ӘӨЖ 5.04.73.05 :
581.5
ТЕХНОГЕНДІ АЙМАҚТА
ӨСІРІЛЕТІН БИДАЙ СОРТТАРЫНА МОРФОЛОГИЯЛЫҚ
ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ
Кенжеходжаев М.Д.,
т.ғ.к, доцент,
Алашбаева
Л.Ж., магистр,
М.Х.
Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Жамбыл облысы, Тараз
қаласы.
Соңғы
жылдардағы қоршаған ортаға зиян келтіретін техногенді
процестердің нәтижесінде пайда болған
қалдықтардың бидай дәніне әсерінің
тұрақтылығын жоғарылататын және өсуіне
жағдай жасайтын мәселедер кеңінен талқылануда[1].
Техногенді
қалдықтармен ластанған жерде металдар жинақталып, осы
жерде дифференциацияланады. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге
техногенді ластанулардың әртүрлі әсер етуі
топырақ микроағзаларының ассоциациясының
өзгеруіне және олардың қатысатын биохимиялық
процестерінің өзгеруіне әкеліп соғады. Төменгі
сатыдағы өсімдіктер топырақтың
құрамындағы органикалық заттарды өсімдіктің
сіңіруіне қолайлы жағдайына дейін жеткізеді. Олардың
санының және белсенділігінің азаюы өсімдіктің
қоректенуіне және топырақтың
құнарлылығының азаюына әкеледі. Техногенді
ластанулардың топыраққа әсер етуі барысында
миграциялық қабілетінің әлсізденуіне және
төменгі сатыдағы өсімдіктер белсенділігі мен таралуының
жоғары болатын қарашірік қабатында жинақталуы
микробоценоздар үшін үлкен қауіп тудыруда[2].
Зерттеу обьектісі
ретінде Жамбыл облысы Тараз қаласындағы «Қазақстан
өсімдік және егін шаруашылығы» ғылыми зерттеу
институтында өңделген Мереке-75, Арап, бидай сорттары алынды.
Бидайдың зертханалық жағдайда шығымдылығы мен
өну қуаты анықталды. Зерттелген түрлердің
тұқымдары зертханада 20-25ºС температурада жарық, ауа,
ылғал үнемі жеткілікті болған жағдайда Петри
табақшаларында өсірілді[3].
Бидай сортының
дәндері Петри табақшаларына егу алдында, өнімді бидай
линияларын сұрыптап алып, алдын ала стерильді жағдайдан өткен
ыдыстарда KMnO4 ерітіндісінде 2-3 минутқа қойып,
дистельденген сумен шайылды. Бидай тұқымдарын әр түрлі
концентрациялы (200мг/мл, 400 мг/мл) Pb және Zn тұздарының
ерітінділері құйылған Петри табақшаларына 30 данадан
салып, үш қайталама
жасалды. Бидайды еккен күннен бастап 3 күн бидайдың өну
көрсеткіштері есептелді. Үшінші күні бидай линияларын
әр түрлі концентрациялы (200мг/мл, 400 мг/мл) тұз ерітіндісі
құйылған ыдыстарға ауыстырылды.
«Мереке-75» бидай
сортының өсу қарқынын күтіп баптау
жұмыстары жүргізіліп, ауыр металды жағдайда өсірілді.
Тұқымдардың сапасын
бағалау М.К. Фирсова (1975) және С.С.Лищук (1991) әдістері
бойынша жүргізілді. Эксперименттік жұмыс нәтижелеріне
статистикалық талдау компьютерлік бағдарлама арқылы жасалды.
Бидайдың
өсу параметрлері: бидайдың жерүсті мүшелері және
жерасты мүшелерінің ұзарып өсуі, (см);
құрғақ биомассаларының жинақталуы, бидай
сортыныңдәндерін зерттеу үшін өсімдікке 3, 5, 10
күндік морфологиялық бақылаулар қойылды.
Морфологиялық өлшемдердің көрсеткіштері бойынша
бақылау тәжірибесінде 3 күнде тұқымдардан орта
есеппен 7,18 мм, 5 күнде 14,6 мм, ал 10 күнде 26,3 мм өскін
өсіп шықты, тұқымының жалпы өсу энергиясы
92%, ал өну энергиясы 100%, гипокотилі ұзындау, тамыр түкшелері
бар.
Кадмийдің
төмен концентрациясы тұқымға әсер еткенде 3
күндік бақылау бойынша өскіні орта есеппен 3,6 мм, 5
күнде 6,3 мм, 10 күнде 10 мм болды. Жалпы
тұқымның өну энергиясы бақылау
тәжірибесімен салыстырғанда салыстырмалы түрде төмен
өну энергиясы 84%, өсу қарқындылығы 85%,
тұқым жарнағы толық ашылмаған, тамыр
түкшелері дамымаған.
