Маханбеталиева К. Т.
PhD доктор, «Тоқыма өнеркәсібінің технологиясы
және материалтану» кафедрасының доцент м.а.
Сманалиева Ұ.
1-курс магистранты
Смаилова Назерке
3-курс студенті
М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті
Қалы кілемдерінде қолданылатын
ою-өрнектердің түрлерiн зерттеу
Бет жағы
түрлi өрнектерден, нақыштардан тұратын, жерге төсеу үшiн,
қабырғаларды әшекейлеу үшiн iлiнетiн, киiз үйге
төсеуге және безендiруге қолдану үшiн жүннен кейде жiптен тоқылатын
қысқа түктi, өрмелi кейде түйiндi,
әртүрлi өлшемдегi жапқыштарға «қалы» аты берiлген.
«Қалы»
сөзiнiң тегi көне түркi тiлiне тән,
түркiнiң өзiнiң қолтума сөзi. Көне
түркiлерде «қалы» жасау кейде «қалыңдық»,
«қалың мал бұйымы» мағынасында қолданылады.
Түрлi түркi халықтарында айтылып жүргендей
мағынада болған «қалы» сөзi шағатай тiлiнде
«калын», қырым ноғайлары және қыпшақ тiлiнде
«кiлем», түрiк тiлiнде
«қалы», бұлғар тiлiнде «һамшна», саха тiлiнде «калiн»
және «қалың» деп аталады. Махмұд
Қашқаридiң «Дивану лұғат-ит түркi» сөздiгiнде «қалың»,
кейде «қалын» тұрғысында
әсемдiк теңеуi ретiнде берiлген. Қалы сөзi парсы
тiлiнде «калидже», чех және сыр
тiлiнде «һалина» тұрғысында қолданылады. Сый
сияпаттың ұзақ уақыттар бойына «қалыжы»
тұлғасында қолданылуына байланысты уақыт өте келе
«қалы» сөзi дәлме-дел сый-сияпат орнына
қолданылған және бiртiндеп сирек қолданылатын
түрiкше «қалу» етiстiгi зат емiс «қалы» тұлғасына
ауыса отырып, «қалы» формасына келген. Қыпшақ тайпалары
құрамына енетiн қазақтар тiлiнде де кiлем «тақыр кiлем» (жаңа
кiлем), қалы түрiнде «түктi кiлем» деп аталады.
Ғасырдан берi жеткен сый-сияпат белгiсi болған «қалың
беру» дәстүрi
бүгiнге дейiн сақталып қалған. Қазақтар да
қалы сөзi әлi күнге дейiн қолданылуда.
Қазақ
кәсiбiндегi шығармаларда ою-өрнектедiң түрi
көп болғанымен оларды 6 топқа бөлуiмiзге болады.
1.
Сызық (геометриялық) бейнелi нақыштар;
2.
Өсiмдiк бейнелi нақыштар;
3.
Аң негiзгi нақыштар;
4.
Космология (көк жүзi - ғарыш әлемi бейнесi
мазмұнына
арналған нақыштар) бейнелi
нақыштар;
5.
Гүл бейнелi жазулардан дайындалған ою-өрнектер;
6.
Таңба және рәмiз (сииволика) мазмұнды безендiрулер.
1. Сызық
(геометриялық) бейнелi нақыштар. Ою-өрнектерi
аясында орындалған ғылыми зерттеулер көрсетiп
отырғандай, бiр топ сызықтық арнаменттi (әшекейлер)
түрлер (жай, күрделi құрамды, төртбұрышты,
шеңбер және т.б.) өте көнеден жеткен, олар
дәстүрлiк маңызға ие болып, маңыздылығын
жоғалтқан жоқ және
қазiрге дейiн өнер шығармаларында жиi-жиi
қолданылуда.
Кейбiр
сызық нақыштар ұзақ уақыттар бойы
алғашқы адамдар арасында алдымен түсiнiк жазу (идеграфия)
түрiнде болды. Қөне замандарда сұлбалық
(схемалық) шарттылық ыңғайында қолданылған
ою-өрнектердiң қарқынды дамуы алдыменен нақты
ғалымдардың; геометрияның, алгебраның,
арифметиканың және т.б. жалпы дамуымен байланысты болды. Симметрия,
көлем, үйлесу (гармония), өлшем сияқты ғылыми
анықтамалар бұл кезеңде көркем мәдениеттiң
барлық салаларында шешушi мәнге шықты. Сызық бейнелi
нақыштар тасқа ойып әшекелеумен басталып кеңiнен
тараған ою-өрнектер болып табылады.
