КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МОТИВАЦИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университеті

«Әлеуметтік –гуманитарлық сектордың» оқытушысы

Мұратханова Айжан Мұратханқызы

Психология мамандығының 2 курс студенті

Мауытханова Мақпал Мауытханқызы

 

      Кәсіби бағдар беру жүйесінде әлеуметтік және психологиялық факторлардың ықпалы зор болып табылады. Әлеуметтік жағдайлардың негізгі фактордың сыртқы объективті факторларды (мекен-жайы, мектептің орналасуы, ата-анасының қызметі мен мамандығы, мектептегі кәсіптік бағдар ерекшеліктері) жатқызуға болады. Бұл сыртқы факторлардың әсері субъективті ішкі себептер: табиғи қасиеттері (жасы, жынысы, темпераменті, қабілеті), оқушылардың тұлғалық индивидуалды қасиеттері және құндылық бағдары арқылы өзгертіліп отырады.

Сондықтан да кәсіби бағдар жүйесінің психологиялық негізі ішкі алғышарттардың жай тең әсерлер түрінде емес, субъектінің сыртқы әлемімен үздіксіз қарым-қатынас процесінде қалыптасады және ол жеке адам дамуынан бөлінбейтін күрделі де ұзақ процес болып табылады. Кәсіби бағдар беру жүйесі оны сыртқы факторлармен байланыстыратын субъект іс-әрекетінің пайда болуы, ұлғаюы, тереңдеуімен байланысты.

Сонымен қатар, кәсіби айқындаудың өзі сол әрекетті бағыттайтын, күштейтін, түзейтін, оны өзгертетін, яғни оның өту сипатын функционалды түрде анықтайтын компоненті ретінде қарастырылады. Мектептегі жоғарғы сынып оқушыларының кәсіби бағдар беру жүйесін ұйымдастырғанда жоғарыда айтылған жеке адамның индивидуалды ерекшеліктерімен санасып отыру қажеттігі басым болады.

Мектептегі кәсіби бағдар беру жүйесінің жеке тұлғалық маңызы алғышарттарының барысын негізгі екі топқа жинақтауға болады. Бірінші топқа мамандық таңдау мәселесін ойдағыдай шешуді қамтамасыз ететін, бірақ ол процесті жандандыруға қатыспайтын жеке адам ерекшеліктері жатады. Екінші топқа мамандық таңдау процесін жандандыратын және кәсіби бағытталудағы талғампаздықты тудыратын жеке адам бағыттылығының компоненттері: қажеттілік, кәсіби мотив, кәсіби қызығулар мен бейімділіктер, сенім, бағдарлар, құндылық бағдары, қабілет ерекшеліктерін жатқызуға болады. Еінші топтың негігі компоненттері: кәсіби айқындалуға қажеттілік, мотив және кәсіби қызығулар.

Кәсіби айқындалуға қажеттіліктің тууы – жастық шақ үшін дамудың жаңа, маңызды қайнар көзінің пайда болуын көрсетеді. Ол жеке адамның кәсіби айқындалуының қозғаушы күштері болатын түрлі қарама-қайшылықтардың тууына әкеледі. Жалпы түрде оларды оқушыда пайда болған қажеттілік пен болашақ  мамандығының талаптарының және сол кәсіпті игеруге қажетті білім мен іскерліктер арасындағы қарама-қайшылықтар түрінде көрсетуге болады.

Кәсіби айқындалуға қажеттіліктің ерекшелігі оның сол қажеттілік затын “табудан бұрын пайда болатындығы. Мұндай жағдайда қажеттілік берілген обьектіден “озін табу үшін қосымша жағдайларды талап етеді.

Басқа сөзбен айтқанда, қажеттілік пен оның затының арасында аралық звено бар, ол қызығулар болып табылады. Субьектімен заттық әлем арасында нақты әрекетті байланыс тууының қажетті алғы шарты кәсіби қызығудың болуы. Осы жағдайда жоғары сынып оқушыларының әртүрлі іс-әрекетке байланысты туған көптеген қызығулары, жоғарыда айтылған сыртқы факторлар мен жеке адам арасындағы қарым-қатынастың потенциалды мүмкіндігінің пайда болуына әкеледі.

Сонымен қатар теориялық-практикалық тұрғыдан оқушы оларды қалай түсінетіні де маңызды. Адамға әсер ететін барлық факторлар әрқашанда түсінікті бола бермейтіні белгілі, ал олардың адамның шешімі мен қылықтарына обьективті әсерлері тіптіде дұрыс бағалана бермейді: Көбінесе, адам қылықтарының мотивтерін өзіндік түсіну, әсер етуші факторлардың нақты әрекетімен теңестіріледі. Осыған орай, мотивациялық сфераның психологиялық заңдылықтарын білу, жеке адам іс-әрекетіне елеулі түрде әсер етуге мүмкіндік береді.

Мамандық таңдаудың мотивтеріне әсер ете отырып оқушы жастардың кәсіби айқындалуын белгілі  дәрежеде басқаруға болады.

Мотивация мәселесі отандық та, шетелдік те психология ғылымының фундаментальды мәселелерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар, Х. Хекхаузен атап көрсеткендей, «Мотивация психологиясындай жан-жақты қарастыруға болатын психологиялық зерттеу саласы табыла қоймас». Мотивация мәселесінің күрделілігі және көп аспектілігі оның мәнін, табиғатын, құрылымын, сонымен қатар түрткілер функцияларын түсінудің көп болуын шарттайды.

