Хаджаева Патима
Хабибуллаевна
№ 74 негізгі орта мектебі, Шымкент, Қазақстан
«Дамыта оқыту технологиясының бастауыш сыныптағы
тиімділігі»
Қазіргі уақытта
Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық
үлесі қалыптасуда. Бұл процесі білім программасының
өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі
мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға
өзін-өзі өзектелендіруге, өзін толытуға
және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын
дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға
бағытталған. Дене Декарттың трактатында:
«Өзін-өзі тану жолындағы еңбек - ең
құнды еңбек», деп көрсетілген. Жаңа білім
парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын
емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қамтып
отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір
ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына
бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып,
оқу үрдісіне еңгізу. АҚШ пен Ұлыбританияда,
Ресейде т.б мемлекеттерде жүргізілген зерттеулерде оқытудың
технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлденген.
Адамзат баласының өз ұрпағын
оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді, ізденістерін,
тәжірибелерін жалғасытырып, тың жолдарын іздеу,
классикалық педагогиканың озық үлгілерін
жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.
«Педагогикалық технология» дегеніміз не? Технология – tehne
(шеберлік, өнер, білім) деген мағынаны білдіретін грек сөзі.
Академик В.М. Монаховтың айтуы бойынша: технология - оқушы
мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу
процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен
педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған
үлгісі. Ал педагог- ғалым Беспалько өзінің «Слагаемые
педагогической технологии» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу
тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы
және оның тәжірибеде жүзеге асуы – белгілі бір
педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу
жобасы».
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев
айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның
индустрияландыруының және инновациялануының негізіне айналуы
тиіс. Бұл мәселе жалпы білім беретін мектептерге байланысты айтылып
тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы орта
мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның
бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни,
оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел
тізгінін ұстар азаматтар- бүгінгі мектеп оқушысы.
Қазіргі заманда жиі кезесетін технологиялар төменгі
кестеде көрсетілген: 1.Саралап деңгейлеп оқыту - Қараев
Ж.А., Кобдикова Ж.У.
2.Модульдік оқыту
технологиясы - Жампеисова
М.М.
3. Дамыта оқыту
технологиясы - Тұрғымбаев
Т., Эльконин
Д.Б., Давыдов
В.В.
4.Проблемалық
оқыту технологиясы - Монахов М.
5. Ірі блокпен оқыту
технологиясы - Шаталов,
Эрдниев П.М.
6. Сын
тұрғысынан ойлау - Джинни, Л. Стил,
С.Крутис, Ч.Темпл
7.Жеделдетіп оқыту технологиясы (тілді дамыту) - Жүнісбеков
Ә.
8.Тұлғалық гумандық технологиясы - Амонашвили Ш.
9.
Шоғырландырып- қарқындап оқыту - Нұрахметов Н.Н.,
Абдығалиев К.А.
(Концентрированно- интенсивное обучение)
10.Жүйелілік
тұрғысынан оқыту технологиясы - Ғалиев Т.Т.
11. Интерактивті
оқыту технологиясы - Я.А. Каменский
Бұл, әрине, барлық
технологиялардың толық тізімі емес. Зерттеуші
М.Монаховтың
жоғарыда айтылған сөзіннен, технология - оқу
үрдісін жобалаудың жүйелік әдісі.
Соңғы кезде оқытудың әр түрлі
педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп практикасына енгізілуде.
Сондай технологияларының бірі –деңгейлік саралау
оқыту педагогикалық технологиясы. Біздің елімізде осы
технологияның негізін қалаушылары Кобдиков Ж.У., Қараев Ж.А.
болып отыр. Деңгейлеп оқыту- оқылатын ақпараттың
азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын
талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады.
Психолог Л.С.
Выгодскийдің айтуынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі-
бұл тіл мен ойдың шығармашылығы». Оқыту барысында
жаңа технологиялық әдістерді пайдалану
шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың
білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте
сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту
әдістерінің екуіде жеке тұлғаның
қалыптасуына ықпал ететін маңызды айғақтар болып
саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік,
зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге
келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін
айтуға мүмкіндік беріледі. Бастауш саты- бұл оқушы
тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын
құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш
мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың
алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: «Ұлттық
бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен
анықталады»- деген байламы жеке адамның
құндылықтарын арттыру, оны дайындайтын ұстаз
жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже
деген ұғыммен егіз.
Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен
дамыта оқыту технологисы басшылыққа алынады. Себебі
қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы
негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып
мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы
сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін
толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде
шығармашылықпен қолдана білу тиіс.
асырады деп есептейді. Олар
байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық
іс- әрекетті атқара білу. В.В. Давыдов ақыл ойдың
дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу
дағдысын есептейді.
Мектеп оқушыларының
танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы
олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана
емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін,
ақыл –ой жұмысының тәсілдері қалыптастыруға
мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі
саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де
оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана
дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту
сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру,
балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай
жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы
ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше
қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын
білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық
іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің
ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың
интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
/Дамыта
оқыту/ деген термин психологиялық ғылымының
қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже),
ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л.В. Выготский,
А.Леонтьева, С.Рубенштейн) және басқа да психиканың функциясы
зерттелген (Б.Г.Ананьев, Г.Костюк, А.А.Люблинская) және т.б.
іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев,
П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде
дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып,
оның бірін Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, ал екіншісін Л.В. Занков
басқарды.
Дамыта оқыту жүйесінде
оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
Біріншіден- дамыта
оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы
өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді.
Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа
ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені
өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы
өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы
сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі
түрткілері пайда болады.
Екіншіден- дамыта
оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы
мәселелерді шеше отырып,, өзінің санасының
саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің
деңгейіне дамуына қол жеткізе алады. (Жақсы оқушы,
жаман оқушы) ұғымның болмауы, балаларды танымдық
әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
Үшіншіден
– оқушының жеке
басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті.
Себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны
белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселерді,
қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден
– дамыта оқыту жүесінің нәтижелі
болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы
жаңаша қарым – қатынасы арқасында ғана өз
жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүедегі әміршілдік
стиь бұл жерде тиімсіз, оқушы – «орындаушы» объект емес. Ол
өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйекткей алатын,
сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көз
қарасын құрметтей білуге үйренген жаңа
сападағы субъект. Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ
кезеңдерінде оқушылар сабақтың мақсат,
міндеттерін өздері анықтайды, проблеманы шешу жолдарын іздестіреді,
жаңаны өздері табады, оқушыларға кеңеседі. Оны
жаңа сабақ талдамасынан көруімізге болады.
Оқушыларға сөйлемдерді оқытып одан не түсінгенін
сұрауымызға болады.
Мысалы: 1.Ең құнды сыйлық - кітап
2.Қазақ
халқының өте бай тарихы бар
3.Жылқы малы -
жеті қазынаның бірі
4.Қазақстан
Республикасы өзінің тәуелсіздігін 1991 жылы алды
5.Елімізде 130-дан
астам ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті тұрады
6.Мемлекеттік тіл -
қазақ тілі
7.Қазақ
халқының өте бай салт-дәстүрі бар. Оқушыларға осындай
тапсырмаларды беру
арқылы олардың отан туралы сенімін ұғындырып, тілдік,
сөздік қорын байытамыз. Қоғамның білім беру
жүйесінің алдына қойған талабы: оқыту барысында
баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің
дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру
міндетін шешу. Жалпы, оқытушының оқытудағы проблемасы
оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып
сабақтың тиімділігін арттыру болып табылады. Сонымен қатар
оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу,
үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып
бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін
іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте
сақтауын белсенділігін, дағдысын, білім саласының дамуын
қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның
тиімділігін арттырудың негізгі бөлігінің бірі - әр
мұғалім сабақ жоспарын құрастырған кезде
нақты мақсаттар қойып, соған жету жолдарын ізденушілік,
жауапкершілік көз қараспен қарауы. Жан-жақты
дайындалуы, өз білімін өзі шыңдау, шығармашыл
қабілеттерін үнемі арттырып отыру қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
1.Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңы.
2. «Білімдегі жаңалықтар»
журналы, 2003жыл.
3.«Модульдік оқыту технологиясы
оқушыны дамыту құралы ретінде» М.М.Жанпеисова. - Алматы,
2002.
4.«Бастауыш сыныпта оқыту.
Барлық пәндер бойынша» журналы. - Алматы, 2011.