ӘӨЖ 682.01.

 

 

т.ғ.к. доценті Уалиев Б.М. оқытушы техника және технология магистрі, Анарова Г.С.

 

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қаласы

 

КОМПОЗИЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ. ПШІНДІК ТҰТАСТЫҒЫ МЕН МАЗМҰНЫ, БЕЙНЕЛІК

 

Дизайнер көркемдік шығарманы жасау кезеңдері де, өзінің ой пікірін толық және жарқын түрінде айқындау үшін, композицияның негізгі заңдылықтарын білу керек.

Пішіннің бір тұтастығымен мазмұны көркемдік шығарманың маңызды, көңіл аударарлық заңдылықтары болып саналады.

Пішіннің біртұтастығы мен мазмұны кез келген өнер түрінде шығарманың эстетикалық санасымен бірлігін сипаттайды.

Шығарманың ниеті, мазмұны және пішіні қарастырып отырған өнердің материалымен қамтамасыз етіледі. Біртұтастық деген түсінік, біріншіден, функциональдық жоспар бойынша  пішінмен мазмұнның сәйкестілігі; екіншіден, іске асыру жоспары (яғни, қоршаған ортамен қалыптасуы), үшіншіден, сезім билеу жоспары бойынша пішін мен мазмұнның үйлесімділігі, яғни жайдарлы көңіл күй орнату. Қолданбалы өнер мен өнеркәсіп бұйымдарының функциональдық мақсатқа сәйкестілігі өте маңызды болып келеді де, олар композицияның көркемдік ығармашылық шешіміне кіреді. Пішіннің біртұтастығы мен мазмұны бұл бұйымдарда көркемдік пішін арқылы функциональдық, әлеуметтік және пайдалану мәндерін анықтайды. Сондықтан, көркемдік піші қолданбалы өнер заттары мен бұйымдарының пішіндерінің біртұтастығы мен мазмұнының негізгі және арнайы ерекшелігі болып саналады. Бұл жағдайда утилитарлық және эстетикалық фвкторлардың бір-біріне сіңісуі байқалады. Бірақ утилитарлық фактор бастапқы және пішінде анықтаушы болып қалады. Себебі, бұйым, зат әрқашанда қажетті, ыңғайлы пайдалы және әриен әсемді болу керек. Бұл заң көркем шығармалардың құрама бөлісдерінің айқындық бірлестігін, функциональдық, конструктивтік және көркемдік пішіндерінің бірлестігін қалыптастыруына мүмкіншілік туғызады. Осы бірлестікті іздеп жасау дизайнердің ек басты кәсіпті мақсаты болып тасбылады. Негізгі заңның бірінші талабы мынаны қамтамасыз етеді: шығармалардың барлық түрлері толық біткен тұтасты болып, олардың функциональдық, конструктивтік және көркемдік мәніне кедер ететін кездейсоқ бөліктер мен элементтер болмау керек. Композицияны құрайтын барлық әдістер жалпы қойылған мақсатқа жұмыс істеу керек. Егер, композиция ойдағыдай болмаса дизайнер бірлестік тұтастықты сақтау үшін әсемді бөлшектерден бас тартуына тура келеді.

Композиция ойдағыдай болу үшін келесі шарттар сақталу керек:

  Композицияның тұтастығына зиян келтіріп бөліктерді алып тастау, болмаса алмастыруға болмайды;

Композицияның тұтастығына зиян келтіріп бөліктерді орын алмастыруға болмайды;

   Бірде бір элементті композицияның тұтастығына зиян келтіріп қосуға болмайды;

Бірлік заңының екінші талабында тұтастықтың тұрғызу жүйесі қаратырылады. Бұл кезеңде композицияның негізгі және қосалқы бөліктерін анықтау қажет. Композиция әрқашанда жеке бөліктерден тұрады бөліктердің бір-бірімен келісімділігі мен өзара бағынышьылығы үйлесімділік бірлікті талап етеді [2].

  Композицияны құраған кезінде, оның басты бөлігін анықтау керек. Ол композицияның негізгі элементі деп аталады. Бірақ басты бөлік қосалқы элементтермен байланысып, олардан бөлектеніп шығып тұрмау керек. Үйлесімді шығарма құру үшін негізгі бөлшектер мен қосалқы бөлшектердің бірлігін, тұтастығын және қарым-қатынастарын анықтап алу қажет.

