М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Ералиева Б.Ш.

 

Windows-қосымшаларды Linux-та іске қосу және

 жүйелік баптаулар

 

Əдетте, түр, безендіру және Linux-тың үнсіз келісім бойынша қалай жұмыс жасайтындығы барлығының көңілінен шыға бермейді, ал қажет опцияларды жүйенің жұмысқа қабілеттілігін бүлдіріп алмай өзгерту - өте маңызды мәселе.

Негізгі жүйелік баптауларға Dash панель арқылы шақырылатын.  Жүйелік баптаулар басқару құрылғысы арқылы қол жеткізуге болады. Жаңа жүйе пайдаланушысының ең маңызды тапсырмаларының бірі – қосымша тілдер мен пернетақта орнатылымын қосу, біздің жағдайда қазақ тілін қосу болып табылады.Бұл үшін жүйелік баптаулар терезесіндегі Пернетақта орнатылымы элементін шерту керек, пайда болған терезеде + батырмасын басу керек және тізімнен қазақ тілін таңдау керек.Сонымен қатар тілдерді алмастыратын батырмалар үлесімін өзгерткіңіз келуі мүмкін (жүйенің үнсіз келісім бойынша тілдерді алмастыратын пернетақта үйлесімі болмауы мүмкін екенін және

оны тапсырмалар панелі арқылы жүзеге асырылуы керек екенін ескеріңіз). Үйлесімді өзгерту үшін Опцяларды таңдау керек те, пайда болған Пернетақта жаймасы опциялары терезесінде өзіңізге ыңғайлы үйлесімді таңдау керек. Оңтайландырудың тағы бір пункті жұмыс үстелінің максималды кеңістігін қамтамасыз ету мақсатында сол жақтағы Dash-панельді жасыру болып табылады.Бұл үшін жүйелік баптаулардағы Сыртқы түрі элементін белсенді ету керек және панель бетбелгісіне өтіп оны автожасырылуын іске қосу керек.

Жүйе Қазақстанның Күн мен уақытты белгілеу сияқты аймақтық баптауларын пайдаланбайды, сондықтан күн мен уақытты Қазақстандық форматта көру үшін Тілдік баптаулар элементін белсенді ету керек және ол жерде Қазақстандық форматты таңдау керек. Ubuntu үнсіз келісім бойынша іске қосқан бағдарламалардың, Интернетті шолған кезде енгізген тірек сөздердің, сонымен қатар ашылған файлдардың тарихы туралы жазба жүргізеді.Егер жүйедегі әрекеттеріңіз туралы бұл ақпарат пен жазбалар сақталғанын қаламасаңыз сізге Құпиялылық элементін таңдау керек және өз әрекеттеріңіз туралы жазбаны өшіру керек. Ubuntu-дың тағы бір айтарлықтай ыңғайлы жерлерінің бірі Facebook, Twitter, Google және басқа сервистердегі есепік жазбаларыңызды жүйелік баптау мүмкіндігі болып табылады. Бұл үшін Онлайн есептік жазбалар басқару элементі пайдаланылады Мысалы, Ubuntu-дағы Google аккаунтты баптайық. Логин мен паролді енгізген соң Ubuntu есептік жазбаңыздың ақпараттарына рұқсат алуға әрекет етіп жатыр деген хабарлама келеді, бұл синхронизация үшін керек болғандықтан Жалғастыру батырмасын басу керек.

Аккаунтты қосқаннан кейін Google-аккаунтыңыздың мәліметтері керек болған кез-келген уақытта жүйеге қосыла аласыз. Алғашқы қосылған кезде Ubuntu видеокартаңыздың мүмкіндіктері мен мониторыңыздың өлшемдерін ескере отырып жұмыс үстелінің оңтайлы кеңейтілімін таңдауға тырысады. Егер анықталған кеңейтілімге көңіліңіз толмаса немесе басқа кеңейтілімге үйреніп қалған болсаңыз, дисплей элементінің көмегімен жұмыс үстелінің кеңейтілімін өзіңіз қажет деп тапқан кезкелген басқасына өзгерте аласыз.

Дыбыстық баптауларды Дыбыс жүйелік элемент көмегімен өзгертуге болады. Windows амалдық жүйесіне қарағанда Ubuntu-да дыбысты айтарлықтай ұлғайтуға болатынын айтып кеткен жөн,бірақ бұл жағдайда дыбыс сапасы нашарлайды.

