Сарыбекова Ж.Т., Дербісәлиева А.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
АҚЫЛ-ОЙ ДАМУЫНЫҢ КЕШЕУІЛДЕУІ ЖӘНЕ ДАМУДАҒЫ КІДІРІС
СЕБЕПТЕРІ
Аса көрнекті психолог Л.С.Выготский
дефектология
ғылымының дамуына ден қойып, оның өзекті
мәселелерін зерттеуге көп күш жұмсады. Л.С.Выготсийдің бірден қолға алған
мәселесі дефектологияны
ғылыми
тұрғыдан зерттеу
болды. Л.С.Выготскийдің
зерттеулерінде көрнекті орын
алатын мәселелерге кеміс
балаларды оқыту мен
тәлім-тәрбие істері
арқылы олардың психикасын
дамытып отыру жайындағы көзқарастары
жатады. Баланың жеке басын,
іс әрекетін, пайымдап біле алмайтындығы және
оның нәрселер мен
құбылыстардың арасындағы себепті байланыс пен олардан
туындайтын
нәтижелердің
мән жайын
түсіне алмайды.
Кемістікті
толықтыру жайындағы
мәселені қарастыра
отырып, Выготский оның
екі түрлі салдары бар
дейді. Оның бірі –
ауруға ұшырау салдарынан жекелеген мүшелердің дамымай тоқырап қалуы, екіншісі толықтыруға бейімделген
жаңа механизмнің пайда болуы. Кемістікті толықтыру тәсілінің дамуын ол биологиялық
тұрғыдан емес, кеміс
баланың жеке басына тән оның бойында
сақталған психикалық
әрекеттерді дамыту деп
санайды. Сондай-ақ ол кемістікті толықтыру үшін оның
ауыр- жеңілдігіне қарамай
неғұрлым тиімді
әдістерді біліктілікпен
қолдана білуге байланысты
дейді. Соның
нәтижесінде кемістік
құрылымы
өзгеріп, оны түзетуге мүмкіншілік туады.
Аномальды балалар
(anomalia грек тілінде – ауытқу) дене құрылысы және
оның жеке мүшелерінің функциясы, психикалық дамуы
әдеттегіден ауытқыған,
ерекше жағдайда тәрбиелеуді қажет ететін балалар.
Аномальды балалардың негізгі кемістік категориялары: есту, көру
анализаторларының, сөйлеу жүйесінің бұзылуы,
ой-өрісінің артта қалуы. Аномальды баланың дамуы ауыр
үрдіс ретінде түсіндіріледі, мұнда психиканың
қалыпты болуына қажетті ақау бұрынғы немесе
қазіргі функциялар бұзылысы
әсерінен пайда болады. Аномальды дамудың бұрынғы немесе
қазіргі түрі бұл
функцияның жалпы психикалық
дамудағы алатын орнына
және дамудың қай
кезеңінде бұзылыстар пайда болатынына байланысты. Адамның
жеке басының дамуындағы аномальды ауытқу туа немесе
жүре пайда болуы мүмкін. Туа біткен кемістік, бір
жағынан, генетикалық факторларға, екіншіден, іште
жатқан нәрестеге зиянды химиялық, механикалық
температуралық т.б.
әсерлерге байланысты. Жүре пайда болатын кемістік баланың
бөбектік шағында мектепке дейін басынан кешірген дерттік
зардаптың не жұқпалы
аурудың (полиэмиолит, қызылша, тұмау, менингит т.б. )
салдарынан болады. Сонымен қатар
бала үшін оның өміріндегі әлеуметтік ортаның
қолайсыз жағдайы да әсерін тигізуі мүмкін.
Гормониялық
инфантилизм психологиялық дамуы кідіргендердің конституциялық пайда болуы
эмоционалдық ерік өрісі алғашқы даму сатысында болады
және әдеттегі құрылымда көрінеді. Бұл
балаларда кездесетін қиындықтарды Певзнер мен Власов жалпы жеке басының мотивациялық
өрісінің жетіспеушілігімен байланыстырады.
Инфантилизм – жас
ерекшеліктеріне сәйкес емес даму. Мысалы – балалық шақта
қалып қалау. Сомотегендік негізінде пайда болған
ақыл-ой дамуының кешеуілдеуі. Аномалияның бұл
түрі соматикалық жетіспеушіліктен пайда болады:
-
хронологиялық
инфекциялар,
-
аллергия,
-
туа
пайда болған және кейін
пайда болған жүрек ахуалдары,
-
денеге
байланысты болғандар.
