АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТҰТЫҒАТЫН БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР
ТІЛІНІҢ ПРОСОДИЯЛЫҚ ЖАҒЫН ЗЕРДЕЛЕУДЕГІ РӨЛІ
Даутова Сауле Батталовна,
филология
ғылымдарының докторы,
Абай атындағы
ҚазҰПУ-дың
Әдебиеттану және тіл білімі
ҒЗИ-дың директоры.
Қалыптағы сөйлесім қозғалу
акті сенсомоторлық жүйе іс әрекеті барысында іске асады. Сөйлесім
қозғалу актісі деген термин ауызекі сөйлеудің артикуляция,
просодия, сондай-ақ ауызекі сөйлеу үдерісіндегі
нейромоторлық аппарат амалдарының жайлылығы сияқты
сипаттамалардың кешенін белгілейді. Яғни П.К. Анохиннің
пайымдауы бойынша, сөйлеу қызметтік жүйесінің
нәтижесін түзейді.
Осы мақалада басты назар ырғақтық
тілдесу үдерістерінің көрсеткіштері ретінде просодияға назар аударылды.
Қалыптағы тілдесімнің просодиялық жағын
талқылай отырып, бұл ұғымның логопедия мен
лингвистикада түрліше анықталатынын айтып кеткеніміз жөн.
И.Жинкин бойынша, просодия тіл дамуының ең жоғарғы
деңгейі, ол маңызды экстралингвистикалық көрсеткіштер
қатарын қамтып, ақырында просодияның акустикалық,
артикуляциялық сипаттамаларын анықтайды.
Просодияның негізгі құрамдасы интонация екені белгілі. Ол дауыс тоны,
дауыстау қарқыны, оның тембрі, логикалық кідіріс,
жылдамдық сияқты компоненттерді қамтиды. Дауысты
түрлендірудің уақыттық ырғақтық
ұйымдастырылуы тілдесімді қабылдағанда жетекші рөл атқарады.
Акустикалық белгінің уақыттық
ырғақтық ұйымдастырылуының жалпы
биологиялық маңызы тек онтогенезде ғана емес, филогенезде де
байқалып, барлық тірі ағзаларға қатысты болып
келеді.
Барлық ырғақтық өлшемдер
берілетін ақпарат мәнісіне сәйкес тілдесім тасқынын жіктеуге,
ұйымдастыруға қатысады.
Тілдесім ырғағы мен әуенінінің
үзілмес байланысын А.М. Пешковский интонацияның негізгі
сипаттамалары деп қарастырады.
Просодияның жеке сипаттамалары өзара бірлесіп, үйлесіп,
тұтастай алғанда тілдесім тасқынының жылдамдығы
мен ырғағын ұйымдастырады. Ырғақ
тілдесімнің кеңістіктік мәнісін, ал жылдамдығы
уақыттық мәнісін көрсететіні белгілі. Тілдесімді
уақыт пен кеңістікте ұйымдастыру қиын, себебі ол
сөзді, буынды, синтагманы, сөйлемді айту үдерісіндегі
сөйлесім қозғалу актісін ұйымдастырушы,
реттеуші,үйлестіруші ретіндегі ырғақты
зерттеуді талап етеді. Тілдесім ырғағы күрделі, көп
деңгейлі құрылым. Н.В. Черемисина пікірінше, ол интонация
компоненттерінің біртұтас кешенімен анықталады.
Тілдесімнің просодиялық сипаттамаларының
негізгі акустикалық, ырғақтық реттеушісі сөйлеу жайлылығы. Жайлы
сөйлеу синтагманы бір сөйлесімдік дем шығаруда айтудың біртұтас
артикуляциялық кешенімен сипатталады.
Акустикалық
жағынан, жайлы сөйлеу ұғымы дауыс негізгі тонының
қарқыны мен жиілігін өзгертуді, жеке фонетикалық
элементтер ұзақтығын меңзейді. Осы зерттеуді
жүргізу барысында мына дерек ерекше назар аудартты: төрт
жасқа дейінгі балалардың қалыпты психофизикалық дамуы
кезінде тіл қабылдаудың жетекші факторы болып дауысты дыбыстар
жүйесінің акустикалық сипаттамалары табылады екен.