Бұл
нақыштар тас, қыш, темiр, ағаш, жүн
тоқымаларында, терiлерде нүкте, сызық,
үш-төрт-бес бұрыш, төртбұрышты, шеңбер
пiшiнiнде кездеседi. Қалы, жүн қалы, иоллук (киiм
түрi), қамзол; күбi, сандық, бiлезiк, сырғаларда
қолданылады.
Сызбалы
ою-өрнек негiзi геометриялық пiшiндерiн бастау алып
жарықққа шыққан. Атауларын да осы пiшiн
атауларынан алған.
2. Өсiмдiк
тектес ою-өрнектер. Өсiмдiк ою-өрнектерi
қазақ ұлттық өнерiнiң ең сүбелi
және кеңiнен таралған нақыш түрлерiнiң
бiрi.
Өсiмдiк
тектес өрнектер жүн қалылар, қамзолдар, бешпет, шапан,
аяққап, текемет, сырмақ, бiлезiк, жүк аяқ және т.б.
бұйымдардың беттерiне аса бiр шеберлiкпен салынады.
Қазақстанның өсiмдiк өрнектерi өз iшiнде бiр қатар
топтарға бөлiнедi.
Бұлардың денi гүл,
жапырақты ағаштар, үш
гүлдi, бес гүлдi, үш
æàïûрақты, бес жапырақты, түйе
аяғы, қызғалдақ, бұтақ сырты және
т.б. атаулармен аталады.
Дайындалған әшекейлерде, қазақ
қалларында көрiнетiн
«алқалар-медальондар» шешек ұғымын беретiн «гүл»
сөзiмен айтылады,
мысалы: шатыргүл, самыргүл, кiлтгүл сияқты атаулармен аталынады.
3. Аң негiздi
ою-өрнектер. Алғашқы қазақтар ең алдымен
жылқыларды құрбандыққа шалған, бас
сүйегi мен тұяқтарын сақтаған. Соғыста, сапар
шеккенде жылқы тұяғын
белдiктерiне байлап жүрген.
Жылқы тұяқтары оларды
бәле-жаладан, өлiмнен
қорғайды және бақ-бақыт әкеледi дегендей бiр наным-сенiмдерi болған.
Орталық
Қазақстанда. Қаратау мен Маңғышлақ
тауларында ат тұяғы бейнелерi кездеседi. Бұл суреттердi
қазақтар «тұлпар тас» деп атайды. Өте көне
замандардан берi қазақтар осы сияқты тастарға сиынады.
Осы құбылыстар мен материалдар iшкi Азияның
«аң бейнесi» өнерiнiң
даралық бағытын, құндылығын көрсетедi.
қазақтар
мен бiрқатар түркiлер тотемдiк нанымдарында тәңiрлiк
аң - бұғы, аққу және өгiздi
құт деп есептедi. Көне замандарға қарағанда өгiз күнi мен билiктiң
белгiсi болған. Жаңа туған баланың өмiрi
ұзын болсын деп бөбектерге өгiз аты берiлген.
Бұғы бақыт және табысқа жеткiзедi,
жолаушыға жол көрсетедi деп, танылған.
Қазiргi уақытта бұғы
мүйiзi, қошқар мүйiзi қазақтар мен
қырғыздардың ең маңызды безндiру бұйымдары.
Жабайы аңдар мен ұшқан құстар, үй
жануарлар, адам баласына iшер ас, киетiн киiм мен тұтыну
бұйымдарына әшекейлеу, бөлшектерi әртүрлi
образдарға, туындыларға, өлеңдерге негiз болды.
Оның iшiнде кейбiр түркi тайпаларындағыдай
қазақтар да аң бейнелi ою-өрнектердiң ең
маңыздыларының бiрi - «қошқар мүйiз»
нақышы. Қазақ қалыларында жиi байқалатын
«қошқар мүйiзi» ғасырлар бойы түркi тайпалары
тарапынан қалы, кiлем, киiз және т.б. жаймаларда кеңiнен
қолданылады.
Қошқар мүйiз
өрнектерi де түрлерi мен аң аттарына сай аталады.
Бұлар: жұп мүйiз, тақ мүйiз, сынақ
мүйiз, толық мүйiз, түстi мүйiз, ешкi
мүйiз, иiр мүйiз, қошқар мүйiз және т.б.
Қазақтың ұлттық
дәстүрлi бұйымдарында, мүлiктерiнде
нақыштың негiзi болған «бойнұз» (мүйiз)
нақыштарымен бейнеленетiн бұйым жоқ деп айтсақ
артық болмайды.
