Кәсіби-бағытталған
шет тілін оқыту – әр студенттің
жеке басының кәсіби дамуының негізі.
Байғаскина Жұлдыз,
Алматы энергетика және байланыс
университетінің оқытушысы
Болашақ
мамандарға қажетті кәсіби білім деңгейінің
терең болуын талап ету шарты қойылып отырған шақта,
студенттерге, таңдаған мамандығы жайлы жан-жақты
бағыт-бағдар беріп отырған жөн. Болашақ
мамандықтың ерекшелігін меңзейтін, кәсіби-бағытталған
білім беру – студенттерді шет тіліне үйрету қажеттілігінде болып
отыр. Сонымен қатар, кәсіби және лингвистикалық білімге
негізделген әр студенттің жеке басының жан-жақты дамуы,
тілін оқып отырған елдің тұрмыс-тіршілігі мен
мәдениетін зерттей отырып оқу және студенттердің арнайы
дағдыларын қалыптастырудың үйлесімділігі
ескеріледі.
Кәсіби-бағытталған
шет тілін оқытудың негізгі мәні – студенттің жеке
басының кәсіби даму маңыздылығының
қалыптасуы мен қосымша кәсіби білім алу мақсатында, шет
тілі мен мамандыққа байланысты арнайы пәндердің
ықпалдасуында. Бұл мезетте шет тілін білу – студенттердің
жеке басының кәсіби дамуы мен олардың кәсіби
хабардарлығын жақсарту мақсатында қарастырылады.
Сонымен қатар студенттердің шет тілін жетік біліп шығуы –
жоғары оқу орны түлегінің болашақта білікті маман
ретінде шетелдік серіктесімен іскерлік қарым-қатынасты жүзеге
асыра алатын, кәсіби білікті маман иесіне қойылатын талаптың
негізгі шарты болып табылады.
Аталмыш
оқыту сатысында белгілі бір ақпаратты іздеу, өңдеу
немесе оны ағылшын тілінде серіктесіне жеткізу үшін болашақ
маман иесінің кәсіби қызметін ойдағыдай атқаруда
қажетті – коммуникативтік біліктіліктері мен дағдыларын
қалыптастыру және оны әрі қарай дамытудың негізі
қаланады.
Студенттердің
осы оқыту сатысында алған білімі белгілі бір мақсатта,
магистратурада, сондай-ақ студенттердің ары қарай білімін
жетілдіруде шет тілін жетік және жоғары деңгейде
меңгеруіне негіз бола алады.
Пәннің негізгі
мақсаты мен міндеті – түпнұсқада берілген
ғылыми-техникалық мәтінді оңтайлы оқу
дағдысын қалыптастыруда, мәтінге талдау жасау ептілігін
егжей-тегжейлі түсініп, ақпаратты бір жүйеге келтіруді
және мамандығына сай келетін әдебиетті екі жақты
дұрыс аудара білуде, сонымен қатар мәтінге аңдатпа мен
оның қысқаша мазмұнын жазу дағдысын
қалыптастыру болып табылады.
Шет тілінде берілген техникалық
ақпаратты іздеп табу немесе жеткізе білу мен оны өңдеу де,
кәсіби қызметін ойдағыдай атқаруға қажетті
негізгі коммуникативтік ептілік пен дағдыны одан әрі дамыту да осы
аталмыш курстың мақсаты болып табылады.
Студенттердің мамандығына сай іс
жүзінде техникалық шет тілін меңгеруде төмендегідей
міндеттер талап етіледі:
-
ғылымның
және техниканың нақты тілін түсініп,
ғылыми-техникалық терминдерді әңгіме барысында сауатты
қолдана білуі;
-
студенттердің
болашақ мамандығына қатысты жалпы ғылыми-
техникалық мәтіндерді аудара алуы;
-
ағылшын
тілінде еркін сұхбат жүргізе алуы;
-
кәсіби-бағытталған
бағдарламадағы талапқа сай баспасөз беттерінен,
аудиовизуальды және электр құралдары арқылы
алынған әртүрлі мәліметтерді – ғылыми-техникалық,
саяси-қоғамдық және мәдени-әлеуметтік
ортадағы қарым-қатынас кезінде түсініп,
өңдей білуі;
-
кәсіби
мамандығына тән мәтіндерді ана тілінен шет тіліне, шет
тілінен ана тіліне жазбаша түрде аударуы;
-
кәсібіне
тікелей байланысты мәтінге реферат, аңдатпа жазып, сол
тақырып төңірегіндегі мәтінге талдау жасап, баға
бере білуі.
«Кәсіби-бағытталған шет
тілін» 2-ші, 3-ші курстан бастап өткізу орынды да, заңды.
Өйткені дәл осы кезде таңдаған мамандығы бойынша
дәріс ала бастағандықтан шет тілінде берілген
техникалық әдебиеттер барынша түсінікті және
толық меңгеруге мүмкіншілік туындайды. Түп
нұсқада берілген шет тіліндегі мәліметті барынша толық
және тыңғылықты түсініп, техникалық
терминологияны оңай меңгеруге болады.
Студенттер тілді
қызмет барысында, мәдениет және өнер саласында жетік
меңгеретіндіктен жалпы білім беретін бағдарлама және
тәрбие жұмысының жоспары кәсіби-бағытталған
курстың бағдарламасымен бірге жүзеге асырылады.