Психогендік негізінде пайда болған
ақыл-ой дамуының кешеуілдеуі -
тәрбиенің қолайсыз жағдайында жеке бас
дамуының дұрыс қалыптасуына байланысты. Психогендік негізінде
пайда болған ақыл-ой дамуы кешеуілдеу кезінде баланың
психикалық тұрақсыздығы олардың
қадағалауынсыз қалғанына байланысты. Мұндай
жағдайда жауапкершілік төмендеуі аффектінің белсенді
тежелуіне байланысты
мінез-құлықты өзгертеді.
Қазіргі
таңдағы ең өзекті мәселенің бірі болып
отырған ананың екі
қабат кезіндегі алкоголизмге, темекі шегуге
әуесқойлығы. Ананың ішімдікке салынуынан баланың орталық жүйке
жүйесінің өзгеруіне,
бойының тоқтап қалуына, микроцефаляның пайда
болуына, яғни – бала басының көлемінің кішірейуіне әкеледі. Статистикалық талдау
бойынша адамдардың 2,5 % осы категорияға жатады. Қазіргі
таңда осындай ауытқушылыққа ұшыраған балалар
ортасында, генетикалық түрде ақыл-ой дамуы кешеуілдегендер 75
% құрайды, солардың ішінде 74,5% ана
құрсағында пайда болады, интернатальды туылу
кезеңде 17,1%,
баланың ерте балалық шағында 8,4% болады. Барлық
ақыл-ой дамуы кешеуілдегендердің тұқымқуалаушылық
турлері туа пайда болғандар
санына жатады.
Ал
біздің елімізде соңғы жылдары мұндай балалар
қатарының көбеюі еліміздегі денсаулық сақтау,
білім және әлеуметтік
қорғау
институттарының осы
мәселеге араласып,
көңіл бөлуін талап етіп отыр. Бұл салада
Қазақстан қоғамының алдында тұрған маңызды
проблемалардың бірі және
бірегейі – зерттеушілер, оқытушылар
және практиктердің басын біріктіріп, бір арнаға
тоқайластыру. Белгілі бір топ өкілдерін әлеуметтік
ортаға бейімдей алмау, яғни оларды
қоғамның
толыққанды мүшелігіне
икемдей алмау – олардың жан-жақты
мүмкіншіліктерін шектеуге әкеліп соғады. Демек, мұның
өзі олардың әлеуметтік сұраныстарын өтей алмаудың бір түрі.
Әлем ғалымдары
мұндай балалардың
отбасында
тәрбиеленуінің
маңызы зор екенін байқады. Балалардың
тәрбиесі бір-біріне қарама-қарсы екі ұғымнан
тұрады. Олардың бір түрі «шеттетілгендер», яғни
ата-анасы баланы жан-жақты,
материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді. Ал
оның ішкі әлеміне үңіліп, рухани қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді. Тіпті
кейде баланы жазалайды. Екінші бір жағдай – баланы шектен тыс қамқорлыққа алу.
Ата-аналар бала алдындағы «кінәсін» сезініп,
оны тым бос ұстап
еркелетеді, кез-келген өтініштерін
орындауға тырысады.
Мұндай атмосферада өскен
бала бұйығы келеді. Өз-өзіне сенімсіз,
әлжуаз болып өседі.
Баланы үй жағдайында тәрбиелей
отырып, ата-аналар оның болашағы туралы ойлануы
тиіс. Егерде өмір бақи еш жерде жұмыс істемей, тек
үйде ғана тәрбиеленетін
болса, онда оған күнделікті өмірге деген
қарапайым өз-өзіне қызмет ету дағдыларын
ғана игере білгені жеткілікті. Ал
егерде болашақта қандай да бір мақсаттар жоспарланса, ақыл-ой
дамуы кешеуілдеген балалардың алдын
ала соған даярлығын қамтамасыз ету керек.
Ақыл-ой
дамуы кешеуілдеудің деңгейіне
байланысты аз немесе көп қорытынды алуға болады.
Имбицил және идиот балалар (ақыл-есі кемдіктің орташа немесе
ауыр түрі) бала күнінен мүгедек болып келеді. Олар
зейнетақы алуы немесе арнайы мемлекеттік мекемелердің
қамқорында болуы
мүмкін екенін білгеніміз жөн. Ақыл-есі кемдіктің
жеңіл түріндегі балаларды
тәрбиелеуге бейімдеу басты үлкен мәселе болып
табылады. Ол әлеуметтік болашаққа, еңбекке бейімделуін
анақтайды. Егерде жақсы бейімделетін болса, олар есейе келе
өмір ағымына үйренеді. Қарапайым болса да жұмыс
істеп, отбасын құрып, қоғамның толыққанды мүшесі бола
алады. Мұндай адамдар категориясымен патопсихологтардың жиі
кеңес беріп отыруының өзі көмек болады.
