ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ӨЗАРА ПАЙДА ҚАҒИДАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕТІГІ

 

Отегенова М.Р.

Құқықтану факультеті М-1к

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3Б ш/а, №9.

Маңғыстау Гуманитарлық-Техникалық Университеті

makhabbat-otegen@mail.ru

 

 

       Қазіргі заманда халықаралық экономикалық қатынастар қарқынды дамып жатыр. Осыған орай экономикалық қатынастарды құқықтық реттеуді жүзеге асырудың жоғары қажеттілігі туындайды. Халықаралық экономикалық құқықтағы ең мағызды қағидалардың бірі – өзара пайда қағидасы болып табылады.

       ӨПҚ (өзара пайда қағидасы) мемлекеттердің ынтымақтастығы және егемеді теңдік қағидасынан туындайды. Бұл қағиданың негізгі мақсаты салыстырмалы көлемнің табыстары мен міндеттерін әділ бөлудегі  мемлекеттер арасындағы өзара құқықтарын білдіреді. Онымен қоса, тепе-тең материалды құндылықтарды алмастыру, құқықпен немесе мүлікпен, алу- беру барысыныда табыстың және міндеттердің тәжірибелік экиваленттілігі сияқты кез келген нақты оқиғада формальды теңқұқық қағидасы бойынша «өзара материалдық пайда» міндетті емес. ӨПҚ нақты анықтау үшін  Өзаралық қағидасының түсінігіне жүгінген жөн.  Халықаралық экономикалық қатынастардың өзаралық қажеттілігі, әсіресе, құқыққа, жеңілдікке, мүлікке, пайдаға және т.б. қатысты, өзара болған белгілі бір оқиға ға байланысты, яғни симметриялық, бір мәнділік, эквиваленттік, тепе-теңдік, біртекті, бірдей құнды, екіжақты және т.б. сияқты сапалық және сандық сипаттамасы бойынша түсіндіріледі. Өзаралық мемлекеттердің екіжақтық қызығушылығынан басталады.[1]

       Өзаралық қағидасы дегеніміз мемлекеттер арасындағы өзара теңдікті қолдайды. Сонымен қатар мемлекеттер арасындағы Халықаралық экономикалық қатынастарда пайда болатын тікелей және жанама қажеттіліктерді қанағаттандырады.

       Өзаралық қағидасы бұл халықаралық экономикалық құқықтағы басты қағидаларға жатады. Ол мемлекеттер арасындағы салт-дәстүрге және заңдарға деген өзара сыйластықты білдіреді. Бұл қағида халықаралық қатынастағы мемлекеттер арасындағы егеменді теңдік қағидасынан шығады.Осы қағидаға сәйкес халықаралық шарттар екі шет елдік мемлекеттер арасындағы өзара пайдаға және теңдіктеріне негізделуі қажет. Ал халықаралық жеке құқықта бұл қағида мемлекеттер арасындағы шет елдік азаматтарға арнайы құқықтар мен жеңілдіктер беруді көздейді. Әрине екі мемлекеттің келісіміне қарай. [2]

ӨПҚ мемлекеттердің экономикалық құқықытары мен міндеттері Хартиясынан да басқа,  маңызды қатардағы көпжақты халықаралық құжаттарда, БҰҰ жарғысында(Б№55), халықаралық пактыларда, халықаралық сауда қатынастары мен сауда саясатын анықтайтын Негізгі қағидаларында(ЮНКТАД қағидалары) айқындап көрсетілген.[3]   

