ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ЭКОНОМИКА

 ДАМУЫНДАҒЫ ОРНЫ

 

Сәрсенқұлова А.С.,

АТУ-дың аға оқытушысы

(Қазақстан, Алматы қ.)

 

        Нарыққа негізінен миллиондаған айналымы бар корпорацияларға жол ашық, ал шағын және орта кәсіпкерлік саласында 1 немесе 2 адамның ғана өздерінің жеке мамандарының көмегінсіз барлық стратегиялық шешімдерді қабылдауға өкілеттігі бар бизнесті шағын деп есептеуді ұсынады.

      Анағұрлым жаңашыл зерттеулерде шағын және орта бизнестің мынадай сипаттамалары ұсынылуда: кәсіпорын құнды қағаздарының ашық сатылмауы; кәсіпорындардың құнды қағаздар шеңбері шектеулі; негізін қалаушылар – тәуекелге бейім алғашқы ұрпақ кәсіпкерлері; менеджерлер командасы толығымен жинақталмаған; бизнес жоғары маркетингтік шығындарға ұшырауда; акционерлермен өзара қатынас аз, жалаң сипатқа ие; бизнес әртүрлі компетенция түрлерін таңдауға жоғарырақ икемділік дәрежесіне ие болады.

     Д.Лонгенеке, У.Петтидің, К.Мурдың зерттеулерінде жеке көрсеткіштер ұстанымындағы тәсіл анағұрлым негізгі айырмашылықтарды іздестірумен ұштастырылып, шағын және орта бизнеске анықтама беру үшін келесі критерийлер ұсынылуда:

1.     Бизнесті қаржыландыру бір инвестормен немесе инвесторлардың шағын тобымен жүзеге асырылады. Тек айрықша жағдайларда ғана бизнестің 15–20 дан көп инвесторлары болуы мүмкін;

2.     Фирма өзінің маркетингтік бағдарламасын іске асыруда географиялық шектелген аймақтарда жұмыс істейді;

3.     Әдетте бизнестегі жұмысшылардың саны 100 адамнан аспайды;

4.     Ірі фирмалармен салыстырғанда бизнес шағын және орта болып есептелуі мүмкін.

Қазақстан жағдайында шағын және орта бизнеске анықтама бере отырып, қолда бар шетелдік тәжірибелерді ескере келе, шағын және орта бизнеске келесідей сипаттама беруге болады. Шағын және орта бизнес кәсіпорындары деп, бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, географиялық шектелген аймақтарда жұмыс істейтін және нарықтың шектелген үлесіне ие кәсіпорындарды айтамыз. Бұл кәсіпорындарда басқаруды негізін салушылар жүзеге асырады,олар барлық негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайды; басқару – нысаншылдықтың жоқтығы мен ұтымды шешім қабылдау сипатымен ерекшеленеді; басқару саласында, сондай-ақ өндіріс саласында жұмысшылардың жоғары өзара ауыспалылығы байқалады.

Бізде шағын және орта бизнес түсінігі дәстүрлі түрде бірінші кезекте  шағын және орта кәсіпкерлікпен ұқсастырылады. Әлі сонау 1990 жылдың тамызында КСРО  Министлер Кеңесінің «Шағын және орта кәсіпорындарды құру және дамыту шаралары туралы» қаулысы қабылданып, соның негізінде Қазақ ССР Министірлер Кеңесінің сәйкес № 432 қаулысы қабылданды. Шағын және орта кәсіпорынды жіктеу кезінде, онда жұмыс істейтін адамдар саны факторы негізге алынды. Шағын және орта кәсіпорындар азаматтар, жанұя мүшелері және сауда шаруашылығын біріккен түрде жүргізетін басқа тұлғалар тарапынан,мемлекеттік мүлікті басқаруға өкілеттілігі бар әр түрлі заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдар тарапынан құрылуы мүмкін еді.

Түрлі ғалымдары мен сарапшылары айтуы бойынша шағын және орта бизнестің аса маңызды мәні – жұмыссыздыққа қарсы күресу. Бүгінде ең дамыған елдерде экономиканың бұл секторына әрбір 10 кәсіпорынның  9-ы, ал Жапонияда, Германияда – барлық кәсіпорындардың жартысы жатады, оларда еңбек етуге жарамды барлық халықтың 2/3 бөлігіне жуығы жұмыс істейді.

Шағын және орта бизнес – орташа тап негізі – дамыған елдерде азаматтардың 70 - 80 % - на жұмыс және мембюджетке негізгі түсімдер беруде.