Баланың өсіп-өнуіне
отбасындағы қалыпты жағдайдың әсері мол. Мектепке дейінгі және
кіші мектеп жасындағы ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалардың
түзету жұмыстарының ең
басты негізгі бағыты оларға үлкендер мен құрбыларымен
дұрыс қарым-қатынас жасауын
қалыптастыру болып табылады. Балаға оны жақсы
көретіндігі, оған
қуанышты және ол жалғыз емес екендігін сезінуге
мүмкіндік тұғызу
керек. Ата-анасы өзінің
баласымен мейірімді, шыдамды,
сонымен қатар қажетті жағдайда
қатал, талғамды болғаны жөн. Ата-аналар тағдырының осынау
бақытсыз сыйына қарап, құр қол
жайып отырып алмауы керек.
Қандай жағдайда да балаға қол ұшын беруге
дайын болулары қажет. Отандық және
әлемдік
тәжірибе
көрсеткендей, мұндай
балалардың
тәрбиесі ата- аналар мен мамандардың бірлесе
байланыста болып тәрбиелеуі баланың жетіліп
дамуына ықпал етеді.
Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген
балалардың санын – олигофрен
балалар (oligos – грек тілінен
аударғанда ақылы аздық деген мағынаны білдіреді) құрайды.
Дәл осылар басқалардан гөрі арнайы мектептің оқушылары
болып табылады. Олигофрения деген терминнің өзі
халықаралық жіктеуден алынып «жалпы психикалық жетіспеушілік»
деп аударылады. Олигофрения бұл – ауру емес. Бірақ бұл
баланың психикалық дамуының
тұрақсыздығының байқалатын жағдайы. Негізгі
формасы - дифуздық. Мидың жарты шарының қабы
зақымданған. Бұларда сезім органдары
бұзылмаған, қимыл
қозғалыс ерік-қуат сферасында, сөйлеуде аса
бұзылу байқалмайды. Олигрофрен
баланың (амандасу, сенгіштік, қызығушылық)
эмоциясы жақсы дамыған. Мұндай балалар қызметтерді
өздері атқара алмай, бір
жұмыстан екінші жұмысқа
тез ауысып отырады. Ойын ойнау
кезінде басқа балалардың істеген әрекеттерін
қайталайды. Сонымен қатар, олигофрен балаларда эмоциясы мен сезімі мінезіне сай емес, тез уақытта
өзгеріп кетеді. Кейбір балалардың өмірлік жағдайларды
қабылдауы тым жеңіл болады.
Ақыл-ойы кешеуілдеген баланың ойы
шашыраңқы, толық пісіп
жетілмеген, әлсіз болады. Олар көбінесе сандырақтап,
балада жоғарғы
сезімдер қалыптасады.
Мұндай балалар өз алдына қойған міндетті түсіне
бермейді, олардың шешімін
басқа әрекеттермен ауыстырады. Бұлар туралы
толығырақ сипаттама
беріп кетуге болады. Олигофрендердің бір-бірінен айырмашылықтары бар,
себебі олардың дефектілерінің нұсқауларының құрылымы оларда әр түрлі.
Оқушы олигрофеннің
тұлғалық
жетілмегендігі, ойын қалыпты жағдайдағы оқушы сияқты олигофрен бала
үшін де әлеуметтік
тәжірибені меңгеру үлгісі қажет болмайды.
Сондықтан да баланың белсенді ойнай білуін ақыл-ойы кешеуілдегендіктің диагностикалық көрсеткіші деп
атайды. Осыдан олигофрен баланың
жаңа қажеттіліктерге білімқұмарлыққа,
танымдық қызығушылықтарға
әсерленгіш екендігі байқалып, жаңа қызметтер
түрінің орындалуына талаптануы төмен екендігі анықталады.
