А.К.Қарынбаев,  а.ш.ғ.д, профессор,  Б. Егембердиева,  магистрант

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

МАЛДАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫЛАРЫ ТИПТЕРІНІҢ ӨНІМДІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІМЕН БАЙЛАНЫСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ МАҢЫЗЫ

 

Жануарлардың барлығы ғылымда биологиялық аймақ (объект) болып саналады. Олдардың мінез-құлықтырын және басқа да биологиялық, физиологиялық ерекшеліктері мен қасиеттерін популяцияның генетикалық әлеуетін арттыруға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі құралы ретінде пайдаланудың мүмкіндігі зор. Соңғы жылдардағы этология саласындағы ғылыми деректерде ауыл шаруашылығы малдарының  мінез-құлық типтерінің тұқым қуалауы жөнінде жасалған теориялық және нақты тәжірибелік жұмыстар көптеп кездеседі. Қазіргі кезде малдардың түрлері мен тұқымдарында жасалған ғылыми тәжірибе нәтижелерінде олардың мінез-құлықтарының тұқымға генотип арқылы  берілетіндігі осы саладағы ғалымдар тарапынан дәлелденіп те отыр. Осы тұрғыдан алғанда әр түрлі ортадағы және жайылым жағдайындағы малдардың мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеп білу  тек ғылым үшін ғана емес, мал шаруашылығын ұтымды ұйымдастыруда аса қажетті мәселелердің бірі деп қарастыруымызға болады.

В. А. Николайчевтың [1] романов тұқымды қойларына жүргізген зерттеулерінде қошқарларды сезімталдылығы бойынша (өте сезімтал, сезімтал, сезімталдылығы орта, сезімталдылығы баяу) 4 типке бөліп пайдаланған. Нәтижесі бойынша өте сезімтал және сезімтал қошқарлар пайдаланыған саулық отарларында егіз болып туылған қозылардың үлесі анақұрлым көп және өміршеңдігі бойынша да жақсы болғаны айтылады.

Волгаград тұқымды қойларға жүргізген зерттеулерінде сезімтал-байсалды типті қошқарлардың басқа типтілерімен салыстырғанда шәуеттерінің сапасы өте жақсы, көлемі жағынанда мол болатыны айтылған Аноприенко С. В. [2].

 Жылқы малының сүт өнімділігі олардың мінез-құлықтарының типтеріне байланысты болса Онегов А. В. [3], сиыр малының сұттілігі де олардың мінез-құлықтарының типтеріне байланысты Летягина Е. Н. [4].

Жамбыл облысының таулы табиғи жайылым жағдайында өсірілетін құйрықты қой тұқымының көбейгіштік қасиетін олардың жүйке жүйесі типтерімен байланысын зерттеп олардың көбейгіштігін  арттырудың тиімді жүйесін ұсыну мақсатымен 2013-2014 жылдар аралығында аймақтың таулы жайылым жағдайында өсірілетін құйрықты қойларға зерттеу жұмыстары арнайы жасалған әдістеме бойынша жүргізілуде. Әдістемедегі амалдардың негізгілерінің бірі малдарды жүйке жүйелерінің қызметі типтері (мінез құлықтары) бойынша сарапталу болып белгіленді. Ол үшін, таулы жайылым жағдайында өсірілетін құйрықты қой  тұқымы популяциясы отарларынан 2,5 жасар, класы бойынша (элита және І кл) 417 бас, 3,5 жасар класы бойынша (элита және І кл) 393 бас саулық қойлары және 1,5  жасар элита класты 180 бас және 2,5 жасар элита класты 180 бас қошқарлары алынды.

Жоғарыда баяндалған сияқты, малдарды жүйке жүйелерінің қызметі типтеріне (мінез құлықтары) байланысты сұрыптап арнайы тәжрибелік топтар жасақтауда жүйкелік процестердің үш қасиетінің (күші, тендестігі және жылжымалылығы) мал организмнің жалпы тонусына, мінез-қылықтық реакцияларына, жұмыс  қабілетіне әсерін ескере отырып жүйке процестерінің күшіне, тендігіне және жылжымалылығына қарай малдарды мынадай (жуас саулықтарды 1-ші, үркектерін 2-ші, асауларын 3-ші, байсалдыларын 4-ші топтарға жинақтап) төрт нұсқа- топқа бөлдік.

- 1-ші топқа барлық әсерлерге жауабы әлсіз, баяу болып келетін жуас саулықтар алынды, яғни инертті, немесе теңдескен;

- 2-ші топқа сезімталдығы жоғары болғанымен, іс-қимыл қабілеті төмен, сыртқы орта жағдайларына нашар бейімделген, қорқақ, жасқаншақ, үркек саулықтар алынды;

- 3-ші топқа теңгерілмеген нұсқадағы саулықтардың  асаулары алынды, яғни ұстамсыз, немесе ашушаң болып келеді;

  - 4-ші топтарға ширақ, немесе күшті, теңдескен, байсалдыларын жинақталды;

Сонмен, зерттеу нысаны ретінде алынған 1,5 жасар  қошқарлардың типологиялық құрылымын зерттеу нәтижелері төмендегідей болды (1-ші кесте). І топқа жатқызылған қошқарлар саны 38 бас, олардың үлесі 20,9%, ІІ топқа алынғандардың 52 бас (28,8 %), ал, ІІІ және IV топқа тартылған қошқарлар саны тиісінше 53 бас, үлесі (29,4 %) және 37 бас, үлесі 20,9%.

