КГУТИ им. Ш.
Есенова
Кирбасова
Лейла Габитовна
Қазақстан Республикасындағы индустриалды-инновациялық
сясатты жүзеге асырудың басты бағыттары
«Инновациялық даму» дегеніміз
жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен
тығыз байланыстыру көзделген экономикалық даму бағыты.
Республикамыздың 2003-2015 жж. Индустриалды-инновациялық дамуы
Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім
траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға
көшу мақсатында өндіріс салаларын девирсификациялау
көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің
негізгілері: әлемдегі өнеркәсіптің технологиялық
жолмен қарқынды дамуы, әлемде жаһандану
процесінің өріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на
кіру мақсатына байланысты өнеркәсіпті бәсекелестікке
дайындау қажеттілігі және бәсекеге қабілетті
еңселі елу елдің қатарына қосылудағы
мақсатқа жету.
Қазақстанның
қазіргі таңдағы экономикасында мынадай проблемалар орын
алуда: экономиканың шикізат бағыттылығы; әлемдік
экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі; ел ішіндегі
салааралық және өңіраралық экономикалық
ықпалдасудың босаңдығы; өңдеуші
өнеркәсіп өнімділігінің төмендігі; ішкі рынокта (
шағын экономика ) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну
сұранысының мардымсыздығы; өндірістік және
әлеуметтік инфрақұрылымның жеткілікті дәрежеде
дамымауы; мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын
экономика салаларында негізгі қорлардың тез тозуы; кәсіпорындардың
жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан
артта қалуы; ғылым мен өндіріс арасында ұтымды
байланыстың болмауы; ҒЗТКЖ қаржының аз бөлінуі;
отандық ғылымның нарықтық экономика
жағдайларына нашар бейімделуі, ғылыми-техникалық өнімді
тауар деңгейіне дейін жеткізудің ықпалды тетіктерінің
болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық
ұсыныстардеңгейінің төмен болуы;мамандарды және
жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазіргі
заманғы жүйесінің болмауы; экономиканың
өңдеуші секторларына инвестициялар салуға отандық
қаржы институттары үшін ынталандыру көздерінің болмауы;
менеджменттің экономиканы ғаламдану үрдістеріне
және сервистік
технологиялық экономикаға өтуге бейімдеу міндеттеріне
сәйкес келмеуі.
Инновациялық
саясаттың негізгі мақсаты - экономиканың бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз ету. Дамыған елдердің
өзі жаңа технология қай жерде пайда болса да елдің
аумағына алып келуге құмар. Осындай жағдайларды ескере
келгенде тұжырымдама мақсаты ел экономикасының
қарқынды дамуын қамтамасыз ету мен бәсекеге
қабілеттілікті арттыру болып отыр. Бағдарлама үш бағыт
бойынша жүзеге асуы тиіс: экономиканың негізгі салаларын
жаңғырту мен әртараптандыру; « болашақтың
экономикасын » дамыту; жұмыспен қамтыдың жоғары
деңгейіне қол жеткізе отырып, салаларды дамыту.
Бәсекеге
қабілеттіліктің басты түйіні экономиканы жаңғырту
және әртараптандыру. Қолда бар саланы жаңғырту
жолымен тиімділікке қол жеткізу. Ондағы мақсат еңбек
өнімділігі мен өзіндік құнды арттыру. Негізгі күш
импорт алмастыру мен экспорттың күшеюіне әкелетін
секторларға жұмылдырады. Жаңа жоғары технологиялы
жұмыс орындарын құру экономиканы әртараптандыруға
алып келетіндігі айқын.
Стратегия
Қазақстанның 2015 жылға дейінгі кезеңге
арналған мемлекеттік экономикалық саясатын қалыптастырады
және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың
шикізттық бағытынан қол үзу арқылы елдің
тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған.
Стратегия елде
ғылымды және инновациялық қызметті ынталандыруға
бағытталған белсенді мемлекеттік ғылыми және
инновациялық саясат жүргізуді көздейді. Алға
қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін
қаржы рыногын одан әрі дамыту және фискалдық білім
беру, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты
жетілдіру көзделіп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде
экономиканың және басқарудың барлық салаларында
әлемдік стандарттарға көшу көзделуде.
«Қазақстан
30-корпоративті көшбасшысының » негізгі мақсаты
ұлттық экономиканы жаңартуды шапшаңдату және
басқа жалпы ұлттық мақсатқа-
Қазақстанның серпінді дамуын қамтамасыз етіп,
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруге қол
жеткізу үшін қазақстандық өндірушілердің
бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып отыр. Мемлекет
басшысының тапсырысына сәйкес жалпы құны 54 миллиард
АҚШ долларына жуықтайтын 45 серпінді жобадан тұратын
базалық тізім қалыптастырылды. 2008 жылы Индустрия және сауда
министрлігі тарапынан үш жоба пайдалануға енгізілді. Мәселен,
Қарағанды облысында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-да
құны 153,9 млн. АҚШ долларын құрайтын сортты
прокат өндірісі ұйымдастылылды. 2008 жылғы 1 шілдеде Мемлекет
басшысының қатысуымен іске қосылған бұл жоба 560
жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. «Арселор Миттал
Теміртау» АҚ-дағы жаңа өндірісті іске қосу
қосымша құны жоғары өнімді игерумен қатар,
елдің метал прокаты экономикасы үшін қажетті импортқа
мұқтажын төмендетті.
