Cекция: педагогика
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙIНГI БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙIН ЕРЕКШЕЛIКТЕРIНIҢ
ОҚУ-ӘРЕКЕТІНДЕ ДАМУЫ
Данабекова А.Ш, Жумабекова Г.Д.
«Балдәурен»
балабақшасы, Қарағанды облысы, Қазақстан
Республикасы
Елімізде білім беру
жүйесі әлемдік стандартқа сай қайта қарау,
жаңарту мәселесінің көтеріліп отырғанына біраз
уақыт болды.Осы тұрғыда Н.Ә.Назарбаевтың
"Қазақстан халқына жолдауында",
"Қазақстанда 2015 жылға дейін білім алудың
тұжырымдамасында" білім беру жүйесінің әр буынында
білім сапасын арттыру, дамыта оқыту мәселелерінің
негіздерінде жас ұрпақтың психиқалық дамауын,атап
айтқанда танымдық-шығармашылығын жетілдіру өзекті
мәселердің бірі болып отыр.
Бәкеселестікке лайық білімді,
сауатты мамандар даярлаудың басты шарты-оқыту әрекетінде
баланың психикалық жағынан дамуына, қажетті
жағдай тудыру, сөйтіп, жеке тұлға деңгейіне
көтерілуі десек, онда бұл жайтардың бастауы, мектеп жасына
дейінгі кезеңнен басталатыны даусыз.
К.Д.Ушинский өзінің "Человек
как предмет воспитания" деген еңбегінде зейін туралы толық
талдау жасап, жасаған тұжырымдары психологиялык-дидактикалық
жағынан бағалап, ол адамның психикалық
іс-әректінде зейіннің алатын орнын ерекше атап көрсетіп,
"зейін адам санасы арқылы кортындылатын және одан өтетін
барлық ойды аңғартатын адам жанның жалғыз
ғана есігі болып табылады", - деп жазады. [1,17].
Қазақстаннан
шықан ғалым-психологтары да осы зейінге байланысты өз
пікірлерін жазған. Психолог ғалым, Т.Тажібаев - «егер зейін
болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап,
толығырақ, ашығырақ қабылдауға, оларды
санамызда сәулелендіруге болмас еді», деп жазды. [2,8]
Тәрбие процесінде жеке дара
психологиялық ерекшеліктерді ескеру дегеніміз - әр баланың
жеткілікті дәрежеде псикалық дамуының жоғарғы
сатысына көтерілуін қамтамасыз ете отырып, тәрбиелік
қызыметті, осыған ыңғайластыру ғана емес, сонымен
бірге баланың дамуына батыл араласу, білімге бастаған жақсы
қасиеттерді қолдау және қолайсыз
мінез-қүлықты түзету. Балабақша мен
яслилердің тәрбиешілері, міне осы міндеттерді атқарады.
Зейіннің
келесі негізгі түрлері қарастырылады. Олар үш түрге
бөлінеді: ырықты, ырықсыз, үйреншікті. Зейіннің
бұл түрлері бір-бірімен сабақтас, практикалық
іс-әрекет барысында олар бірін-бірі байытып, бір түрден екінші түрге
ауысып отрады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың
зейінінің қалыптасуында ойын әрекеті ерекше орын алады. Ойын
арқылы бала түрл объектілерді қөреді, естиді,
байқайды, фактілер мен құбылыстарды бір-бірінен ажыратып,
оларға назар аудара бастайды. Балаларда зейіннің түрлі
қасиеттері (көлемі, бөлінуші, тұрақтылығы
т.б.) жақсы байқалады. Бұлардың бәрі
үлкендердің басшылығымен жетіледі.
Зейін
тәрбиесінде әрбір мұғалімнің еске алатын кейбір
шаралары мына төмендегідей болу керек:
Мектеп жасына
дейінгі баладан бастап оқушыға дейін зейінділікке әдетендіру,
оларда зейіннің жоғарғы түрлерін дамыту естен
шықпайтын болу керек.
Бүкіл
топқа не жеке дара балаға берілген тапсырмалар да дәл,
анық, қысқа болу керек. Бала қайда
жүрсе де (мектепте, үйде, далада)
байқағыштыққа тәрбиеленуі тиіс.