Windows АЖ-дегідей Ubuntu-да да интернет-браузер, аудио немесе видеоойнатқыш сияқты үнсіз келісім бойынша пайдаланылатын қосымшаларды белгілеуге болады. Бұл үшін Нақтылаулар жүйелік элементін таңдау керек және үнсіз келісім қосымшалары

бетбелгісін таңдау керек.Сонымен қатар Ubuntu-да графикалық интерфейс көмегімен кейбір бағдарламаларды орнатуға болады. Егер Ubuntu-дың штаттық дистрибутивіне жататын бағдарламаны орнату керек болса,  Бағдарламалар қайнар көздері жүйелік элементін пайдаланған ыңғайлырақ болады.

Егер жүйеге жаңа қолданушылар қосу керек болса оны Пайдаланушылар тіркелгілері жүйелік элементі көмегімен жүзеге асыруға болады, ол жерде сізге + белгісін басу керек және қосылатын пайдаланушы тіркелгісінің атын, құпия сөзін және типін көрсету керек. Ubuntu-ды орнатқан кезде біз дұрыс уақыт белдеуін және сағатты бердік, бірақ егер баптаулар бұзылатын болса сіз оларды Уақыт пен күн жүйелік элементі көмегімен өзгерте аласыз.

Уақыт бетбелгісінде 12 немесе 24-сағаттық формат, күнтізбеден жұмыс және демалыс күндерін белгілеу опциялары және т.б. бар. Жүйелік баптаулардың назар аударуға тұратын соңғы элементі – Резервтік Көшіру. Бұл элементтің көмегімен үй бумаңыздың көшірмесін флеш-жинақтауышқа, желіге немесе тіптен Ubuntu бұлтына сақтай аласыз. Бұл үшін резервтік көшіру бетбелгісінде көшірмелерінің орналасатын ресурсты, сонымен қатар керек бумалар мен керек емес бумаларды таңдау керек.

Бірақ кей кезде сізге тек Windows АЖ-де ғана орындалатын арнайы қосымшалар керек. Бұл жағдайда кейбір Windows-қосымшаларды Linux-та іске қосатын Windows Wine эмуляторы көмектесе алады.

Wine атауы рекурсивті акроним болып табылады және келесідей тарқатылып оқылады «Wine Is Not an Emulator» — «Wine — эмулятор емес». Онымен жұмысты бастау үшін бізге пакеттер менеджері көмегімен орнатуды жүзеге асырып алу керек.

Біз wine-ды 8-тарауда орнатқандықтан бізге онымен жұмыс жасауға дайын екенімізге көз жеткізу жеткілікті, ол үшін терминалда нұсқаны таңдау командасын іске қосу керек.

Бағдарламаны wine-да іске қосу үшін оның алғашқы конфигурациясын winecfg командасын іске қосу арқылы жүргізіп алу керек. Берілген команда wine баптауларының графикалық интерфейсін іске қосады, онда wine-да Windows-қосымшаны алғаш іске қосу алдындағы опциялар қатарын қойып алуға болады. Wine нағыз Windows-тағыдай өзінің Windows және Program Files бумаларын құра отырып, стандартты Windows ортасының жұмысын имитациялайды. Іске қосып отырған Windows-қосымша өзіне үйреншікті Windows-ортаға тап болады да, шындығында жасанды түрде құрылған Wine ортасында екенін аңғармайды. Бірақ Wine барлық қосымшаларды іске қоса алмайды, себебі Microsoft-тың өзі Windows API-ді толығымен құжаттамаған және кодтың біраз бөлігі жабық, сондықтан Wine-да кейбір қосымшаларды іске қосу біршама қиындықтар тудырады.

Қосымшаның Winecfg бетбелгісінде жеке нұсқасын баптай аласыз және іске қосатын қосымшалардың әрқайсысы үшін Windows-тың баптауларын анықтай аласыз. Себебі қосымшалардың Windows-қа қойылатын талаптары айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін.  Мысалы, егер сіз wine-да компьютерлік ойынды іске қосқыңыз келсе әрбір Windows-ойында пайдаланылатын видеокарта драйверлері мен Directx-тың қосымша баптауларын жүргізуіңіз керек. Ал егер қарапайым мәтіндік редакторды іске қосу керек болса DirectX кітапханасын немесе графикалық драйверлерді жүктеудің қажеті жоқ.