«Қазақстан 30
корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасымен көлік стратегиясы
мен индустрияландыру саласындағы басқа да бағдарламалар
құжаттармен ұштастырылады.
Сонымен Қазақстан инновациялық
процестерді, ұлттық ғылыми –техникалық потенциалды
ынталандыру мен жүзеге асыруды мақсат етіп қою, жаңа
технологиялық тәртіпті енгізу,өңдеуші
өнеркәсібіндегі жаңа шектерді игеру, ғылым мен
өндіріс арасындағы алшақтықты жеңу,
алдыңғы қатарлы шетелдік технологиялардың трансфертін
қамтамасыз ету және халықаралық стандарттарды енгізу
арқылы жаңа инновациялық саяат алдына міндет қойып
отыр[2].
Қазақстандағы
экономикалық реформа саясатының маңызды құрамдас
бөлігі кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.
Кәсіпкерлер
экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып
табылады. Осыған байланысты Үкіметке 2010 жылдан бастап
өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде
бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілді. Ол «Бизнестің
жол картасы -2020» деп аталады.
Бұл
бағдарламаның мақсаты өңірлерде
кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын шағын және
орта бизнестің жаңа тобын дамыту есебінен тұрақты
жұмыс орындарын ашу болады.
Шағын және орта
бизнеске жеңілдік шарттарымен несиелендіруді
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат
қоры мен «Даму» акционерлік қоғамы кәсіпкерлікті дамыту
қоры көшбасшы болып, оны бірнеше кезең арқылы
жүзеге асырады. Нәтижесінде республика бойынша 260 млрд.
теңге қаржы игеріліп, 8 мың жоба қаржыландырылып, 16
мың жұмыс орны құрылып сақталды.
Жаңа
бизнес-бастамаларды қолдауды мына бағыттарда жүзеге
асырылады:
- экономиканың
шикізаттық емес секторларындағы инвестициялық жобаларды
жүзеге асыру үшін банктер берген несиелердің пайыздық
ставкаларын субсидиялау;
- жобаларды жүзеге
асыру үшін банктер берген несиелерді ішінара кепілдендіру;
- өндірістік
(индустриялық) инфрақұрылымдарды дамыту;
- бизнес жүргізуге
сервистік қолдау көрсету;
- кадрлар даярлау, жастар
тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру [32].
Саясаттың басты
мақсаты шикізаттық бағыттан бас тартуға ықпал
ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің
тұрақты дамуына қол жеткізу; ұзақ мерзімді
жоспарда сервистік-технологияның экономикаға өту үшін
жағдай жасау болып табылады.
Бәсекеге түсу
қабілеті дегеніміз қазақстандық
кәсіпорындардың экспортқа шығарылатын өнімдерді
өндіру қабілетін білдіреді. Басқаша айтқанда,
өңдеуші өнеркәсіптің өнімі осындай әлемдік стандарттарға сәйкес келуі керек және
баға бойынша бәсекелесуге қабілетті болуы тиіс.
Саясат мынадай
қағидаттарға негізделеді:
- жеке сектормен
серіктестік;
- инвестициялық
және инновациялық ұсыныстардың
өнеркәсіптің шикізаттық емес салаларында
өндірілетін тауарлар мен қызметтердің бәсекелестік
қабілетіне арттыруға бағытталуы;
- өнеркәсіпті
жаңартуға, оларға қолдау көрсету жөніндегі
рәсімдердің
жариялылығы мен ашықтығына бағытталған
жобаларды іске асыруға мемлекеттік қаржылық және
өзге қолдау кқрсету;
- қосылған
құн тізбегін дамытуды қамтамасыз ететін салаларға мемлекеттік
қолдау көрсету шараларының кешенді сипаты;
- тең
бәсекелестік жағдайларды және салауатты бәсекелестік
ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету;
- қандай да болсын
жеке сипаттағы жеңілдіктерден және преференциялардан бас
тарту;
- индустриялық
саясаттың бәсекелестік артықшылықтарды
қалыптастыруға бағытталуы.
Индустриалды-инновациялық саясат индустриядан кейінгі дамудың
перспективалы бағыттарында ғылыми-техникалық,
инновациялық және өндірістік әлеуетті
ұлғайтуға бағытталған, ол болашаққа
қағидатты бәсекелестік артықшылықтарды
алуға жәрдемдесуге тиіс.
Негізгі бағыттар мыналар болуы тиіс:
-
Жоғары технологиялы өндірістер қалыптастыруға,
оның ішінде шетелдік те, қалааралық та технологиялар
трансфертінің тиімді жүйесін жасауға жәрдемдесу.
