ӘӨЖ 687.012
т.ғ.к. доцент Уалиев Б.М. техника және технология магистр, оқытушы Анарова
Г.С. студент Уалиев Н.Б.
М. Х. Дулати атындаєы
Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қаласы
ҰЛТТЫҚ КОСТЮМНІҢ
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ШЕШІМДЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК
ҚАСИЕТТЕРІН ТАЛДАУ
Киімді үлгілеу ол
көркемдік-қолданбалы өнердің бір түріне жатады.
Киім әшекейлік өнер туындысы ретінде үлкен шеберлікті, биік
көзқарас пен дағдылықты талап етеді. Киім адам үшін
біріңғай қажет нәрсе болып табылады. Киім жобалау
барысында суретші – өндіріс тұтынушы жүйесіндегі суретші,
жобалаушы мен тұтынушы бір тізбектің екі жиегі тәрізді.
Өндірістік қатынастардың желісі болып табылатын
қоғам киімінің жобалауына әсер ететін әрі аса ғаламат
тапсырыс беруші және тұтынушы болатын ең бастапқы
және соңғы фактор.
Бұл жұмыстағы
негізгі мақсатымыз, ұлттық костюмдегі құрастыру
принциптердің қатынасты байланыстары, немесе, құрастыру
мүшелеулердің пішіндері мен бұйымдардың жалпы
пішіндерінің үйлесімді және сәндік мүшелеулердің
композициялық шешімдерінің байланыстарын анықтау (1).
Пішін, жоғарыда айта
кеткендей, көркемдік жобалаудың процесінде бастапқы
орындардың бірін алады деп айтуға болады, себебі, бәрімізге
мәлім, пішіннің әсемдігі, сұлулығы тұтастық
және шектелгендік арқылы анықталады. Әр затта пішін
затпен шектелген. Заттың материалы, құрылымы пішін
арқылы пайда болады. Зат пен бұйым элементтер арқылы
жазықтықта бір-бірімен байланысып,
көлемді-жазықтықтық құрылым
құрады.
Біздің жұмысымызда
костюмдердің түрлерін, ішкі мүшелеу сызықтарының
және сыртқы келбеттерінің аппроксимацияларын анықтау
үшін иконографикалық талдау жүргізілді. Киім
үлгілерінің негізгі пішін түрлері, құрастыру
және технологиялық сипаттамалары, бөлшектердің
элементтерінің түрлі дене құрылымдары арқылы
салыстыру арқылы анықталды (2).
Ұлттық киімнің
ерекшеліктері құрылуымен, функционалдық және
эстетикалық өзгешелігімен, оюдың байлығымен,
түстік шешіммен белгіленеді, яғни, халық өнерінің
мотивтерін қолдану костюмнің жалғыз эстетикалық міндеті
емес, сонымен бірге пайдаға асыру міндеттерін атқару деген
түсінік өте кең таралған. Тері және
үлбірден тон, бас киім, қысқа арналған шалбар
және сыртқы сәндік киімдерді тігетін.
Жібекпен тігілген
ұлттық киімдердің композициялық көркемдік баян
етуінде ғарыштық, зооморфлық, геометриялық және
өсімдік оюлар қолданған. Кестелеудің негізгі мотиві
өсімдік, бірақ, өрнектердің композициялық негізі
солярлық дөңгелектер. Әр дөңгелектің
ортасында ақ жұлдыз тігілген, айнала шетінде қошқар
мүйіз және стилизациялау арқылы орындалған гүлдер
бейнелері берілген. Кестеде ағаш бұтақтары, жүрек
секілді өсімдік мотивтердің түрлері. Гүлдер және
жапырақтардын жасалғанөсімдік оюлар
ырғақтық түрде киімдердің жеңінің
шетінде, етекте және өңірінде жоғарыдан төменге
дейін орналасқан. Етектің төменгі жағында күрделі
ырғақтық қатар бейнеленген. Бұндай оюлардың
түрлі пішіндерінің салыстыра орналасқаны үлкен
айқындыққа ие болады. Бұйымдағы
қолданған оюлардың композициялық байланыстары соншама
тығыз болғандықтан, бір қарағанда оларды ажырату
өте қиындыққа түседі. Фон бұл жерде
боялған тегіс бет емес, оның өзінің фактурасы
және түстік шешімі бар. Олай болса, бұйымдардың
ою-өрнектік композициясын орындаған кезде, ұстаның
алдына қоятын мақсаты - өрнекпен фонды үйлестіре
келтіру. Бұл – бұйымның пішінінің жалпы
сипаттамасының анықтамасы, фонның түсі,
өрнектің түсі және олардың композициялық
орналасуы. Қорыта келгенде, осылардың бәрінің
толық бірлестігі. Бұл түстердің барлығы әр
өрнекте және фонда әр түрлі қолданған.
Нәтижеде, өте мол, шырайлы, түрлі өңді
өрнектік композиция пайда болады. Ішкі құрылымдары әр
түрлі ою-өрнектер айқын тәртіпке бағынышты (1).
Кейбір өрнектердің
орналасуы сыртқы жиектеу және ішкі өрнектердің топтастыруын
құрайды. Композициялық шындыққа сәйкес
өрнектер ортасында және басқа олардың элементтері соларға
үйлесіп орналасады. Фонмен өрнектің бірқалыпты орналасу
нәтижесінде, олар бір-бірін анықтап теңгеріледі. Ою мотивтердің композициялары
бұйымның тұлғасын өзгертпей, көп вариантты
болуы мүмкін, яғни, өрнектер түрлі жағдайда,
түрлі өлшемде, бір-бірімен байланысып, жаңа
композициялық варианттарды құрастыруы мүмкін.
Киімді дайындап жасап шығару – жұмыстың жауапты
және өте күрделі этаптарының бірі, өйткені,
бұлардың ішінде барлық құрылымдық
және әшекейлік үлгілердің элементтері зор
дәлдікпен анықталады. Екіншіден, киімнің көркемдік
жобалауының жіктелуін дамыту, ұлттың дәстүрлі
мотивтері арқылы функционалдық және эстетикалық сапаны
ыңғайту, оларды қазіргі уақытқа сай орындау,
әрқашанда сонылық болып саналады, өйткені, әр
халықтың ұлттық дәстүрлері киім
үлгілерін әрқашанда өзгеше етіп көрсетеді. Олар киімнің
келбетін толықтыра отырып, оларды айқынды және
әшекейлі, одан да ары өндірістік ассортиментті көркейтіп
кеңейте түседі.
Үшiншiден, киiмнiң
көлемдiк пiшiнiң зерттеу, оны сезе қабылдау мақсатымен
iшкi құрылымдығын мүшелеу және
үлгiнiң элементтерiн үйлесiмдiру, пiшiннiң жазық
бөлшектерiнен көркемдiк пiшiн пайда болуына өте маңызды
мәлiметтер алуға мүмкiншiлiк туғызады. Бұл принциптiң
ең маңыздысы, дизайншыға көрiп жүрген
үлгiлерге өзгерiс еңгiзуге мүмкiндiк бередi.
Сонымен, сәндік элементтерді костюмде қолдану
бұйымның көркемдік-образдық мағынасын
көтеру және жалпы сезім әрекетті әсерленушілік
айқындығын шешу үшін қолданады
Қолданылған әдебиет
1.
Уалиев Б.М. Формообрзование казахского костюма в системе художественного
проектирования, Монография,
Издательство «Тараз университеті», Тараз 2013
2.
Козлова Т.В. «Художественное проектирование костюма»-М.,Легкая и пищевая
пром-ть, 1989