Магистрант Дүйсенов Е.Д.

Костанайский государственный университет имени А.Байтурсынова

Машиналарды жобалаудың                                                                        техникалық-экономикалық негіздері

        Жаңа машиналарды жобалау дегеніміз – бұл жобалау әдістемелері мен сатыларын жақсы білетін және жаңа бұйымды жасауда жобалау рәсімдері мен операцияларды практикада қолдана алатын құрылымдаушы-жобалаушылар маманданған әрекеттерінің негізгі саласы.                                Жобалау бұл:                                                                                                               - қолданыстағы үлгілерді көз жұма көшіре салмай, ойланып, заманауи машина жасауда игерілген, берілген жағдайларда ең тиімді құрылымдық шешімдер мүмкіндігінен оймен таңдап құрылымдау керек;                                       - әр түрлі мәліметтерді дұрыс үйлестіре игеріп, жаңаларын және жақсартылғандарын таңдап игеру керек, яғни шығармалық бастамамен, өнертапқыштықпен құрылымдау керек; өзінің өнертапқыш қарқынымен жаңа жобаларды жасай білу.                                                                                               - өндірістің даму динамикасын ескере отырып, ұлттық экономиканың өскелең талабын қанағаттандыратын және техникалық ескіруден ұзақ уақытқа сақтандырылған, өміршең, икемшіл, резервтері бай машиналарды жасау;                                                                                                                          - машиналардың құрылымдық тиімділігі, кинематикалық және күштік сұлбасының жетілгендігі, жасау құны, энергия сыйымдылығы, габариттері, металл сыйымдылығы, сенімділігі және массасы, технологиялығы, күтім жасау қолайлылығы, жинау-бөлшектеу, тексеруі, реттелуі және т.б. жағынан мұқият салыстырмалы бағалай, бірнеше жобалық нұсқаларды талдау. Жобалаудың барлық жағдайында жобаның техникалық және технико-экономикалық тиімділігін, мүмкіндік шешімдердің әртүрлі нұсқаларын таңдауды, шешімдерді салыстырмалы бағалауды, эскиздік жобаны орындауды ескеру қажет. Бірақ жобаны шамадан тыс сатылау уақыт шығыны мен жұмыс ресурстарының өндірістік емес шығындарына әкеледі. Сондықтан сатыны таңдау нысанның күрделілігін ескерумен, жаңару дәрежесімен және жобалауда кететін қателіктер салдарын ескеруі керек. Жобалау процедурасының мазмұнын тереңірек қарастырайық. Жаңа нысанды жасауда қажеттілікті  анықтау мәжбүрленеді: 1) өндіріс саласының күйімен; 2) жаңа технологиялар мен жаңалықтарды орындау қажеттілігімен; 3) еңбек өнімділігін арттыру қажеттілігімен; 4) қол жұмыстарын жоюмен; 5) жарақаттануды азайтумен. Сонымен бірге бұл халық шаруашылық жоспарларында мен салалық ұйымдар жоспарларында көрсетіледі.

        Жобалау әдістемесі – бұл әлі де жасалмаған нысанның құрылысы, логикалық ұйымдасуы, принцип әрекеттері мен құрамы жөнінде іздеу және шешім қабылдау әдістері, құралдары және алгоритмдері, сонымен қатар оны берілген жағдайда жасау үшін қажетті сипаттаулар жасау жөніндегі ғылым. Жобалау шешімі  – бұл жобалаудың әрі қарайғы бағыттарын немесе оны аяқтауды қарастыру және анықтау үшін қажетті және жеткілікті жобалау обьектісінің аралық немесе ақырғы сипаттамасы. Жобалау алгоритмі – жобалауды орындау үшін қажетті сипаттаулар жиынтығы. Жобалау тілі  – жобалау кезінде ұсыныстар мен өзгерістерді таныстыруға арналған тіл. Жобалау рәсімі – орындалуы жобалау шешімдерімен аяқталатын әрекеттер жиынтығы. Жобалау операциясы  – жобалау рәсімдерінің бір бөлігін құрайтын, алгоритмі жобалау рәсімдерінің бірқатары үшін өзгеріссіз қалатын әрекеттер немесе әрекеттер жиынтығы. Бұйымды өңдеудің барлық сатылары МЕСТ бойынша міндетті түрде орындау қарастырылмайды. Әдетте, ол әр жобалау ұйымдарының тәртібі бойынша орындалады және олар қателіктерге әкелуі мүмкін. Жаңа машиналарды жобалауда қойылатын ең негізгі талаптардың бірі –  құрылымның технологиялы болуын қамтамасыз ету.

