КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ӨТІМДІЛІК ҚҰРАЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЖЕТТІЛІГІ

 

Череева Б.Т.

экономика магистрі, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

 

Әлемдік банктік тәжірибеде коммерциялық банктердің қажетті өтімділік құралдарын анықтайтын формулалар мен нормативтер табылмаған.

Қандай банк болмасын оның өтімділік деңгейін сақтауды қамтамасыз ету маңызды. Сол уақытқа қажетті тиімді бағаға қажетті құралдарды сатып алауға мүмкіндігі бар банк өтімді деп саналады. Бұл банктің өтімділік құралдардың қажетті сомасының бар екенін немесе оларды қарыздар мен активтерді сату арқылы ала алатынын білдіреді. Банктің өтімділігін реттеудегі соңғы жылдары маңызды сұрақтары қаржылық жүйедегі дағдарыстан пайда болды.

Банктің басшылығы әр кезде өтімділік сұрақтарына көп көңіл бөледі, алайда әлі де банктік өтімділік құралдарындағы қажеттіліктерін анықтайтын барлығы қолданатын формула жоқ. Жеке алынған банктің қажетті өтімділік сомасы ортақ салымдар мен несиелер сомасының өзгерісіне байланысты.

Өз кезегінде, бұл өзгерістер қандай болмасын елдің экономикалық өзгерістер болып тұратын жағдайына байланысты: циклдық, кезеңдік, кездейсоқтық, мақсатты  - программалық және т.б.

Банктік салымдарға көптеген экономикалық факторлар әсер етеді. Олар өтімділікті болжауды қажетті қылады.

Өтімділік ресурстарындағы қажеттілігін керекті периодқа есептеу салымдар мен несиелердің берілген периодқа күтілетін деңгейінің өзгеруіне байланысты. Өтімділік динамикасына және резервтердің артықшылығына үш фактор әсер етеді:

- салымдардың өсімі мен азаюымен байланысты құралдарды алу немесе жоғалту;

- несиелер және\ немесе инвестициялардың өсімі немесе қысқаруы;

- міндетті резервтердің өсу мен азаюы салымдардың өсімі мен азаюына байланысты.

Өтімділік ресурстарына деген қажеттілік қандай болмасын қажетті периодқа есептелуі мүмкін. Егер салымдардың сомасы мен ссудалар мен инвестицияларға деген сұранысты дәл болжауға мүмкіндік болатын болса, онда қажетті өтімділік құралдарды анықтау айтарлықтай жеңілдер еді.Мәселенің қиындығына қарамастан, банктер салымдар мен несиелердің көлемін болжауға тырысу керек. Ірі банктер болжауды екі негізгі әдіспен жүзеге асырады.Оның біреуі несиедегі қажеттілікті және әр клиенттің күтілетін салымдарын кіріктіреді.Бұл тәсілді әдетте несие қабілеттілікті бағалайтын бөлімнің қызметкерлері қолданады: әр біреуі өзінің шотының тобына жоспар жасайды. Координацияға жауап беру мен бұл болжамдардың мәліметтерін экономикалық бөлім, бақылау бөлімі, жоспарлауға жауап беретін арнайы жұмыскерлер тобы жасайды. Ссуда мен салымдардың көлемін есептеудің басқа тәсілі – көздерді болжау мен елдің инвестициялық қорларының жиынтығын қолдану. Есептеулер жеке де мемлекеттік экономикалық секторлар үшін эконометрикалық болжау тәсілдері арқылы жасалады.Жеке сектордың қажеттілігін бағалау құралдардың түсімдерімен салыстырылады.Банктік несиелердегі қажеттілікті құралдардың түсімі мен қажеттілігі арасындағы айырмашылық ретінде анықтауға болады.Бұл тәсіл ірі банктермен жүзеге асырылады, өйткені әдетте кішігірім банктерде мұндай күрделі операцияларды жүзеге асыратын жоғары дәрежелі мамандар болмайды. Салымдар мен ссудалардың деңгейін болжаған кезде, бұл банктер өткен кездегі тәжірибесіне жүгінеді. Салымдар мен несиелер деңгейіндегі мүмкін болатын тербелістердің көлемін көпшілік жағдайда бірнеше жылға арналған орташа айлық графиктер мен кестелер көмектеседі.

Өтімділікті жоспарлауды өте қажетті қылатын банктік салымдар деңгейінде көптеген экономикалық факторлар әсер етеді. Олардың кейбіреулерінің әсері сөзсіз, басқалары банктің өтімділігіне жанама түрде сер етеді, сондықтан оларды тиісті талдаудан кейін ғана анықтауға болады.

Өтімділікке әсер ететін факторлар ішкі және сыртқы болады, олардың барлығы бірнеше топқа бөлінеді:

1. Активтер мен пассивтер қозғалысына пропорционалды факторлар, яғни олардың бөліктерінің арасындағы қатынасының  байланысы. Оларға жатады:

- активтер тәуекеліне байланысты капиталдың пропорционалдылығы;

- активтер мен пассивтердің тарту мен орналастыру мерзіміне байланысты пропорционалдылығы;

-активтер құрамының депозиттер құрамына байланысты пропорцианалдылығы.

2. Активтер мен пассивтердің тәуекелділік пен диверсификациясы көзқарасы тұрғысынан сипаттайтын факторлар.

3. Өтімділікпен басқару сапасын сипаттайтын фактор.

4. Банктің рейтингі мен беделін анықтайтын факторлар.

5. Коммерциялық банктің өтімділігі мен банк жүйесінің өтімділік жағдайы арасындағы қарым – қатынасты анықтайтын макроэкономикалық факторлар.

Банк ірі немесе кішігірім болмасын, оның өтімділік ресурстарындағы қажеттілігін болжау барысында жергілікті, сонымен қатар жалпы ұлттық аспектілерді ескеру қажет. Жергілікті деңгейде бірінші кезекте салымдардың түрі, көзі мен тұрақтылық деңгейіне назар аударылады. Жинақталған салымдар жедел салымдармен салыстарғанда, ал жедел салымдар қажеттілікке дейінгі салымдармен салыстырғанда тұрақты болып келеді. Бұл әдеттегідей, банктердің жинақталған салымдары жайлы айтылған кезде емес, жеке шоттар жайлы болғанда әділетті. Көптеген кішігірім орташа шоттардан тұратын қажеттілікке дейінгі  салымдар жалпы алғанда тұрақты.

Әдебиет:

1. Сейтқасымов Г.С. Банк ісі. – Алматы, 2007