Психология и
социология/12. Социальная психология
педагогика магистрі, аға оқытушы М.А.
Мырқасымова
Психология мамандығының 4 курс студенті Н.Р. Надырова
М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік
университеті, Қазақстан
Балалар
үйінде тәрбиеленушілерді әлеуметтендірудің
ерекшеліктері
Қазіргі таңда балалар
үйлерінің тәрбиеленушілерін әлеуметтендірудің
психологиялық шарттарының проблемаларын зерттеу өзекті
мәселе болып табылады. Әлеуметтену
кезеңдерін бөлуді (олардың бірінің сипаты –
жасөспірімдік кезең – әлеуметтік даму үрдісінің
анық кезеңдесуін көрсететіні сөзсіз) мақсатты
түрде оның мазмұнын анықтап алудан бастаған
жөн. Әлеуметтену үрдісінің мазмұнын анықтай
отырып, соңында адам өмірінің алғашқы
минуттарынан бастап жеке тұлғалық дамудың үздіксіздігіне
көз жеткіземіз. Тұлғалық қалыптасу үш
өрісте жүреді: әрекет, қарым-қатынас, сана-сезім.
Яғни, бір жағынан, адамның әралуан әрекет
түрлерін (танымдық, заттық және т.б.) іске асыру
мүмкіндіктері кеңейеді, екінші жағынан,
қарым-қатынастың нормативтік моделін меңгеру
жүреді, сондай-ақ адамда «Мен» бейнесі қалыптасады [1].
Баланың
әлеуметтену үдерісі оның оқу мен тәрбиесіндегі
басты мәселелерді шешуді ұсынады: а) оның
тұлғалық және тұлға аралық
қарым-қатынасының дамуы; ә) дербес өмір сүруге
дайындығы; б) кәсіби дайындығы.
Жасы
кішірек балалар үшін аталған мәселелердің барлығы
бірдей маңызды болмаса, ал жасаөпірім жаста бұл
өрістің барлығы маңызды мәнге ие болады.
Соған орай, жасөспірімдердің әлеуметтену
заңдылықтарын қарастырғанда міндетті түрде мынадай
мәселелерге тоқталу керек: әлеуметтену процесінде
сана-сезімнің дамуы қалай жүреді, тұлғааралық
қарым-қатынас қалай өрістейді және оқу
әрекеті қалай жүреді, сондай-ақ кәсіби
дайындықмқалай қалыптасады. Сонымен, жасөспірімдік
жасқа үйлес тұлғааралық қатынас
тұлғалық дамудың басты механизмі ретінде алға
шығады, сәйкесінше әлеуметтенудің де басты механизмі
болып саналады.
Әлеуметтенудегі
қиындықтар ерекше мәселе болып табылады. Л.В.Байбородова,
Л.Г.Жедунова, О.Н.Посысоев, М.И.Рожковтар [2] «баланың әлдебір
әлеуметтік рөлді игерудегі қиындықтар кешенін»
әлеуметтену қиындықтары деп түсінеді. Олар бұл
қиыншылықтардың туу себептерін «оның социуммен
өзара қатынасы үдерісінде балаға қойылатын
талаптар мен баланың бұл қатынасқа
дайындығының сәйкессіздігінен» көреді. Қалыпты
байланыстары (отбасы, достар, көршілер тағы басқалар)
жоқ, балалар үйіндегі баланың дамуы әлеуметтік
жағдаяты жетім баланың әр жақтан алынған
қарама-қайшы ақпараттар негізінде бейне-рөлдерді
жасауына әкеп соғады.
Балалар
үйіндегі тәрбиеленушілердің әлеуметтік
бейімделуінің, әлеуметтік белсенділігінің, әлеуметтік
білігінің және әлеуметтік құндылықтарды
қалыптастыруының төмен деңгейі әлеуметтену
қиыншылығының нәтижесі болып табылады.
Балалар
үйіндегі тәрбиеленушілердің әлеуметтену үрдісі
мемлекеттік мекемеде жүрген бүкіл кезеңде және одан
кейінгі бүкіл өмірінде өтеді. Оқшауланған
қоғамда, тұйықталған кеңістіктегі
өмір сүруге дағдыланғандықтан туындаған
психологиялық қиындықтарды жеңуі,
қатынасуға тура келген адамдармен жаңаша байланыс орнату тәрбиеленушінің
әлеуметтенуіндегі басты фактор болып саналады.