«Малдардың дене бітімі ерекшеліктерін биологиялық тұрғыдан дұрыс танып-білу, малдарды тиісінше бағалау кезінде олардың өнімділігі, денесінің сыртқы сипаты, қай тұқымға жататыны және тіршілік ету жағдайларына қояр талаптарына сай келетін-келмейтіні жайлы белгілі пікірге келуге негіз болады. Осы және басқа да міндетті жағдайларды ескере отырып біз, келесі зерттеулерде қошқарлардың жүйке жүйелерінің қызметі типтері бойынша топтастырылған әр-бір топ көптеген сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша сараланды. Осындай сапалық көрсеткіштердің негізгілерінің бірі ретінде әр-бір топтағы малдар конституциялық типтері бойынша таралуы зерттелді. Ол үшін жүйке жүйелерінің қызметі типтері (мінез құлықтары) бойынша  сұрыпталып топтарға бөлінген малдар конституцияларының типтері бойынша жіктелді.

2-ші кесте мәліметтері бойынша, шаруашылық-биологиялық қажетті «берік» конституциялық типтегі қойлардың үлесі І-ші топта яғни «жуас» малдар арасында 76,7 %; ІІ-тотағы «үркек» малдар арасында 60,0 %; ІІІ- ші топтағы «асау» малдар арасында 66,7 %; ең көп үлесі 83,33 % IV-ші топтпғы  «байсалды» малдар арасында кездесі отыр.

 

 

 

 

 

 

1 кесте – 1,5 жасар қошқарлардың типологиялық құрылымы, n= 180 бас

Мал топтары және жоғарғы жүйке қызметінің типтері

Мінез-құлықты малдар

саны, бас

үлесі, %

І- Жуас, сыртқы әсерлерге  мән беруі баяу. Инертті

38

20,9±4,50

ІІ-Үркек, сыртқы әсерлерге  мән беруі жылдам. Әлсіз нұсқа

52

28,8±4,22

ІІІ- Асау, сыртқы әсерлерге  мән бермейді, мінезді.  Ұстамсыз  нұсқа

53

29,4±3,32

IV-Байсалды, ауыр мінезді Ширак нұсқа

37

20,9±4,84

 

 

2 кесте – 1,5 жасар қошқарлардың конституциялық типтерге бөлінуі  , %

Мал топтары және жоғарғы жүйке қызметінің типтері

Мал басы

Конституция типтері

берік

доғал

Нәзік

І-  Жуас, сыртқы әсер-лерге  мән беруі баяу. Инертті

30

76,7

13,3

1,0

ІІ- Үркек, сыртқы әсер-лерге  мән беруі жылдам. Әлсіз нұсқа

30

60,0

13,3

26,7

ІІІ- Асау, сыртқы әсер-лерге  мән бермейді, мінезді.  Ұстамсыз  нұсқа

30

66,7

6,7

26,6

IV-Байсалды, ауыр мінезді Ширак нұсқа

30

83,33

13,34

3,33

 

«Доғал» типті малдардың үлесі 6,7 -13,34% аралығында болса, «нәзік» типтілерінің үлесі І-ші  мен IV - ші топтарда менйілінше аз небәрі 1,0 - 3,33 % ал, ІІ- ІІІ -ші тотарда 26,6-26,7 % көлемінде.

Диаграмма 1 – 1,5 жасар қошқарлардың конституциялық типтерге бөлінуі  , %

  Алынған мәліметтерге қарағанда 1,5 жасар қошқарлардың жоғарғы жүйке қызметінің барлық типтерінде «берік» конституциялық типтегі қошқарлардың үлесі басқа  конституциялық типтерінен (доғалдарынан және нәзіктерінен) басым екендігі анықталды, яғни мал популяциялары арасында ширақ, күшті, теңдескен, байсалды мінезді малдардың  мейілінше басым болуын қамтамасыз етілуі керек. Осы тұрғыдан алғанда, тәжрибедегі  1,5 жасар қошқарлардың типологиялық құрылымы қалаыпты жағдайдан төмен деп есептеуге негіз бар себебі, басқаларына қарағанда ІІ типті-үркек және ІІІ типті- асау малдардың үлесі басым болып отыр.

 

Әдебиеттер

1.        Николайчев В.А. Использование биологических особенностей условного рефлекса у овец романовской породы при формировании групп на комплексах. //Сб. научных трудов НИИСХ ЦРНЗ//. М.,1991, с. 380-382,
        2. Аноприенко С. В. Воспроизводительные качества овец волгоградской породы и пути их совершенствования автореф. канд. с.-х. наук: 06.02.04. 06.02.02 Волгоград, 2007. – С. 35

2.        Онегов А. В. Отбор кобыл в дойный табун кумысных ферм с учетом типа высшей нервной деятельности автореф. канд. с.-х. наук: 06.02.04. Йошкар-Ола,  2001- С. 33

3.        Летягина Е. Н. Связь стрессоустойчивости с молочной продуктивностью, типами высшей нервной деятельности и пищевым поведением у высокопродуктивных коров автореф. канд. с.-х. наук: 06.02.04 Тюмень, 2004 – С. 35