Сарыбекова
Ж.Т., Баймуратова Т.Т.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекттік университеті, Қазақстан
ҚАБІЛЕТТІ
БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ДАМУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қабілетті бала ұғымы
өте кең түсінік, оны түсіну үшін
дарындылықтың психологиялық астарларына мән беру
қажет. Қабілеттілік, яғни дарындылық. Дарындылық –
баланың қалыпты дамуымен қатар жүріп отыратын,
уақыт пен белгілі кезеңдерде ерекше байқалатын интенсивті,
динамикалық құбылыс.
Заман талабына сай студенттің
шығармашылық ойлауын дамыту, студентті жеке тұлға
ретінде жан-жақты дамыту негізгі буын болып саналады. Білім берудің
басты мақсаты – білім, білік пен дағдыға қол жеткізу
ғана емес, сонымен жылдам қарқында өзгеріп жатқан
дүниеде лайықты өмір сүру. Ол адамның дарынды,
интеллектуалды мен креативті болуын талап етеді.
Дарындылық туралы
психологиялық көзқарастың педагогикалық
көзқарастан басты
айырмашылығы:
дарындылық – теориялық және практикалық психологияның
зерттеу обьектісі бола отырып, дарындылық тек қабілет формасы
ретінде ғана емес, сонымен бірге потенциалды мүмкіндік деп
бағаланады.
Психологтар дарындылық қабілеттің көріну
формасына қарай мынадай жіктеулерін ұсынады:
1)
айқын дарындылық – сырт көзге бірден байқалатын
түрі, мұндай типтегі дарындылар жалпы дарынды балалар санының шамамен 1 – 3 % құрайды;
2)
жасырын байқалмаған
дарындылық – баланың ешбір іс-әрекетінде
байқалмаған немесе «әлсіз» байқалған түрі.
Дарындылықты анықтаудың қиыншылығы да осында,
мұндай балалардың саны көп, олар жалпы дарынды балалар санының шамамен 20 –
25 % құрайды.
3)
жас кезеңі дарындылығы
– белгілі бір жас кезеңдерінде ерекше көрініп, кейде жоғалып
кететін түрі. Оның пайда болуы мен жоғалып кету себептері
ғалымдардың тарапынан қызығушылық тудырып отыр.
Дарындылық адамның түрлі жас кезеңдерінде
байқалуы мүмкін.
Белгілі психолог С.Л.
Рубинштейннің пікірінше, арнайы қабілеттердің даму ерекшелігі
анықталу мерзіміне де әсер етеді. Шығармашылық
қабілеттерді анықтаудың ритмін хронологиялық
қайталану ритмін қалыптастыруға болады. Адамның дарыны
көбінесе, өнерде, әсіресе музыкада көрінеді.
Музыкалық қабілеттердің
ерте шақта көрінуі: 3 жасында – В.А.Моцарт, 4 жасында –
Ф.М.Гайдн, 5 жасында – Я.Л.Ф.Мендельсонда
байқалған. Обьективті мәні бар өз бетімен
қалыптасқан шығармашылық норма бойынша 12 – 13
жасында көрінсе, ал пластикалық өнер түрлерінде – 14
жаста көрінеді. С.Рафаэль, Ж.Б.Грезда – 8 жасында, А.Ван Дейк,
Джотто – 10 жасында, Б.Микеланджело – 13 жасында, У.А.Дюрер – 15 жасында
байқалған. Ғылыми салада шығармашылық
техникалық өнертапқыштықта ерте көрініс береді.
Ж.В.Понселе 9 жасында сағатты бөлшектеп шашып,
құрылысын зерттеген, сосын оны қайтадан орнымен
құрастырса, Френель 9 жасында қандай
қашықтық пен калибрде ойыншық пушкалардың снаряды
қаттырақ ұшатынын тәжірибеге сүйене отырып
негіздеген. Ғылыми аймақта норма – 20 жас болып табылады.
Барлығынан бұрын математиктерде дарындылық ерте
байқалатыны анықталған. Өзін 20 жасына дейін
көрсете білген ғалымдардың барлығы дерлік математиктер.
Мәселен 12 – 16 жас аралығында Б.Паскаль, Г.В.Лейбниц,
И.Ньютон, Ж.Л.Ланграж, К.Ф.Гаусс, Э.Галуа т.б келтіруге болады.
Психологиялық әдебиеттерде
дарындылықтың түрге бөлінуі де өзекті проблемалар
қатарынан саналады. Дарынды балалар белгілі бір іс-әрекет саласына
байланысты өзіндік ерекшеліктері мен бір-бірінен айырмашылықтары
байқалады.
Жоғары дәрежелі
эмоцианалдылық әсерінен қиын мінезділік, ашық,
айқын аффектілерге бейімділік формасында көрінеді. Ол жасырын,
өзіне бағытталған мінез, қарым-қатынастағы
шектен тыс ұялшақтық, ұйықтаудағы
қиыншылықтар, кейде психосоматикалық аурулардың
белгілері болуы мүмкін. Мұғалімдер мен ата-аналар үшін
көптеген проблемалар тудыратын ашық психопатиялық
жүріс-тұрыс құбылыстары кездескен жағдайлар да
болған.
