Алтынбекова Гүлнар
№ 74 негізгі орта мектебі, Шымкент, Қазақстан
«Математиканы оқыту
әдістемелерін теориялық тұрғыдан талдау»
Қоғамымыздың
қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелерінің бірі –
мектептегі білім беру жүйесінде оқыту үрдісін
технологияландыру. Осыған орай оқытудың әр түрлі
технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. «Педагогикалық технологияға» алғаш анықтама берген
ғалымдардың бірі - орыс ғалымы В.П.Беспалько. Оның жеке
аспектілері мен түрлері В.М.Монохов, М.В.Кларин, П.И.Третьяков,
И.П.Сенновский, Г.А.Монахова, М.А.Чошанов және т.б.
ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
В.П.Беспалько Педагогикалық технологияны – практикада іске асатын
нақты педагогикалық «жүйе,
жоба» деп көрсеткен. Ол педагогикалық жүйе
тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы
ұйымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара
байланыстағы әдіс-тәсілдер деп қарастырады.
Б.Т.Лихачев
«Педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір
мақсат көздей отырып әсер ететін педагогикалық
нәтижеге жетелейтін бірліктердің жүйесі ретінде
көрсетеді, оның үнемі өзгеріп отыратындығын
айтады».
М.В.Кларин «Педагогикалық технология – бұл
педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы
қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық
құралдардың жүйелі жиынтығы және
жұмыс істеу реті», - деген анықтама ұсынды.
М.А.Чошановтың
анықтамасы бойынша «Оқытудың
технологиялары - дидактикалық жүйенің процессуалдық
құрамдас бөлігі». Ал
В.М.Монохов «Педагогикалық технологиялар -
оқыту процесін жобалау, ұйымдастыру және
өткізудің ойластырылған моделі», - деп көрсеткен.
Педагогикалық
технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін
дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына
жағдай жасалады. Жоғарыда келтірілген ғалымдардың
еңбектерін және басқа еңбектерді зерттей отырып,
педагогикалық технологияларды атқаратын мақсат-міндеттеріне
және олардың іс-әрекетіне қарай жүйелеп бір
сызбаға келтіруге болады (сызба 1).
№1-сызба Педагогикалық
технологиялардың түрлері:
Бағдарламалап оқыту технологиясы Ойын арқылы оқыту технологиясы Проблемалық оқыту технологиясы Деңгейлік саралап оқыту технологиясы


![]()

Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы


![]()
![]()
![]()

