Т.ғ.к., доц. Уалиев Б.М., техника және технология магистры
Айдарова Қ.М., студент Уалиев Н.Б.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Тараз қаласы, Қазақстан
Қиял костюмінің пішін құру
құрылымдығын зерттеу
Құрылым дегеніміз
әрбір объекттің тұрақты қаңқасы
ғана емес, сонымен қатар, оның элементтерін ауыстыру
және басқа да симметриялық
өзгертулер арқылы бір объекттен екінші, үшінші объекттерді
шығару ережелерінің жиынтығы. Элементтер мен олардың
табиғи қасиеттерінен элементтер арасындағы қатынастар
мен оларға байланысты мәлімдеме, яғни, жүйелі пайда
болған қасиеттерге назарды аудару- құрылымдық
әдістің негізгі мақсаты болып табылады.
Құрылым ұғымы
материяның мазмұнын терең
көрсетеді. Жалпы жүйенің сапасы мен оны
құрайтын элементтер сапасының сомасынан жалпы
айырмашылығын құрылым түсінуге көмектеседі [1].
Сондықтан, құрылым
дегеніміз ол – геометриялық элементтердің ерекше
ырғақтығымен сипатталатын, тұтастың
бөліктері байланысының тұрақтылығы.
Құрылымды ұғыну кезінде оның тепетеңдігі,
бағыттылығы,
кеңістіктік бағыты, үсті мен асты, сол және
оң жағы болуы тиіс. Бұл ұғымдар пішіннің
қалпын сипаттайтын тәртіп пен тәртіпсіздік
ұғымдарымен қосылады. Құрылымдық
құрылыстың ұстанымы
біз үшін өте маңызды, себебі, ол пішіннен
тәуелсіз болады. Құрылымдық құрылыс
ұстанымы өзгермесе, оның әлпеті бір пішінмен ғана
байланысты болмайды.
Үлгілерді ұғыну
және суреттеу мақсатында құрылымды бөлшектеу қажет. Бөлшектеу дегеніміз
түсінікті сөздер арқылы өзі-өзіне және басқаларға
құрылымды сипаттап беру. Затты кез-келген ұқсас
пішінмен салыстырып, оның ұқсастығы мен
айырмашылығын сипаттап беру қажет. Бірақ, белгісіз затты
таныс құрама бөліктерге бөліп, олардың байланыс
ұстанымдарын атап, көрсету тиімді болып саналады.
Бастапқы заттан еркін түрде таныс элементтер
бөлінетініне байланысты барлық бөлінулер субъективтік болып
табылады. Құрама элементтер бойынша талдау жасау және мүсіндерді
симметриялық бөлу ұстанымы бөлудің таңдау
жұмысын жеңілдетеді [2].
Ең анық сипаттамамен
көрсетілетін бөлу ғана үздік болып саналады. Адамда
таныс элементтердің қоры мен
білімнің белгілі бір деңгейінің болуы негізгі
талаптардың бірі болады.
Таныс болу үшін
геометриялық пішіндер бір неше рет кездесу қажет; ал, пішін
мағналы болуы үшін осы фигураға байланысты қасиеттер
бір неше рет қайталануы қажет.
Белгілер конструктивтік -
технологиялық, морфологиялық, функционалдық болады.
Зерттеудің мақсатына байланысты белгілер иерархиялық жүйелілікте орналасады; мәдениет
ареалын зерттеу үшін морфологиялық белгілер маңызды болады,
конструкцияны зерттеу үшін – конструктивтік-технологиялық белгілер
маңызды болады.
Күрделі объекттердің
құрылымы
иерархиялық
болғандықтан, жүйенің элементтерін
анықтап, олардың ара қатысын бекіткен соң, әрбір элементтің
талдауына көшуге болады.
Композициялық жүктемесі бар
бірінші кезеңнің белгілі элементтері әртүрлі жүйенің индикаторы ретінде
қызмет атқара алады. Мысалы: түс, фактура, оюбелгілі бір
пішіннің немесе белгілі бір мінездің пайда болуы туралы белгі
береді.