Көрерменге зат қандай әсер ететінін оның айқындылығына байланысты. Айқындылық бұйымның ішкі мағынасын тереңдетіп көруіне көмектеседі. Қандай зат, неге арналған, құрылымы, қандай материалдан жасалған, беріктігі, сапасы т.б. анықталады. Затпен таныса отырып қандай эстетикалық қанағаттандыру алғанымызға байланысты бұйымның көркемдік сапасы туралы айтуға болады. Бұйымға шаңқаларлық, әдеттен тыс, көз тартып қызықтыратын, бірақ шындық  мәнге сүйенбейтін пішін жасау,  мағынасын заттарды пайда болуына ұрынтырады. Мысалы қазіргі таңдағы телефон трубкаларының функициональдық міндетімен пішін құруы анықсыз болғандығынан, олар сәндік заттарға ұқсас болып келеді де арнайы қолдануы қиындыққа түседі. Тостерлардың кейбір түрлері жылыту аспаптарға ұқсас болып келеді. Пішіннің утилитарлық міндеті пайда болуына, тариизи болып откен және белгілері ұқсас заттар әсер етуі мүмкін. Сондықтан, бірінші автокөліктер төбесі жабық адам таситын ат-арбаларға ұқсас болатын, ал бірінші электрикалық шамдар шырақ бекітетін аспаптарға ұқсас болып келетін.

Пішін құру үдерісінде заттың көркемдік айқындығын таңдағанда функциональдық бағыттанушылығы жалғыз себеп болып есептелмейді. Сонымен қатар, дұрыс композициялық және бейнелілік шешімдерді пішінмен байланыстыру үшін, оның пайдалаеу ерекшеліктерін іздестіру керек, яғни, қоршаған ортамен заттың пішінінің сипаттамасын және пайдалану түрін анықтап бірлестіктерін ұйымдастыру керек. Шығармадағы бейнелілік деген – ол заттың жасалған пішіні функциональдық пайдаланулық және сезімдік сипаттамаларын біріктіріп қамтиды деген түсінік.

Дизайнер заттың пішінінің бейнелілік шешімін іздестіру кезеңдерінде алдын ала нақты жобалық мақсатты қисындап мазмұндау керек. Қоқырсық салатын урна (жәшік) түрі сәндік құмыраға ұқсап, болмаса сатып алушы азамат темекінің күлін салатын шыны ыдысты  қайнатпа салатын ыдыс деп жаңылысса, ол дизайнердің шындық бейнелігін табалмаған деген қателігі. «бейнеліктің» қалыптастыруы біріншіден алға қойылған сезімдік көңілден басталады. Мысалы, президенттің креслосы қандай түрде болу керек? Қандай сезімдік реуіш арқылы шешілу керек? Бұл орындық заттық қоршаудың маңызды элементі болып келеді де, сондықтан, оның бейнелілік шешімі мәжіліс залдың псигологиялық климатына үлкен әсер туғызады. Себебі, атқаратын міндеті жай отыратын зат болатын болса, ал бейнелілік шешімі билік идеясын және мемлекеттік жетекшінің жоғарғы мағынасын білдіреді. Оның пішіні басқа креслоларға қарағанда салмақтың маңызды, пропорциялық шешімдері ерекше болып көзге бірден түседі. Бұл өзінше утилитарлық зат емес, белгілі бір идеяны білдіретін символ. Немесе, шатараз креслосы. Бұл заттың сезімдік белгісі тіс емдейтін кабинеттің креслосымен бірдей болуы мүмкін бе? Бұл екі кресло түрлерін бір-біріне ұқсастығын жақындатып әртүрлі күй қалпын өзгертіп отыру. Бирақ бұлардың шешімдері сәйкес келмеу түгіл, жақындамау да керек. Ал, шаштараздағы ерлерге арналған кресло мен әйелдерге арналған креслоны салыстырып, олардың шешімдеріне келетін болсақ, ерлерге арналған кресло көлемді, байсалды, яғни күшті және батылды, әйелдерге арналған – жеңіл, сәнді, әсемді болу керек. Әр түрлі нәрселерге арналған креслолардың бейнелілің шешімдері 4-7 суреттерде ұсынылған.

