Айткулова Гулнур Толегенкызы

74 негізгі орта мектебі, Шымкент, Қазақстан

 

«Қазақ тілі дамыта оқыту технологиясымен оқыту»

 

Педагогикалық технологиялардың бәрін талғамай, оқытушының өзінің ішкі мүмкіндігі мен материалдық жабдығын ескермей, тіл үйренушінің қабылдау және түсіндіру әдістерін елемей қолдануға болмайды. Одан нәтиже шықпайды. Бүгінгі дәстүрлі дәріс оқу технологиясына жатпайды. Жалпы, педагогикалық технологияның негізгі мақсаты - оқушының  даралық тұлғасын дамыту. Осы пікірді зерттеуші Г.К.Селевко [23], өз еңбегінде айтып өткен. Егер өткізілетін сабақ оқушыға ой тастамаса, онда ол сабақтың мүлде пайдасы жоқ, пайдасы жоқ болған соң, оқушының да оған қызығушылығы оянбайды. Оқушының қызығушылығы жоқ жерде мақсат та айқындалмайды. Ықпалдастық технологиясы әрі оқушыны субъекті, оқытушыны субъекті дәрежесіне ынталандырады.

Инновациялық амал-әрекеттің рефлексивті бағытының белсенді түрде көрінуі педагогтің жеке басының қабілетіне де байланысты. Бұл процестің қайнар көзі педагогикалық амал-әрекеттің қарама-қайшылығы. Міне сондықтан оқу-кәсіби қызметінде мынандай жағдайларды туғызуды қажет етеді: рефлексивтік бағыттың белсенділігін арттыру, өзіндік қабылдауын қалыптастыру, өзін-өзі ынталандыру. Мысалы, оқытушы оқушыларының алдындағы өзінің инновациялық қызметіне жауапкершілікпен қарайды. Оқытудың дәстүрлі технологиялары белгілі - бір мақсатқа жүйеленген, алдын-ала жоспарланған қатынасы, оны оқу үрдісінде жүргізу адамзаттың ықылым заманнан жинақталған тәжірибесі, іс-әрекет тәжірибесі және танымдық тәжірибелері. Заман мен қоғам дамыған сайын да оқыту - тарихи тұрғыдан өзгеріске ұшырап тұратын үдеріс. Ол ең алдымен, қоғам қажеттілігіне, әлеуметтік жағдайына, қоғамның рухани жағынан байып, өсу қарқынына, оның мәдени салт-дәстүрі мен білімінің деңгейіне тікелей байланысты. Оқыту, үйрету оқушының қалыптасуына оң әсер ететін ең негізгі амалдардың бірі болып табылады.

Оқыту түрлері -  бұл оқытушы мен оқушының бірлестікте ұйымдасқан амал-әрекеті. Оқушының белсенділігі - бұл оқу үдерісінде білімді пайдалануда практикалық дайындықтың, дағдылар мен шеберліктерді қалыптастыру барысындағы амал-әрекеті. Оқыту үдерісінде белсенді оқу-танымдық іс-әрекеттерде пайдаланатын амал-әрекеттер оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері делінеді. Белсенді әдіс-тәсіл деп - оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын тудыра отырып, белгілі дәрежеде теориялық біліммен практикалық дағдыларын қалыптастыратын амал әрекетті айтамыз. Адам сыртқы дүние заттарымен байланысқа түсе отырып, реалды шындықты танып біледі, ол жайында іс-тәжірибесі байиды және оған өзі де ықпал етеді. Дамыта оқыту мен проблемалы оқыту мақсатын жүзеге асырудың негізінде белсенді әдіс жатыр, ол оқушыларды өз бетінше ойлануға, белгілі бір пікірге келуге, қорытынды жасауға дағдыландырады, сабақ материалынан ең басты теорияны бөліп алуға үйретеді, тілін дамытады және өзіне деген сенімін арттырады.