Сөйлеу кезінде компоненттердің
үйлеспеуі сөйлесім қозғалу актісі ырғағын
бұзып, айтылым дизритмиясына әкеледі. Дизритмиялық
сөйлеудің көрнекті мысалы тұтығу,
ол ең алдымен, синтагманың жылдамдығы мен
ырғағында, яғни просодияда білінеді. Просодияның
барлық жақтары
көрінетін негізгі белгісі бұл дауыс.
Сондықтан ол біздің зерттеуімізде оқыту нысаны да болып
табылады.
Тұтығу кезінде дауыс пен
сөйлеудің просодиялық жағының бұзылуын зерттейтін
ғылыми еңбектер аздау. Е.
В. Лаврова, В.И. Филимонова мектепке дейінгі жастағы тұтығатын балаларда сөйлеуді, дауыс күшінің бұзылуын,
қарлығуын, демді тартқанда фонация талпынысын, сөйлеу
демінің төмен деңгейде қалыптасуын сипаттайды. Авторлар
болжамы бойынша, тұтығу
кезіндегі дауыс
күшінің бұзылуы құрыспалы кідірумен
күрделенген сөйлесімнің көп жылдық практикасында
қалыптасады.
А. Г. Рахмилевич, Е. В. Оганесян тұтығатын ересек адамдарда дауыс реңінің
бұзылуын, тіл әуенінің жеткіліксіз дамуын, дауыс негізгі тоны
жиілігінің өзгеруін, дисфония, ринофония типіндегі бұзылуларды атап өтеді.
Көмейдің кейбір ішкі бұлшық еттерінің осы
авторлар анықтаған өзгерістерін, кілегей
қабықтың гиперплазиясын ерекше атаған жөн,
бұл тек көмейдегі ғана емес, бүкіл фонация жолындағы
тоқырау құбылыстарының белгісі. Бұл деректерді А.Я.
Панасюк те растайды, ол тұтығатын ересек адамдарда сөйлегенде негізгі тон жиілігінің
құбылуы қалыпты сөйлейтін ересектерге
қарағанда 30% аз екенін анықтады .
Тұтығуды зерттеушілер әрқашан осы
кемістігі бар адамдарда просодия ерекшелігін байқап, оның
әуендік жұтаңдығын атап өтеді. Алайда осы
мәселелерді арнайы зерттеуге арналған жұмыстар аз екені
байқалды.
Жұмыс
мақсаты
тұтығатын балалар мен жасөспірімдер тілінің просодиялық
қарқынын арнайы мекемеде
ұзақ мерзімде оқыту кезінде дәстүрлі
түзетім педагогикалық әсер ету арқылы бақылау. Сондықтан
просодиканың түрлі компоненттерін бағдарламалы
аппараттық «SpeechView- еі» (Көрінетін
сөйлесім) кешенімен зерттеу өте өзекті болып тұр.
Себебі оның көмегімен тілдің түрлі акустикалық өлшемдері туралы тура
мәліметтер алуға болады. Бұл компьютерлік технологияның
жетістігі компьютер экранында негізгі акустикалық компоненттер балалар
түсінетін, қайталай алатын бейнелерде берілген.
Бұған дейінгі зертеулерде тілдің
просодиялық жағын «SpeechViewеі» (Көрінетін
сөйлесім) кешенімен анықтау әдістемесі, он жастағы тұтығатын балалар просодикасын зерттеу нәтижелері
анықталған болатын.
Осы зерттеуде жеті, сегіз, он төрт, он алты жасар балалар тілінің просодиялық жағын зерттеу
нәтижелері негізге алынып отыр.
Тәжірибелік зерделеуге бастауыш мектеп жасындағы он бес бала қатысты, олар 1
тәжірибелік топты құрады (1 ТТ), он бес жасөспірім 2 тәжірибелік топты (2 ТТ) құрады.
Олардың бәрі арнайы мектеп-
интернатта оқып, оқу барысында арнайы логопедиялық
көмек алып тұрды.