Қазіргі таңда, ӨПҚ халықарлық құқықта, соның ішінде, халықаралық экономикалық қатынастардығы құқықтық реттеу аймағында жетекші орынға ие. Өзара пайда қағидасын екі немесе бірнеше субъектілердің арасындағы қатынастарда қолдану кезінде, негізінде  ХЭҚ-тың басқа да арнайы қағидаларын түгел ескере отырып экономикалық ынтымақтастықты  құра алады. Ол қағидаларда көрсетілген құқықтарды елемей, тек бір қағидамен, яғни тек өзара пайда қағидасының құқықтарымен халықаралық қатынас жасау мүмкін емес. Барлық қағидалардың құқықтарын сақтай отырып, тек осы өзара пайданы көздеген жағдайда ғана бұл қағиданы ұстануды жетекші орынға қоюға болады. Өзара пайда қағидасы көбінесе, екі жақтың немесе субъектілердің(мемлекеттердің) өзара келісуі арықлы, өзара қызығушылық идеаларын алға жетелеу арқылы, оны жүзеге асырудың тиімді жақтарын ұсыну арқылы, сонымен қоса халықаралық құқытағы нормалар мен міндеттерді сақтай отырып жүзеге асырылады. Мысалға, КСРО ыдырағаннан кейін, соның құрамында болған сыбайлас мемлекеттердің өзара демеушілік, экономикалық жағынан дамуына ықпалдастық жасау мақсатында құрылған Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД), алғашында Бестік ұйым деп аталған, Шанхай ынтымақтастық ұйымы(ШЫҰ), Н.Ә. Назарбаевтің идеасымен қалыптасқан ЕурАзиялық экономикалық қоғамдастық(ЕурАзЭҚ).

Бұл қағиданың ХЭҚ-ң басқа қағидалардан ерекшелігі «пайда» деген сөздің астарында көмкерулі. Пайда ол-табыс. Табыс негізінде  сауда саттық қатынастарда бірінші еске түсетін сөз. Экономикалық қатынастар орнатуда да сауда қатынастары ең бастысы болып саналады. Бұл бұдан әры қарай Дүние жүзілік сауда(ДСҰ) ұйымының құқықтары мен нормалыры арқылы қадағаланады. Оған қоса, кеден қатынастарында жеңілдетеді. Өзара пайда қағидасының негізінде халықаралық қатынастарда экономикалық шарттарға отыруды, менің ойымша, екі түрлі мағынада түсіндіруге болады, біріншіден, бір мемлекет екінші бір экономикасы дамыған  мемлекетге өзінің экономикалық ахуалын жақсарту, дамыту мақсатында өзінің ұсынысын жетпіс пайызға, ал экономикасы дамыған мемлекетге отыз пайыз мөлшерде тиімді пайда көзделген болуы мүмкін, екіншіден, экономикасы дамыған мемлекет дамушы бір мемлекетге, сол дамушы мемлекеттің экономикасын дамыту мүмкіндіктерін жүзеге асыру мақсатында, достық, экономикалық шоғырлану, өзара ынтымақтастық орнату мақсатында орындалуы мүмкін. 

Өзара пайда қағидасы кейде халықаралық құқықтың өзара түсіністік қағидасы туралы доктринраларымен ұштасып келеді. Біріншіден, «өзара түсіністік қағидасы» халықаралық құқықтың когентті  қағидаларының құрамына кірмейді.  Сол сияқты, халықаралық құқықтағы бекітілген когентті  қағидалар жалпы құқықтағы сияқты сақталып жатқаны шамалы. Халықаралық құқықтық тәжірибеден алып қарасақ,  өзара түсіністік қағидасын қадағалайтындар өте аз деуге болады. Оларды дамушы елдер үшін преференция (жеңілдік)  деп атаған жеткілікті. Сондықтан, ашықтан-ашық конвенциялық-нормалық өзара түсіністік қағидасын жалпы халықаралық құқықтың қағидасы (тек экономикалық қатынастарда ғана емес) деп есептуге болады.  Екіншіден, өзара түсіністік қағидасының кең тараған бір бөлімі «тиімді өзара түсіністік» деп аталатын бөлімін еш бір негізсіз теріске шығаруға болмайды. «Тиімді өзара түсіністік» тұжырымдамасы бойынша, қаншалықты  жоспарлы экономика бойынша кедендік баж салығын реттеудің мәні қалмасада, соншалықты нарықтық экономикада мемлкетке қосымша льгот сияқты  қолайлы мүмкіндіктер беру қажеттігін туындатады. ХЭҚ-тың барша ұлтқа қолйлы қағидасында келтірілгендей, «тиімді өзара түсіністік» тұжырымдамасын пайдалануға тырысу, кедендік баж салығын немесе тауар квотасымен ғана емес те, сыртқы экономикалық, саяси факторлармен де жиі ұштасады. [4]

