Қабылов Құнанбай Құрманбайұлы

Түркістан қ. Жедел жәрдем қызметкері

 

ТӘУЕЛСІЗДІК,ТҰРАҚТЫЛЫҚ,ЕЛБАСЫ ЕГІЗ ҰҒЫМ

 

Қазақстанның жаңа тарихында он екінші сайланған Қазақ Кенес Социалистік Республикасының Жоғарғы кеңесінің рөлі ерекше.Бұл кеңес дәуіріндегі демократиялық жолмен сайланған алғашқы жоғарғы кеңес болды.1990жылы 24 сәуірде 12 шақырылған Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының Жоғарғы кеңесі республикада президенттік билік институт енгізу туралы заң қабылдады,өз сессиясында ел президенті етіп

 Н. Назарбаевті сайлады. Тәуелсіздігімізге Н.Назарбаев сол кезеңнен бастап, күні бүгінге дейін жасампаздықпен жүргізіліп келе жатқан сындарлы саясаты елге, ұлтқа, Отанға адал қызмет етудің жарқын мысалы. Алғашқы күннен бастап мемлекеттік құрылымның керуен көшіп, түзу жолға салған Елбасымыз Н.Назарбаевтің көрегендігі, сарабдан саясаты елдік тұғырымызды шайқамай ұстады. Қазақстанды мықты мемлекет ретінде көптеген елдер мойындап жатыр.

Еліміз ЕҚЫҰ-дағы төралығын абыроймен атқарды, саммит өткізілді. Бүгінгі таңда «Тәуелсіздік» пен «Елбасы», «Қазақстан мен Назарбаев» деген сөздер ажырамас ұғымға айналды. Елбасыға деген мақтаныш сезімі кернейді.

Әрбір қоғамның, адамдар тобының  жетілу мақсаты – бай қоғам болу. Бұл жердегі бай анықтауышы бірінші рухани, екінші нәрселік байлықты меңзеп тұр. Бай қоғам былай сипатталады: бейбіт, сау, тату, еркін, ашық, еңбекқор, берік, мүліктік, демократиялық, сүйіспеншілік, азаматтық қоғам.

Президентіміздің 1997 жылдың күзінде ұсынған «Қазақстан-2030» мақсаттарын талдау түбінде қазақстандық қоғам жетілуінің мақсаттары  аталмыш ойларға әкеліп тіркелетіндігін көрсетті. Келтірілген сипаттамалар Президентіміздің «біз әрі ішкі, әрі сыртқы жағдайларға сай болатын мәдениетті қоғамның қазақстандық үлгісін жасауымыз керек» деген сөзімен  барлық жағынан үйлесіп жатыр деп айтуға толық негіз бар.Көптеген жылдар бойынша жүргізген зерттеулеріміз бұл мақсаттардың толық жүзеге асуы адамның ішкі әлемі мәселелерінің дұрыс қойылып, дұрыс шешілуіне тікелей байланысты екендігін көрсетті. Өйткені қоғамның жоғарыдағыдай сипатталуы оның мүшелерінің ең болмаса көпшілігінің сәйкес сипатталуымен анықталады емес пе?

Адамның жетілу мақсаты жайында дұрыс пікір айтқан, біздіңше ертедегі грек философы Эпиктет (60-138жж.) Оның мына сөздерін адамның жетілу мақсаты деп айтуға болады: «бұл ғаламдағы ең ғажайып нәрсе – жақсы тәрбиеленген адам». Осы жерде адамның жетілу мәселесіне бабамыз Әл-Фараби де өте көп көңіл бөлгенін айта кеткіміз келеді. Бұл мәселеге Абай да өзінің 45 қара сөзінде өте көп көңіл бөлгені мәлім. Қазіргі кезде адамзаттың озық ойлы бөлігі белгіленген бағытқа ой салсақ, ХХІ ғасыр гуманизм ғасыры болу қажет деген  пікір қалыптасып отырғаны белгілі. Демек, Қазақстандық қоғам  жетілуінің мақсаттары адамзаттың негізгі пікірімен үйлесіп жатқанын көреміз.

Міне осындай жағдайда адамзат тарихы  мен жоғарыда келтірілген  пікірлерді арқау ете отырып «адамзат жетілуінің мақсаты – жақсы адам, яғни адам және жақсы маман, яғни маман болу» - деп ой түйіндеуге толық негіз бар (Н.Назарбаев. Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек. «Жас алаш», №66. 1маусым, 2002ж.)

Алайда жақсы адам болу дегеніміз дерексіз түсінік. Сол себептен де бұл мәселеге адамның жасын, жынысын, этносын, өмірінің барлық жағын қатыстыра айтудың маңызы зор. Аталмыш пікірді негіздеу ретінде өмірде кім болғаны емес, қандай адам болғанының маңызы зор екендігін де алға тартсақ болады. Әрбір адам өз өмірінде өте көптеген жағдайларда болады. Солардың бәрінде өзін жақсы ұстау, яғни солардың әрқайсысының өзіне ғана тән алтын ортасын  таба білу, өте көптеген білімдерді меңгеріп, бойға сіңіруді қажет етеді. Ал енді адамды жаман, жақсы қасиетті деп бөлу оның өзіне және қоршаған ортаға тигізер әсеріне байланысты деп айтуға негіз бар.

Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин жалпы, адам танытатын күрделі құбылыс деп, адам немесе жеке тұлға өзінің сана-сезімін, көз қарасын, рухани-саяси дүние танымын үнемі еңбектің, білімнің негізінде көтеріп, жетілдіріп отыруды қажет деп санады. Яғни, ғылым-білімге ден қойып, қоршаған әлем дүние туралы, қоғамның бүгінгі мен болашағы жайлы дұрыс ой айтып, халық ел үшін қызмет етуге шақырады.