Білім беруді ізгілендіру технологиясы Өздігінен даму Ынтымақтастық педагогикасы технологиясы Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы Ынтымақтастық педагогикасы
Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы
Ынтымақтастық
педагогиасы. Талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу. Бұл
оқушыға ізгілік ұрғысынан қарау, оқыту мен
тәрбиенің ажырамас бөлігі. Мысалы,
мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы, оқушы
да-субъект, мұғалім де-субъект. Оған оқушы мен
мұғалім арасындағы өзара түсінушілік,
ынтымақтастық қарым-қатынас процесі де кіреді.
- .
Мұғалім
мен оқушының біріккен іс-әрекетінің формасы келесі
тұжырымдамадан көрінеді.
1.Дамытудың өзектілік, жүйелік,
практикалық, ғылымилық қағидаларын сақтай
отырып, сабақты
ұйымдастырудың белсенді формаларын қолдану;
2.Дамыта оқытудың әдіс-тәсілдерін
қолдану.
3.Оқу материалының оқушылардың
таным қызығушылығын, білуге құштарлығын
оятатын жаңалықты болып, оқушының білгеніне
ризалық сезімін туындату.
4.Оқушылардың
шығармашылыққа қызығушылығын, ізденіске
құштарлығын оятатын жаңалықты болып,
оқушының тұлға болу сезімін туындату.
5.Оқушылардың
қателіктері мен қиналған тұстарын анықтап,
ескеріп түзетіп отыру;
6.Шығармашылық іс-әркет дағдысына
баулу.
Білім беруді ізгілендіру технологиясы
(Ш.А.Амонашвили). Оқушыны азамат етіп тәрбиелеу, олардың
танымдық күшін қалаптастыру және дамыту, баланың
жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.
Ойын арқылы оқыту технологиясы. Тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік
мақсатқа жету. Ойындық іс-әрекеттің
психологиялық механизмі жеке бастық өзіндік
талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы
білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша
түсуді көздейді.
Математика сабағында
ойындарды пайдалану өте тиімді. «Ойын» - оқушының ой-санасын
дамытатын, өсіретін бірден-бір қарапайым құрал. Жай
сөзбен айтқанда оқушы «ойын» арқылы өз білімін
жинақтап, бар күш-жігерін сала отырып, жеңіске жетуге
тырысады. Ал жеңіске өзінің алғырлығы, зеректігі,
шапшаңдығы, тапқырлығы және терең білімі
арқылы ғана жетеді. Сабақтарда пайдаланатын ойындарды мынадай
түрлерге бөлуге болады: 1. Қимыл ойындары. 2. Үстел
үстінде ойнайтын ойындар. 3. Танымдық ойындар. Бұл ойындар
математикада еркін шығармашылық іс-әрекет ретінде
оқушының ойын, қиялын дамытып, еңбектенуге
дағдыландырады. Сонымен қатар оқушылардың
сабаққа қызығушылығы мен белсенділігін арттырып,
ойлау қабілетін дамытуға, ұжымшылдыққа
тәрбиелейді.
Белгілі педагог
В.А.Сухомолинский: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы
жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын - дүниеге
ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы
баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып,
айналасындағы дүние туралы түсінік алды. «Ойын» дегеніміз -
ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің
маздап жанар оты» - деген. «Ойын» көп білуге, білімділікке баулиды
және білгенін тұжырымдап, нақты айтуға
тәрбиелейді. Ойын үстінде оқушы іскерлік пен түрлі
дағдыны меңгеріп, бекітуге, қорытынды жасауға
үйренеді. Кез-келген сабақты даярлағанда және
өткізгенде білімділік, дамытушылық, тәрбиелік сияқты іскерлік
ойындардың мақсат-міндеттерін анықтап алу керек. Осы үш
мақсат оны іске асыру жолдарына бағыт-бағдар береді.
1.Білімділік:
- негізгі
ұғымдар мен заңдылықтарды меңгерту
-
статистикалық зерттеулер жасау, әр түрлі ақпараттар
ағынымен жұмыс істеуге дағдыландыру
- дәлелі де,
дәйекті шешімдер қабылдауға үйрету
2.Дамытушылық:
- әлеуметтік-экономикалық
жүйенің элементтері мен олардың арасындағы байланысты
дамытуға бағыт-бағдар беру
- қазіргі
экономикалық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал жасау
- іскерлік
қабілеттерін дамыту
3.Тәрбиелік:
- кәсіптік
көзқарасты қалыптастыру;
- шешім
қабылдауды кәсіби көзқарасты қалыптастыруға
бағыт-бағдар беру
- техникалық
құрал-жабдықтармен жіті, сауатты жұмыс істей білуге
тәрбиелеу.
Көбінесе 7-8 сыныптарда
математика пәнінде пайдаланылып жүрген ойындар
оқушылардың ой-өрісін дамыту мақсатында, пәнге деген
қызығушылығын арттыру барысында өткізіледі. 9-11
сыныптарда математикада пайдаланылатын ойындар оқушылардың
ізденісін, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға
арналған. Оқытудың барлық түрлерін «ойын»
түрінде өткізу мүмкін емес. Оқу үрдісінде
әсіресе оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерсек, жоғары
сыныптарда жаңа ұғымдарда қалыптастыру,
қоғамдағы басқа да өзгерістер мен
іс-әрекеттерді талдауда іскерлік ойындардың рөлі зор.
Сонымен бірге қазақтың ұлттық
ойындарының да өзіндік ерекше маңызы зор. Ойын элементтерін
пайдаланғанда оқушы білімінің сапасына көп
көңіл бөлеміз. Себебі әр оқушы берген
жауаптарының нақтылығы, дұрыстығы арқылы
ғана жетері анық. 7-9 сыныптарда күнделікті сабақтарда
5-7 минуттай сергіту барысында «домино», «формуланы толықтыр», «қатесін
тап», «формуласын жаз», «қай номерлі формула» деген ойындарды ойнатып
отырғанның зияны жоқ. Бұл ойындар оқушының
алған білімдерін тереңірек бекітуге көмегін тигізеді. Сайысты қорытындылау барысында оқушылар
бағаланады, марапатталады. Көп ұпай жинаған
оқушыға «озық ойлы оқушы» атағы беріледі.
Математика сабақтарында пайдаланылатын ойындар оқушылардың
сабаққа деген ынтасын арттырып, қызығушылығын туғызады.
Проблемалық (мәселелік) оқыту технологиясы. Оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық
және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Атап айтқанда:
-
оқушының белсенділігін арттырады;
-
оқу материалында баланы қызықтыратындай
мәселе туғызады.
Мұғалім кез-келген
сабағын өткен тақырыппен байланыстыра отырып,
проблемалық сұрақ тудырып, оқушылардың
шығармашылық ізденісіне түрткі жасай отырып өткізсе,
оқушылардың математика пәніне деген ынта-ықыласы арта
түседі. Бұрын мұғалім негізгі білім беруші болғандықтан
оқушыларға өз білгенін басынан аяғана дейін баяндап
түсіндіретін болса, қазіргі жаңа педагогикалық
технологияларға сүйенсек, мұғалім тек
ұйымдастырушы, бағыт-бағдар беруші, бақылаушы,
рөлінде. Бұл технологиялардың бірден-бір тиімді тәсілі
сабақ барысында оқушыларға проблемалық
сұрақтар қоя отырып оқушылардан ғылыми жауап
талап ету.
Егер әр сабақ осы тәсілмен өтетін
болса, оқушылар кез-келген қиын сұрақты шеше
алуға дағдыланып, ізденімпаздыққа,
шығармашылыққа, ғылымилыққа бет бұратыны
сөзсіз. Бұл дегеніміз оқушылардың математика
пәнінен терең білім алуының негізгі көзі.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.Қ.Көнеева,
А.Қалықова. Оқыту үрдісінде педагогикалық
технологияларды ұтымды пайдалану. - Алматы, 2006.
2.Мейірманқұлова Т. Білім
берудегі инновациялық технологиялар (әдістемелік құрал). - Алматы, 2005.
3.Кравцова Е.Е. Психологические
проблемы готовности детей к обучению в
школе. М: Педагогика, 1991.
5.«Қазақстан
мектебі» ғылыми-педагогикалық журнал. - Алматы, 2008.
6.Фролов М.И. Математика,
физика и компьютерная анимация для начинающих. Курс интегрированного обучения.
– М.ПК «Алтай». 1995г.