Түйіндейтін болсақ, өзара пайда, шын мәнінде тек «материалдық өзара түсіністік» тұрғыдан анықтау ғана емес, оған қоса, «тиімді өзара түсіністік»  дегенді бірге қарстырған жөн. «Ең бастысы Өзара пайдаға не қатысты?» – деген сұрақ туындайды. Ол тек материалдық құндылықтарды екі жаққа өзара теңдей арифметикалық есеппен бөлу негізгі емес, тіпті, формальды-заңды тәсілдерде де.

Түптей келенде, өзара пайда қағидасының мағынасы, толық түсінікті болмағанымен,  бұл қағиданы еш тікелей нұсқаулықсыз да, «салыстырмалы көлемнің міндеттері мен табыстарын әділ бөлу» - деп,  жеткілікті әрі айқын айтылған.  Осы сөйлемде ӨПҚ мәнін егжей-тегжей қарағанда қысқа әрі толықтай қамтылған. Әлбетте, кейде кез келген жағдайда тікелей немесе жанама өзара қатынаста «міндеттер мен табыстарды әділ бөлу» дегенді  тәуелді түрде шығарып тастайды.

       Жоғарыда аталған халықаралық қатынастар өзара пайда қағидасы негізінде екі немесе бірнеше жақтардың(мемлекеттердің)  мақсаты мен қызығушылығын ескере орынадалады. Бұл қағиданың мақсаты тек халықаралық экономикалық қатынастардың негізінде бірдей игіліктергі жету емес те, әр бір қатысушы мемлекеттердің өздеріне қажетті форманы шығарып алуда  әділетті және тең дәрежелі мүмкіндіктерді иемдену болып табылады. Сондықтан, осы қағиданың негізінде халықаралық қатынастардығы ХЭҚ ережелерін сақтай отырып, әр бір қатысушы мемлекеттер сыртқы экономикалық қызметтерін  жүзеге асыру арқылы өз мемлекеттерін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту, хал-ахуалын жақсарту, экономикалық дамыған мемлекеттер көшбасына бірігу боп табылады.

       Халықаралық экономикалық қатынастарға түскен мемлекеттердің халықаралық экономикалық құқықтық нормаларға сай құқықтық қатынастарын реттеу мен қорғау барысында өзара пайда қағидасынының: теңқұқықтық негізі, өзара тиімділігі, басқа мемлекеттермен сыйласытығы, әр бір мемлекеттің мақсаттарын ескеру,  әділетті қарым қатынас орнату, құқықтық кемсітпеушілік, ұлттық тапталмаушылық – ең басты белгілері болып табылады.

       Халықаралық құқық жүйесіндегі басты қағидалары мен халықаралық экономикалық құқықтың арнайы қағидаларын бірсарынды ұстану, оларды пайдалана отырып, мемлекеттер арасында экономикалық ынтымақтастық орнатудың бастауы – ол өзара пайда болып табылады.

 

Пайдаланылған әдебитеттер тізімі:

 

1       Шумилов В.М. «Международное экономическое право» - Ростов н/Д 2002 г. с 70.

2       Войтович С.А. «Принцип взаимной выгоды в межгосударственных экономических отношениях»  1986 ж. №2 121 б.

3       Заключительный Акт 3281 (ХХІХ) Хартии экономических прав и обязанностей государств.

4       Вельяминов Г.М. «Международное экономическое право и процесс» М:2004г. с 26, .