Еліміздің ұлттық мәдениетін жетік меңгерген білім
ошағының негізгі көзі болғандықтан,
студенттердің тілдік мәдениетін жетілдіруге, олардың ойлау және
сөйлеу қабілетін дамытуға, өзі ойланып қорытынды
жасауға, логикалық шешім қабылдап, талдау жасауға,
өз пікірін шет тілінде айта білуге дағдылану барысында өзге
елдің мәдениетін кіріктірудің негізгі байланыстырушы элементі
– студенттің тілді білуі болып табылады.
Сонымен, ойлау, есте сақтау , зейін салып тыңдау,
аңғарғыштық, сөйлемнің мағынасына
назар аудара отырып әр сөздің нақты аудармасын табу,
ақпарат ресурстарын пайдаланғанда дербестік таныта білу
қасиеттерін қалыптастыру барысында - студенттердің жеке
басының жан-жақты дамуы жүзеге асырылады.
«Кәсіби-бағытталған
шет тілін» оқытуда – түп нұсқада берілген әдебиетті оқуға
үйрету аспектісіне ерекше көңіл бөлінуі керек.
Өйткені техникалық мәліметтің қомақты
көлемі – техникалық әдебиеттер, ғылыми журнал
және Интернет арқылы келіп түседі.
Түп
нұсқада берілген әдебиетті
оқуға үйрету – оқу
құралдарынан, арнайы журналдардан және тағы басқа
ғылыми-техникалық ақпарат көздерінен алынған
мәтіндермен жұмыс жүргізуді қамтиды. Түп
нұсқада берілген ғылыми-техникалық мәтіндерді
оңтайлы оқу дағдысын автоматтандыру. Анықтамалық
сөздіктермен жұмыс жүргізу дағдысын қалыптастыру.
Сөздік қорларын бекіту және дамыту. Мәтіндегі
маңызды мәселені анықтай білу. Сөйлем арасындағы
логикалық байланысты таба білу. Артық ақпаратты
қысқарту. Сөздіксіз түсіну дағдысын
қалыптастыру. Мәтінді қарап шығып немесе
түбегейлі таныса отырып оқу дағдысын дамыту.
Студент оқудың төменде
көрсетілген түрлерін меңгеруге міндетті:
1) толық ақпарат алу
және мазмұнын ана тіліне жазбаша аудару арқылы жеткізу мақсатында мамандыққа
байланысты мәтінді зерттей отырып
оқу;
2) таныса
отырып оқу – жалпы автордың дәлел келтіру бағыты
мен тақырыптың дамуын қадағалау және негізгі
ақпараттың 70%-ын түсіну ептілігімен суреттеледі;
3) жалпы мәтіннің
мазмұнымен танысу мақсатында және іріктеп алынған
мәлімет негізінде қарастырылып отырылған мәселеге орай,
мәтінді сипаттау ептілігі – мәтінді
(қарап шығу) көз жүгірте оқуға жатады;
4) жан-жақты
іздене отырып оқу – белгілі
бір мәліметті басқа ақпарат көздерінен іздеуді талап
ететін оқу түрі.
Мәтінде берілген тілге тиек болатын
мағыналы сөз тіркестерін талдау ептілігін қалыптастыру,
өзекті мәселені анықтап, мәтінде келтірілген фактілер
мен негізгі ойды ашып көрсете білу, сөйлем арасындағы
логикалық байланысты таба білу, артық ақпаратты қысқарту,
ортақтық негізінде баса айтылған ой желісін топтастыру
және бір жүйеге келтіру, сонымен қатар сөздіксіз
түсіну дағдысын қалыптастыру мен келіп түскен
мәліметті болжай отырып түсіну дағдысын қалыптастыру
– емін-еркін оқуда
қарастырылады.
Мәтінді ана тіліне ауызша және жазбаша түрде аудару –
шет тілін меңгерудің, мәтіннің мазмұнын
толық және тура мағынада түсінгенін тексерудің
ең тиімді әдісі болып табылады.
«Кәсіби-бағытталған
шет тілі» пәні бойынша білім алушы студент:
- автордың
көзқарасын сынап, өз бағасын ашып айта алуы керек;
- автордың ұсынып отырған шешімінің тиімді немесе
тиімсіз екендігі жайлы қорытынды жасай алуы керек;
- осы мәселеге байланысты алынған әртүрлі
деректерді бір-бірімен салыстыруы керек;
- басқа жағдайда дәл осындай тапсырманы орындауға
әртүрлі деректерден алынған ақпарат негізінде
қорытынды жасай білу.
Әдебиеттер тізімі:
1. Пассов Е.И.
Основы коммуникативной методики обучения иноязычному общению.
2. Коваленко А.Я.
Общий курс научно-технического перевода.
3. Иностранный язык как часть профессиональной
подготовки инженера // Формирование профессиональной культуры
специалистов XXI века в
техническом университете: Труды 5-ой Международной научно-практической конференции. – СПб.: Изд-во Политехнического
университета, 2005. – С.135-143. – 0.4 п.л.
4. Уровни автономности студента при обучении профессиональному общению в электронной среде // Современные подходы к уровням обученности и критериям их оценки при подготовке по иностранному языку специалистов-нефилологов. Вестник МГЛУ. Выпуск 477. – М., 2001. – C. 132-146. – 0.6 п.л.