Оқас С.А.
Т. Рысқұлов ат. ҚазЭУ магистранты,
Алматы қ., Қазақстан
Қазақстанда туризм саласының даму
бағыттары
Туризм экономикасының басым
салаларының бiрi ретiнде белгiленген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
«Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн,
бәсекеге қабiлеттi экономика, бәсекеге қабiлеттi
ұлт үшiн» Қазақстан халқына Жолдауында
қойылған мiндеттерге байланысты қазiргi уақытта туризмдi
дамытуға ерекше маңыз берiледi.
Туристiк
инфрақұрылымды дамыту және қазақстандық
туристiк қызметтi әлемдiк нарыққа жылжыту
мақсатында көптеген шаралар қолға алынуда.
Туристiк саланы дамытудың
өңiрлiк бағдарламалары аясында туристiк саланың
қызметiн реттеу, туризмдi дамыту мақсатында мемлекеттiк
басқару мен қолдауды қамтамасыз ету, инфрақұрылымды
қалыптастыру, қалалар әлеуметiн көтеру
қарастырылған.
Қазiргi таңда туристiк саланы дамытудың
мынадай негiзгi бағыттары белгiленедi:
-
Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеу.
Туризмдегi
мемлекеттiк реттеу жүйесiн жетiлдiру туристiк қызметтi жүзеге
асырудың өзгерген әлеуметтiк—экономикалық
жағдайларға толықжауап беретiн мақсаттарына,
қағидаттарына және мiндеттерiне сай жаңа
көзқарастарды талап етедi.
Қазiргi уақытта, саланы мемлекеттiк реттеу
мынадай шараларды жүзеге асыруға бағытталуға тиiс:
республикалық және аймақтық деңгейлерде туризмдi
дамыту саясаты мен жоспарлауды үйлестiру;
туристiк индустрия
саласындағы қарым-қатынасты ретке келтiрумен жетiлдiруге
бағытталған заңнамалық және нормативтiк
құқықтық базаны қамтамасыз ету; сапалы
туристiк өнiмнiң ажырамас бөлiгi ретiнде туристердi
қорғауды және олардың қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету; статистиканы және зерттеу қызметiн жетiлдiру;
туризм саласында мүдделi министрлiктер мен ведомстволар, сондай-ақ
мемлекеттiк және жеке секторлар арасында жоғары деңгейдегi
үйлестiрудi қамтамасыз ету; лл беделiн қалыптастыру,
қазақстандық туристiк өнiмнiң маркетинг
және жылжытылуы жөнiндегi басым шараларды белгiлеу, оның
iшiнде туристiк көрмелердi және басқа iс-шараларды
ұйымдастыру; халық арасында туризм құндылықтарын
және қоршаған ортаны қорғауды насихаттау;
мемлекеттiң туристiк көрнектi орындарын құру және
қорғау;
-
Туризм
инфрақұрылымын дамыту.
Республикада
жүзеге асырылып жатқан әлеуметтiк- экономикалық
өмiрдi реформалау туризмдi және оның
инфрақұрылымын толық қамти қойған
жоқ. Туризмнiң материалдық базасының нашарлығынан
Қазақстан жыл сайын миллиондаған долларды жоғалтуда,
бұл туристiк салаға күрделi қаржыны, сондай-ақ
отандық және шетелдiк инвесторлар қаражатын тартуды
қажет етедi.
Ұлттық
туристiк өнiм ерекшелiгiн ескерiп, тұрақты туристер
ағынын қамтамасыз етуге қабiлеттi елдiң туризм
инфрақұрылымын дамыту үшiн: жалпы пайдалану және
туристiк мүқтажды қанағаттандыру үшiн
жол-көлiк инфрақұрылымын дамыту; iлеспе
инфрақұрылымды: қолданыстағы және ықтимал
туристiк аймақтардағы сумен, электрмен жабдықтау,
кәрiздер және катты қалдықтарды жою жүйесiн,
телекоммуникацияларды дамыту; туристiк кешендердi, этнографиялық
мүражай-ларды және демалыс аймақтарын құру;
тарихи-мәдени және
этнографиялық ескерткiштердi қалпына келтiру және
мүражайға айналдыру; жыл бойы пайдаланылуын ескере отырып, туристiк
обьектiлер жобаларын, оның iшiнде орташа және шағын
орналастыру құралдарын жасау және оларды салу қажет.
-
Маркетинг
стратегиясын әзiрлеу.