- Жоғары ғылыми-технологилық
әлеуеті бар ғылыми-техникалық және
өнеркәсіптік ұйымдар мен кәсіпорындар желісі бар
қалаларда қазіргі заман ғылыми және инновациялық
инфрақұрылымды жасап, оның қазіргі заманғы
элементтерінің қызметін (технопарктер, ұлттық
ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар
және с.с.) қолдау.
- Индустриядан кейінгі экономика
тұрғысынан алғанда озық салаларды дамытуда
қазіргі ғылыми-техникалық әлеует салаларын пайдалану.
Қазақстан қазірдің өзінде мына
салалардағы әзірлемелер негізінде ғылымды көп
қажет ететін өндірістерді дамыту үшін белгілі бір
ғылыми базаға ие, оның ішінде: биотехнологиялар (ауыл
шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен жануарлардың генотиптері, бактериялар штамдары
және басқалары); ядролық технологиялар; ғарыштық
технологиялар; жаңа материалдар; химиялық өнімдер және
басқаларды жасау.
- Қазіргі заманғы
ғылыми-техникалық бағыттардың жаңа матариалдар
мен химиялық технологиялар және ақпараттық
технололиялар салаларында зерттеулер жүргізу үшін қажетті
жағдайлар жасау.
- Ғылыми-техникалық және
өндірістік ұйымдар мен кәсіпорындардың
инновациялық қызметін ынталандыруға, ғылым мен
инновациялар салаларына инвестициялар тартуға, өнеркәсіп пен
қызмет көрсету саласына инновациялардың жылдамырақ
енуіне бағытталған заң шығару базасын жетілдіру.
Индустриалдық-инновациялық
саясатты іске асыру:
-
ЖІӨ құрылымындағы өнімдерді
шығарудың үлес салмағын 2015 жылы 46,5%-дан 50-52%-ке дейін
ұлғайту;
-
ЖІӨ құрылымындағы ғылыми жіне
ғылыми-инновациялық қызметтің үлес
салмағының қызиетін 2000 жылы 0,9%-дан 2015 жылы 1,5-1,7%-ға дейін көтеру;
-
ЖІӨ құрылымындағы өңдеу
өнеркәсібінің үлесін 2000 жылы 13,3%-дан 2015 жылы 12-12,6%-ға
төмендетудің қарқынын баяулату (осы көрсеткішті
салыстыру үшін индустриялық саясатты жүргізбесе 2015 жылы
10,9%-ды құрайтын болады);
-
Индустриалды-инновациялық саясатты іске асырмаса, өнеркісіп өндірісіндегі
тау-кен салаларының қосылған құн үлесі 2015
жылы 55-56%, оның ішінде 2009 жылы
31,0% және 25,6% салыстырғанда
мұнай өндіру 50-51% жетеді. Стратегияны іске
асыруды ескере отырып, тау-кен өндірісі 45-47% ғана
құрайды. Бұл ретте ғылымды өажетсінетін
және жоғары технологиялы өндірістің үлесі 2000
жылы ЖІӨ 0,1%-дан 2015 жылы 1-1,4%-ға дейін өседі.
Өңдеу
өнеркәсібінің қосылған құн
құрылымында сапалы өзгерістер болады. Металлургия және
металдарды өңдеу үлесі өңдеу
өнеркәсібінің қосылған құнының
жалпы көлемінен 40,1% тен 27-28% –ке төмендейді, ал ауыл шаруашылығы
өнімдерінің үлесі 38,1% –тен 45-46%-ке дейін өседі.
Бұл ретте ғылымды қажетсінетін және жоғарғы
технологиялы өнім 2009 жылғы 0,6% –ке қарағанда 9-11%
–ті құрайды.
Бұл ретте
күнкөрістің төменгі деңгейі, ең аз
жалақы және зейнетақы өседі. Ел тұрғындарының
нақты ақшалай табысы 2,1-2,4 есе ұлғаяды.
Сонымен,
индустриялдық-инновациялық саясат Қазақстанның
2015 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік
экономикалық саясатты қалыптастырады және экономика салаларын
әртараптандыру арқылы дамудың шикізаттық
бағытынан қол үзу арқылы елдің
тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған.
Әдебиеттер тізімі
1.
Государственная Программа по форсированному индустриально-инновационному
развитию Республики Казахстан на 2010 - 2014 годы.
2.
Стратегия индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на
2003-2015 годы. //Собрание актов Президента РК и правительства
РК.-2008.-№33.-С.123-200 X
3.
Габдуллина А.С. Инновационная деятельность в регионах Казахстана.
//Саясат-Policy.-2010.-№8.
4.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Қазақстан халқына Жолдауы.
5.
«2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
ҚР Заңы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 96-i
заңына өзгерістермен толықтыруларды ескере отырып, қр
2009 жылғы 9 сәуірдегі № 150-i заңы.