Мамырқұлов Қ.Қ, Ахметов Н.А.

М.Х.Дулати атындағы ТарМу

               Қазақтың ұлттық ойыны- тоғызқұмалақ

Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.[1]

      Тоғызқұмалақ ережесі. Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.

Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.

Тақтаның жазу үлгісіндегі жалпы құрылысы төмендегідей:

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

 

9

9

9

9

9

9

9

9

9

Қостаушы қазаны (0)

 

9

9

9

9

9

9

9

9

9

Бастаушы қазаны (0)

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

 

Берілген диаграммаларда бастаушының отаулары мен ондағы құмалақтар мөлшері үнемі төменгі жағында орналасады.

       Жүріс жасау ерекшеліктері. Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады.

Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №3 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады.

Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады.

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

 

9

9

9

10

10

10

10

10

(0)

 

9

9

9

9

9

9

1

10

10

(10)

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

 

 2.Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.

      Тұздық алу ережесі. Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – “тұзды үй”, қазіргі тілде – тұздық деп атайды.[2]

Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады.Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде – Х деген шартты таңбамен белгіленеді. Мәселен, төмендегі диаграммаға қарайық.

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

 

10

10

1

11

11

11

11

11

(0)

 

10

10

10

10

10

10

2

11

1

(12)

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

 

Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Сонда төмендегі жағдай қалыптасады.[3]

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

 

1

11

1

1

11

11

11

11

11

(3)

 

11

11

11

11

11

11

Х

11

1

(12)

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

 

Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау – қостаушының меншігіне айналады.

Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ.         “Атсырау” ережесі. Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

 

1

1

1

Х

1

(78)

 

Х

4

(76)

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

 

Осы тақтадағы жағдайда жүріс бастаушыдан. Ол №9 отаудағы 4 құмалағын таратады.Өз кезегінде қостаушы №1 отауға түскен 1 құмалақты жүреді. Бастаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады. Қостаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, 1 отаудағы 1 құмалақпен жүріс жасайды. Сонда төмендегіше жағдай туындайды:

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

 

1

1

1

Х

1

1

3

(78)

 

(76)

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

 

Енді қостаушы отауларындағы 8 құмалақты қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді.

Есеп 76-86. Қостаушы ұтты.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Құрманбаева  С.К. «Ұлттық ойындардың бүгіні мен келешегі», «Алматы» 2004 жыл, 209 б.

2. Несіпбаев Б.К. «Ұлт мәдениеті мен өнері», «Білім» 2003 жыл, 198 б.

3. Атабаев А.С. «Ұлттық ойындар- халық мұрасы», «Кітап» 2006 жыл, 275 б.

4. Наурызбаев Ж. «Ұлттық мектептің ұлы мұраты», «Алматы» 1995 жыл,98б.