Садуллаева А.П., Таласбаев Ш.
әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ
Қазақстан,
Алматы
Қазақстан экономикасының болашақта дамуы
инновациялық экономиканың қалыптасуымен тікелей байланысты.
Қазіргі кезде инновациялық экономика түсінігі танымал болуына
қарамастан, қазіргі кезге дейін оның құрылымы көп зерттелген жоқ.
Қазақстан соңғы жылдары экономикалық
түрленге байланысты бірталай жетістіктерге жетті. Дегенмен
экономиканың қарқынды дамуына инновациялық
фактордың қатысы төмен екенің одан басқа БҰҰ-ның тізімінде еліміз
жоғарғы орындарға, дәлірек айтқанда
алғашқы жиырмаға еңбегендігі белгілі.
Инновациялық әлеуеттің индексі бойынша
Қазақстанның орналасқан орны межеден төмен.
Осыған инновация жағдайы, университеттер мен бизнестің
байланысы, ғылыми зерттеу институттарының сапасы, прогрессивті
технологияларды өндіріске енгізу, ғалымдар мен инженерлердің
озық, жаңа технологияларын өндірісте пайдалануы және
потенттер жатады деп айтуымызға болады. Энергия тиімділігі деңгейі бойынша
Қазақстан Республикасының экономикасы әлемде
соңғы орындарды алып отыр, еліміздің өңдеуші
өнеркәсібінде дәстүрлі энергия және ресурс
сыйымдылығы жоғары сала: металлургия мен химия
өнеркәсібі алда тұр. Ресурстардың
маңыздылығы мен шикізат секторының үлесін
арттырудың жаһандық трендін ескере отырып,
Қазақстан экономикасында өңдеу өнеркәсібін
дамыту үшін ресурс тиімділігін дамытуға бағытталған
шаралар, «жасыл экономикаға» көшу және ресурстық
салалардан экономикалық пайданы арттыру тиіс. Дегенмен
Қазақстанда соңғы жылдары осы салада қалыптасып
келген жағдайлар мен инновациялық экономиканы талаптар
деңгейінде дамытуға мүмкіншіліктер жасауда. Соңғы
20 жыл ішінде негізінен қаржыландырудың сұранысты толық
көлемде жаба алмауына
қарамастан, ғылым деңгейі даму үстінде.
Экономика
өсімінің ырғағы бойынша, халықтың
жұмыспен қамтылу деңгейімен, азаматтардың нақты
табыстарын деңгейімен және
т.б. бойынша ұлттық экономиканың рөлін сипаттайтын
макродеңгейдегі бәсекелестікке қабілеттілігінің
көзқарасын ғылыми және тәжірибелік ынтасын
көрсетеді. Мұнда дәстүрлі факторларға емес,
жаңа технологияларға берілген инвестициялардың
көлеміне, ғылымның және кәсіби білім
берудің даму деңгейіне акцент қойылады. Жаһандану үрдістерін
ескере отырып, салалық ерекшелік қалыптастыру мен
кластерлердің жаһандық деңгейде бәсекеге
қабілеттілігін құру маңыздылығы дамыған
және дамушы елдерді салалық басымдықтарды
таңдауға одан сайын итермелейді. Бұл жағдайда
қолдаудың жалпы жүйелік шаралары бәсекелестікті
ынталандыру, қаржылық ресурстарға қол жетімділікті
арттыру, технологиялық даму мен инновациялық белсенділікті
қолдау сияқты салаларда өнеркәсіпті жалпы
қолдауға бағытталған. Индустриялық даму
шеңберінде Қазақстан Республикасында басым секторларды дамыту
мен барлық өнеркәсіп үшін қызмет
жағдайларын жақсарту арасындағы теңгерімділікті
қамтамасыз ету қажет.
Қазақстан
Республикасының статистика агенттігіне сілтеме жасай отыра, өндірістік инновациялық белсенділіктің 2012 жылғы
негізгі көрсеткіштері 1 кестеде көрсетілген.