         Шағын және орта бизнес – қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да бір белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын.

         Шағын және орта кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – ол жеке іскерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде өздігінен іс – қимыл жасайды. Жеке кәсіпкерліктің тағы бір түрі – жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің мұндай формасында мекеме құру құқы кез келген азаматта бар. Бұл үшін ол жеке кәсіпорынды тіркеуден өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алуы керек.

         Монополизм нарықтағы еркін бәсекелестің мүмкіндігін жоя отырып, экономикалық өрлеуге кері әсерін тигізетіні белгілі, яғни капитал мен өндірістің жиынтығын құрайтын монополизмнің бойында қай кезде де тоқырау қаупі бар. Оған қарсы тұра алатын бірден бір фактор – ол әлемдік тәжірибеде кең етек алған, біздің елімізде де енді дамып келе жатқан шағын және орта бизнес. Жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде шағын және орта кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі шағын және орта бизнес халықтың әл – ауқатын арттырумен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Бұл жағдайда төмендегі кестенің көрсеткіштерінен айқын байқауға болады.

 

Кесте 1 Шағын және орта бизнеске қатысушылардың жалпы жұмысқа қамтылғандар санындағы әр елдегі үлесі

 

Ел  аты

Үлесі

Ел  аты

Үлесі

Италия

80%

Румыния

27%

Ұлыбритания

76%

Венгрия

24%

Жапония

73%

Словакия

23%

Бельгия

72%

Польша

23%

Франция

69%

Ресей

10%

Германия

64%

Беларусь

6%

АІШ

53%

Хорватия

22%

 

       Кәсіпкерлік сектор нарықтық бәсекелестің өзгерісіне өте сезімтал. Сонымен қатар экономикадағы бәсекелес сипатты қолдай отырып, орта топтың қалыптасуының негізін қалайды. Осындай әлеуметтік базаны дамытпастан нарықтық реформаларға жоғары баға беру мүмкін емес. Бұл сипаттаманың әділдігін экономиканың қолдаушы күші болған шағын және орта бизнесті кең бағытта қолдаған шет елдердің тәжірибесі айғақтайды.Мысалы, АҚШ–та жалпы өнімнің 40% және еңбекке қабілетті халықтың елу 53%  оның үлесіне тиеді. Ірі корпорацияларға қарағанда шағын кәсіпорындар технологиялық жаңалықтарды анағұрлым көп игереді. Мұндай кәсіпорындар тауарларды экспортқа шығаруға мүмкіншіліктері мол. Олардың үлесіне: Германия, Италия, Жапония, сияқты елдерде тауар экспортының 40% жуығы тиселі екен.

        Кесте деректері дәлелдеп отырғандай, шағын және орта бизнес өркениетті елдерде әлеуметтік мәселелерді шешудің басты күші бола отырып, тұрақтылықтың кепіліне айналуда. Экономикалық және статистикалық мәліметтер бойынша шағын және орта бизнес субьектілерінің рөлі тіпті дамыған елдерде артқаны байқалады. Шағын және орта бизнес субьектілерінің санын арттырып, оларға көмек көрсете отырып, мемлекет экономикалық, әлеуметтік, әсіресе жұмыспен қамту мәселесін шешеді. Әдетте, шағын және орта бизнестің дамуынан келесі мәселелер шешімін табады:

·        қоғамдық қажеттіліктерді толық қанағаттандыратын бесекелестік және нарықтық қатынастардың қалыптасуы;

·        тауар ассортиментінің кеңеюі, қызмет көрсетуді жетілдіру, оның сапасын жоғарлауы;

·         экономиканы құрылымдық қайта құруға ықпалы;

·        өндіріс пен қызмет көрсетудің нақты тұтынушыларға бейімделуі;

·        жеке қаражаттардың өндірісті дамытуға жұмсалуы;

·        қосымша жұмыс орындарының пайда болуы, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі;

·        адамның шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануы;

·        еңбекке қоғамның жекелеген кейбір топтарын тарту;

·        жерді, шикізат қорын және ірі өндіріс қалдықтарын пайдалану; мемлекеттен тиімділігі және табысы аз кәсіпорындарды сатып алуы немесе қолға алуы.

                Шағын және орта бизнестің осындай, басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары шағын және орта бизнесті дамыту мәселесін маңызды мемелекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.