Ұлттық
туристiк өнiм және оны дамытудың әлеуметiне
сәйкес маркетинг стратегиясын әзiрлеу қажеттiлiгi бар.
Маркетинг стратегиясын iске асыру мақсатында
мемлекет мынадай мiндеттер белгiлеп отыр: сапалы туристiк қызмет
көрсетудi ұсынатын туристiк орталық ретiнде
Қазақстан туралы туристер жiберiлетiн негiзгi елдерде жағымды
пiкiр қалыптастыру;Қазақстанды ерекшелейтiн
сипаттамаларға және артықшылықтарға негiзделген
маркетингтiк iс-шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру;
қосымша мүмкiндiктер бере отырып, төлем қабiлетi
жоғары деңгейдегi туристердi тарту; рыноктың жаңа
сегментерiн айқындауға бағытталған зерттеулер
жүргiзу; жыл iшiнде туристiк инфрақұрылымның
бiрқалыпты жүктемесiн камтамасыз етуге бағытталған
маркетингтiк және базалық тэсiлдердi қолдану арқылы
туризмнiң маусымдық жылжытылуын күшейту;
Ұлттық, туристiк
өнiмдi жылжытудың жаңа ақпараттык технологияларын
пайдалану;.
Туризмдi дамытудың
тұрақты сипатын насихаттау қажет.
-
Қазақстанның
туристiк бейнесiн қалыптастыру.
Жерлерi Ұлы
Жiбек жолының учаскесiнде сан алуан тарихи оқиғалардың
ғасырлар бойғы куәгерi ретiнде Қытай мен Еуропаны
жалғастырып жатқандығына қарамастан,
Қазақстан әлi де болса, туристiк бағыт ретiнде
әлемге танымал бола қойған жоқ.
Қазақстанның тартымды туристiк беделiн құру
тиiстi кең ауқымды шаралар кешенiн әзiрлеудi талап етедi.
Беделдi көтерудiң
негiзгi iс-шаралары Қазақстанның туристiк фирмаларымен
агенттiктерiнiң халықаралық туристiк көрмелерге,
жәрмеңкелер мен конференцияларға, оның iшiнде ДТҰ
тарапынан өткiзiлетiндерiне қатысуы, сондай-ақ
Қазақстан республикасының аумағында осыған
ұқсас iс-шаралар ұйымдастыру болуға тиiс.
Қазақстанды Еуразияның қоғамдық және
мәдени қүбылыстар орталығына айналдыруға
ықпал ететiн конгрестiк туризмдi дамытудың маңызы бар.
Туризмдегi халықаралық
ынтымақтастық ЮНЕСКО және ДТҰ-ның Ұлы Жiбек
жолына байланысты жобаларын әзiрлеумен iске асыруға қатысу,
шет мемлекеттермен екiжақты және көп жақты келiсiмдер
жасасу арқылы жүзеге асырылады.
Елдiң туристiк беделiн қалыптастыруда республика
аймақтарында және шет елдерде туристiк ақпараттық
орталықтарды ұйымдастыру да маңызды рөл атқарады.
Туристiк ұйымдар мен Қазақстан
Республикасының шет елдердегi дипломатиялық
өкiлдiктерiнiң өзара бiрлескен iс-қимыл жасау
тәжiрибесiн пайдалануға лайықты назар аудару керек.
Елдiң туристiк элеуетiн жарнамалауда ұлттық авиатасымалдаушы
мен басқа да көлiк кәсiпорындары пәрмендi көмек
көрсете алады.
Шетелде Қазақстан туралы сапасы жоғары
полиграфиялық және аудиобейне жарнама материалдарын шығару
және белсендi түрде тарату қажет.
Қазақстанға туристердi таруға өлкетану
жарияланымдары, жарнама баспа қызмет, оның iшiнде туристiк фирмалар
мен қонақ үйлердiң жарнама-баспа қызметi өз
ықпалын тигiзедi. Жаңа ақпараттық технолгияларды
пайдалануға, оның iшiнде Интернет жүйесiнде
Қазақстанның туристiк фирмаларының WEB-сайттарын
құруға айрықша мән беру қажет.
Туристiк ағынды жөнелтушi елдердiң
туристiк агенттiктерi мен бұқаралық ақпарат
құралдары өкiлдерiне арнап Қазақстан бойынша
танысу саяхаттарын ұйымдастырудың тиiмдiлiгi мол болады.
-
Туристердiң
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
Қаiупсiздiк туризмдi дамытуға, ең алдымен
келушiлер ағынын көбейтуге немесе азайтуға әсер ететiн
басты фактор.