Кадмийдің
жоғары концентрациясымен әсер еткенде 3 күнде өскіні
орта есеппен 4,59мм, 5 күнде 7,04мм, 10 күнде 7,5мм өскін
өніп шықты, тұқымның жалпы өну энергиясы
92%, өсу қарқындылығы 95%, гипокотилі
қысқа, тамыр түкшелері жетілмеген. Тамырлары үсік
шалған тәрізді толығымен қарайып кеткен.
Қорғасын
төмен концентрациясымен 3 күндік бақылауында орта есеппен өскіні 6,42мм, 5
күнде 9,65мм, 10 күнде 17,6 мм болды. Тұқымның
өсу энергиясы 84%, өсу
қарқындылығы 85% гипокотилі қысқа, тамыр
түкшелері дамымаған.
Қорғасын
жоғары концентрациясымен әсер еткенде 3 күнде орта есеппен
8,82 мм, 5 күнде 12,13мм, 10 күнде 18,1мм.
Тұқымның өну энергиясы 96%, өсу
қарқындылығы 100 %, гипокотилі ұзын, тамыр
түкшелері дамымаған (Сурет 1).

1-Бақылау, 2-Cd1,
3-Cd2, 4-Pb1, 5-Pb2,
Сурет 1 «Мереке-75» бидай сортыныңөсімдігінің
өскіндерінің морфологиясының, диаграммалық
көрсеткіші.
Лабараториылық
жағдайда «Арап»
бидай сортының өсімдігіне 3, 5, 10
күндік бақылаулар қойылды. Зерттеу нәтижесінде
бақылау нүктесінде 3 күнде 8,4±1,91мм, 5 күнде 12,4±5,5мм,
10 күнде 11,8±4,5мм өскін
өніп шықты. Тұқымның жалпы өну энергиясы
53%, өну қарқындылығы 46% құрады.
Кадмийдің төменгі
концентрациясында 3 күнде 10,3±1,6 мм, 5 күнде 17,5±3,01 мм,
10 күнде 29,2±4,7 мм өскін
өніп, тұқымның өну энергиясы 73%, өсу
қарқындылығы 73 %-ті құрады.
Кадмидің жоғарғы концентрациясында
3 күнде 10,1±2,13мм, 5 күнде 16,08±4,05мм, 10 күнде 21,81±5,43мм өскін өніп, жалпы өну энергиясы 73%, өсу қарқындылығы 80%-ті
құрады.
Қорғасынның
төменгі концентрациясында 3 күнде 8,7±2,7мм, 5 күнде
14,5±3,6мм, 10 күнде 20,8±4,2мм өскін пайда болып, жалпы өну
энергиясы 66%, өсу қарқындылығы 66 %-ті
құрады
Қорғасынның
жоғарғы концентрациясында 3 күнде 4,4+1,1мм, 5 күнде
12,1+3,8мм, 10 күнде 18,5+3,8мм өскін өніп, өну энергиясы
40%, өсу қарқындылығы 46% болды(Сурет2).

1-Бақылау, 2-Cd1,
3-Cd2, 4-Pb1, 5-Pb2.
Сурет 2 «Арап»
бидай сортының өсімдігінің өскіндерінің
морфологиялық диаграммасы.
Зерттеу
барысында «Мереке-75» бидай сортына лабораториялық салыстырмалы
тәжірибе жүргізу нәтижесінде тұқымның ауыр
металға төзімділігі өну энергиясы бойынша қорғасынның
жоғарғы және төменгі концентрациялары кадмийға
қарағанда жоғары нәтиже көрсетті, ал
бақылаумен салыстырғанда біршама төмен.
«Арап» бидай сортыныңөсімдігінде ауыр
металға төзімділігі өне энергиясы кадмийдің және
қорғасынныңтөменгі және жоғарғы
концентрациясында бақылаумен салыстырғанда жақсы нәтиже
көрсетті.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Алыбаева
Р.А., Беркинбаев Г.Д. Тенденции накопления тяжелых металлов в компонентах
окружающей среды Усть-Каменогорского промышленного центра // Экологические
проблемы промышленных городов:
материалы 4-й Всероссийская науч.-практ. конф. с международным участием.
– Саратов, 2009. – С. 9-12.
2.
Черных Н.А., Овчаренко М.М., Поповичева Л.Л.
Приемы снижения фитотоксичности тяжелых металлов // Агрохимия. – 1995. -№9. –
С.101-107
3.
Казымбет П.К., Бахтин М.М., Имашева Б.С.
Естественные радионуклиды и тяжелые металлы в обьектах окружающей среды вблизи
уранодобывающих предприятий // Астана медициналық журналы. №1, 2005, -
С.8-11