Нарықтық экономиканың субьектісі ретінде шағын және орта бизнестің артықшылықтары мен  кемшіліктері де бар. Шетелдік және отандық шағын  бизнестің сипатын  зерттей келе, келесі артықшылықтарды атап өткен жөн:

·        жергілікті жерде шаруашылықты  жүргізу жағдайында тез бейімделу;

·        шағын және орта бизнес субьектілерінің іс-әрекет жасаудағы тәуелсіздігі;

·        шешімдер қабылдауда және оны іске асыруда бейімділік пен оперативтік;

·        салыстырмалы түрдегі аз шығындар, әсіресе басқаруға жұмсалатын;

·        жеке тұлғаның өз идеяларын іске асырудағы зор мүмкіндіктері, кәсіпкерліктің дамуы;

·        қорға деген аз сұраныс, өнімге және өндіріске өзгерістерді тез енгізу мүмкіндігі;

·        капитал айналымның жоғары болуы

       Халықаралық еңбек бюросының баяндамасында шағын және орта кәсіпорындардың бірқатар бәсекелестік артықшылықтары аталған. Бір қызметкерге шаққандағы қажетті қор мөлшерінің аз болуы, шағын кәсіпорындар жергілікті еңбек және материалдық ресурстарды ірі кәсіпорындарға кеңінен қолданады. Табысқа жету жолында жеке ынтаның басым болуы, кәсіпорын жұмысына да үлкен әсер етеді. Шағын және орта бизнес субьектілері жергілікті нарықтағы сұранысты өте жақсы біледі, кей кезде нақты тұтынушының тапсырысы бойынша тауар шығарады, кәсіпқой мамандарды даярлайды. Кейбір мемлекеттерде тауар өндірісі, қызмет көрсету деңгейі бойынша шағын және орта бизнес алдыңғы орында тұрады.

Шағын және орта бизнес субьектілерінің бірқатар кемшіліктері де бар. Негізгі кемшіліктері:

·        Тәжірибе көрсеткендей, шағын және орта кәсіпорындардың сәтсіздікке ұшырауы басқарушылық білімінің төмен болуына байланысты. Жұмыстың сәтсіз аяқталуының басты себептері:

·        біліктіліктің төмен болуы;

·        тәжірибенің жоқтығы;

·        коммерцияда, қаржы мәселесін  шешудегі тәжірибенің аздығы;

·        бизнеске салқын қарау:

·        кәсіпкер денсаулығының нашар болуы немесе ерсі әдет – қылықтары;

·        алаяқтық;

·        табиғи апаттар, өрт және тағы басқалар.

       Сонымен қатар өндірістік және сауда кәсіпорындары дебиторлық қарызды өтеудегі қиындықтарды көрсетеді.  Сауда саласына жоғарыда аталғандармен бірге дұрыс орынның болмауы және қойма шаруашылығын басқарудағы қиыншылықтар жатады.

       Қазіргі уақытта шағын және орта бизнесті жүргізу үшін білім қажет. Кей кезде шағын немесе орта бизнестің басшысы жақсы коммерсант болғанымен, өндірістік мәселелерде ешқандай тәжірибесі жоқ болады және керісінше жағдай да болуы мүмкін.

       Шағын және орта бизнес, қазіргі кезеңде жұмыссыздықпен сипатталатын Қазастан экономикасын қажетті жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Американ экспресс мәліметтер бойынша, барлық жаңа жұмыс орындары тұрақтанған ірі компаниялардың есебінен емес, жаңа фирмалар есебінен ашылуда. Мысалы, 1987 ж. АҚШ – тың 500 ірі компанияларындағы жұмыс орындарының өсу қарқынына қарағанда, 7 миллион шағын фирмалардағы жұмыс орындарының өсу қарқыны 3 есе көп болды.