Зейінді күшті
және тұрақты ететін құбылыстың бірі ерік.
Сондықтан да зейін тәрбиесін ерік тәрбиесімен
ұштастырып отыру қажет. Мектеп жасына дейінгі баланың
жүйке жүйесінің әлде де болса, "қатая"
қоймағандығы еске алынсын. Олардың шаршап кетпеуін
қадағалау, орынсыз жалықтырмау, ауыр, жеңілдігі
әртүрлі пәндерді күделікті сабақ кестесіне
талапқа сай орналастыру, секілді мәселелер де зейін
тәрбиесіне қатысы бар шаралар. Бұл жөнінде К.Д.Ушинский:
"Балаға оқуды қызықты ете білу керек және
сонымен қатар, оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды
да бұлжытпай орындаулары талап ету керек, бұл жұмысты
орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағында
теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар,
балада белсенді зейін шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып
отыру керек" [3,77].
Тәрбиеші
балаларға сабақ үстінде зейіннін дұрыстап аудара алмаса
іске ынтасыз, ұқыпсыз кірісе, берген сабағынан да жөнді
нәтиже шығара алмайтын болады.
Мектепке дейінгі
бала әрекетінің жаңа түрлерінің,
үлкендерің оған койған жаңа талаптарын
игерудің ықпалымен, баланың алдында бір нәрсеге зейінін
шоғырландыруы және оған зейін қоюы. Материалды есте
ұстау және содан кейін оны жаңғырту, ойынның,
суреттің тағы басқа ой желісін құру сияқты
жаңа ерекше міндеттер пайда болғанда ғана, бетбұрыс
жасалады. Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден
үйренген тәсілдердің қайсыбірін пайдаланады. Міне,
сонда ғана зейіннің арнайы іс-әрекеттері қалыптаса
бастайды, осылардың арқасында еркін, алдын ала ойластырылған
сипатқа ие болады. Мектепке дейінгі шақты басында баланың
зейіні айналасындағы заттарға және осылар арқылы
орындалатың іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталады. Бала
бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана
зейінін шоғырлайды, ал жаңа бір нәрсеге пайда
болысымен-ақ баланың зейіні соған аударады. Соңдыктан
балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы
сирек болады.
Мектепке дейінгі
жаста, балалар іс-әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой
дамуының ілгерлеуіне байланысты зейін күшті шоғырланып,
тұрақтылыққа иеболады. Мысалы, мектепке дейінгі
кішкентайлар бір ойынды 20-30 минут ойнайтың болса, бес-алты
жастағы балалар бір, біржарым сағат ойнайды. Мұны, ойында
үлкендердің күрделірек іс-әрекеттері мен
қарым-қатынастарының бейнелеуімен және ойынға
үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен
түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде,
әңгіме, ертегі тындағанда зейін тұрақтылығы
арта түседі. Мысалы: Мектепке дейінгі шақтың соңында
суреттерді көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке
дейінгі кішкентайларға қарағанда алты жасар бала суретті
жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты
жақтары мен егжей-тегжейлерін бөліп алады. Мұндай
жағдайда балалардың ырықсыз зейіннің
тұрақты балуына, баланын ықылас-ынтасы мен
қызығуының артуына байланысты болады. Бірақ мектепке
дейінгі жаста зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш
рет өз зейінін меңгере білуіне, оны саналы түрде
заттарға, құбылыстарға бағыттай білуінде
және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін
қоя білуінде.Оқыту әрекетінің негізгі талабы -
тәрбиешінің нұсқауын тыңдау, өзін-өзі
бақылау, яғни өз іс-әрекетін салыстыра білу, өз
ойын айта білу, пікір алыса білу, іс- әрекетінің нәтижесін
бағалай білу қабілеті. Тәрбиеші балалардың
өздерін қатыстыра отырып, жасаған жұмыстарын
талдайды,үлгімен салыстырады, үлгіден сәл
ауытқыған жерлерін таба алады, дұрыс бағалайды.
Сөйтіп, оқу әрекеті бірте-бірте қалыптасады. А.П.Усова
оқыту-әрекетін зерттеу нәтижесінде, оқу әрекеті
дамуының үш түрлі дәрежесін көрсеткен [4,55].
