Сарыбекова Ж.Т., Спатай Ж.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ТҰЛҒАНЫҢ КӘСІБИ МАМАНДАНУЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ   МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

     

Тұтастай алғанда педагогикалық жоғары оқу орындарындағы қазіргі таңдағы психологиялық білім беру мазмұны мен оның дамуы білім беруді психологияландыруда психологиялық дайындықтың үздіксіздігі мен сабақтастылығын, болашақ мұғалімдерге кәсіби маңызды қасиеттерді дамытуды қамтамасыз етумен байланысты. Қазіргі кезде психологияны оқытуды жетілдіру бірнеше бағыттарда жүргізілуде. Оның бірі – оқытудың белсенді әдістерін пайдалану, екіншісі психологияның мазмұнын өзгерту арқылы оны оқытуды жетілдіру.  

      Жалпы психологиялық құрылу теориясы детерминациялық психикалық белсенділік теориясы. Құрылу түсінігінде жалпы табандылықты білдіруге бағытталған тірі организмдердің күнге қарсы тұруы күйзелістің әсерінен физикалық әлем энтропиясы, термодинамиканың екінші заңдылығын білдіреді. Ең жоғары деңгейдегі психологиялық белсенділік көркем шығармашылығында дамиды осындайдан құралған  белсенділік өзін барынша толық көрсетуге жеткізеді, жағдай жасау мен эстетикалық қабылдаудың және шығармашылық процестің еркіндікті уайымдауы заттық әлемдегі сезім катарсисі болып табылады.  

 Тұлғаның белсенділігі болашақты жандандыру негізінде негізделеді. Белсенділік өз мінез-құлқын шарттандыруда белгілі бір өзбеттілікті береді. Ерік мінез-құлық пен іс-әрекетті өзіндік реттеу мен өзіндік детерминация болып саналады. Ерік тұлға үшін маңызды мақсатқа бағытталады.

А.В. Петровский бұл белсенділікті адаптивті деп атады. Белсенділіктің келесі көрінуін адаптивті емес белсенділік деп атайды. Тұлға өз құндылықтарын таратуға ғана ұмтылмайды, өз мақсаттарының шегінен шығуға да ұмтылады. Іс-әрекет барысында меңгерілгеннің шегінен шығады жауаптылық ретінде жүзеге асырылады.  

Гештальт – психология шығармашылықты былай деп түсіндіреді. Адам ең алғаш заттың ойша образын жасағанша элементтерді өзгертіп, өз мақсатына жеткенше жұмыс істейді. Оқушы шығармашылығын психологиялық тұрғыда ашу мақсатында пән мұғалімдері әр сабақта берілген жаңа материалдарды бекіту үшін жұмбақтар мен басқатырғыштарды пайдалану тәжірибесіне сүйенеді.

Н.А. Леонтьев тұлғаны тұтастай мағыналы құрылымдардың бірнеше құрамдас бөліктерінен тұратындығын атап көрсетті. Олай болса, қоғамдық өөндірістің барлық салаларына экономикалық, әлеуметтік, рухани салалардағы өндіріске ерекше үлес қосатын, қоршаған дүниемен жан – жақты үйлесімді дамыған осындай тұлғаны дамыту мен қалыптастыруда бірлескен іс - әрекеттің әр түрлі даму сатыларындағы мағына құрылу процесін зерттеу психология ғылымында қашанда өзекті.

А.Г. Ковалевтің пікірі бойынша тұлғаның құрылымы алдымен психикалық процестер түрінде кездееді, одан күйлерге, ал соңынан қасиеттерге айналатын тұлғада бекіп қалыптасқан әр түрлі қасиеттер мен сапалардан тұрады. Осы тұрғыдан алғанда, тұлғаның құрылымы, оның үнем бірқалыптылығы мен тұрақтылығын сипаттайтын психикалық қасиеттер мен сапалардың жиынтығынан тұрады. Тұлғаның үнемі бірқалыптылығы мен тұрақтылығын анықтайтын, оның құрылымының жүйе құраушы белгілеріне тұлғаның бағыттылығы жататындығын көптеген психологтар мойындайды (А.Г.Асмолов, 1984; Л.И.Божович, 1968; Б.Ф.Ломов, 1981; К.К.Платонов, 1986; С.Л.Рубинштейн, 2004; және т.б).