Кесте 1. Өндірістік инновациялық
белсенділіктің 2012 жылғы негізгі көрсеткіштері [5]
|
Өнімдік және
үдерістік инновациясы бар кәсіпорындар саны, бірлік |
1215 |
|
Өнімдік
және үдерістік инновациялар бойынша инновация саласындағы
белсенділік деңгейі |
5,7 % |
|
Инновацияның барлық түрлері бойынша инновациясы бар
кәсіпорындар саны, бірлік |
1622 |
|
Инновацияның
барлық түрлері есепке алғандағы инновация
саласындағы белсенділік деңгейі |
7,6 % |
|
Ғылыми-зерттеу,жобалау-конструкторлық
бөлімшелердің саны |
1 015 |
«Шетелдік инвесторлардың
еліміздің шикізат қорын қолдануы үшін, жаңа
технологиялы кәсіпорындар салуы тиіс» -
делінген Елбасының 2050 стратегисында, дәл осындай
тәжірибені Қытай мемлекеті ойын ережесін жиі өзгерту
арқылы, өте тиімді қолдануда. Халықаралық
ғылыми-техникалық серіктестіктің әр ел үшін
инновацияны дамытуда перспективасы мен маңыздылығы зор.
Осы саланы
шет елдермен салыстырғанда 2012 жылы Қазақстанның
инновациялық белсенділік
деңгейі 5,7% болса, АҚШ-та 50%, Түркияда
– 33%, Венгрияда –
47%, Эстонияда – 36%, Ресейде -
9,1%-ға тен. Инновация жоқ жерден бірден өздігінен пайда бола
алмайды, олардың пайда болуы мен кенінен тарауы үшін
инновацияның сыртқы ортасын құрайтын тиімді
жағдай мен белгілі бір факторлардың жиынтығы қажет,
әрі инновация деп әлемде аналогы жоқ жаңалықтарды
ғана айта алмаймыз деген сөзбен келіспеске болмайды. Инновациялық
процестердің жуық арада табыс әкеле қоймайтыны белгілі,
осыған байланысты бүкіл әлем тәжірибесінде алғашқы инновацияларға
үкімет тарапынан аса үлкен қаржылай, заңнамалы т.б.
тұрғыдан көмек көрсетілген. Ірі инновациялық
жобаларды тікелей қаржыландыру жолымен және салықтық,
несиелік преференциялар мен амортизациялық саясат арқылы жанама
ынталандыру тәсілдерін қолдану қажет. Экономиканың
бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін факторы ретіндегі
инновациялардың маңыздылығы күмәнсіз. Ұлттық
экономиканың бәсекелестікке қабілеттілігінің
стратегиясын құрастыру және оның болашақ қызмет
етуі инновацияларды кеңінен пайдалану және инвестицияларды адами
капиталға, ғылымға, білім беруге, денсаулық
сақтауға бағыттау тұрғысынан
қарастырылған. [2]
Бүгінде электрондық әлемде
беделді орын алып отырған Жапония, Оңтүстік Корея,
Қытай ғылыми-техникалық саясатты ұтымды жүргізу
нәтижесінде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Сондықтан
да ғылыми-техникалық саясат мәселесін толыққанды
зерттеу, бұл саясаттың шет елдерде жүзеге асырылу
тәжірибесімен танысу Қазақстан сияқты жас,
ғылыми, өндірістік әлеуеті жоғары мемлекет үшін
маңызды болып табылады.
Жаңа индустриалды елдер, Жапонияны қоса
алғанда АҚШ-тың ішкі рыногында автокөліктің
және электронды техниканың 30%-ға жуығын, тоқыма
және тігін өнімдерінің 50%-ын қамтамасыз етеді. Сонымен
қатар осы елдердің экономикалық дамуында ТҰК-дың
алатын орны ерекше. БҰҰ-ның сарапшылары оларды «әлемдік
рыноктың қозғаушылары» деп атаған. 1990ж. әлемде
40 мыңнан астам ТҰК, 250 мың еншілес компаниялары құрылған. Олар
өнеркәсіптік өндірістің 40%-ын және әлемдік
сауданың жартысынан көбін
бақылайды, 500 ТҰК электроника және химия
өндірісінің 80%-ын, фармацевтиканың 95%-ын, машина
құрастырудың 76%-ын жүзеге асырады.
Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен
инновациялық процестерді мемлекеттік қолдаудың негізгі
кең тараған үш әдісі бар:
1. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің
тікелей қатысуы. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ірі
лабораториялар қалыптастыру, нәтижесін ақысыз түрде
көпшілікке ұсыну. Әдетте бұл лабораториялар
қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл
шаруашылығы мәселелерін шешумен айналысады.
2. Қайтарымсыз негізде мемлекеттiк
субсидиялар бөлу. Мемлекеттік емес лабораторияларда іске
асырылатын ғылыи зерттеу жұмыстарына қайтарымсыз негізде
мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді. Негізгі қойылатын шарт
зерттеулер барысы бойынша толық есеп беру, алынған нәтижені
ашық түрде жариялау.