Белсенді оқыту әдістері - бұл үлкен әрекеттегі оқу. Белсенді әрекеттердің негізіне оқытушы мен оқушының бір-бірімен өзара диалогтық қарым-қатынасы жатады. Диалог құруда оқушының коммуникативті қабілеті дамиды, кездескен қиыншылықты ұжым болып шешуді үйренеді, өз ойын ауызша да, жазбаша сауатты логикалық байланыста жүйелей білуге дағдыланады. Оқытудың белсенді әдістері оқушылардың өз бетінше атқаратын танымдық әрекетін дамытуға бағытталады, қандай да бір танымдық мәселені меңгеруге деген жеке қызығушылығын арттырады, нәтижесінде оқушы алған білімін қажетті жерде тиімді пайдалануға мүмкіндігі туады. Зерттеуші ғалым Н.В.Басова, «метод» ұғымының 200-ден астам анықтамасының барын айтады. «Метод» терминін грек тілінен аударғанда зерттеу, тәсіл, мақсатқа жетудің жолы деген мағынаны білдіреді. Тіл сабақтарында әр түрлі жаттығу әдістерін сөз еткенде, әсіресе сөйлеуге жаттықтыру әдістеріне ерекше көңіл бөлінуі қажет. Ыммен сөйлеу әдісі сөйлеу дағдыларының автоматтануын қалыптастырады: оқушылардың ұдайы оқытушының айтқанын қайталап отыруы талап етіледі, естілген мен жазылғанға еліктейді. Жылдамдатылған әдісті қолдану барысында оқушылар белгілі бір сөйлеу әрекетін жасайды, атап айтқанда, тілдік единицасын өзгертуді, табуды, ажыратуды, толықтыруды үйренеді. Коммуникативтік әдіс сөйлемдер мен логикалық байланысқа түскен мәтіндерді түсінуге, байланыстырып сөйлеуге, тіл арқылы қалыптастыруда мәтін құрастыру, өз пікірін айту, аударма жасау, мазмұндама, шығарма, рецензия, реферат жаздыру пайдаланады.

Кез-келген әдіс белгілі бір нақтылы тілді меңгерту қызметінде жұмсалады, тілді оқытудың кез-келген жүйесі түрлі әдістері кешені мен коммуникативті әдісті пайдалана отырып, белгілі бір тілде өзгенің ойын айтуға, өзгенің ойын дәлме-дәл бере білу шеберлігін қалыптастыруға бағытталады. Когнитивті тәсілдердің шеңберінде жасалып жатқан саналылық принцип жеңіске жетеді, алайда саналылыққа жоғары деңгейде талап қойылады, тек қана лингвистикалық білімге сүйеніп қоймай, сонымен бірге бағыт-бағдар жасау ептілігі мен болжам жасай алуы да ескеріледі. Онда оқушылардың білім деңгейі есепке алына отырылып, қажетті әдістер таңдалады. Егер бұл әрекет белгілі бір тілдік құралдарды және оның тәсілдерін құрылымдық жағынан дәл де толық беру сипатына ие болса, онда бұл әдіс репродуктивті деп аталынады. Бөгде тілді меңгеруде тиімді әдістерді пайдалану маңызға ие болатыны белгілі, алайда оқушының сабақ материалын есте сақтау қабілеті де маңызды  рөл атқарады. Ал танымдық үдеріс үйренушінің ойлау белсенділігіне де сүйенеді, сол себепті оқытушы сабақ барысында шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерді дамытатын әдістерді де пайдаланғаны жөн.

Негізінде оқыту әдісі тәсіл деген жекелей элемент қосындысынан тұрады, яғни оқыту әдістерінің құрамды бөліктері. Оқыту үдерісінде әдіс пен тәсіл алуан түрлі жолмен үйлесіп отырады. Оқушының сабақ барысында белгілі бір іс-әрекет түрі бір жағынан жеке әдіс ретінде көрінсе, ол кейбір жағдайда оқытудың тәсілі деңгейінде де көрінеді. Мәселен,  әңгіме мен түсіндіру оқытудың жеке әдістері болып табылады. Егер оқытушы сабақ барысында оқушы тарапынан жіберілген қателерді түзету мақсатында шағын әңгіме мен түсіндіру элементін пайдаланатын болса, онда олар жаттығу әдісінің құрамындағы тәсілдің белгілі көрінісі. Әдіс пен тәсіл орындарын алмастырып отыруы мүмкін. Мысалы, оқытушы жаңа материалды түсіндіру барысында түсіндіру әдісін қолданса, түсіндіре тұрып көрнекі құралдарды пайдаланып отырса, онда бұл көрсетілім тәсілі рөлін атқарады. «Егер көрнекілік жаңа білім алудың объектісі болса, онда бұл оқыту әдісі де ал оқытушының ауызша түсіндіру тәсілі болады. Тәсілдің түрлері әдебиеттерде дидактика-әдістемелік және пәндік болып екіге бөлінеді. Бірінші топтағы тәсілдерге материалды меңгеру барысында оқытушы мен оқушының түрлі әдістемелік іс-әрекеттері жатады. Бұндай тәсілдер жалпы-дидактикалық сипатқа ие, өйткені, олар кез-келген оқу пәнін меңгеруге пайдаланылады. Олардың кейбіреулері әр түрлі мақсаттарға, кезеңдер мен жұмыстың әдістеріне сай келеді (көрнекіліктерді пайдалану, ұжымдық немесе жеке тұлғамен шығармашылық жұмыс), ал басқалары болса  кейбір оқыту әдістерін іс жүзінде жүзеге асырады (нақты бір әдіске сәйкес келетін тіл үйренушілердің хабарларын тыңдау).

