Т.ғ.к., доц. Уалиев Б.М., техника және технология магистры

Айдарова Қ.М., студент Уалиев Н.Б.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,

Тараз  қаласы, Қазақстан

 

Қиял костюмінің пішін құру кезендеріндегі заңдылықтары мен

ережелерінің ерекшеліктері

 

 Ұсынылып отырған жұмыста ХІХ ғ. және ХХ ғасырлардың қиял костюмінің пішіндерін дамуын зерттеп, костюмның құрылымдық алуан түрлілігін анықтайтын негізгі геометриялық конфигурацияларды графикалық  салғастыру арқылы талдау жасалынды.

ХХ ғасырдың қиял костюмдерінің силуэттері проекцияда трапецияның, тікбұрыштың, шеңберлердің түрлі типтері ретінде болып көрінеді және сызықтардың сипаттамасымен, ұзындық пен еңнің ара қатысымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, қиял костюмның пішіні өзгеше, сопақ, тікбұрыштық конфигурациялардан күрделі конфигурацияларға айналатыны байқалады. Козлова Т.В. пікірі бойынша, пішін силуэтының шеңберге немесе төртбұрышқа жетуі, оны ауыстыру қажеттілігінің белгісі болып есептеледі [1].

Бір қатар ғалымдар пікірі бойынша шеңбер мен төртбұрыш және оларға шамалап ұқсайтын конфигурациялық пішіндер ғана кемеліне жеткен деп есептеледі. Себебі, механикалық тұрақтылықтың қажетті шарты ретінде  жетілген симметрияға және симметрия осьтерінің мерзімділігіндегі барлық иррационалдық қатынастарды жоюға деген олардың ұмтылуы анықталады. 

Тұрақты, статистикалық жағдайға ұмтылуды орынды деп есептеуге болады. Шиеленіс пішіннің элементтері аса сыпайы, ретке келтірілген, симметриялығы және ұйымдастырушылығы болуы тиіс.  Ұйымдастырушылық - жүйеде  құрылымның болуының белгісі болып табылады.

Сонымен, қиял костюм пішінінің пайда болу үрдісі геометриялық кристалдау деңгейлерімен, пішін құрылымының элементтерінің соғуымен,  динамикалық жүйелік өзгеру ретінде көрсетіледі деп қорытынды жасай аламыз.

Костюм пішінінің пайда болу үрдісімен қоса соғулар, жай геометриялық конфигурацияның пайда болуы, белгілердің жиналуы, шиеленісу, жарылыс, содан соң, тұрақты жаңа сапалық жағдайға өтуі орын алады. Осыны негізге ала отырып, пішіннің пайда болуын бекітілетін бір неше кезеңге бөлуге болады:

-         пайда болуы;

-          қалыптасуы;

-         дифференциациялау;

-         біртіндеп кері кетуі;

-          жойылуы.

        Бірақ, кейбір шамаларда, костюм жүйесі константа ретінде сақталады. Белгілердің біреуі маңызды болған сайын жалпы жүйедегі басқа белгінің үлесі төмендей береді.

Уақыт  бойы пішіннің қалыптасуын түсіну үшін VI-ХХ ғғ. қиял костюмдерының стильдік пішіндерін салыстырып, талдау жүргізілді. Пішіндердің геометриялық түрлілігін, оның элементтерінің шиелінісу деңгейін, костюм пішінінің пластикалық иілісін және басқа да белгілерін анықтай отырып, тарихи костюмдер түрлері мен мерзімі бойынша топтастырылған.

Табиғи еркін, драпировкамен жасалатын  иілгіш  пішінінен бірте-бірте ассиметриялық, күрделі, шиелініс пішініне келетінін костюм пішіндерінің аппроксиммациясынан көре аламыз.  Даму үрдісінде назарымыз тұлғаның кейбір бөліктеріне:  мойынға, кеудеге, белге  түсіп, оларды қалыптастырып,  күшейтеді. Тұлға оның костюмының шегін белгілейді. Даму барысында пішін өзінің жағдайын кезеңде бекітілген нақты бір конфигурациямен бекітеді.

Талдау барысында VI-ХІІІ ғ. еуропалық қиял костюмның  негізді пішіндері пайда болғаны байқалады. Пішіндердің ауысу ырғақтығы бірте-бірте арттады және 100 жыл шамасындағы циклі орнатылады. Костюмның қарқыны артып, ескі пішіндерді ауыстырып, жаңа пішіндерді шығарып, әр бір жүз жылдық сайын табылғанды қолдана отырып, оған жаңа мағна, жаңа әлеуметтік белгі эмблематикасын бере отырып, жаңа мінсіз эстетикалық бейнені қалыптастырады [1]. 