Жүйенің ең
қарапайым нұсқасын қарайық. Бір неше
үлгінеленетін элементтердің жалпы жағдайы бір үлгілейтін элементтің
жағдайына әсер етеді. Осы байланыстардың арасында белгілі бір
қатынастар, белгілі байланыс құрылымы бар екендігін
көрсетеді. Бақылау деңгейінде пайда болатын осы
байланыстардың құрылымын функционалдық
тәуелділік, функционалдық байланыс деп атаймыз. Басқа
элементтердің жағдайы элементтің жағдайын үлгілеудін функция деп атаймыз.
Белгілі мақсаттың әрбір элементін орындаумен байланысты
функция ұғымы костюмді үлгілеуде әдетті болып
есептеледі. Мысалы: пальтоның функциясы – ол адамды суықтан,
жаңбырдан қорғау, ал, бал көйлегінің функциясы
–эстетикалық бейінді, пластиканы
көрсетуге талаптанады.
Осы екі ұғымды,-
мақсатқа жауап ретінде саналатын функцияны және басқа
элементтер жағдайының кескіні ретіндегі функцияны қалай теңестіруге болады? Екі
жағдайда да функционалдық элемент немесе объект ең
үлкен жүктемені көтеріп, басқа да жүйелер мен
объекттердің талаптарына сай болады; екі жағдайда да функционалдық
элемент реттеуіш, катализатор, конструктивтік дамудың және
элементтердің бірігуінің ұстанымы болып табылады [2].
Элементтерді айырып белгілеумен
қатар олардың арасындағы функционалдық байланысты
белгілеу қажет.
Костюмінің геометриялық пішін құрылымын
анықтау және пішінді суреттеу үрдісі келесі ізділік
кезеңдерден тұрады: костюмды ұйымдастыру
қиындығын анықтау, пішіннің тіреніш функционалдық
бөліктерін, конструктивтік сызықтарды және пішінде
материалдың бекітілу жерлерін
айырып көрсету; қарапайым, таныс, геометриялық
пішіндерді айырып көрсету, пішіннің жалпы абрисін көрсету,
элементтер арасындағы жақындық деңгейін анықтау,
бастапқы бейіннің инварианттық белгілерін анықтау; тік және
көлденең сызықтардың қиылысу орнын анықтау,
физикалық ортаны анықтау; психологиялық ортаны анықтау; тік және
көлденең сызықтарға қатысты мүсін мен
костюм құрылымының қалпын анықтау;
бөліктердің орналасу симметриялығын анықтау;
пішіннің бөлшектенуін және пропорционалды
үндестіруінің ұстанымын анықтау; желілердің қауыртылығы
деңгейін анықтау; эктрималдық нүктелерді бөліп
көрсету; субстанциондық белгілермен байланыс орнату; макро
және микро құрылымды, ұяшықты, элементті айырып бекіту; геометриялық белгіні
қалыптастыру; электр-есептеу құралдарында бейнелеу мақсатында, кодқа
ауыстыру үшін бейнені дайындау (бұрыштарды, бүгу
нүктелерін, доғаларды теңдестіру), ырғақтық
пен пластиканың табиғатын
анықтау, костюмдердің негізгі көлемдерінің
метрикалық ара қатысын бекіту.
Негізгі және өндірістік пішіндерді анықтап,
костюмның негізінде бастапқы пішіндерді табу қажет
(басқаларды салыстыру үшін). Бастапқы модельдерді
олардың нұсқаларымен немесе өндірістік модельдермен
салыстыру - ақпаратты жинауқтауға жол береді, яғни,
бірнеше нұсқалар нақты бір нұсқаға
жинақталады. Осыған байланысты зерттеудің деңгейін
немесе костюмды дайындау деңгейін анықтай аламыз.
Костюмның геометриялық
қасиеттерін анықтау үшін құрылымды
құрып, оның негізінде визуалдық салыстыру мен
аппроксимацияны жасау қажет. Пішіннің геометриясы дегеніміз ол
пішіннің параметрлерін бейнелеуге және типтауды
дәлме-дәл жүргізуге
көмектесетін оның сапалық және метриялық
көрсеткіштері.