Эмоциялық
ахуалдың бұзылу
нышандарына ашушаңдық,
жоғарғы қозғыштық, қозғалудағы
мазасыздық, бір орында отыра алмаушылық, жанама түрдегі мотивацияның болмауы дәлел болып
отыр. Олардың көптеген отандық және шет елдердің ұсынған жіктемелері әдетте клиника патогендік
принципке негізделеді. Ресей
дефектологтарының арасында
М.С.Певзнердің 1959 жылы ұсынған жіктеуі қазіргі
таңдағы ең дұрыс айырма болып табылады. Автор
олигофренияның бес негізгі түрін бөліп
көрсетті:
-
жеңілдеу
түрі;
-
қоздыру немесе
кедергі жасау процесінің басымдылығы;
-
анализатор
функциясының төмендігімен немесе сөйлеу ауытқушылығымен ажыратылатын
түрі;
-
есалаңдық
мінез-құлық;
-
адамдарды жазалау
мен жетіспеушілігінен көрінеді.
Бұл жерде алғашқы екеуі
кең тарағанына
байланысты, оларға көбірек зейін бөлейік.
Олигофренияның қиындатылған формасындағы баланың
жүйке процестерінің тепе-теңдігін сипаттайды. Оның
эмоционалдық – іскерлік сферасы сақталған. Сонымен
қатар қалыпты дамудағы
құрдастарынан бала кезінен ерекшеленеді. Оның
моторикасы баяу қалыптасады. Ол отыруды,
қимылдауды, тұруды және кеседен ішуді, қасықпен пайдалануды кейінірек
үйренеді. Оның жүрісі мен іс-әрекеті ебедейсіз. 6-7 жастағы бала үшін өз бетінше киіну,
әсіресе түйме қадау, бау байлау өте үлкен
қиындық туғызады. Ол заттық тәжірибелік әрекеттерді
және қарапайым ойын әрекеттерін игеруі қиын.
Мұндай балалар өзіне
айтылған
сөздерді қабылдауы
кешірек, әдетте ол айтып отырған адамның интонациясын
түсінеді. 3-4 жасында ғана сөйлей бастайды және қарапайым әңгімеге араласуы
да аса қиын.
Егерде дефектісі
бірден көрінбесе,
онда мұндай балалар
жалпы бала
бақшаларға, мектептерге бара алады. Бірақ
тәрбиешілер жағынан үлкен
көмекті қажет етеді,
иә оларды киіндіру,
шешіндіру керек болады,
бірақ олар тыңдағыш,
айтқанды орындағыш болады. Ойын барысында ең қарапайым рөл берілсе де, олар
бағынып, өз құрбыларының көңілін қалдырмайды. Әрине, олигофрен
балалар бала бақша програмасын
қабылдай алмайды,
қалыпты жағдайдағы балалардай тақпақ та жаттамайды, кітаптарға да қызықпайды, аз түсінсе
де теледидардағы бағдарламаларды, ондағы қимылдап
отырған фигураларды бақылап, бар көңілдерімен
көреді. Мұндай балалар
категориясының мектептің оқу бағдарламасына
мүлдем дайын
болмайтындығы
таңқаларлық
емес. Сондықтан да
мектепке түскен күннен бастап, бала өмірінің негізгі
жағымсыз жақтары басталады. Бұлар үлгермеуші оқушы қатарына жылдам
қосылады. Мұғалім оларды басқа оқушылардың көзінше
тәрбиелейді және оның ата-анасына жиі наразылығын
білдіріп отырады. Сыныптастары, өз құрбылары мазақтап,
күлкіге айналдырып, әр қашан көңілін
қалдырып отырады. Сондықтан да бұл балалар үшін мектеп тозаққа айналады.
Баланың тілі шыққаннан кейінгі
пайда болған ақыл-ой дамуының кешеуілдеуі сирек
кездеседі. Оның көп
түрінің бірі демениция –
ақыл аздық болып табылады. Олигофрен балаларына тағы
бір жіктелуіне толығырақ
сипаттама беріп кетсек. Дефектологияда оларды әдетте үш топқа
бөліп көресетеді: дебиль, имбециль, идиотия.
Мектеп
алды және мектепке дейінгі
кезең – бұл
қоршаған ортаны тану
сезіну кезеңіндегі ақыл-ой дамуы кешеуілдеген арнайы
түзетудің әсерінсіз
дамуы баяу болады. Бұл деңгейдегі балалардың
сенсорлық дамуы қалыптасу
уақытынан әлде қайда
артта қалады. Ақыл – ой
дамуы кешеуілдеген балалардың
жалпы дамуының ары қарай өсуіне
олардың білімді іскерлікті
және дағдыларды игеруі, оның оң қабілеттерінің бар екенін ескере отырып
түзетуге
бағытталған
оқыту және тәрбие жұмыстарын
арнайы ұйымдастырылуы қажет.