Біз тілдің просодиялық жағының
тура талдауға келетін мынадай акустикалық модальдықтарын
зерттедік: дауыстың жиілік диапазоны,
анықталған жиілік диапазонында
дауысты пайдалана білу (әуендік компонент), дауыстау қарқыны
(динамикалық компонент), тыныстау мен
фонация үйлесімі, нақты қызметтік сынамаларды қолдана
отырып жайлы сөйлесімді меңгеру.
Қызметтік
сынамалар болып табылғандар:
дауыстың жиілік диапазоны зерттеу үшін: күрделігі түрлі
сөздерді (Қазақстан,
Сырдария, автобекет, ғаламтор т.б.), интонациясы түрлі сөйлемдерді (хабарлы,
сұраулы, лепті), араластырып айтып
шығу;
·
анықталған
жиілік диапазонында дауысты пайдалана білуді зерттеу
үшін: дауысты [А] дыбысын түрлі биіктікте айту;
·
дауыстау
қарқынын зерттеу үшін: дауысты [А] дыбысын айтқанда
дауыс күшін біртіндеп арттыру мен кеміту;
·
тыныстау
мен фонация үйлесімін зерттеу үшін: көру стимулдарына жауап ретінде дауысты [А]
дыбысын ұзақ айту;
·
жайлы
сөйлесімді меңгеруді зерттеу үшін: Бүгін
аптаның қай күні
сұрағына жауап беру, өз аты мен тегін айту;
Осы зерттеу шеңберінде спонтанды тіл зерделенбеген,
себебі оның сипаттамасы осы категория балаларында аз зерттелген
құбылыстар кешенімен (эмоциялармен, тілдің даму
деңгейімен) байланысты.
1 ТТ тілі
просодиялық жағын зерттеу нәтижелері.
Дауыстың жиілік диапазонын зерттеу кезінде орта есеппен
сыналғандарда дауыс диапазоны 221-367
Гц құрады.
Әдебиет деректеріне сай 7-10 жас
аралығындағы ұл мен қыз дауыс диапазоны бірдей, шамамен РЕ1-РЕ2, интервалындағы октаваға
тең. Бұл 293/295-588 Гц сәйкес.
Тәжірибе барысында алынған деректерді тілдері
қалыпты дамыған балалардың орта дауыс диапазонымен
салыстыру жиілік диапазонының төменгі шегі 25%, ал
жоғарғысы 38 %-дан төмен екені анықтады.
1 ТТ барлық балаларында диапазон шегінің тарылуы
мен оның төмен жиілік жағына өзгерісі байқалды.
Балалар негізінен орта регистрді қолданды (93%), сыналғандардың
40% дыбысты бас регистрінде, ал 33% кеуде регистрінде ұстап тұруда
қиналды. Тұтығатын балаларда дауыс қарқынын зерттеу
қаттылық деңгейі SpeechView- еі» (Көрінетін
сөйлесім) кешенінде пайдаланатын 17-45 шартты бірлік аралығында болғанын
көрсетті. Тәжірибеден өткендердің 67%-ы дауыс қаттылығын жеткілікті жайлы арттыра алды, ал
дауыс күшін біртіндеп азайтуда
қиындық көрді. Қалған 33%-ы дауыс күшін арттыруға да, азайтуға да
қиналды. Тапсырманы орындағандар да дауыс күшін тек тездетіп қана арттыра алды. Осы балаларда (67%) дауыстау қарқынын еркін
динамикалық меңгеру деңгейі жеткілікті
қалыптаспаған.
Тыныстау мен фонация үйлесімін зерттеу сыналғандардың 47%
көру стимулдарына жауап ретінде дыбысты уақытында қоса
алмағанын (тапсырма бойынша дауысты [А] дыбысын айта алмағанын)
көрсетті. Демек, демін шығаруды тиімді пайдалана алмаған.
Тапсырманы күрделендіргенде, дыбысты екі рет кідіріспен айтуда 67% тапсырманы орындай алмады: дауыс
дыбысталуы екі стимул арасындағы кідірісте үзіліп шықты.
Қарыта айтқанда заманауи технологияларды
тиімді пайдаланып, балалар
мен жасөспірімдер тілінің тұтығу себептерін
нақтылай отырып, тіл дамыту әдістемесін барынша жетілдіре
түсуге болады.