Джакубаева С.Т., Алдабек Н.А.
Казахский Национальный Университет им. аль-Фараби,
г.Алматы, Республика Казахстан
Орталық Азиядағы Каспий теңізінің
құқықтық мәртебесін айқындаудың
негізгі мәселелері мен астары
ХХ ғасырдың аяғында
Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел ретінде жаһандану
жағдайында өзі іспеттес егеменді елдермен және олардың
бірлестіктерімен тығыз қарым-қатынастар орнату
мүмкіндігіне ие болды. Бұл өз кезегінде бүгінгі
күнге дейін қалыптасқан халықаралық
құқық қағидаларын қастерлеуге
міндеттейді. Өйткені, халықаралық
құқықты – мемлекеттердің бір-бірімен ортақ
тіл табысуына қажетті халықаралық қатынастардың
ерекше құралы ретінде қарастыруға болады.
Халықаралық құқық ең алдымен
мемлекеттер арасындағы қатынастарды орнатуға мүмкіндік
туғызады. Халықаралық
қатынастардың даму қарқыны да халықаралық
құқықпен айқындалады, соның негізінде
өзара әрекеттестікке бет алған мемлекеттер бірлесе отырып
көздеген мақсаттарына жетуге талпынатыны айқын.
Сол
ретте бірнеше мемлекеттің мүдделері тоғысатын нысана да
халықаралық құқық тарапынан реттелуі,
мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың
тұрақтылығының кепілі болары сөзсіз. Осыған
орай бүгінгі күні халықаралық қатынастар
жүйесінде аса зор қызығушылық туғызып
отырған Каспий мәселесінің де
құқықтық мәртебесін айқындап алу
күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің
қатарында. Каспий теңізі аймағы өзінің
жағрапиялық орналасуына қарай бірқатар
мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарына тікелей
әсер етуде. Әсіресе, бұрынғы Кеңестер
Одағының жойылуының нәтижесінде жаңа тәуелсіз
елдердің құрылуы бұл аймақта геосаяси
тепе-теңдіктің өзгеруіне әкелді. Оның негізгі
мәні ХХ ғасырдың 90-жылдарына дейін Каспий теңізі
аймағы екі ғана мемлекеттің мүдделерімен
айқындалған болса, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің
пайда болуы енді Каспий жағалауындағы бес мемлекеттің мүдделерінің
тоғысуына әкелді. Сонымен бірге Каспий бассейніндегі бай
энергетикалық қор аймаққа таяу жатқан елдермен
қоса әлемнің жетекші елдерінің де аймаққа
деген қызығушылығын үдете түсті. Өйткені
мұнай – энергия көзі ретінде қазіргі әлемдік экономика
мен халықаралық қатынастарда аса маңызды рөлге
ие. Каспий мүмкіндігі Еуропа мен оңтүстік-шығыс
елдерінің нарығын мұнай және газбен жабдықтауда
маңызды стратегиялық рөлге ие бола алатындығын
көрсетеді.
Шын
мәнінде Каспий жағалауы геосаяси тұрғыдан алғанда
аймақ ретінде Еуропа мен Азияның тоғысындағы
ауқымды аумақты білдіреді. Оған ең алдымен атап
кеткеніміздей Каспий жағалауындағы бес мемлекетті кіргіземіз.
Сонымен бірге Каспийге таяу жатқан Солтүстік Кавказ,
Кавказдың маңы мен Орталық Азия кеңістігіндегі елдерді
атауға болады. Бірқатар сарапшылар Өзбекстан мен Грузияны да
«каспийлік» республикалар қатарына жатқызғысы келеді. Тіпті,
Түркия 1997 жылы өзін каспийлік мемлекет екендігін жариялаған
болатын. Олай болса, Каспий теңізінің байлығы мен
стратегиялық маңыздылығы бірқатар елдердің
өзара қарым-қатынастарына тікелей әсер ететіні
сөзсіз. Яғни, мүдделі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың
заманауи үлгіге сай болуын қалыптастыру үшін ең алдымен
халыкаралық құқық қағидаларына
байланысты аймақтың құқықтық
мәртебесін нақтылап алған дұрыс еді. Тек бұл
мәселенің аса маңыздылығына барлық қатысушы
тараптар түсіністікпен қарағанымен, оның шешімін
іздеуде қаншама ыждағаттылық танытқандарымен әлі
күнге дейін нақтылы бір байламға келе алмауда.