      Технологиялы болу деп бұйымдардың өндіру және тұтыну талаптарына сәйкестігін айтады. Технологияны қамтамасыз етудің мақсаты – кең көлемде өзіндік құнын төмендете отырып, еңбектің өнімділігін арттыру және өнімнің сапасын көтеру. Конструкцияның технологиялығы төмендегілермен сипатталады:                                                                                                                 механикалық өңдеуді қажет етпейтін конфигурациясы қарапайым тетіктерді жаңа машиналарда қолдану. Қалыптау, дәл құю, фасонды илем, пісіру кеңінен қолданылады;                                                                                                     – берілген конструкцияның үйлестірілімділігі, яғни машинаның әртүрлі тораптарында бірдей бөлшектердің қолданылуы;                                                              – тетіктердің стандартты конструктивтік элементтерін, сонымен қатар стандартты дәлдік топтарын және қондыруды кеңінен қолдану;                        – өндірісте бұрын игерілген тетіктер мен тораптарды жаңа машиналарда қолдану.

      Конструкциялардың технологиялы екенінің өте маңызды көрсеткіші олардың матермал сыйымдылығы болып табылады. Конструкторлар мен технологтардың маңызды мәселелерінің бірі – машиналардың салмағын азайту және материалдарды үнемдеу. Әдетте, оңтайлы технологиялы деп жасау барысында қалдыққа өте аз материал кететін тетіктерді есептейді.

       Конструкторлар тетіктердің өлшемдерінің берілген дәлдігін және беттерінің өңдеу тазалығын жоғарылатпауға тиіс, өйткені ол тетіктерді жасаудағы өзіндік құн мен еңбек сыйымдылығын жоғарылатып жібереді.

Бұйымдардың технологиялы екенінің тағы да бір өте маңызды көрсеткіші болып даярлаудың еңбек сыйымдылығы (сатып алынған тетіктерді есептемегендегі өнімді өндіруге қажетті жұмсалатын еңбектің норма-сағаттық өлшемі) және технологиялық өзіндік құны (сатып алынған тетіктерді есептемегендегі өнімді даярлаудың технологиялық процесіне жұмсалатын қаржы сомасы). Технологиялықтың тағы да бір көрсеткіші тетіктердің стандарттық коэффициенті болып табылады.  Көптеген жағдайда машина тетіктерінің оңтайлы конструкция нұсқасы болып ең төменгі өзіндік құнды қамтамасыз ететін нұсқа қала береді.

Тетіктердің өзіндік құнын мына формуламен анықтауға болады:

                                       ­                         ( 1.1)

мұндағы  ­­­- бір тетікке жұмсалған материалдың құны;  ­- бір тетікті дайындауға қажетті еңбекақы;   ­- жанама шығындар;   - арнаулы жабдықтың бағасы;   ­– партиядағы тетіктер саны.

Бұл формуланы талдай отырып, кәсіпорынның масштабы неғұрлым жоғары болса, кәсіпорынның механикаландыру және автоматтандыру деңгейі де соғұрлым жоғары болатынын, жанама шығындар мен еңбекақыға жұмсалатын қаржылар да азаятындығын көруге болады, яғни жоғарғы үнемділікке тек кәсіпорынның масштабы үлкен болғанда ғана жетуге болады.

      Машина тетіктерінің жұмыс істеу қабілеті және көпке шыдамдылығы олардың беріктігіне, тозуға төзімділігіне, қатаңдығына, ыстыққа және дірілге төзімділігіне байланысты болады. Әр түрлі тетіктер түрлі жағдайда жұмыс істейді. Мысалы, егер сырғанау мойынтіректері тозудан істен шығатын болса, ал бұрандалы болттар көбінесе сынады. Сондықтан сырғанау мойынтіректері тозуға төзімді болуы және сол тозу төзімділігіне есептелуі қажет. Ал бұрандалар берік болуы керек, сондықтан олар беріктікке есептелінеді.                                                                                                

      Беріктік ең негізгі талаптардың бірі, көптеген бөлшектердің өлшемі беріктікке есептеу арқылы табылады. Беріктікке есептеу бөлшекке түскен күшке байланысты екі түрлі болады. Егер бөлшекке тұрақты күш әсер ететін болса, оны беріктікке есептеу жолы, тұрақсыз айнымалы күш әсер еткен жағдайларда есептеу жолынан өзгеше келеді. Машиналарда тұрақты күш әсер ететін бөлшектер аз кездеседі. 1930 жылдарға дейін барлық машина бөлшектерінің өлшемдерін тек қана тұрақты күш әсер етеді деген жорамалмен есептеп шығаратын. Атақты неміс ғалымы Бах барлық бөлшектерді тұрақты күшке есептеп, айнымалы күштерді, динамикалық күштерді әр түрлі коэффициентпен есепке алуды ұйғарған. Кейінгі кезде, бұл есептеу жолдарынан бас тартып, айнымалы күш әсер ететін бөлшектердің өлшемін есептеу тәсілдері белгілі бола бастады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.     Изимбергенова, Ш. И «Машина бөлшектері және конструкциялау негіздері» Алматы 2008 жыл.

2.     Дүзелбаев Сайлаубек Тілеубайұлы «Машина тетіктері» Алматы 2014 жыл.