 «Мен» елеулі деңгейде өзіміз туралы білімдермен қатар өзге адамдар әсерленулерінен қалыптасады. Кейбір зерттеушілер, мысалы Мид, сол сияқты шынайы «Мен» басқа адамдар әлеуметтік контексті мен реакцияларының күшті ықпалын сезінеді. Шынайы «Мен» қалыптасуына айналасындағылардың мұндай күшті ықпалы  бұл бейне «Мен» концепциясының басқа жағы- өзіндік бағамен тығыз байланыстылығымен түсіндіріледі.

«Мен- концепция» тек дәйектерге ғана негізделмейді. Ол өзіндік бағалау деп аталатын бағалау бөлімінен де тұрады. Бағалау процесі қандай да бір нәрсенің құндылығы мен мәнін анықтауды қарастырады. Мысалы, тұлға өзінің математикадағы жетістіктерімен мақтана алады. Бұл жерде шынайы «менге» қатысты жағы емес, сонымен қатар бағалау жағы да болады. Тұлға математикадағы өз жетістіктерімен мақтанады, өз қабілеттерін бағалайды. Осылайша бұл тұлғаның өзіндік бағасы болып табылады.

Куперсмит (1968) 10-12 жас аралығындағы американдық ұлдар өзіндік бағалауларын зерттеді: Оның анықтағаны, өзіндік бағалаулары жоғары ұлдар өте белсенді, экспрессивті болып келеді- егер оларды ұзақ уақыт аралығында бақыласа- үлкен жетістіктерге қол жеткізеді. Мұндай балалар өз алдарына жоғары мақсаттар қойып, ал олардың ата-аналары өз балаларына қолдау көрсетіп және үміттенудің жоғары деңгейі мен өзіндік бағаның жоғары болуымен сипатталды. Кейбір зерттеушілер пайымдауларынша, өзіндік бағалаудың жоғары деңгейі адамдарды жаңа жетістіктер мен қуаныштарға жетлей отырып, рухани денсаулыққа жағымды әсер етеді.       

 Позитивті өзіндік тиімділік мотивацияға күшті ықпал етеді. Өзіндік тиімділігі жоғары деңгейдегі адамдар қабілеттері төмен болған жағдайда да, өзіндік тиімділігі төмен адамдарға қарағанда жылдам оқып үйренеді. Егер де адам қандай да бір істі жасау мүмкіндігіне сенетін болса, ол мұқият жұмыс жасап және үлкен ықтималдылықпен табысқа жетеді. Бандура (1989) өз зерттеу нәтижелерін ұсынды, онда математиканы оқуда өзіндік тиімділік деңгейі жоғары және төмен балалар салыстрылған. Өзіндік тиімділігі жоғары деңгейдегі оқушылар олардың қабілеттері төмен болған жағдайларда да үлкен табыстарға қол жеткізген. Ұмтылыс оларға сәттілік әкелетініне деген сенім, бұл балаларды барынша еңбек етуге жетеледі, нәтижесінде олар математикаға деген қабілеттері жоғары, бірақ өзіндік тиімділіктері төмен деңгейдегі балаларға қарағанда, білімдерді көбірек игерген. Осылайша, өзінің жетістікке жету қабілетін білу маңызды роль атқаруы мүмкін. Өзіндік тиімділік «Мен- концепцияның» тағы бір маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.  

 Белсенділік мәселесіне жалпы сипаттама беретін болсақ, бір жағынан, оны іс-әрекет өлшемі ретінде процестің өтілу деңгейі және жалпы арақатынасы, екіншіден – субьектілердің өзара әрекеттестікке потенциалды мүмкіндігі. Басқа сөзбен айтқанда кез-келген өзара әрекетке немесе процестің жүру деңгейіне оның бағасы, сапалық және сандық сипаттамасы, сонымен қатар субьектінің өзара әрекетке потенциалды мүмкіндік бағасы.

Адамның белсенділігі өзара әрекеттесудің ішкі формасы және олардың сыртқа көріну формасы ретінде байқалады. Оны бір жағына «өзіне» деген ерекше қабілет ретінде сипаттауға болса, екінші жағынан түрлі өзара қатынаста көрінетін қасиет ретінде бағалауға болады.

Сонымен белсенділіктің жалпы және мәнді белгілерін қосу арқылы, ол өзіне, біріншіден кез келген өзара әрекет пен процестің интенсивті жүру деңгейінің сапалық және сандық сипаттамасы; үшіншіден, субьектінің сырттан тыс жанама ішкі қарамақайшылықтарының бастауларында болатын кез-келген процесс немесе өзара әрекеттің негізі туралы түсінік.