Дарынды балалардың басым
бөлігіне перфекционизм (латын
тілінен аударғанда жетілдіру, кемшіліксіз жетілген деңгейге
өту (совершенствоваться) деген мағына береді) тән, яғни
айналысатын іс-әрекет жоғары дәрежеге, үнемі
жетілдіруге ұмтылады. Кейде бала бітірген жұмысын (шығарма,
сурет, модельдері т.б) көп уақыт бөліп, тек өзіне
тән белгілі бір жоғары деңгейге жетуге талпынады. Бір
қырынан бұл ерекшеліктің жақсы жағы бар, ол
болашақта жоғары кәсіби жетістіктерге жетудің кепілі
болмақ.
Дегенмен, мұғалім мен психологтардың
мұндай өз-өзіне жоғары талап
қойғыштығын саналы түрде мөлшерлеген
дұрысдеп санайды. Керісінше болған жағдайда дарынды
баланың бұл қасиеті «өзін-өзі жеуге»,
жұмыстың сапасына мән бере отырып, уақытпен санаспай
кіші бөліктерге көп мән бере отырып, жұмысты
аяқтай алмау тенденциясына әкеліп соғады.
Дарынды балалардың
тұлғасының ерекше маңызды айырмашылығы – ішкі
бақылау локусы, яғни өз іс-әрекетінің
нәтижесіне өз жауапкершілігін қабылдау және мойындау. Мұндай
балалар өзінің жетістіктері
мен сәтсіздіктерінің басты себебі өзіне қатысты
деп есептейді. Бұл тұлғалық сапа ерекшелігі бір
жағынан баланың қайталанбас ерекшеліктерінің
дамуындағы маңызды фактор, әрі мүмкін боларлық
сәтсіздіктерде өз кінәсін сезіну, алаға жылжуға
мүмкіндік беруде маңызы зор болса, ал екінші жағынан – ешбір
негізсізөзін кінәлі деп сезіну өзіндік бағасын
төмендетіп, соңы терең депрессивті күйге әкелуі
мүмкін. Мәселен, дарынды баланың әке-шешесінің
ажырасуына өзін кінәлі сезініп, әкесі мен шешесінің
үмітін ақтай алмағандығына, соларға ұнамды,
қажет іс-әрекеттерді орындамағандығына өзін
кінәлап, қиын жағдайларға түскен мысалдарды
көптеп келтіруге болады.
Дарынды (әсіресе жоғары
дәрежелі шығармашылық қабілеттері басым, креативті)
балаларға тән тұлғалық сипат – Автономдылық
– яғни топта бірігіп іс-әрекет жасаудың қиындығы
немесе тіптен мүмкін болмауы, көпшілік сияқты ойлап,
іс-әрекет жасамау байқалады. Мұндай балалар (дарындылықтың қай
іс-әрекет саласында болмасын) басқалармен салыстырғанда жалпы
пікірге, қалыптасқан принциптер мен
заңдылықтарға, әдет-нормалар мен ережелерге
сүйену, оларды негізге алу, орындау деңгейі өте төмен
немесе мүлдем болмайды. Олар өз еркіндігін ғана мойындайды.
Мұндай ерекшеліктер дарынды
балалардың шығармашылығына оң әсер еткенімен,
оларды қоршаған ортаның түсінбеуі мен
айналадағылар үшін қолайсыз етеді. Олардың
іс-әрекеттері болжамдауға келмейді (непредсказуемость),
нәтижесінде көптеген түсініспеушіліктер мен қақтығыстар
туындатады. Сол себепті мұғалімдер
мұндай балалардың конституционалды ерекшелігін дұрыс
түсініп, бағалап, сәйкесінше қарым-қатынас
құра білуі қажет.
Әдебиет:
1.
Аманова И.Қ. Тұлғаның
өзін-өзі таныту ерекшеліктерінің этномәдени
сәйкестілікке тәуелділігі: психол. ғ. канд. дисс.: 19.00.01.
– Алматы, 2004.-152 б.
2.
Сматова К.Б. Қазіргі білім беру кеңістігінде студенттердң
өзіндік жұмыстарын белсендірудің тиімді тәсілдері //
Жас ғалым -2009: Халықаралық ғылыми–практикалық
конференция. - Тараз, 2009. - Т.9. - 171-174 бб.
3.
Инструктивно-методическое письмо «О
психологической службе в специализированной школе для одаренных детей». –
Астана. , 1999
4.
Экземплярский В.М. Проблема школ для одаренных. – М. , 1977
5.
Интеллект психологиясы. (оқу
құралы). – Ташкент; Университет, 1996
6.
Рубинштейн
С.Л. Проблемы общей психологии.- М.: Педагогика, 1976. - 120 с.
7.
Нағымжанова Қ.М. Креативтілік
феноменінің педагогика мен психологияда дамуы. //Білім №5; 2006
8.
Абдуллина Г., Бураханова А. Креативтілікті
зерттеудің психологиялық мәселелері. //Қазақстан
мектебі №4; 2007
9.
Ускумбаева Д. Теория множественности интеллекта: современное толкование
одаренности./ /Открытый урок №8; 2006