 ХХ ғасырдың қиял костюміндегі сапалық және сандық белгілері талқыланған кезеңдерінде, бұйымның алдынғы жағының ұзындығы мен  төменгі жақтың еңі өлшеніп, белдің сызығының орналасуы анықталды. Әрбір пішін ұзындығы мен еңі бойынша өсетіні байұалып тұр.

Жалпы костюмнің сипаттамасындағы айырмашылықтары зерттеулер барысында анықталған-өзгерулердің дамуының  әр түрлі мерзімдік ұзақтығы болады, мысалы, көйлекке қарағанда пальто өз пішінін жайрақ өзгертіп, сәнге қарай аз өзгереді. Сәнді пішіннің пайда болу мезгілінде оның бөліктері арасындағы ара қатысы өте маңызды болады.

Зерттеулердің барысында бұйымдардың ұзындығын өзгерту, геометриялық пішіндердің ауысу пішіндердің көлемін өзгерту кестелері графикалық салыстыру тәсіл арқылы қарастырылды. Костюмның жаңа сапалық жағдайға ауысу кезеңінде пішіндердің тұрақсыздануына, олардың соғуына қарамастан пішіннің барлық үш проекциясы сақталады (трапеция тәрізді, тікбұрыштық, сопақ). Осы проекциялардың әрқайсысы сәннің нақты мерзімінде басқаларға қысым көрсетіп, басымды болып келеді. Құрылымдарды салыстыру және пішінді қалыптастыру үрдісіндегі белгілердің қозғалысының негізінде костюм құрылымдарының дамуы жүретін шеңберінде сән мезгілінің кодтық құрылымы мен оның кезектесу ырғағын анықтай отырады.

Қиял стилді қалыптасу барысында үйлесімді деформация мен костюм элементтерінің жаңа тұтастыққа өтуі орын алады. Мысалы, киімнің еңі  өзгерген сайын оның ұзындығы мен белдің шегі өзгереді; пішіннің тарылуымен белдің шегі төменге қарай түсіп, костюмның ұзындығы өзгереді, денеге жабысып тұратын силуэт пайда болады. Костюмның жеңі туралы айтатын болсақ, силуэтке тиіп тұрған сайын, жең тарылады, ал, белдемшенің етегі кең болған сайын, жеңді манжетамен   белгілейді  немесе жеңді төменге қарай кеңейтеді; ал, бұйымның ұзындығы қысқара түссе, белдің шегі санға дейін көтеріліп, аяқтар қатты ашылады, лиф пен белдемшенің ұзындықтарының ара қатысы өзгереді.[2]

Бір мерзімде бірнеше пішіндердің даму тенденциясын байқауға болады, бірақ олардың барлығы психологиялық орталық, пластикалық және ырғақты  байланыстар, симметриялар мен тұлғаға матаның тию нүктелері тәрізді құрылымдық көрсеткіштермен біріктірілген. Жылжымалы элементтердің белсенділігінің, параметрлердің өсуінін және пішіннің қозқылысының, бел шегінің өзгеруінін нәтижесінде циклдің шеңберінде пішіннің түрі өзгеруін байқауға болады. Қиял костюмның негізгі геометриялық құрылымын белгілей отырып, элементтердің байланыс пішіндерінің өзгеру заңдылықтарын көруге болады. Мысалы, максималды шиеленіскен, пішіндердің геометриялық құрылымдарының ауысуы.

Пішін құрылымының анықталған негізгі геометриялық құрылымдары: сопақ, тікбұрыштық және трапециялық  бұрыштардың көлемін, шиеленісуді сызықтардың қисықтығына өзгерте отырып, пішіндердің ұқсас үлгілерін  тудырады. Осы аналогтар костюм эволюциясының барысында пайда болатын және Фибоначчи сандарының қатарымен байланыста болатын кейбір толық костюм жүйелерін көрсетеді. Мерзімдер шегінде құрылымдардың өзгеру заңдылықтарын зерттей отырып, пішіннің  мінезінің және өзара байланыстағы элементтерінің белгілі бір өзгеру механизмі арқылы анықталады  [1].    

Қиял стиліндегі циклдің шеңберінде костюмде орын алған барлық өзгерістер осы шартты үлгіге рет-ретімен қондырылған. Пішіннің шиеленусуімен және сызықтардың мінезімен белгіленетін пішіннің негізгі, базистік күйі қазіргі жағдайда маңызды болып табылады. Олардың өзгеру заңдылықтарын біле отырып, жобалау кезеңінде пішінді бағдарламалауға болады.

 

Әдебиет:

1. Козлова Т.В. Костюм. Теория художественного проектирования. – М.:

      МГТУ, 2005г.

        2. Уалиев Б.М. Формообразование казахского костюма в системе 

             художественного проектирования. – Монография,  «Тараз  

             университеті», Тараз, 2013ж.