Жетім
балаларды қолдау үрдісін әзірлегенде, бұл
мәселені шешуге кешенді амалдар қарастыру, тәрбиеге ерекше
жағдай жасау керек және әлеуметтік бейімделудегі
кемшіліктердің орнын толтыру керек. Әлеуметтік психологияда
әлеуметтік бейімделу мәселелері кеңінен зерттеліп жатыр.
Оның шешімін табудың бірнеше әдістері ұсынылған,
бірақ огның көпқырлылығы себепті кейбір
тұстары жеткілікті зерттелмей отыр. Оның ішінде
түлғаның бейімделу немесе дұрыс бейімделмеуі
өзіндік ерекшеліктері өзекті мәселе болып отыр. Шетелдік
психологияда (бірінші кезекте, американдық)
мінез-құлықтық немесе жағдаяттық
өлшемдерді басты мәселе етіп қарастыру кең
таралған. Отандық психологияда тұлғалық
және мәселе астарына үңілуге көп
көңіл бөледі. Тұлғаның әлеуметтік
бейімделу мәселесі – психологиядағы өте күрделі
мәселенің бірі.
«Әлеуметтік
бейімделу» ұғымы екі түрлі мағынада жұмсалады:
үдерісті белгілеу және нәтиже ретінде.
Батыс
психологиясында әлеуметтік бейімделуді зерттеудің төрт
негізгі бағытын бөліп көрсетеді: бихевиористік;
психоаналитикалық; гуманистік; когнитивистік. Барлық бағыттарда
басты назар мінез-құлықтық бейімделуге аударылады.
Психологиялық
және әлеуметтік-психологиялық әдебиеттерді талдау бізге
тұлға бейімділігінің негізгі категорияларын
ұғымдық аппаратта зерттеп тануға мүмкіндік берді.
Кең мағынада, алғанда бейімделу қоршаған орта
жағдайына икемделу болып түсініледі. Адамда бейімделудің екі
спектрі бар: биологиялық және психологиялық.
Биологиялық
бейімделу – ағзаның қоршаған ортаның
тұрақты және өзгермелі жағдайына икемделу
(қызу, атмосфералық құбылыстар және тағы басқалары);
психологиялық бейімделу – «әлеуметтік бейімделу»
ұғымымен қиысады және адамның тұлға
ретіндегі қоғамдағы орны, бұл
қоғамның талаптарымен өзінің жеке
қажеттіліктері, мүддесінң сәйкесуін, икемделуін
білдіреді. “бейімделуді” түсіндірудегі көп амалдарда біз
әлеуметтік бейімделу – адамның жаңа әлеуметтік ортаны,
сол қоғамның құндылықтары мен нормаларын
тұлғалық иегеруіне байланысты, тіршілікәрекетінің
өзіндік бейнесін ұйымдастырудағы ептілік пен дағдыны
игеруі сияқты шоғырланған көрсеткіші ретінде қараймыз,
ол еңбекке, қарым-қатынасқа, өзін-өзі
күтуге қабілеттілікпен сипатталынады.
Кеңес
дәіріндегі психологияда әлеуметтік бейімделу мәселесін
зерттегенде бейімделудің нәтижелілігі мен нәтижесіздігін
қамтитын жеке мінездеме алға шығады. Бұл
қасиеттердің жиынтығын әр автор өзінше
белгілейді. А.А.Журавлев «бейімділік қасиеттерінің белгілік кешені»
туралы айтса, А.Г. Маклаков «жеке бейімділік әлеуеті» туралы, Б.Д.Парыгин
– «әрекетке психологиялық дайындық» туралы айтады.
Тұлғаның
айрықша интегралды қасиеттерін бөліп көрсетуде,
М.Снайдар терминін қолдана отырып, оларды «бейімділік» немесе
«әлеуметтік бейімділік» деп белігілеуге болады (оның
«әлеуметтік-психологиялық табиғатын» атап көрсете
отырып). Бұл қасиеттерді нәтижелі әлеуметтік
бейімделудің басты ішкі шарты ретінде қарастыруға болады.
Е.С.Кузьмин пікірінше, адамның әлеуметтік
өзараықпалдастығын ұйымдастырудың үш
әдісін және оның қалыптасуындағы кейбір
жүйеліліктерді бөліп көрсетуге болады. Десе де
әлеуметтік бейімделушілік – мінез-құлықты
ұйымдастыру механизмінің ішкі шарты ретінде, жекенің кешенді
қасиеттеріне тоқталу қажет [3].
Бұл
бірлестік құрамына үш қасиет енеді: «бейімділік –
орнықсыздық», «бейімділік – жайлылық», «бейімділік –
ықпалдылық», әлеуметтік өзара ықпалдасудың
үш түрлі тәсілін қамтиды.