Геометриялық пішіндерді салыстыру
үшін көзбен геометриялық пішіндерді анықтап, құрылымды таныс қарапайым
конфигурацияларға жақын құрама бөліктерге
бөлу қажет, яғни, аппроксимацияны жүргізу қажет.
Бүгілу нүктелері, экстремалды нүктелер - берілген
пішіннің геометриялық белгілерін анықтау үшін
қолданылатын қисықтық максимумдар. Жай
геометриялық пішін ретінде немесе сәннің әр бір
кезеңіне сай келетін жеке геометриялық элементтерінің
жинағы ретінде қисықтық максимумдарды
аппроксимдауға болады. Кез келген стиліндегі костюмның даму
тәртібін көрсету үшін пішіннің геометриясын, метриялық
параметрлерін, костюмның элементтері мен бөліктерінің ерекшеліктерін ескере отырып, әр
түрлі тұрғылардан
зерттеуді жүргізу қажет:
- бірінші кезеңі – костюм пішіндерін салыстыру критерийлерін
анықтау;
- екінші кезең – силуэты бойынша әрбір кезеңнің
пішіндерін топтастыру;
- үшінші кезең – жалпы құрылымдарды құру,
элементтер мен белгілерді анықтау, статистикалық талдаудың
негізінде оларды салыстыру.
Зерттеуге алынған әрбір
кезең үшін құрылымдық сызбаларды дайындау –
жұмыстың маңызды бөлігі болып саналады. Осы талдауды жасау барысында зерттеушінің
тарих, мәдениет тану, философия, психология, бионика, эргономика,
практикалық модельдеу саласындағы білімі берік болуы тиіс. Сонымен
қатар, костюмды графикалық
түрде бейнелеу қабілеті де болуы тиіс.
Біз таңдаған жүйелік
әдісте көп факторлық салыстырудың байланысы, ара
қатысы, нәтижелері ескерілген; костюмның
құрылымдық талдауында пікіріміз негізделген. Осы
жағдайда, белгі, құрылым мен оның
байланыстарын анықтайтын бастапқы бірлік ретінде
қолданылған.
Фотометриялық әдістің
көмегімен қиял стиліндегі костюмдер бір масштабқа келтіріліп,
пішіннің геометриялық арбисі бойынша ранжілеуі жүргізіліп,
ұқсас пішіндер біріктірілді. Сонымен қатар, ХХ ғ.
қиял стиліндегі костюмның ұзындық және еңдік
мөлшерлерінің параметриялық талдауы жүргізілген.
Сонымен, ХІХ-ХХғғ.
қиял стиліндегі костюм пішіндерінің талдауын жүргізе отырып,
геометриялық фигуралардың
бір түріне жататын пішіндердің орасан түрі анықталды.
Уақыттың нақты кезеңінде, пішін стандарттық
немесе бір біріне ұқсас элементтерден құралады,
яғни, пішіннің бөліктері тұтас пішін тәрізді
құрылады деген ереженің негізінде
құрылымдардың белгілі бір
классификациялық топтарына
пішіндерді біріктірдік. Содан соң, біз суретті оқып алып, оны
аппроксимдеп, белгілі бір құрылымдарға бөлуге болады.
Бұл фактор біз үшін өте маңызды, себебі, жобалау
кезінде түйіндердің типтеуіне және геометриялық
көптік өзгеріске негіз болатын
тұтасты құру және ұқсас
көлемдерді айқындау мақсатында талдау жүргізіледі.
Костюм пішіндеріннің тұтастығын осы позициядан қарауға болады.
Әдебиет
1. Пармон Ф.М. «Композиция костюма». М: Триада плюс, 2001г.
2. Раева Б.Ө, Уалиев Б.М. Костюм пішіннің пайда болу
үдерісін талдау.
Материалы
за IX
международна научна актична конференция
«БЪДЕЩЕТО ВЪПРОСИ ОТ СВЕТА НА НАУКАТА – 2013», София
«Бял
ГРАД-БГ» ООД 2013, 7-9б.