Халықаралық
қатынастар жүйесінде көпжақты дипломатиядан гөрі
екіжақты дипломатияда қатысушы тараптардың өзекті
мәселелерге қатысты келіссөздерде ымыраға келу
мүмкіндігінің әлдеқайда жоғары
болатындығына Каспий мәселесі де дәлел бола алатндай.
Өйткені, өткен ғасырларда Каспий мәселесі Ресей
империясы мен Парсы шахы арасындағы шарттармен, кейінгі ғасырда
Кеңес Одағы мен Иран арасындағы екіжақты келісімдермен
реттелген болатын. 1813 және 1828 жылдардағы орыс-парсы шарттары да
каспийлік қайрандағы 10-миль шебіндегі балық аулау
өңірінен тыс аумақтағы көмірсутегі қорын
игеру мәселесін реттемейді. Кеңес Одағы мен Иран
арасындағы екіжақты шартта Каспий теңізін «кеңестік
және ирандық» теңіз деп жариялай отырып, үшінші
елдердің қатысуы мүмкін еместігін атап өтеді. Каспий
теңізі үшінші елдер үшін әскери-саяси салада да
жабық болды [1].
1991
жылы Кеңестік Соцталистік Республикалар Одағы (КСРО)
ыдырағаннан соң Каспий теңізіндегі геосаяси
жағдайдың түпкілікті өзгеруі, жаңа каспийлік
елдердің толыққанды қатысушы ретінде Ресей, Иран, Әзірбайжан,
Қазақстан және Түрікменстанды таныды. Яғны,
Каспий мұнай өндіруші аймағы өзіне Каспий теңізі
және оны қоршап жатқан Әзірбайжан, Ресей, Қазақстан, Түрікменстан
және Иранның мұнай-газ аумақтарын қамтиды.
Бұрынғы кеңестік республикалар КСРО-ға тиесілі болып
келген Каспий суларын өзара бөлісіп, ал Иранға сол
кезеңдегі иеліктерін ғана қалдыру ұсыныстарын да
талқыға салған еді. Бұл ұсыныстың негізінде
Иран Каспийдің қазіргі ауданының оңтүстік
жағалауын қамтитын 11
пайыздық аумаққа ие болар еді. Алайда, бүгінгі геосаяси
жағдайда Иран бұл бөлістің нәтижесінде
өзіне тиетін үлестің аздық боларын алға тартуда.
Сол ретте Иран өзіндік ұсынысын жасауда. Ол ұсыныстың
негізгі мәні: тепе-теңдік қағидасына сай каспийлік бес
елдің жағалаулық шебінің көлеміне қарамай,
Каспий ауданын тең бөліске бөлу, яғни әр елге 20
пайыздан бөлу. Қандай нақты 20 пайыз екенін анықтауда
Иран жағы өз-өзіне үлесін дайындап алды. Ол Астар-Атрек
сызығы бойынша шектелген. Ал, басқа бөлікті
қалған мемлекеттер өзінше бөлісуіне қарсы емес.
Осыған орай КСРО мен Иранның Каспийге қатысты
қабылдаған келісімін, КСРО ыдырағаннан кейін Иран
жоққа шығарып жатты, ондағы айтар негізгі уәжі –
саяси картада енді КСРО деген мемлекеттің жоқтығы.
Бірақ бұл халықаралық құқық
өлшемдеріне қайшы келеді, себебі Ресей КСРО-ның негізгі
мұрагері болып танылды, олай болса екі субъекті де саяси картада бар.
Халықаралық құқықтың
қағидалары мен өлшемдерін негізге алатын болсақ, Каспий
жағалауындағы жаңа тәуелсіз мемлекеттер
мұрагерлік қағидаларына сай бұрынғы
кеңес-ирандық шарттарды жоққа шығармайды.Каспийдің
қазіргі геосаяси жағдайына орай жаңа саяси мәртебесін
айқындауда оның бұрынғы мәртебесі негізге
алынуға тиіс екендігі хақ. Дегенмен де, жаңа тәуелсіз
мемлекеттер ішінде де өзіндік мүдделерге сай ұсыныстар
болуда. Әзірбайжан елі стратегиялық тұрғыдан
мұнай тасымалының тиімді жолында орналасуына байланысты, Каспий
теңізінің мәртебесін кеңес-ирандық шарттармен
заңдастыруға болмайды, себебі ол жерде тек балық аулау
мәселелері ғана қарастырылып, оның кең байлығын
игеру мәселесі туралы еш мәлімет жоқтығын алға
тартады, сондықтан да оның мәртебесін басқаша
қарауымыз қажет деген уәж айтуда [2].
