Т.ғ.к., доц. Уалиев Б.М., техника және технология магистры

Айдарова Қ.М., студент Уалиев Н.Б.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,

Тараз  қаласы, Қазақстан

Костюмнің пішін құру және даму кезеңдерін талдау.

        Костюмді жобалау үдерісінде пішінді қалыптастыру үлкен міндет атқарады, себебі бұл үдеріске интуициялық композициялық ізденіс пен қисындылық  пішінді қалыптастыру кіреді.

Пішінді қалыптастыру пішін құрылымының біртұтас жалпы заңдылықтарына және пішін элементтері байланыстарының үйлесім қағидаларына негізделеді. Тиімді нұсқаға жету үшін пішін құрылымына өзгерістер енгізу қарастырылады.

Пішінді қалыптастыру қағидасы тұрғысынан жобалаудың алдында пішінге талдау жасалады. Пішінді қалыптастыру үдерісінде көркемдік жобалау өте күрделі: ол пішіннің көлемдік-кеңістік құрылымын және конструкциясын анықтайды. Пішінді қалыптастыру үдерісі дизайнерден тек ішкі сезім мен дарындылықтан басқа қисынды ойлау қабілетін де қажет етеді.

Үлгілеушілердің жобалау қызметі, костюмнің заттық әлемінде жаңа байланыстардың пайда болуына әсер етіп, бұл байланыстар костюм киюдің және костюм мәдениетінің эволюция жолдарын анықтау. Жобалау сферасы қызметінің негізгі компоненттері болып, қолдан жасау жүйелері мен оларды жасау тәсілдері табылады.

Костюмді үлгілеу үшін жүргізілетін эксперименттер, дизайнер-зерттеушінің мақсаттары мен міндеттеріне сай жүргізіледі, сондықтан олар прагматикалық және ситуациялық сипатта болады. Зерттеу барысында анықталған факторлар мен заңдылықтар негізінде пішін қалыптастыру үдерісінің үлгісі біртіндеп жасалады, ол бірақ әлеуметтік-мәдени ортамен байланысты емес.

Қазіргі кезде үлгілеуші – зерттеушілер костюмнің пішін қалыптастыру дәрісінің бірнеше үлгісін қарастырады, олар біздің пікірімізше «синтактикалық үлгілер» сипатында болады. Бұл үлгілер дизайнерлердің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған, сондықтан көземел құру мен қортындылар жасауға мүмкіндік береді және костюмнің жалпы теориясын алмастырады. Костюмнің пішінін қалыптастырудың жүйелік үлгілерін құрудың тәсілдері мен әдістерін зерттеушілер – А. Л. Кребер, А. Дзеконьска – Козловская, Т.В. Козлова,  Г.И. Петушкова және т.б. жасаған. Әрине бұл үлгілер костюм теориясының құрылуы мен костюм жобалау теориясымен байланысты [1].

Жүйелік тәсіл ғылымның барлық салаларына кірді. Алуан түрлі жүйелердің мәселелері мен сұрақтарына арналған көптеген ғылыми әдебиеттер бар. Жүйенің жалпы теорияларымен бірге, жеке теориялар да жасалған. Жобалау және үлгілеу аясында ең жақын болып «жүйелі техника» ғылым пәні саналады. Оның концепциялары мен әдістері костюм үлгіленуінде қызметінде толық қолданылады.

Костюмді жобалау барысында киім пішіні басты орында тұрады. Уақыттың тұрақталған сызығын реттеу қабілеті бар, костюм шын өмірдің қиыншылығын бөлек, тұрақты білдіретін нақты бір пішінді шығауға мүмкіндік береді.

  Уақытпен тасымалдана отырып, пішін кейбір өлшемдердің тұрақтылығын сақтайды, бұл тұрақтылық костюм даму кезеңінде сипатталады.

Пішін зерттеу қажеттілігі тек қана ғылыми қызығушылықтан туындайды, бірақ алдымен киімнің замануы машиналық өндірісінің экономикалық және технологиялық жағдайында да тәуелді, өйткені өндірістік жобалауда тұрақты факторларға сүйену қажет (біздің мақсатымызда «сәнді киім» деп атауға қарағанда «костюм» ұғымы тура келеді).