Қазақстан өнерiнде ең
кеңiнен тарағаны
бүркiт құсы, қарлығаш және
қыран бейнелерi едi. Бұл бейнелер ғасырлар бойы Қазақстан
өнерiнiң әрқилы
түрлерiнде металл бұйымдарында, матада, қалыда, текеметте
жиi-жиi орындалып отырған. Қазiргi уақытта қазақ
қыздарының ұлттық бас киiмi сәукеле бүркiт
құсының қанаттарымен әшекейленедi.
Ағаш ұсталарының,
қалышылардың, терiшiлердiң, зергерлердiң
қолданған өрнектердiң аттарын осы тұрғыдан
анықтауға болады: «төрт мүйiз», «сыңар мүйiз»,
«сынық мүйiз», «қырық мүйiз», «құлжа
мойын», «түйе табан», «түлкi бас», «тышқан iзi», «төрт
құлақ», «жылан басы», «тырна гүл»,
«құстұмсық» және т.б.
4.
Космологиялық (аспан әлемiнiң сыртқы бейнесiн
таныстырушы) нақыштар. Космологиялық (аспан әлемiмен байланысты) нақыштар
қазақтардың мәдениетi өте ерте дәуiрледен
басталғандығын көрсетедi. Бұл
ою-өрнектердiң негiзi ғарыш, аспан, күн, ай,
жұлдыз барлық кеңiстiк пiшiндерiн көрсетедi.
Ғарышта айналған планеталар мен аспан денелерiнiң
барлығы да күн жүйесiне кiредi. Ғарыш әлемiмен байланысты
ою-өрнектердiң ортаға шығу себебi халықтың
бұл әлемге сенiмiнiң күшеюiнде. Күн
жүйесiндегi бейнелерге қарай пiшiн мен атау берiп ғарыш әлемiмен
байланысты ою-өрнектер жасалды.
Күн жүйесiндегi планеталар мен
жарқыраған жұлдыздар бейнелерi және хикаялар, қазақ
ғалымдарының жазбаларына қарағанда әрбiр ғасырда
ортаға шығып отырған.
Археологияық қазбаларда табылған бұйымдарда
және жазбаларда көрiнедi. Орталық
Қазақстандағы бегазы-Дандыбай мазарларында табылған кiрпiштердегi «Ай бейнелi», жұлдыз
бейнелi нақыштар
осының айғағы. Бұған қосымша «сақ»
дәуiрiне тән бiр топ сызбада да
«ай бейнесi», «ай
нақышы», «жұлдыз», нақыштары болғандығын
растайды.
Қазақтарда
кеңiнен таралып, қолданылатын бұл өрнектерге
«кемпiрқосақ», «күн көзi», «күн сәулесi»,
«күннiң шығып батуы», «ай-таң», «ай-гүл», «ай
бейнесi», «ай-сұлу», «кешкi ай », «жұлдыз», «Үркер»
сияқты аттар берiлген.
Сенiм
және оларды баяндаған символ тектес рәсiмдер көне
дәуiрлерде тек Қазақстанға ғана тән
болмағандығын айта кету керек.
Әлемнiң
бiрқатар аймақтарында
кең танылған Қазақстан таңба және
рәмiз (символ) тектес ою-өрнектерiнiң даму жолдарын
iздестiрсек, олардың көбi таңба тектес
болғандығын, кейiннен нақышқа ауысқандығын
көремiз.
Дегенмен,
ол кейiннен исламдық нақыштарға ауыстырылды. Алғашқыда
ай бейнесi алдыменен еңбектi баяндаса, кейiннен исламның
өрнегiне айналды. Қазақ өнертануында
мәңгiлiк белгiсi болып табылатын, бұл таңба мен
рәмiз мәндi ою-өрнектер
ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн дәстүрге
ие және әсем қалпында бүгiнгi күнiмiзге дейiн жалғасып
отыр.
Кейбiр
қолөнер монументтерi болып табылатын құрылыстар
қазақ мазарларына бiртiндеп енген ай бейнесi қазiргi
таңда мағынасы мен мәнiн жоғалтан жоқ.
Қорыта келе
қалы кілемдерінде жоғарыда аталған ою-өрнектердің
барлық түрінің әлі күнге дейін өзектілігін
жоғалтпай кеңінен қолданылатын атйқымыз келеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.
Дәстүрлi
қазақ қалы өнерi және ТIКА Арал аймағы.
Қалы тоқу өнерiн дамыту жобасы. Тахсин Парлак. Анкара - 2002.
2.
Қазақтың
ою-өрнектері. Ибраева К. Алматы. «Өнер»‚ 1994.