 

                 

                                                                 а                           б

 

 Сурет 4. Соттың креслосы      Сурет  5. Шаштараз креслосы:

                                                              а)  әйелдер, б)  ерлер              

                                                      

                   

 

Сурет 6. Тіс емдеу орындығы     Сурет 7. Сотталғанның орындығы

 

Бейнелілік – автордың эстетикалық мақсатына қойылған жауабы.

Түрлі авторлар бір жобаның шешіміне әр түрлі ұсыныс беру мүмкін. Алғашқыда автор бұйымды «ойша» көз алдына келтіріп, оның түрін, пішінін және мағынасын елестейді. Бұл елес көркемдік ой, яғни жобалайтын бұйымның бірінші: бейнесі, көркемді бейнелілік шешімі болып саналады. Ол ойша піседі, анықталынады, материалдық үдерісіне қатысып, соңғы түрде тақырыптың көркемдік-бейнелілік шешімі ретінде автордың жекеше баян етілуі болып қалады. Бұйымның ойлап шығарған автордың жекелік шығармашылғы. Піші мен маңыздылықтың тиісті жәрежесі сезімдік көңіл күй, тақырыпқа деген көзқарас және автордың жеке кабілеттігі арқылы шешілдеі. Автордың кәсіптік білімі және тәжірибесі тиісті көркемді бейнелілік шешімін және композициялық әдістерді анықтап қолдануға мүмкіншілік береді. Кейде дизайнерге бейнелілік шешімге шығу үшін шығармашылық бастапқы қажет. Сол кезеңде ол табиғаттың ұқсас пішіндеріне назар аударуы мүмкін. Бірак табиғаттан алынған пішінде шындық бейненің нақты мағынасы басты болып тұру керек, мысалы: 8-10 суреттегі столға қоятын шамдар.

 

                                               

 Сурет  8. Үстел шамының                           Сурет  8. Үстел шамының                          

          натуралистік бейнесі                                      натуралистік бейнесі                          

                    

Сурет10. Үстел шамының натуралистік бейнесі

 

 Суртеші дизайнердің табиғат пішіндерінен ізденіс жасағандары шығармашылық тәсілдеінің жеке түрі болып саналады.

Себебі, заттық әлемнің пішінінің натуралистік болмысын айнытпай көшіріп, бейнелілік шешімге енгізу, бұйымның маңыздылығына зиян келтіреді. Табиғат пішіндерінің натуралистік болмысын бейнеге айналартұрудың қателесуі 11 суретте таңғы асқа арналған ыдыс жиынтығына байқауға болады. Үлкен табақ көлшік түрінде жасалған, ал шәйнек, сүт, май ыдыстарының сыртқы пішіні түрлі құстарға ұқсайды.

Бұл жиынтық қалай айтсақ та көңіл көтеретін щалағай бұйымдарға жатады. Баланың шұлғасын ұқсайтын бас орнына гүл егетін құмыра өте көріксіз көрінеді.

 

 

Сурет 11. Таңғы тамаққа арналған көңіл көтеретін ыдыс-аяқ жинағы

 

Көркемдік жобалау тәжірибесінде түрлі бұйымдарға композициялық әдістер арқылы әр түрлі сезім беруге болады.: күш сезімін, салмақ және ауыр, бүтіндің сезімдерін, болмаса керсінше, жеңілдік, ауада қалқу сезімдерін, салтанаттық, мейрамдық динамикалық, пішіндік қозғалыс пен статикалық бір қалыпты тыныштық сезімдерін т.б.

Осы әсерлер сезім әрекеті өрісіне жатады да бұйымның айқынды пішінінің жасау кезеңдерінде өте маңызды болып саналады.

 

Әдебиеттер

 

      1. Объемно- пространственная композиция под ред. Проф. А.В.    Степнова Москва Архитектура – С 2004 ж.  Ғылыми кітапхана

      2.Школа архитектурно-дизайнерского формообразования Д.Л. Мелодинский Москва Архитектура-С, 2004 ж. Ғылыми кітапхана.

     3. Шорохова Е.В. Композиция М.: Просвещение, 1986 ж. ТарМУ, Ғылыми кітапхана.

     4.Иконникова А.В., Степанов Г.П. Основы архитектурной композиции М:, 1971 ж. тарМУ, Ғылыми кітапхана

     5. Голубева О.Л. Основы композиции Москва 2001 ж ТарМУ, Ғылыми кітапхана