Дәстүрлі түрде ірі кәсіпорындар мен фирмалардың жұмыс істеуі пайдасыз болып табылатын салаларда шағын және орта бизнес барлық мүмкін болатын қызметтер мен қосалқы жұмыстарды атқаруда кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып, ірі фирмалар мен компаниялардың тиімді жұмыс істеулері үшін қолайлы жағдайлар жасап отыр. Бұл жерде 50 – ші жылдардан бері, келісім – шарттар негізінде, ірі компаниялардың шағын және орта маманданған фирмаларға тапсыратын жұмыс көлемі күрт өсе бастаған Жапония тәжірибесі көңіл аударарлық. Мысалы, 1966 жылдан 1981 жылға дейін ірі фирмалармен контракт бойынша жұмыс істейтін шағын және орта фирмалардың (300 адам жұмыспен қамтылған) үлесі олардың жалпы санында (шағын, орта және ірі фирмалар санының қосындысының) 53,5 – тенг 65,5 % - ке көбейді. Электроника өнеркәсібінде бұл үлес 1981 ж. 85,7 % - ке жетті. Ал осы өнеркәсіп саласындағы өндіріс көлеміндегі қосалқы жұмыстардың құндылық көлемінің үлес салмағы 90 – шы жылдардың басында 80 % - ке жетті.Сондай – ақ құрылыста шағын, орта және ірі фирмалардың әр түрлі қызмет салалары бар. Ірілері үлкен объектілердің әсер ету жағдайында сәтті жұмыс істейді және ірі тапсырыс берушілермен жұмыс істейді. Шағын және орта құрылыс фирмалары болса, құрылыстық– монтаждық жұмыстарға, бар объектілерді модернизациялау мен қайта құруға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жеке тапсырыс берушілермен жұмыс істеуге бет алуда.

Спецификалық функцияларды істей отырып, ірі және шағын құрылыс фирмалары бірін – бірі толықтыруда деуге болады. Сондықтан, шағын және ірі құрылыстық кәсіпорындар арасында тікелей бәсекелестік туралы айту заңсыз. Шағын және орта бизнес ірі бизнеске қарағанда анағұрлым тиімдірек жұмыс істейтін салаларда өзінің нарықтағы тауашасын сәтті иеленеді. Мысалы, ірі комбинат әсері – бұл ірі бизнес саласы екендігіне сөз жоқ, бірақ осы комбинаттағы электромонтаждық фирмалар электромонтаж жұмыстарын әлдекайда тиімдірек орындайды. Осы тұрғыдан шағын, орта және ірі бизнесті салыстыруына көңіл аударатын болсақ, мен шағын, орта және ірі бизнесті салыстыруды кесте түрінде ұсынамын.

 

Кесте 2 Шағын, орта және ірі бизнесті салыстыру анализі.

 

Критерий

Ірі бизнес

Шағын бизнес

1

Қызмет көрсету мен өндіріс салалары

Өнеркәсіп, отын энергетикалық кешен, энергетика

Қызмет көрсету саласы сауда және қамтамасыз етуші өндірістер

2

Шығарылатын өнім сипаты

Массалық өндіріс

Ұсақ сериялы немесе жеке өндіріс

3

Жаңа енгізілімге деген қабілеттлік

Жаңа енгзілімге қабілеттілігі аз

Ірілерге қарағанда, жаңа енгізілімдер 24 есе көп

4

Стратегияның өзгеруі

6-10жыл

0,5-1 жыл

5

Қызмет саласы

Ірі қалалар және өндіріс кешені

Үлкен және шағын қалаларда

6

Бәсекелік ортаны құру

Нарықтың елеулі бөлігін жаулап алу есебінен бәсекенің шектелуі

Бәсекелестік ортаның күшеюі

7

Кәсіпорынды құру және тіркеу

Қаржылық шығындардың едәуір болуы және тіркеу процедурасының созылмалығы

Бастапқы шығындардың және тіркеу талаптарының төмендігі

8

Жаңа жұмыс орындарын құру

Жұмыс орындарын құру қарқыны анағұрлым төмен

Жұмыс орындары өте жылдам (3 есе) қарқынмен құрылуда

9

Жұмыс күшін оңтайландыру мүмкіндігі

Жұмысшылардың тар көлемді маман болғандығынан мүмкін емес

Жұмысшылардың жоғарғы  дәрежедегі ауыспалылығының арқасында мүмкіндік мол

10

Басқару құрылымы

Көлемі зор басқару құрылымы

Басқарудағы икемділк, басқару аппаратындағы жұмыскерлер саны ең төменгі

11

Басқару жүйесіндегі мүдделердің ұштастырылуы 

Құрылтайшылар мен менеджерлер мүдделерінде қарама – қайшылық болғандықтан ұштаспайды.

Құрылтайшылар мен менеджерлердің міндеттер бір адам үйлестіретіндіктен, басқару жүйесін де мүдделер қарама – қарсылы болмайды.

 

Шағын және орта бизнестің артықшылықтары айқын. Бұл – шағын және орта бизнестің динамикалығы, икемділігі, өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызмет  түрлерін тез ауысуы қабілеттілігі, технология саласында сондай –ақ басқа жұмыс істеу салаларында жаңалықтарды енгізу қабілеттлігі. Соңында, шағын және орта фирмаларындағы еңбек ұжымында тұрақты емес қатынас орнатылады, үлкен бюрократиялық құрылым жоқ, жұмысшыларды басқаруға, табыстарды басқаруға тікелей қатыса алады.