3. Ғылыми-техникалық зерттеулер мен
тәжірибе жүргізуге инвестиция бөлінген жеке бизнеске
салықтық жеңілдіктер ұсыну.
Бұл мәселенің шет
елдерде қалай шешілетініне назар аударып көрелік. Жапонияда
инновацияларға 2-шi дүниежүзілік соғыстан кейін
көп көңіл бөліне бастады. Елде шағын және
орта кәсіпорындар бүкіл экономиканың негізін құрады.
Ал мемлекет инновациялық саясатты солар арқылы жүргізеді.
Шағын кәсіпорындар барлық кәсіпорындардың 99%-ын
құраса, олардың ЖҰӨ-дегі үлесі 52%-ды
болды. Мемлекеттік деңгейде инновациялық кәсіпорындарға
мынандай қолдау көрсетіледі:
1. Мамандандырылған мемлекеттік мекемелер
(шағын инновациялық кәсірорындарға кеңес беретін
комисссиялар, кәсіпорындарды қолдайтын бас басқарма,
регионалдық органдар, мемлекеттік даму корпорациясы, шағын
инновациялық кәсіпорындар академиясы, шағын
инновациялық кәсіпорындардың бүкіл жапондық регионалдық
орталық комитеті) жаңадан құрылған шағын
кәсіпорындарға көмек көрсетеді.
2. Қаржылық кепіл беру мен
қаржылық көмек көрсету. Оны Жапонияда 59 филиалы бар мемлекеттік
қаржылық корпорация, 102 филиалы бар ұлттық
қаржылық корпорация, 117 филиалы бар сауда және
өндірістік кооперацияның Орталық банкі, шағын
инновациялық кәсіпорындарға арналған кредиттерді
сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады. Шағын және
орта бизнесті қолдаудың жапондық жүйесінің
негізгі элементі ол құқықтық-нормативтік
қамтамасыз ету болып табылады. Оған “Шағын және орта
бизнесті мемлекеттік қолдау” туралы Заңнан бастап “Жаңа
қызмет түрін енгізуде туындайтын төтенше жағдайлар”
туралы Заңға дейін т.б. заңдар кешенін қамтиды.
Жапонияда
Орталық банктер несиенің 47%-ын, ал жергілікті коммерциялық
банктер 100% несиені шағын және орта кәсіпорындарға
береді. Шағын инновациялық кәсіпорындарды
қаржылық қолдаудың арнайы механизмдері
қолданылады. Олар “жеңіл қарыздар” деп аталады. Егер жай
қарызды 4-8%-бен алса, шағын инновациялық кәсіпорындар
қарызды осының жартысымен, яғни 2-3%-бен алады.
Жапондықтар жаңа өнімді ойлап
табу және оны жасап шығару жылдамдығынан американдықтар
мен еуропалықтарды да басып озды. Жаңа автокөлік Жапонияда 1
айдан кейін шықса, АҚШ-та - 4 ай, Еуропада 2 айдан кейін
шығады. Жапондықтар үшін өнімнің сапасын
қажетті деңгейге жеткізу үшін 4 ай жеткілікті, ал
АҚШ-та бұл көрсеткіш - 11 ай.
Ал
Оңтүстiк Корея Республикасының ғылым мен техникасы
соңғы 30 жылда өте қарқынды дамыды. Екінші
дүниежүзілік соғыстан әлемдегі ең кедей
елдердің бірі болып шығып, соғыстан кейін зерттеулердің
басым бөлігін қорғаныс, ядро және ғарыщты игеру
салаларына бағыттады. 1967 жылы басты міндеті
ғылыми-техникалық саясатты жобалау және жүзеге асыру
болып табылатын “Ғылым және технология министрлігі”
құрылды және “Ғылым мен техниканы қолдау туралы”
Заң қабылдады [1].
1966 ж. мемлекет тарапынан
қаржыландыратын тұңғыш зерттеу институты “Корей
Ғылым және технология институты” құрылды (KIST).