Жалпы,
бүгінгі күнгі геосаяси жағдайға орай, ең алдымен
Каспийдің мәртебесін айқындау үшін оның
теңізге әлде көлге жатқызылуын айқындау
мәселесі туындады. Бұл жерде Каспийді жағрапиялық
тұрғыдан көл немесе теңіз деп айқындау емес,
ең алдымен оның БҰҰ-ның теңіз
құқығы жөніндегі Конвенцияларына жатқызуға
болады ма деген мәселені айқындау қажеттілігі тұр.
Яғги, Каспийдің теңіз болуы және оның
көлемінің үлкендігі де мәселені шешуге негіз бола
алмайды.
Теңіздің
көлге немесе теңізге жатуын БҰҰ-ның теңіз
құқығы жөніндегі конвенциялары оның
Әлемдік мұхиттарға ашықтығымен байланыстырады.
Осыңан байланысты Каспийді теңіз деуге болмайды. Бірақ
бұл оның теңіз деген мәртебесіне ие болуына кедергі
емес. Ол үшін барлық каспийлік мемлекеттердің келісімін
алған жеткілікті. Ал, егер Каспийге халықаралық
деңгейдегі «теңіз» мәртебесі берілсе, онда оған
автоматты түрде БҰҰ-ның 1958 және 1982 жылдардағы
континенталды қайран мен теңіз құқығы
жөніндегі Конвенцияларының құқығы таралады.
Олай болған жағдайда әр каспийлік мемлекет 12 мильдік
аумақтық өңірге және 200 мильдік
экономикалық өңірге егеменді
құқықтары болады [3].
Каспийдің ені 200 мильден
аспағандықтан, оны мемлекеттер арасында, орта сызық бойынша
тең бөлу қарастырылады. Бұл жағдайда, басқа
да мемлекеттердің кемелеріне жүзуге, белгіленген теңіз
үстіндегі әуе кеңістігінде ұшуға, теңіз
астымен коммуникациялық желілер мен мұнай, газ
құбырларын салуға, ғылыми зерттеу жұмыстарын
және басқа да қызметтер атқару құқына
ие болары анық. Жалпы каспийлік жағалау мемлекеттердің ішінен
«ашық теңіз» нұсқасын Ресей, Иран және
Түрікменстан қолдады, әрине шет мемлекеттер осы
нұсқаға өте мүдделі. Ал, заңнамалық
тұрғыдан алғанда «көлдің» ешқандай
экономикалық өңір, қайран, аумақтық сулар
деген санаттары жоқ. Ол жағалаудағы мемлекеттердің ішкі
суларына жатады және оған халықаралық тәртіп
құқықтары таралмайды. Сондықтан мұндай
сәтте БҰҰ-ның мемлекеттердің ішкі істеріне
араласпау қағидасы жүзеге асады. Халықаралық заірнеше
мемлекеттің ортасында орналасқан көлдер олардың
келісімі бойынша немесе мемлекеттік шекаралар негізінде және
көлдің орталық нүктесінен өзара бөлісулері
қажет. Яғни, көлдің
құқықтық тәртібін айқындау
жағалаудағы мемлекеттердің ғана құзырына
кіреді. Тек, мұндай жағдайда Каспий кеме саудасының,
балық аулау, сондай-ақ теңіздің басқа
биоресурстарын сақтау және тиімді пайдалануда
жағалаудағы мемлекеттер өзара қиындықтарға
тап болары сөзсіз.
Соған орай Ресей Каспий
теңізі кондоминиум негізінде ортақ пайдаланыстағы теңіз
болуы керек, яғни ол Каспийдің табиғи ресурстары
теңіздің түбіндегі минералды ресурстарымен қоса
барлығына таралу қажет дейді. Дегенмен де Ресей Каспий теңізі
тек жағалауда орналасқан мемлекеттердің жабық
теңіз деген ұстанымдар ұсынып, оның толықтай
міртебесі анықталғанынша бұрынғы кеңес-иран
шартын басшылыққа алуды да ұсынады. Каспий
мәселесінің әлемдік деңгейдегі өзектілігі туралы
1998 жылы 28 қыркүйектегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының
53 сессиясында Қазақстан Республикасының сол кездегі
Сыртқы істер министі Қ.Қ.Тоқаев: «Каспий
теңізінің заңнамалық мәртебессі жөніндегі
мәселені де қазіргі кезеңдегі өзекті
мәселелердің қатарына жатқызуға болады» деп атап
көрсеткен еді [5].