Біздің жағдайымызда Linux-та «Косынка» ойынын іске қосып көреміз. Бұл үшін бізге орындалатын sol.exe файлының өзі керек, оны флеш-жинақтауыштан көшіріп алуға да, интернеттен жүктеп алуға да болады. Қосымшаның winecfg бетбелгісіндегі Қосымша Қосу батырмасын басу арқылы sol.exe үшін профиль құрамыз. Біздің алдымызды файлдың орналасуын таңдауға арналған стандартты таңдау диалогы ашылады. Wine жасанды Windows-файлдық жүйесін құрады, онда C және Z жүйелік дисктері бар. C жүйелік дискін Wine-ң өзі құрады да, Z жүйелік дискіне біздің Linux файлдық жүйе қосылады. Бұдан соң бізге бұл қосымшаны іске қосуда пайдаланатын Windows амалдық жүйесінің нұсқасын таңдау керек. Wine Windows амалдық жүйесінің барлық нұсқаларын дерлік қолдайды: Windows 3.1-ден бастап, тіптен Windows Server 2003/8 сияқты серверлік топтарды қоса алғанда. Wine Windows 8 және Windows Server 2012 сияқты Windows-тың жаңа нұсқаларын ғана қолдамайды.

Windows бағдарламаларының көпшілігі өз жұмыстарында құрамында бірнеше бағдарлама пайдалана алатын орындалатын коды бар dll-файлдарды пайдаланады. dll-файлдардың ең жарқын мысалы компьютерлік ойындар сияқты 3D-қосымшалармен жұмыс жасайтын бағдарламалар қолданатын драйверлер мен DirectX кітапханасы болып табылады. Біздің жағдайымызда «Косынка» жұмысына керек жалғыз dll-файл cards.dll болып табылады.

Windows-тың өзінің -cards.dll-ын пайдаланған дұрыс.

Графика бетбелгісінде қосымшаны іске қосатын жұмыс үстелінің көлемін реттейміз.  Жұмыс үстелінің көрінісі маңызды емес, сондықтан ресурстарды үнемдеу және  тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында виртуалды жұмыс үстелі опциясын өшіреміз. Сонымен қатар іске қосылып отырған қосымшаның қарпін өзгертуге болады. Жұмыс үстелінің Интеграция бетбелгісінде виртуалды жұмыс үстелінің көрінісінің параметрлері беріледі. Windows жұмыс үстелінің кескіндерін де сәйкес файлдардан орнатуға болады. Сонымен қатар виртуалды Windows-тың Менің құжаттарым, Менің суреттерім және т.б. бумаларын сіздің нақты сәйкес Linux – байланыстыра аласыз, осылайша сіз сол бір бумалармен Windows-та да, Linux-та да жұмыс жасау мүмкіндігіне ие боласыз.

Дисктер бетбелгісінде виртуалды Windows-ыңызға қосымша жүйелік дисктер қоса аласыз. Бұл CD/DVD/BD- Дисководтар, флеш-жинақтауыштар сияқты физикалық құрылғылар немесе сіздің Linux-жүйеңіздегі қарапайым бумалар болуы мүмкін. Флеш-жинақтауышты қосқан жағдайда оны Linux-жүйеге тез қосу үшін Автоанықтау батырмасын пайдалансаңыз болады.

Дыбыс бетбелгісінде виртуалды Windows-тың енгізу-шығаруының  дыбыс құрылғылары бапталады, бұл жерде сіздің дыбыс  жүйеңіздің дұрыс жұмысы үшін драйверлер керек болуы мүмкін. «Косынка» жағдайында дыбыс аса маңызды емес, сондықтан бізге үнсіз келісім бойынша орнатылған баптаулар жеткілікті. Компьютерлік ойындарды іске қосуға әрекет жасаған кезде, әрбіреуіне арнап дыбыс баптауларын орнату және оңтайландыру айтарлықтай уақыт алуы мүмкін. Бұл баптаулардың барлығын бітірген соң winecfg конфигурациялар терезесін жаба аламыз.

 

Әдебиет тізімі

1.    В.Костромин, "Linux для пользователя", изд."БХВ-Петербург", 2002 г., серия "Самоучитель".

2.    Kyle Rankin, Jonathan Oxer, Bill Childers, перевод: Н.Ромоданов, "Приемы работы в Ubuntu" 

3.    О.И.Цилюрик, "Инструменты Linux для Windows-программистов", редакция, 2011г.