Шағын және орта бизнестің басты ерекшелігі – кірістерге қатысумен және жұмыспен қамтылғандықты сақтап қалуға ынталы болумен шартталған, жұмыстың ең жоғарғы нәтижелігіне деген жалпы біріккен құштарлық, коллективтік  түрде еңбек етуге және бригада болып жұмыс істеуге деген ұмтылыс. Ірі фирмаларда негізгі қалаушылар яғни құрушылар кәсіпорынды басқару үшін маман менеджерлерді тартуға мәжбүр, бірақ бұл көбінесе екі жақ мүдделерінің тоғыспауына келеді, ал ол өз кезегінде жалпы басқару тиімділігіне әсер етеді. Шағын кәсіпорындарда мұндай қарсылықтардан құтылып кетуге болады, себебі негізін қалаушы мен менеджер – бұл ереже бойынша бір  адам.

Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде шағын және орта бизнес қайтадан өз мәні мен  маңыздылығына ие болды. Көптеген елдердің үкіметтері шағын және орта бизнесті жаңа ойлардың, жаңа жұмыс орындарының, табыстар мен  өркениеттіліктің көзі ретінде қарастырып, дамуына жағдай жасау шараларын қабылдауда.

 Шағын бизнес шағын және орташа қалалардың жұмыс істеу негiзi болып, ол жердің тұрғындарына тұратын жерлерінің, қасынан жұмыс табуға жол ашады. Мысалы, Көкшетау қаласының жағдайында, бұрынғы үлкен "Көкшетаустрой ",Kөкшетаустрой-1 ", "Көкшетаустрой-2" трестері сияқты құрылыс өндiрiстерiнiң көлемi қысқартылып немесе жабылып жатқанда, шағын құрылыстық фирмаларды құру жүздеген құрылыс мамандарына өз қаласынан тысқары шықпай-ақ жұмысқа тұруға мүмкіндiк бердi.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе ipi бизнестен мүлдем бас тарту емес, ал Қазақстан экономикасы үшiн шағын және орта бизнестiң үлкен артықшылықтарын көрсету болып табылады. Оның үстіне, шағын және орта бизнес тек қана экономиканы жандандырушы фактор болып қана қоймай, сондай-ақ, оны экономикалық дағдарыстан шығуының алғашкы кезеңі ретiнде де қарастырылады. Шағын фирмаларды көбiрек құру – жұмыссыздық проблемасын жеңілдетуi, сауыққан бәсеке орта кұруы, қаржы нарығын жандандыруы, ipi бизнестің дамуына бастама беруi және бүгiнгi барларының ауқымын кеңейтуі мүмкін.

  Экономиканың бұл күштi қорегін жоғары дамыған елдерде елемей кетпейдi, олар шағын және орта бизнесті, сайып келгенде кез-келген ipi бизнестiң негiзi деп, өздерiне есеп беруде, себебі кез-келген ipi кәсiпорын eкi адамның, бастапқы аздаған капиталмен өз iciн бастау идеясынан басталады. Идея кәсiпорынның кipic әкелу мүмкiншiлiгiне айналады. Кipicтің өcyi өндiрiстiң дамуына жағдай жасайды, бұл кірістің одан әрi өcyiнe әкеледі, демек өндірістің әрі қарай даму мүмкiндiгі пайда болады. Шетелдегi шағын және орта кәсiпорыннан млн. айналымы бар компанияларға айналатын ipi фирмалардың бастапқы тарихы осындай.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.     Назарбаев Н. А. «Қазақстан - 2030» Алматы 2002 г.

2.     Кокумбаев К.Т. Бизнестің жол картасы – 2020 // IBS бағдарламасы бойынша «Экономиканың инновациялық – технологиялық платформаға көшу стратегиясы» атты ғылыми-практикалық конференциясы.

3.     «Қазақстанның 2010-2014 жылға үдемелі индустриалды-инновациялық даму» Бағдарламасы.

4.     Мәжілісте «Қазақстанның 2010-2014 жылға үдемелі индустриалды-инновациялық даму» Бағдарламасына арналған Үкімет сағатында ҚР Премьер-Министрдің Орынбасары Индустрия және жаңа технологиялар Министрі Әсет Исекешовтың баяндамасы.

5.     Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 ж. 29 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы.