түркия телеарналарынан берілетін ақпаратты игерудегі латын әліп-биінің қолайлылығын атаса, латын әліпбиіне көшудегі кемшіліктер ретінде мұғалімдер үшін латын әліпбиін үйренудің қиынға соғуын, жаңа әліпбимен басылған балалар әдебиетінің тапшы болуын, ере-сектердің жаңа әліпбиді игерудегі қиындықтарға ұшырауы мен орыс жазуына негізделген мұраларды пайдалану мүмкіндіктерінің аздығын көрсеткен.

Әзірбайжан мемлекетінде қоғамдық-саяси өмірдегі ілгерулер, ғылыми-техникалық өмірдің дамуы терминологиялық жүйенің өзгеруіне және үздіксіз дамуына ықпал етеді. Бұл өзгерістерді бақылай отырып, терминологияны сауатты дамытуға бағыттау қажет. Ғылымды интеграциялау, ғылыми білімдерді дамыту, ақпараттарды жедел тарату үшін ғылыми ұғымдарды білдіретін терминдерге басымдық беру қажет. Сондықтан жаңа терминологиялық сөздіктерді құрастыру барысында келесі негізгі қағидаттарды ұста-ну керек:

а) баламаларды таңдауда ұлттық тілдің және халықаралық ұғымдардың шеңберінде қолданылатын ғылыми-техникалық терминдерге басымдық беру. Мысалы: akselerator  «акселератор», drayver «драйвер»,piksel «пиксель», kompüter «компьютер», принтер «принтер», servis «сервис, қызмет көрсету», skaner «сканер», server «сер-вер», selektor «селектор»,relyasiya «реляция» және басқалары;

ә) ғылыми-техникалық термин жасауда терминдік мағынаға мән беру қажет, оның тура мағынасына мән берудің қажеті жоқ. Мыса-лы: айқындалған файл nişanlanmış fayl, мәліметтерді қайта қарас-тыру verilənlərin axtarışı және басқалар;

б) техника мен ғылым салаларының әрқайсысында түрлі мағыналарды білдіретін омоноимдерге мән беру қажет. Мысалы, орысша «өнім» сөзі латын тіліндегі productio сөзінен жасалған, әзербайжан тілінде məhsul «жинау науқаны» баламасы бар; информатика тілінде басқа мәнге ие, мысалы proqram məhsulu «бағдарлама өнімдері», кейде өнім мағынасында қолданылады «өнім» (сараптамалық жүйе-де). Информатика саласындағы «ішкі бағдарлама» («подпрограм-ма») термині әзербайжан тілінде altproqram болып қолданылады және орыс тіліндегі термин ұғымына толық сәйкес келеді. Әзер-байжан тіліндегі (ақпараттарды) «өңдеу» терминінің баламасы бір-қатар техника салаларында işləmə түрінде емес, emal, emal etmə-емал етмя, емал түрінде қолданылады;

в) әзербайжан тіліндегі бірнеше сөз нұсқаларының ішінен әзербайжан тілінде жаңа ғылыми-техникалық терминдер үшін икемді қолданылатын, мағынасы сәйкес келетін бірнеше терминдерді таңдап алуға болады, мысалы: «бағдарлама сырты» – örtük proqram, «жолақтық принтер» – şırnaqlı printer, «бейнені айналдыру» – təsvirin burulması және басқалары;

г) ғылым мен техниканың жұмыс жүйелерінің, қолданбалы бағдарламалар жиынтығының, редакторлардың және басқалардың атауларын өзгеріссіз қалдыру қажет. Мысалы:İBM, PC, AT, MS-DOS, Windows, Word,Excelжәне басқалар.

Осы негізде барлық жаңа туындап жатқан сөздердің барлығын дерлік ұлт тіліндегі сөздермен таңбалау мүмкін бола бермейді. Сон-дықтан тілдің терминологиялық қабатының елеулі бөлігін терминдер құрайды. Алайда, әзербайжан тілінің дәстүрінде ішкі мүмкіндіктердің есебінен жасау басымдық беріледі және маңызды бағыттардың бірі. Әзербайжан тіліндегі ғылыми-техникалық терминдер терминологиялық қабаттың басым бөлігін кірме, ұлт тілінде жасалған сөздер құрайды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1. Закон Азербайджанской Республики О восстановлении азербайд-жанского алфавита слатинскои графикой (25 декабря 1991)

2.Указ Президента Азербайджанской Республики Об усовершенст-вованииприменения государственного языка 18 июня 2001 г.

3.Указ Президента Азербайджанской Республики Об учреждении Дняазербайджанского алфавита и азербайджанского языка (9 августа 2001)

4. Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі: тарихы, тағылымы және болашағы. / Ред. алқа: К. Ш. Хұсайын, Ә. Нысанбаев, К. Н. Бұрханов, С. А. Қасқабасов, М. Қ. Әбусейітова, Н. Қ. Нұрланова, М. Айдарханов, С. Құнанбаева. – Алматы: Арыс, 2007. – 410 б.