Мысалы: Сабақ тақырыбы: «Дүние жүзіндегі қазақтар»

Қазақ халқының көптеген ғасырлар бойы өмір сүрген өзіндік мекені, өзміне тән қалыптасқан тілі, салты болған. Осы қасиеттерін дүние жүзіне тарап кеткен қазақтар дәл күйінде сақтап келген. Қазақ халқының әр қилы кезеңдерінде көрген адам шығындары мен өз атамекенінен азаппен ауа көшкендер саны өте көп. 1645-1965 жылдарда яғни 300 жылда жоңғарлардың шабуылынан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына дейінгі аралықта 5 миллион қазақ о дүниелік  болған. 1660-1990 жылдар арасында қазақтарды ығыстыру, үркіту, жер суын тартып алу нәтижесінде 1 млн. 585 мың қазақ өз атамекенін тастап, ауа көшіп кетуге мәжбүр болған. Осы аралықта барлығы 6 млн. 810 мың қазақ кеміген. Қазақтардың жалпы жиынтық саны Қазақстанда 6,970 мың, тәуелсіз республикалар достастығында 1,707 мың, шет мемлекеттерде 1,578 мың болды. Қытайда 1,296 мың, Түркияда 30 мың, Иранда 15 мың, АҚШ та 10 мың, Германияда 3 мың, Англияда 2 мың, Канадада 4 мың қазақ бар. Австралияда, Аргентинада, Үндістанда, Голландияда, Сирияда және т.б. елдерде де қазақтар тұрады.

·        Берілген сөздермен сөйлем құраңыз:

Азап - мука, мучение, ығыстыру - вытеснить, қасірет - горе, шабуыл - нашествие, шығын көрген - уничтожен, ауа (шығу) көшу - кочевать

·        Мәтін: Біз кімбіз? Оқып шығып, мәтіннің беретін мағынасын айту.

Шынында да даналығы мен балалығы, көсемдігі мен шешендігі, ұлылығы мен кішілігі бойында қатар жүретін, оған қоса бір басында бүкіл адамзатқа тән осалдығы жетіп жатқан біз қандаймыз?

Қазақ жаны, мінезі, рухы?І...

Періштедей пәктігі, таң шығындай тазалығы, мөлдір махаббаты мен мейлінше мәрттігі, ержүрек қаһармандығы мен сахи қайырымдылығы, инабаты мен имандылығы үшін ең алдымен халық жанының ғажап жырларына қайрылу қажет!

Шынында да біз осы қандаймыз?

      «Егер жер бетіндегі адамдардың барлығы қазақ болса, қазіргі қонақ үй, асхана, сауда дегендер тегін, ақша қажетсіз болар еді. Өйткені бұл қайран халықта бәрі тегін ғой!

Дүниенің барлық жерінде осылар бар болса, соқыр тиынсыз ақ бұл ғалам керемет болушы еді! Сондықтан да қазақтар әлемдегі барлық халықтан басқа!

                                                                                                                  Ұйғыр жазушысы Т.Самсақ

                                                                   «Қиямет қайымнан қайтқандар» романы

 

·        Дүние жүзіне қазақтардың таралып кетуі жайлы екеуара сұхбат құру

 

·        Берілген сан есімдерді сөзбен жазыңыз:  6,970, 1,707, 1,578, 1,296.

 

·        Берілген сөздермен сөйлем құрау

Қазақ, республика, достастық, мемлекет, ту, көші-қон, көшпелі қазақ, қандас

 

·        Берілген сөйлемдерді аяқтаңыз

Қазақ................. халық. Олар...........қалыспайды

 

·        Сұрақтарға жауап беріңіз

а) Академик Радлов қазақтарға қандай мінездеме берген?