  Алайда киім пішіні қалай дамитынын және пайда болуын түсіну үшін, оның мағынасын, орнын нақтылап анықтау керек [2].

  Көркемдік үлгілеу аумағында теоретикалық өңдеулер «костюм пішіні» ұғымының мазмұнының көпқырлылығын және барлық күрделілігін жоққа шығармайды.

  Пішін құру – көркемдік іс-әрекеттің дәрежесі дизайның және техникалық шығармашылықтың үдірісін бейнелейтін ортақ бағалылық пен сәйкес пішіннің құрылуы. Пішін құрастыру үрдісінде бұйым функционалдық, құрылыстық, жазықты-пластикалық, технологиялық құрылымы құралады. Басқа сөзбен айтқанда, пішін құрылу – бірлік заттардың құрылымы (бөліну және құрылу).

Пішін – материал құрылу құрамының нәтижесінде пайда болатын, морфологиялық және көлемді-кеңістік құрылымының ұйымдастырылған заты. Пішін дизайны – ерекше заттың ұйымдасы, бұйымның барлық компоненттерінің бірыңғай жетістіктерінің дизайнер іс-әрекетінің нәтижесі ретінде пайда болады. Пішінге – дизайның тұтыну талабы мен шарттарына жауап береді, өндіріс пен уақыттың эстетикалық талаптарының мүмкіндігін тиімді қолдану.

Костюмді жобалау үрдісінде пішін басты орындардың бірін алады. Костюм уақыттың тұрақталған белгілерін көрсете алады, ол нақты әлем күрделіліктеріне назар аудармай, белгілі бір пішінді қалыптастыра алады.

Пішін уақытқа байланысты өзгерістерге ұшырағанымен, кейбір белгілері тұрақты болады, бұл тұрақтылық костюм дамуын кезеңдерге бөлуге мүмкіндік береді. Пішінді зерттеу қажеттілігі таза ғылыми мүдделерден туындамайды, ол киімді қазіргі заманғы машиналы өндірісінің технологиялық және экономикалық жағдайларына байланысты, себебі өндірістік жобалауда бірінші кезекте тұрақты факторларға сүйену қажет (біздің мақсатымыз үшін «костюм» ұғымы «сәнді киімге» қарағанда ұтымдырақ).

Бұлай болған жағдайда, костюм пішінін оның әртүрлі бөлшектер деңгейінде зерттелетін жүйе ретінде қарастыру қажет. Егер бізді, мысалы ХІХ ғасыр бойына әскери мундирлердің түстік сипаттамасының өзгеруі қызықтырса, онда пішін геометриясын зерттеудің қажеті жоқ. Біз белгілі кезеңдердегі түстердің өзгеруін қарастырамыз, пішін мен бөлшектер қай кезде қандай түске өзгергенін анықтаймыз. Бұл мысалда зерттелген пішін нысанын үстіртін түсін ғана зерттейміз. Костюм құрылымының өзгеру механизмін түсінгіміз келсе, оның бөліктерінің ішкі өзара іс-әрекеттерін анықтауымыз керек, яғни зерттеудің басқа жоғары деңгейіне – құрылымдық зерттеуге көшуіміз керек. Онда шартты бөліктерге бөлу, абстракция және сандық белгілер қолданылады.

    Киімнің көркемдік жобалау негiзiне деген, оның утилитарлық және эстетикалық қасиеттерiн жоғарлату жолдарына арналған ғылыми зерттеу жұмыстардың кем кездесетiнi байқалады. Киiмнiң пiшiн құруын зерттеу, көркем жобалау негiзiнде ұлттық мотивтердi қолдану, қазiргi уақытқа арналған костюмнiң эстетикалық және функционалдық сапасын жоғарыға көтередi, ассортиментiн ұлғайтады, ғылыми дәлелдi жұмыстардың жоқшылығын айқындап толықтырады, қазiргi заманға сай функционалды және эстетикалы сапалы бұйымдардың дамуының негiзгi бағытын анықтайды.

 

Әдебиет

1.           Петушкова Г.И. Проектирование костюма. – М.: Академия, 2004г.

2.           Уалиев Б.М. Мукаева А.М. Костюм дизайны .- «Тараз университеті», Тараз, 2013 ж.