Оның негізгі мақсаты озық шетел технологиясын үйрену
және оны өндірісте қолдану болды. Сонымен
қатар, Корея мемлекеті өз саясатын отандық өндірушілерін
ынталандыруға бағыттады. Ол экономиканың басымды
салаларындағы несиелер бойынша пайыздық қойылымдарды
кеңінен субсидиялау арқылы жүргізілді. 70-жылдардың
ортасынан басталған келесі кезеңде машина жасау, тоқыма өнеркәсібі, кеме жасау,
химия, электроника және электроэнергетика секілді капиталды көп
қажет ететін және технологиялық тиімді салаларға салықтық, кедендік және басқа да
жеңілдіктер түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді
80-жылдардың
басында инновациялық саясатты дамытудың және жүзеге асырудың
3-кезеңі аяқталды. Ол стратегиялық маңызды
салаларға шоғырланған инвестицияларды бағыттауды
қаржыландыру, инвестициялау және кедендік бақылау салаларын
либерализациялауды көздеді. Зерттеулер мен жобалаулар саласында
тұңғыш Ұлттық бағдарлама жасалды. Ғылымды,
білікті мамандарды даярлауды мемлекеттік қаржыландыру күшейе
түсті. “Даэдок” ғылыми қалашығы құрылды.
Бұл ғылыми қалашық мемлекет тарапынан және жеке
сектордан қаржыландыратын оқу орындары, зерттеу орталықтары
мен венчурлік фирмаларға ғимарат беріп, олардың біріккен
зерттеулеріне көмек көрсетті. Кореяның 1997-2002 ж.ж
арналған инновацияның 5- жылдық жоспары мен елдің 2025
жылға дейінгі ғылым мен техниканы дамытудың ұзақ
мерзімді жоспарында да мемлекеттің рөлі ерекше болып табылады [3].
Қытай, Индия, Бразилия
осы салада үлкен тәжірибеден өтті, олар ірі
ұлтаралық компаниялардың инновациялы-технологиялық
орталықтарын дамушы нарықтарға орналастырудағы
ұмтылыстарын дұрыс қолдана білді. [4] Көптеген
трансұлттық компаниялар жоғарыда айтылған мемлекеттерде
инновациялық орталықтарын ашқан. Бұл өз кезегінде
технологияларды трансферлеуге, әрі жаңа технологиялық
алаңқайлар құруға көмегін тигізді.
Қорыта келгенде Қазақстанда заманауи
өнеркәсіптік саясаттың негізідері қалыптасты,
шикізаттық емес экспортты ұлғайту және шикізаттық
емес секторға инвестиция тарту есебінен экономиканы әртараптандыру
басталды.Ұлттық
инновациялық жүйелердің әлеуетін біріктіретін
мемлекетаралық инновациялық кеңістік, кең ауқымды
ғылыми-техникалық, өндірістік және инновациялық
бірлесу инновациялық дамудың орнықты сипат алуына,
ғылыми-техникалық әзірлемелерді, идеяларды, олардың
пайда болу орнына қарамастан, тиімді пайдалануға, білім-білік
экономикасын құру жолындағы кедергілерді жоюға
мүмкіндік береді. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей,
ғылыми-техникалық әлеует кез-келген мемлекеттің
өркендеуінің кепілі. Қазақстан экономикасының инновациялық
бағыттылығын арттыруда инновациялық даму саясатын сәтті
жүзеге асырып жатқан
елдердің тәжірибесін пайдаланудың маңызы зор.
Дегенмен ол тәжірибеніелдің экономикалық,
ғылыми-техникалық, табиғи-климаттық ерекшеліктеріне
қарай таңдаған дұрыс. Дамыған елдердің инновациялық саясатын, негізгі ынталандыру шараларын зерттеп, соған
қарай инновациялық үдерістерді жүзеге асыру шараларын
тиімді қолдау және ынталандыру жүйесінің
қазақстандық үлгісін қалыптастыру тиіс.
Әдебиеттер
тізімі:
1. Анализ
экономического потенциала. //Казхатан спектр №3, 2003. стр. 61.
2. Тұрғынбаева А.Н. Модель «открытых
инноваций» в национальном контексте.//В монографии «Инновационные тренды экономики
Казахстана».-Алматы:Қазақ университеті, 2013. – 199 с. (с.40-48)
3.
Б.А.Алдашов, Е.В.Ткач // Инновационная
инфраструктура: понятие,основные элементы и направления развития//НПЖ Транзитная экономика.-№2,
2007, стр. 110-114.
4.
http://www.innovbusiness.ru
5. Қазақстан
Республикасы Статистика агенттігі. Ғылым,
инновация, ақпараттық қоғам Астана. www.stat.gov.kz