Түрлі
әлеуметтік жағдаяттарда әртүрлі қасиеттер пайда
болуы мүмкін, бейімделу әртүрлі тәсілдермен
жүзеге асады. Әрбір индивидуумда көрсетілген
қасиеттердің қалыптасу деңгейі әрқилы,
айырмашылықтар олардың әрбір нақты жағдаятта
туындауымен себептеледі. Сондықтан бір жағдаятта әрбір
индивидуум өзінше бейімделеді.
Жоғарғы
жасөспірімдік жаста, керісінше, даралануға айқын тырысумен,
типтік әлеуметтік тәжірибеге қарсылықпен сипатталынады.
Бірақ жасөспірім әлі де толық тұлғалық
дербестікке дайын емес, оны күшті сезімдік қарсылық басып
ұстайды, әрі бұл жағдайда өзіндік
құндылықтық бағдар іздеуге орын жоқ.
Жасөспірім құрбыластардың референттік тобында сын
көтермейтін ересектер әлеміндегі іске аспайтын өмірдегі
әлеуметтік нормалардан өзін босатады. Енді әлеуметтік
қатынастар әлемін тану үшін қайнар көз –
материалды өзінің кездейсоқ жеке тәжірибесінен алады.
Жасөспірімнің
әлеуметтену үрдісіндегі сана-сезімнің дамуы басқа
адамдардың бағалауы, әлеуметтік салыстыру,
тұрмыстық уайымдарды мағыналық интеграциялау,
өзінше белгілеу негізінде жүреді.
«Өзін
өзі анықтау» термині әдебиеттерде әр қилы
мағынада қолданылады. Жалпылама анықтамасы мынадай:
«Өзін өзі анықтау – бұл мәселелі
жағдаяттарда өзіндік тұлғалық
ұстанымның бекуі мен айқындалуының түйсіктік
акті».
Өзін-өзі
анықтау мәселесіне психологиялық тәсілмен келудің
әдістемелік негізін салған адам С.Л.Рубинштейн [4]. Ол
өзін-өзі анықтау мәселесін
детерминация-бұзылыстар контексінде қарастырды, ол мынадай ұстанымды
жарыққа шығарды, ішкі жағдайларды бұзу
арқылы сыртқы себептер әрекет етеді. Сыртқы
бұзылыстардан өзін-өзі анықтаудың
айырмашылығы – өздік бұзылыс ретінде қарастырылуы;
өзін-өзі анықтау ұғымында осылайша «дамудың
ішкі жағдайларының» белсенді табиғаты көрініс берді.
Адам үшін
«сыртқы себептер», «сыртқы бұзылыстар» – бұл әлеуметтік
жағдай мен әлеуметтік бұзылыстар. Өзін өзі
анықтауды өздік бұзылыс ретінде қарасақ, онда ол
былайша айтқанда, әлеуметтік бұзылыс механизмі болып
табылады.
Кәсіби
өзін-өзі анықтаудың түйінді тұсы жете
түсінген, негізді, әбден ойластырылған кәсіби таңдау
болып табылады.
Өзін-өзі
анықтау қажеттілігі онтогенездің белгілі бір кезеңінде
туындайды – жоғарғы жасөспірімдік жас пен алғашқы
жастық жас мөлшері аралығында. Әдебиеттерде ол әлем
мен өзі туралы армандары біріккен нақты мағыналық
жүйенің қалыптасу қажеттілігі ретінде
қарастырылады.
Бұл
кезеңде ата аналарымен және
құрбы-құрдастарымен қатынасында қызметтік
дифференциация жүреді: «Бос уақытыңды кіммен бірге
өткізгің келеді?» деген сұрақтарға
жасөспірімдер достарын атайды, жігіттер мен қыздар ата-аналарын
6-ншы және 4-інші орынға қояды. Достарға
әлеуметтік салыстыру қызметі жүреді. «Күрделі
өмірлік жағдаяттарда кіммен кеңесер едің?» деген
сұраққа жігіттер мен қыздар бірінші жауап ретінде
«анамен» дегенді таңдады; ал екінші орынға жігіттер әкені,
қыздар досын атады. 1995 жылы өткізілген
жасөспірімдердің қарым-қатынас құрылымын
талдау қазіргі жағдайда жасөспірімнің
қарым-қатынас құрылымында бірінші орынға ата-аналарымен
қарым-қатынас шығатынын көрсетті.