Өз сөзін жалғастыра
келе жағалаудағы бес мемлекеттің өзара
қатынастарына тиесілі бұл күрделі де өзекті
мәселелер бойынша келіссөздердің басталуы нәтижелі
ымыраға жеткізетіндігіне сенім білдірген болатын. Сол жылдың
шілдесінде Қазақстан мен Ресей арасында Каспий
теңізінің солтүстік бөлігін делимитациялау
жөнінде келісімге қол қойылуы, каспийлік мәселені
толық реттеудің негізін қалағандығын білдіреді
деген болатын. Соған орай Теңіз құқы бойынша БҰҰ
Конвенцисының ережелеріне сай келетін бұл құжатты
жүзеге асыру үшің нақты іс-шаралар қабылдау
қажеттілігіне тоқтала келіп, Каспий мәселесінің шешілуі
Қазақстан үшін стратегиялық аса зор мәнге ие
екендігін де атап өткен еді.
Қазақстан
Республикасының Каспий теңізінің
құқықтық мәртебесіне қатысты
ұстанымы Каспийге БҰҰ-ның Теңіз
құқығы жөніндегі 1982 жылғы
конвенциясының теңіздің әртүрлі
бөліктерінің тәртібі мен еніне қатысты жеке ережелерін
қолдану болу табылады. Жағалаудағы мемлекеттердің саяси
және экономикалық мүдделерін тиімді қамтамасыз ету мақсатында,
Қазақстан БҰҰ-ның көрсетілген
конвенциясының ережелеріне сәйкес Каспийде аумақтық
теңіз, балық аулау аймағын және ортақ су
кеңістігін орнатуды ұсынады. Сонымен қатар осы
аймақтарға қатысты тиісті ережелер мен тәртіпті
айқындау керектігі алға тартылуда. Аумақтық
теңіздің сыртқы шекарасы оның шегінде
жағалаудағы мемлекет барлық егеменді
құқықтарды толығымен пайдаланатын мемлекеттік
шекара болып табылуы қажет. Мұны аумақтық
тұтастық пен шекаралардың мызғымастығы аясында
қауіпсіздіктің қосымша кепілдеріне қол жеткізуге
мүмкіндік беретіндігімен дәйектейді. Балық аулау мен
биоресурстарды пайдалануды тиісті аймақтарда және ашық
теңізде кәсіпті лицензиялау мен аулаудың келісілген квоталары
негізінде жүзеге асыру қажет. Балық аулау аймағын,
оның ені мен тәртібін Каспий маңы мемлекеттерімен келісе
отырып жеке санатқа бөліп шығаруды ұсынады. Дегенмен,
Каспий теңізінің құқықтық
мәртебесін айқындау оңай шаруа емес еді. Бұл жөнінде
2002 жылы 14 қыркүйектегі Біріккен Ұлттар
Ассамблеясының 57 сессиясында Қазақстан Республикасының
сол кездегі Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер Министрі
Қ.К.Тоқаев: «Каспий теңізінің
құқықтық мәртебесі мәселесі
қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастарда
өте өзекті мәнге ие бола түсуде. Бес каспийлік
мемлекеттердің осы ерекше су қоймасына деген заңнамалық
мәртебесіне байланысты ымырашылдығының болмауы Каспий теңізінің бейбітшілік пен
нағыз ынтымақтастық өңіріне айналу
болашағына нұқсан келтіруде» деп өз өкінішін
білдірген еді [4].
Қазіргі кезеңде Каспий
теңізінің құқықтық мәртебесі
туралы конвенцияны әзірлеу жөніндегі Сыртқы істер
министрлігінің орынбасарлары деңгейіндегі арнайы жұмыс
тобының аясында келіссөздер өткізілуде. Каспий
теңізінің құқықтық
мәртебесінің мәселелері екі және үш жақты
пікір алмасуларда да келісілуде. Сонымен қатар, келіссөздер
Каспийдің экожүйесін сақтап қалу мен
қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кеме қатыасын дамыту,
минералдық және биологиялық ресурстарды игерудегі өзара
іс-қимыл да күн тәртібінде белгіленген.