ә) Шынында да біз осы қандай халықпыз?

 

·        Берілген  сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз

Независимое государство, граничит с Россией, государственный флаг, символ Казахстана, новая столица, один из крупных городов, одна из северных областей

Оқушыларға осындай тапсырмаларды беру арқылы олардың сөздік қорын

байытамыз. Тілдерді оқыту әдістемесінде салыстырудан екі түрі нақты көрсетіледі: тілішілік және тіларалық. Оның біріншісі шет тілін үйретуде кең түрде пайдаланылады. Тіл ішілік салыстыруға қарағанда тіларалық салыстырулардың сипаты ең алдымен шет тілін оқыту барысында айқын  көрінеді. Бүгінде тіл теориясы мен сөйлеу практикасы арасындағы бірлікке жоғары дәрежеде зерттеушілер тарапынан қызығушылық танытылуда. Тіл теориясы мен сөйлеу практикасының бірлігі ұстанымы лингвистикалық түсініктерді меңгеру, оларды коммуникативтік процесте пайдалана алу, нәтижелі жұмыс алып бару жүйесі жағдайын талап етеді. Тілді үйрену барысында сөйлесу бағыт-бағдары мен оқыту процесінің жалпы сипаты көрсетіп отырғандай, оқыту әдістері мен тәсілдері бір-бірімен байланыста болып қоймай, өзара тығыз бірлікте қызмет атқарады. Міне, сондықтан да танымдық және жаттығу әдістері мен тәсілдері бүгінгі лингвистикада кешенді түрде қолданылады.

         Психологтардың зерттеу бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек  болатындай ерекше қабілет пен бейімділік бар. Бастауыш сыныпта оқушының шығармашылық дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда жоғары сыныпқа келгенде, көбінің шығармашылық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін тежейтін үш нәрсе бар: біреуі – «сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнана ешнәрсе келмейді» деген тыс қорқыныш сезімі, екінші өзіне өзі тым риза болмаушылық сезімі (не жазса да өзі ұнатпайды, кейде өзін-өзі жек көріп кетеді), үшінші – жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу.

Білім берудегі дамыта оқыту технологиясы оқушылардың потенциалды мүмкіндіктерін пайдалана отырып, олардың танымдық, ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған үрдіс. Дамыта оқыту идеясы Пестолаци еңбектерінен бастау алып, Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Д.П.Эльконин сияқты Ресей ғалымдарының зерттеулерінде жалғасын тапты. Дамыта оқытудың негізін ХХ ғасырдың 30 жылдары Л.С.Выготский салды. Дамыта оқыту теориясының қалыптасуы оқыту мен дамыту арасындағы байланыс мәселесінің зерттелуімен тығыз байланысты болды. Оқыту мен дамыту арасындағы байланыс мәселесін Ф.Фребель, А.Дистерверг, Н.Д.Ушинский әр қырынан қарастыруға тырысты.

ХХ ғасырдың 30 жылдары неміс психологі О.Зельц оқыту үрдісінің баланың ақыл-ой дамуына тигізетін әсерін анықтау мақсатында эксперимент жүргізді. Ол кезеңде аталған мәселе бойынша үш түрлі көзқарас қалыптасқан болатын. Бірінші көзқарасты жақтаушылар А.Гезелла, З.Фрейда, Ж.Пиаже адам дамуының оқытумен еш байланысы жоқ деп есептесе, екінші көзқарас бойынша оқыту мен дамыту тең дәрежеде қарастырылады. Бұл теорияға сәйкес кез келген оқыту үрдісі арқылы даму үрдісін іске асыруға болады. Онда дамыта оқытудың тиімділігін көрсетті. Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. «Даму»  ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,»-деп түсіндіріледі. «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.

            Зерттеуші Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу. Зерттеуші В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді. Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады. Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының  дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. Дамыта  оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

        «Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін ( Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская) және т.б.іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.         Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары « дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. Дамыта оқыту - дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді. Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Беспалко В.П. «Слагаемые педагогической технологии». - М: 1989.

2.Кобдикова Ж.У. Оқыту процесін технологияландыру. - Алматы, 2000.

3.Қараев Ж.А., Кобдикова Ж.У. Актуальные проблемы модернизации педагогической системы на основе технологического подхода.  - Алматы, 2005.

4.Қуанышбаева А. Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану. Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал.  - Алматы, Қазақ тілі №2. 2004