 Адамның индивидуалды белсенділігінің көрінуін А.И. Крупнов өз зерттеулерінен төмендегідей тұжырымдар жасаған: адамның нақты белсенділіктерінің мінез-құлық және іс-әрекет актілерімен үзілістің жүретін өзіндік сандық және сапалық белгілері бар.  

 А.Р. Лурияның шығармашылық мұрасы соншалықты бай және түрліше, тек таң қалуға тура келеді, мұның барлығы қалайша бір-ақ, онша ұзақ емес, ұзақтығы тек болғаны өмірінің 75 жасына сыйды немесе А.Р.Лурияның ғылыми өмірбаянын үңіле қарастыруда «оның тұлғалық полифониясының » құпиясы ашылыңқырайды (А.Г. Асмолова термині). Бұл – теориялық және эксперименталдық зерттеулердің негіізінде жататынын осы жағдайдың бар болуы Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи теориялары ретінде шығатын тұлғаның мағына құраушы мотивациясы.

 А.Р. Лурия өзінің алдына мынадай міндет  қойды : «генетикалық талдау әдісі тек қана психологиялық процесстердің табиғаты туралы сұрақтарды шешуге емес, сонымен қатар баланың даму процесінде осы табиғаттың өзгеруін ашуға көмектесетіндігін, осында туындайтын тұқымқуалаушылыққа деген жаңа қатынастарды баяндап, және сонымен баланың психологиялық дамуының табиғатымен байланысты елеулі сұрақтарға кірісуге болатынын  көрсету».  

19-20 ғғ тоғысында мәдениет тарихшылары, әдебиеттанушылар, философтар мен психологтар шығармашылық белсенділік пен данышпандылықты ойлаумен салыстыра отыра зерттеді. (Ч. Ломброзо, М. Нордау, Ш. Рише, Дж. Селли), дарын мен данышпандылық арасындағы жекелік ерекшеліктерді іздестірді. (В. Гирш, С.О. Грузенберг, Г. Жоли), дарынды тұлға портреті феномелогиясын жинастырып, типологиялық белгілерді ерекшелеуге, данышпандылықтың «философиялық іргесін» табуға ұмтылыстар жасады; жиі жағдайларда олар данышпандылықты мәдениет контестіне енгізуді (өйткені тұлғаны мәдени –психологиялық зерттеу дәстүрі тек 20 ғ басында туындай бастады. Бірақ мәдениет данышпанға және данышпан мәдениетке не беретінін талдай отырып шығармашылық пен данышпандылық феномендерін мәдени –тарихи контексте қарастырған авторларда болды.(Н.В. Теплов, Р. Эйслер, В. Оствальд). Бұл авторлардың жұмыс әдістері әртүрлі феноменология жинастыру және содан кейін оларды ой тізбегінен өткізуге жетеледі, осыдан кейін олар өз зерттеулер нәтижелерін айқын авторлық стильмен ерекшеленетін шығармаларында көрсетті.

 

Әдебиет:

 

1.   Кузнецова Е.В. Развитие межличностных невербальных  коммуникаций средствами социально–психологического тренинга: дис. канд. психол. наук: 19.00.05. - М., 1988. - 275 с. 

2.   Ладзина Н.А.   Влияние национальной психологии на взаимодействие         и поведение людей в организации (на материалах изучения казахов и         русских в РК): дис. канд. психол. наук: 19.00.01. – М., 2002. - 122 с.

3.   Будасси С.А. Способ исследования количественных характеристик личности в группе // Вопросы психологии. - 1971.- №3. - С. 24-28.

4.   Брушлинский А.В Взаимосвязь процессуального и личностного аспектов мышления // Мышление: процесс, деятельность, общение, М.: Наука, 1982. С. 5-49.

5.   Зимняя И.А. Педагогикалық психология. - М.: Логос.- А., 2005. – 453 б.

6.   Әубәкірова Ж.Қ. Мектеп жасына дейінгі балалармен қарым-қатынас тренингін ұйымдастырудың психологиялық - педагогикалық негіздері: психол. ғ. канд. дис.: 19.00.07. – Алматы, 2002. - 127 б.

7.   Бодалев А.А., Столин В.В.  Практикум по психодиагностике. – М, 1988

8.   Коралева З. Психологиическая тесты для всех – М.: Пресс, 2002.

9.   Парыгина Б.Д. Практикум по социально-психологическому тренингу. -  СПб, 2000