Қазақстан Республикасы мен
Ресей Федерациясы арасында 1998 жылғы жер қойнауын
пайдаланудағы егеменді құқықтарды жүзеге
асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік
бөлігі түбінің жігіт ажырату туралы келісімін толықтыру
мақсатында 2002 жылдың 13 мамырында қосымша Хаттама жасалынды.
2001 жылдың 29 қарашасында
және 2003 жылдың 27 ақпанында тиісінше Қазақстан
Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы Каспий
теңізі түбін шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен
Әзербайжан Республикасының арасындағы келісім және
оған Хаттама жасалынды. Сонымен қатар, Қазақстан, Ресей
және Әзірбайжан арасында 2003 жылғы 14 мамырда Каспий
теңізі түбінің шектес телімдерін межелеп бөлу
сызықтарының түйісу нүктесі туралы келісім жасалды.
Осындай нақты шаралардың негізінде 2003 жылдың 4
қарашасында Каспий теңізінің теңіз кеңістігін
қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қол
қойылды.
Каспий теңізінің
жағалауы мемлекеттері Басшыларының Екі Саммиті (2002 жылғы
23-24 сәуірде және 2007 жылғы 16 қазанда) және
Сыртқы істер министрлерінің үш кеңесі (1996 жылғы
11-12 қарашада, 2004 жылғы , сәуірде және 2007
жылғы 20 маусымда) болып өтті. Каспий теңізінің
жағалауы мемлекеттері Басшыларының екінші кездесуі барысында
Әзірбайжан Республикасының, Иран Ислам Республикасының,
Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының
және Түрікменстанның бірлескен декларациясы қабылданып,
ол Каспий теңізі жағалауы маңы мемлекеттерінің
жетекшілерімен қол қойылған құжат болды.
Бұл құжат Каспийдің құқықтық
мәртебесінің, теңіздегі қауіпсіздік пен
тұрақтылықтың негізгі мәселелері бойынша,
сондай-ақ Каспий жағалауы мемлекеттерінің
халықаралық қатынастардың жекелеген астары
(БҰҰ-ның, МАГАТЭ-ның рөлін нығайту,
ядролық қаруды, халықаралық лаңкестікті таратпау)
жөніндегі ұстанымдарына байланысты мәселелер бойынша
қазіргі бар уағдаластықтарын саяси деңгейде бекітіп
берді. Каспий теңізіндегі Қазақстанның мемлекеттік
шекарасы Каспиймен шектесетін барлық мемлекеттердің шекаралары
арасындағы ең ұзыны, ол 1700 шақырымнан артық.
2004 жылы қазақстандық тарап Каспий теңізінде
қару-жараққа бақылау жасаудың бесжақты тетігін
құру, қару-жарақтың тұрақты
тепе-теңдігін орнату және оларды шектеу межесін белгілеу бастамасын
көтерді [6]. Мұндай шаралар шиеленістердің алдын алудың
және мемлекеттеріміздің ынтымақтастығын дамытудың
анағұрлым сенімді құралдарының бірі.
2014
жылдың 2 қазанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
қатысуымен Каспий теңізі жағалауы елдерінің IV саммиті
өтті. Каспий бойынша серіктес
Әзербайжан, Ресей, Түрікменстан мен Иран Президенттері
экономикалық ынтымақтастықты дамыту, қауіпсіздік,
экология саласында, бастысы, Каспийдің құқықтық
мәртебесі төңірегінде пікір алысты. Астраханьда Каспий
жағалауы елдер көшбасшыларының IV басқосуы өтті.
Серіктес бес мемлекеттің көшбасшылары әуелі шағын
құрамда тілдесті. Кездесу жабық есік жағдайында
өтті. Дегенмен күн тәртібіндегі мәселелер белгілі,
«Каспийлік бестіктің» ынтымағы, экономикалық серіктестік,
теңізді бірлесіп басқару мәселелері. Бұл жайттар
кеңейтілген құрамда да кеңінен айтылды. Ресей тарапы
Каспий маңы елдеріне энергетикалық ықпалдастықты
нығайтуға шақырды.