Туристiң қауiпсiздiгi мемлекет саясатына,
турфирмалар қабылдайтын шараларға, сондай-ақ туристiң
жеке басының iс-әрекетiне тiкелей байланысты.
Тұтынушыға туристiк сапар барысында
қорғау мен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде
ақпарат беру оған қауiпсiздiктi басқа да тауарлар мен қызмет
көрсетулермен бiрге қауiпсiздiк пен сапа баға
тұрғысынан алып қарағанда, маңызды әлемент
болып саналатын және салыстыруға тұрарлық туристiк
өнiмнiң ажырамас бөлiгi ретiнде үғынуға
көмектеседi.
-
Кадрлар даярлау мен ғылыми қамтамасыз ету.
Қызмет көрсетумен байланысты
және табыстылығы едәуiр дәрежеде осы салада жұмыс
iстейтiн кадрлардың сапасына байланысты болатын қызмет — туризмде
адамдар ресурсын жоспарлау айрықша мәнге ие.
Қазақстандағы
тиiмдi туристiк салаға сәйкес кадрлар элеуетiн қалыптастыру
үшiн: туристiк кадрларды даярлауды жүзеге асыратын жоғары
оқу орындарында туристiк қызметтiң әртүрлi
қажетiлiгi мен даму деңгейiн ескере отырып, мамандануын
анықтау; мамандарды оқытуда олардың отандық туристiк
ресурстарды игеруiне, оларды пайдалану әдiстерiне, жаңа ақпараттык
технологияларды, бiлуiне тiлдiк дайындауға негiзiнен иек арту.
Жоғарыда келтiрiлген туризм саласының даму
бағыттары Қазақстан Республикасы бәсекеге түсе
алатын және рентабельдi туризм индустриясын дамытуға толық
мүмкiншiлiктерiне негiзделедi.
Мысалы, елiмiздегi ең танымал орындар Алматы облысындағы
«Алтын Емел» мен «Iле- Алатау
ұлттық паркi», Павлодар облысындағы «Баянауыл», Ақмола
облысындағы «Көкшетау» мен «Бурабай» болып табылады. «Тамғалы
Тастағы» жартасқа салынған суреттер, Шарын шатқалы,
«Сыңғырлауық құмдар» және «Бесшатыр»
сақ қорғандары аса көрнектi деп саналады. Экотуризмдi
көпшiлiк арасында тарату мақсатымен «Iле-Балхаш Регатасы» және
«Ертiс меридианы» секiлдi шаралар үнемi ұйымдастырылады.
Қазақстанда тау шаңғысы спортымен
шұғылдануға қажеттi барлық жағдай
жасалған, бұл тұрғыдан алғанда елiмiз биiк таулы
елдерден кем емес. Әсiресе, Алматыдағы «Шымбұлақ» пен
«Медеу» спорт кешендерiн, Ақмола облысындағы Щучинск-Бурабай
демалыс аумағын атап өтуге болады.
Қазақстан тұрақты даму мен беделi
көтерiлуiнiң арқасында бүкiл дүние жүзiне
танылып отыр және осыған туризм өз үлесiн қосады.
Бұған дәлел ретiнде Дүниежүзiлiк Туристiк
Ұйымның 18-шi Бас Ассамблеясы және Азиада-2011 секiлдi iрi
халықаралық шаралардың Қазақстанда өткiзiлуi
деп айтуға болады.
Қорытындылай келе, туризмдi дамыту қай қырынан
қарағанда да тиiмдi болып табылады, себебi, ол табиғи
ресурстарымызды үнемдеуге, яғни шикiзат өндiрiсiнен тыс пайда
табуға, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге, елдiң
әлеуметтiк-экономикалық жағдайын жақсартуға,
халықтың мәдени - ағартушылық деңгейiн
көтеруде маңызды сала екендiгiн айқындап отыр.
Қолданылған
әдебиеттер тiзiмi:
1. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030: Процветание, безопасность, улучшение благосостояния всех казахстанцев // Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы: Білім, 1997. – 176 с.
2.
Кереев А.М. Социально-экономические аспекты развития
туристских услуг в экономике РК: автореф. ... канд. эконом.
наук. –Алматы, 2010. – 26 с.
3.
Муканов Б.О. «Принципы развития туризма в Центральном
Казахстане» // Саясат.- 2009.- № 12.-С.15.
4.
Дуйсен Г.М. Основы формирования и развития туризма в
Казахстане. -Алматы, 2002.-230 с.