Отбасыға
сай қарым-қатынастың шоғырлануы жасөспірім алдында
отбасыдағы ересектер немесе отбасы тұтастай әлеуметтік
мінез-құлық үлгісі, нақты қорғаныс
формасы көмек ретіндегі статусқа ие болатындығына негіз
болды. Отбасының басымдық рөлі моральдық,
сондай-ақ практикалық жәрдем
өрісіне байланысты: отбасы мүшелерінің алынған
жәрдем мен көмектің орны ерек, құрбыластарынан
алған көмек пен жәрдем жасөспірімге аздық етеді.
Тұтастай
алғанда, ата-аналық отбасы қазіргі балалардың
өмірінде маңызды орынға ие. Оның ата-анасымен
өзара қатынастарының ерекшеліктері оның әлеуметтену
үдерісінде терең із қалдырады.
Осылайша,
жасөспірім жас үшін әлеуметтік-психологиялық
көмекті ұйымдастыруда міндетті түрде ескеруді қажет
ететін әлеуметтену процесінің мынадай заңдылықтары бар:
·
жасөспірім жаста әлеуметтену
типтік әлеуметтік мінез құлық үлгілеріне
қарсылықтан басталып, жеке тәжірибе құрылымында
үйлесімге түсетін жекелік интериоризацияға дейін өтеді;
·
жасөспірімдік
әлеуметтенудің аралық қорытындысы деп артық-кем
қалыптасқан теңдесуге қол жеткеруді есептеуге болады,
сондай-ақ өмірлік өзін-өзі анықтаудағы
қажеттіліктердің өзектілігі;
·
жасөспірімнің
әлеуметтенуінің басты механизмі тұлғаараралық
қарым-қатынас;
·
жасөспірімдік жастағы
әлеуметтену процесіне отбасының ықпалының
төмендейтіні туралы кең таралған көзқарасқа
қарамастан, отбасылық әлеуметтену бұл жас
өлшеміндегі кезеңде
құрбы-құрдастардың референттік тобындағы
әлеуметтенуге қарағанда маңыздылығы кем емес.
Мұнымен
қазіргі психологиялық әдебиеттерде сипатталған балалар
үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың әлеуметтену
ерекшеліктері түсіндіріледі. Жетім балаларға арналған
мекемелер жүйесі соңғы жылдары айтарлықтай
өзгерістерге ұшырады, жетім балалардың тіршілік
әрекетін ұйымдастырудың жаңа түрлері пайда болды.
Бұл өзгерістер ата-ана қамқорлығынан
айырылған балалардың өмір сүру жағдайын оңтайландыруға
бағытталған.
Бірақ
жалпы мемлекет тарапынан және психологиялық ұйым тарапынан
қаншама күш жұмсалғанымен, балалар үйі
жағдайында, отбасыдан тыс тәрбиеленген баланың қалыпты
жағдайда әлеуметтенуден айырмашылығы көзге ұрып
тұрады. Төменде жасөспірім-жетімдердің дамуындағы
әлеуметтік жағдайлар факторы талданады, бұл факторлар
олардың әлеуметтену үрдісіне ықпал етеді және
әлеуметтену үрдісінің бұзылуы және одан
туындайтын әлеуметтік дезадаптация себебі болуы мүмкін. Бұл
факторлар балалар үйі жағдайындағы жетім балаларды
әлеуметтендіруді жүйелі жүргізудің негізгі
«кластерлері» болып табылады. Осы мақалада санамаланған
бағыттар бойынша сана-сезім, қарым-қатынас, әрекет
және әлеуметтік дағдылар аясындағы болуы мүмкін
ауытқуларды түзеуге және анықтауға болады, олар
нәтижелі әлеуметтік бейімделу үшін ішкі жекелік негіз болып
табылады. Қазіргі кезде балалар үйінде тәрбиеленуші
жасөспірімдер әлеуметтенуіне ықпалдасу мәселесі
әлеуметтік-психологиялық әдебиеттерде жиі
қарастырылуда, оны іс жүзінде жүзеге асыру технологиялары
ұсынылуда.
Әдебиеттер:
1. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность.
- Москва: Политиздат, 1975.-304 б.
2. Байбородова Л.В.,
Жедунова Л.Г., Посысоев О.Н., Рожков М.И. Преодоление трудностей социализации
детей-сирот: Учебное пособие. Ярославль: ЯГПУ, 1997. - 196 б.
3. Закарьянова Ш.Н. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді
әлеуметтендірудің психологиялық
аспектілері. Психология
ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертация.- Алматы, 2009.
4. Рубинштейн С.Л. Проблемы общей психологии. - М.:
Педагогика, 1976.-416 б.
5. Закарьянова Ш.Н. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді
әлеуметтендірудің психологиялық
аспектілері. Психология
ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертация.- Алматы, 2009.