«Каспийлік
бестіктің» экономикалық ықпалдастығын арттыру
үшін Қазақстанның да ұсыныстары аз емес.
Нұрсұлтан Назарбаев «Каспий еркін сауда аймағын»
құру туралы сөз қозғап, Қазақстан
арқылы ашылған бағыттарды назарға ала отырып,
Қазақстан оларды Каспий маңы мемлекеттерінің тауарларын
басқа елдердің нарығына , бірінші кезекте Қытайға
жеткізу үшін транзиттік көпір ретінде пайдалануды ұсынатынын
айтты. Есесіне, ашық теңізге шығуға мүмкіндіктер
қарастырылуы тиіс [7].
Каспий
теңізінің мәртебесін белгілеп, оның байлығын
игеругеде тараптар ортақ мәмілеге келе алмай жүргені жасырын емес.
Ұстанымдары мен ұсыныстары әрқилы. Мәселен,
Тегеран теңізді теңдей бөлуге шақырып отыр. Ол бес
мемлекетке 20 пайыздан тиесілі болу керектігін айтуда. Не болмаса,
теңіздің теңдей игеруге ниетті. Бірақ бұл
ұсынысты қолдауда белсенділік байқалмады. Қалған
4 мемлекет те теңіз құқығы бойынша
БҰҰ-ның 1982 жылғы конвенциясын ұстанады. Ал
Иранның айтары басқа, Иран Ислам Республикасының Президенті
Хасан Рухани құқықтық тәртіп халықаралық
құқық қағидаларына сәйкес болуы тиістігін,
қару-жарақ
қолданудан тартынып,
шетелдік қарулы күштердің Каспийге келуКаспийге келуіне жол берілмеуі керектігін баса айтты.
Қорытынды
Қазіргі уақытта Каспий
аймағы маңызды қиындықтар мен елеулі
мәселердің пайда болу шартында дамып жатыр:
-
Каспий теңізінің құқықтық
мәртебесі төңірегінде жағалауда орналасқан
мемлекет арасындағы қарама-қайшылықтардың удеуі,
бұл жағдай мемлекеттердің өзара екіжақты
және жан-жақты мәселелер жөнінде келіспеушіліктер мен
сыртқы ойыншылар одан әрі қиындата түседі;
-
Каспий аймағының көлік-коммуникация жүйесіне өз
бақылауын орнатуға күрес;
-
Каспий теңізінің бай және сонымен қатар нәзік
экожүйесіне жүйелі түрде залал келтіру, бұл осы
аймаққа жойқын кері әсерін тигізуі мүмкін;
-
Сонымен қатар Каспий теңізінің
құқықтық мәртебесін анықтаудағы
келіссөз процесстері, «каспий бестігі» болып табылатын
мемлекеттердің қарым-қатынасын конструктивті негізде бірден қамтамасыз
ете алатын фактор болып табылмайды.
Бұл мәселе алынбас қамал және дамулың мәңгі тежегіші болмау керек.
Керісінше, екіжақты және жан-жақты деңгейде
аймақаралық қатынас
орнату үшін, осы процесстің көптен күткен
нәтижесін көруге тырысу керек. Мүмкін аймақаралық
қатынастың әрі қарай алға басуының
өзі құқықтық мәселе шешудегі жалпы бірдей
қанағаттарлық нәтиже беруінің бірден-бір кепілі.
Әдебиеттер:
1. Накашидзе Д. Нефть Каспия и международные отношения // Власть (Москва).
№6. 2002. С. 64.
2. Ашимбаев М., Лаумулин М. Трудный путь к региональной безопасности //
Континент.- 2002.- №10.- С. 20-23.
3. Абишев А. Каспий: нефть и политика. Алматы: Центр внешней политики и
анализа. -2002.-С.408.
4. Henderson G. Erstickte Demokratisierung in Iran. Die Lage nach dem
11.September // Internationale Politik (Berlin).- 2002. № 3.- S.32-38.
5. Лаумулин М., Сейфуллина Т. Интересы и политика Европейского Союза в
Центральной Азии и Каспийском регионе // www.kisi.kz.
6. Накашидзе
Д. Нефть Каспия и международные отношения // Власть (Москва).- 2002.- №6.- С.
64.
7. Ашимбаев
М. К проблеме формирования системы региональной безопасности // Analytic
(Алматы).-2001.- № 1.- С. 6-8.