Оқу әрекеті дамуының
бірінші дәрежесі (ең жоғарғы даму) - балалар
тәрбиешінің айтқандарын жақсы тыңдайды, оқу
жұмыстарында оны басшылыққа алады, түсініксіз жерлерін
сұрайды, жасағандарын бағалайды, кажетті нәтижелерге
жетеді, яғни баланың зейінін шоғырландырып, зейін
көлемінің ұлғайуы.
Оқу
әрекеті дамуының екінші дәрежесі (әлсіздеу)-
айтқан нұсқауларды тыңдайды, оларға шартты
түрде жүгінеді, өзіндік бақылауы әлсіз,
басқа балалардың жұмысына қарап істейді,
өзгелерге еліктеуге бейім, нәтижелері шартты, бұл
баланың зейінінің алаңдаушылылығы, зейін көлемі
тар.
Оқу
әрекеті дамының үшінші дәрежесі (өте
төмен)-нұсқауларды тыңдайды, бірақ естімегенсиді,
жұмыс барысында оларды башылыққа алмайды,
бағалауға салғырт қарайды, нәтижеге жете алмайды,
зейінінің бөлінушілігі, зейін көлемінің тарлығы.
Мектеп жасына
дейінгі балалардың зейіннің
ырықсыз-қызығушылығы басым болады да,
әуестігінің өсуі, әсіресе, балалар қоятын
сұрақтардың саны мен сипатының өзгеруінен
басталады. "Жаңбыр неге жауады?", "Шөптер неге
көгереді?", "Дәрігер неге ауырудың кеудесін
тықылдатады?", "Су неге тұнық, қайда
ағады?", т.с.с. Aлты жасар баланың
сұрақтарының шағын тізімі осындай.
Мектепке дейінгі
кішкентайлар және естиялар шағында балалар оқу тапсырмасын
тек одан алған білім мен дағдыны бірден ойын ойнағанда, сурет
салуда немесе іс-әрекеттің өзге бір тартымды түріне
пайдалануы мүмкін болғанда ғана қабылдайды.
Арнайы
ұйымдастырылған үйрету жағдайларында, мектеп жасына
дейінгі балалардың бірден жүзеге асыру мүмкіндігі мен
байланыстан тыс тапсырмаларды, баланың зейін көлемін арттырып,
оларды бір объект ретінде қабылдауға машықтандырғаны
дұрыс.
Мектепке дейінгі
бүкіл балалық шақтың ішінде тікелей оқу
тапсырмасының формасына қарағанда, дидактикалық ойын білімді
игерудің тиімді құралы болып табылатынын, байқаулар
көрсетіп отыр.
Ойын
әрекетінің ең негізгі түрінің бірі-
дидактикалық ойын. Бала және белсенді практикалық
әрекеттер арқылы адамгершілік және әсемдіке
толғанып, өмірге қарым-қатынас жасайды. Жинақталған
дидактикалық ойындар оқу әрекетінде үлкен міндет
атқарады, себебі баланың қызығушылығын артырып,
зейінін шоғырлануына көп көмектеседі.
Мектеп жасына
дейінгі балалардың зейіннің қалыптасуында ойын түрлері
ерекше орын алады. Ойын арқылы объектілерді көреді, байқай
алады, фактілер мен құбылыстарды бір-бірінен ажыратып, оларға
үлкен назар аудара бастайды.
Оқу
тапсырмаларының мәнін түсіну балалардың
үлкендердің берген тапсырмаларын орындау тәсілдеріне
зейіндерін аудара отырып, осы тәсілдерін саналы түрде игеру,
тырысуына жеткізеді. Балада оқуға деген тілек пен бастапқы
іскерліктері қалыптасады.
Әдебиеттер:
1. Алдамұратова
Ә., Қызықты психология Алматы Қаз. Унив. 1992. 237
б.
2. Белгибаева
X., Мектеп жасына дейінгі баланың дүниетанымы. Алматы, 1989. 188 б
3.
Мұханов М.М., Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1986
жыл.-237 бет.
4. Бондаренко
А.К., Балабақшадағы дидактика ойындары, М.,1991. 178
c.