Селиванов В.Н. «Мотивті негізгі мазмұнды бекітілген ерікті сапаның үзіндісімен қарастырған».

Мотивацияның ол – қандайда бір әрекетке, мінез-құлыққа жалпы бағыттылық пен энергетикалық импульс беретін психикалық процестердің жиынтығы болып табылады. Мотивацияның теориялыры бихевиористтік және когнитивті бағыттардың негізінде дамиды. Олар қандай да бір негіз-тұрғыларға сүйене отырып жүзеге асқандықтан, олар эксперименталды болады. Психоаналитикалық және гуманистік концепциялардың көбі тәжірибеде экспериментсіз қолданылады.

Мотивация мәселесін когнетивті бағытта шешуге болады. Психологтер адамдардың дүние мен іс-әрекет туралы елестетулерінің толық белгілері келеді. Бірақ психологтер көбіне адамдардың басында не болып жатқандығының белгілері келеді. Ал жүректе не болып жатқандығын қарастырмайды. Мотивацияның когнитивті теориясы адамның іс-әрекеті жеке тұлғасымен жағдайға байланысты дұрыс интерпритацияланады. Когнитивті теорияның зерттеушілері адам әрекетіне әсер ететін сыртқы әсерлердің мүмкіншіліктері жайлы бихевиористік тезис қарастырады. Олар тек адам әрекетін ғана емес, сонымен қатар психикасын да біле бастады.

Көп жағдайда мамандық мазмұнының ерекшеліктерін оған өз бойындағы тұлғалық индивидуалды қасиеттерінің сәикестігін ескермей , оның тек сыртқы жағы мен қоғамдық-әлеуметтік беделіне көңіл аударады. Психологияда жүргізілген бір қатар зерттеулер бойынша, мамандық таңдауда неғұрлым көп кездесетін мотив еңбек мазмұнына қызығу,екінші-еңбектің қоғамдық маңыздылығы, үшінші - материалдық қызығушылық, төртінші –адамгершілік, ізгілік, романтика т.б. мамандық ерекшеліктері, бесінші-мамндық болашағы мен әлеуметтік беделі, алтыншы - жеке адамның бейімділігіне сәйкестілігі анықталған. Міне, осы жайттың өзінен-ақ кәсіби бағдар беру жүйесінде оқушылардың жеке адамдық тұлғаның- индивидуалды ерекшеліктеріне мән берудің маңызының зор екенін көреміз. Жалпы алғанда мамандық таңдау мотивтері, оқушылардың жеке-дара және жастық ерекшеліктеріне байланысты күрделі құрлымды болу керек. Бұл мотивтер, көбіне, отбасы,мектеп және құрбы-құрдастар ұжымының талаптарына тәуелді.

Жоғары сынып оқушыларының кәсіби айқындалу мотивациясының өзгеру динамикасын құрастыру жастық шақта таңдаған мамандыққа қызығу мотиві жетекші орын алатынын көрсетеді.

Екінші орында үй жағдайының мотивтері, мамандықтың қоғамға маңыздылығы тұрады есейген сайын, мамандыққа деген қызығу, жеке адамның өз басының индивидуалды қасиеттерін бағалауы күшейе түседі. мамандық таңдауға әсер ететін мотивтер жүйесін анықтауды С.П.Крягжде қолға алған. Ол қала және ауыл оқушыларын зерттеу нәтижесінде, кәсіби айқындалуға әсер ететін жалпы заңдылықтарды анықтаған.

Оқушылардың кәсіби айқындалуына әсер ететін негізгі себептер-қызығулар, бейімділіктер және қабілеттер екені анықталған. Жоғарғы сынып оқушыларында жиі кездескен басқада себептерді: жақсы табыс, мамандылықтың қоғамға маңыздылығын, өз бетінше жұмыс жасау достарымен жақсы қарым-қатынаста болу, денсаулық жағдайлары т.б. ажыратқан.

Сонымен, мектеп түлектерінің кәсіби айқындалуы кәсіби бағыттылық негізінде де, және онсыз да іске асырылуы мүмкін екені айқындалады. Оның болашақта дамуы немесе ЖОО-ның оқу-тәрбие процесіндегі психологиялық-педагогикалық жағдайларға байланысты.

Демек, мамандық таңдау мотиві болған кезде де,кәсіби айқындаудың табыстылығы туралы толық кепілдік беруге болмайды. Жоғары сынып оқушыларында мамандыққа деген тұрақты оң көзқарасты қалыптастыру, тек қана, оқу-кәсіптік немесе кәсіби іс-әрекет барысында жасалады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Рубинштейн С.Л. Основы обшей психологии. В 2-томах. - М., 1989.

2. Божович Л.И. Психологический анализ условий формирования и  строения гормонической личности. - М., 1981.

3. Йовайша Л.А. Проблема профориентации школьников. - М., 1983.

4. Сейтешов А.П. Пути профессионального становления учащейся  молодежи. - М., 1988.

5. Шавир П.А. Психология профессионального самоопределения в ранней юности. - Тюмень, 1980.

6. Демиденко В.К. Мотивы выбора профессии школьниками // Советская педагогика. – 1989. - № 6.

7. Булгакова Н.Ф. Подготовка школьников к профессиональному самоопределению в процессе их учебной и трудовой деятельности / Автореферат канд. диссертации. - М., 1984.

8. Аль-Фараби. Социально-этические трактаты. - Алма-Ата, 1973.