Рапишева Жанат Дабыловна
(фил. ғыл. канд., доцент)
Рихимова Балауса
Мейрамбекқызы (студент)
Академик
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті, Қазақстан
ДИСКУРС ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ
ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Тіл білімі
дамуының кейінгі кезеңінде дискурс теориясына байланысты арнайы
зерттеулер өріс алды. Жалпы алғанда, дискурс мәселесі
қазақ тіл білімі үшін әлі толық қалыптаса
қоймаған сала болып табылады. Дискурстың мәні мен
мазмұнына терең бойламас бұрын, оның зерттелуіне
тоқтала кеткен жөн. Дискурс талдау теориясына қатысты
жарияланған шетелдік зерттеушілердің еңбектері (Т.Гивон,
А.Е.Кибрик, Т.А.ван Дейк, Н.Хомский, Л.С.Выготский, Т.В.Ахутина т.б.),
қазақ тіл білімінде мәтін лингвистикасына,
стилистикаға, синтаксиске және когнитивтік лингвистикаға
қатысты зерттеу жүргізген ғалымдар (Р.Сыздық,
Р.Әмір, Т.Сайрамбаев, Б.Шалабай, А.Жұбанов, Ж.Манкеева,
Г.Смағұлова, Г.Қосымова, З.Ш.Ерназарова, Г.Әзімжанова,
Қ.Есенова, Ж.Қайшығұлова, Қ.Айтмұхаметова
т.б.), дискурсқа қатысты пікір білдірген Н.Уәли,
Д.Әлкебаева, Г.Бүркітбаева, Ж.М.Кеншінбаева т.б. зерттеулері
бар.
«Дискурс»
ұғымын алғашында шетелдік зерттеушілер әртүрлі
көзқарас тұрғысынан қарап зерттеді. Мысалы, Т.ван
Дейк, Дж. Остин, Дж. Серля, М.Фуко, Э.Гофман, С.И.Виноградов, Б.П.Паршин,
В.З.Демьянков, Ю.С.Степанов және т.б.
Ю.С.Степанов
дискурс дегеніміз «тіл ішіндегі тіл» деп түсіндіреді: «Дискурс – это «язык в языке», но представленный в
виде особой социальной данности. Дискурс существует, главным образом, в текстах, но в таких, за которыми встает особая грамматика, особый лексикон, особые
правила употребления и синтаксиса, особая семантика – в конечном счете особый
мир...» [1,
35-73]. Бірақ ол ерекше
әлеуметтік мағлұматтарымен көрінеді. Дискурс
ақиқатында өзінің грамматикасы не сөздік
қоры арқылы көрінбейді, ол бәрінен бұрын
және ең бастысы өзіндік грамматикасы, сөздік
қоры, сөз қолданысы, синтаксистік құрылымы –
жалпы айтқанда, ерекше әлемі бар мәтіндерде көрінеді. Яғни
дискурс ұғымының өзі «тіл – рух үйі», «тіл –
болмыс үйі» деген философиялық тезистің мазмұнын
ашады.
Ал В.З.Демьянков дискурсты сөйлемдер
мен фрагменттерден тұратын интерпретатордың көз алдына ойша
келетін мәтін ретінде анықтайды, ал дискурс мазмұны
көбінесе «дискурс топигі» немесе «дискурсивті топик» деп аталатын «тірек»
концептінің айналасында шоғырланады [2, 34-35].
Жалпы дискурс
теориясының сипаты пәнаралық деуге болады. «Бұл теория
адам қызметінің түрлі аспектілерінде назар аударатын
академиялық пәндерді қамтиды: антропология, журналистика, риторика,
әдебиет пен мәдениеттану, әлеуметтану, психология, география,
заң ғылымы мен білім беру» дейді Х.Х.Нұрсейітова
медиялық дискурс туралы [3, 21].
Дискурс
теориясының қалыптасуында екі дәстүрдегі мектеп
өкілдері (американдық мектеп, оның негізін салушы – Франц
Бае, чех лингвистикалық мектебінің дәстүрі, негізгі
өкілі – Вильям Матезиус) маңызды рөл атқарды. Дискурс
талдау теориясының жеке пән ретінде қалыптасуы жалпы тіл
білімінде ХХ ғасырдың 70-жылдарына, қазақ тіл білімінде
бұл мәселеге қатысты зерттеулердің ғылыми
айналысқа түсуі өмір сүріп жатқан
ғасырымыз, ХХІ ғасырдың басына
жатқызылады. Тұңғыш болып «дискурс»
ұғымын Ю.Хабермас өзінің «Коммуникативтік компетенция
теориясына дайындық» атты еңбегінде қолданған болатын.
Содан бері бұл термин батыстық философияда кең
қолданылып жүр. Хабермас «дискурске» мына төмендегідей
белгілер тиесілі екенін айтып өтеді: қарым-қатынасқа,
сұхбатқа имманентті (іштей тиесілі), сол кезеңнің
қоғамдық өмірінде қалыптасқан нормалар,
ережелер және негізгі құндылықтар жинағынан
тұратын идеологиялық тіл. Ондағы идеология деп
отырғанымыз жалпы белгілер жүйесі деген мағынада.
Дискурс – тілдік коммуникация түрі.
Кең шеңберде, дискурс дегеніміз уақыттың мәдени
тілдік контексі. Оған рухани-идеологиялық мұра,
көзқарас, дүниетаным кіреді. Тар мағынада, дискурс деп
қандай да болмасын мағыналы, құнды
іс-әрекеттің нақты тілдік шындығын айтады.
Дискурске берілген түрлі анықтамалардың ішінде ең
негізгілері ретінде Т.К.Николаева мыналарды көрсетеді: 1. Байласымды
мәтін; 2. Мәтіннің ауызша-сөйлеу формасы; 3. Диалог; 4.
Мағыналы жақтан ішінара байланысты айтылым түрлері; 5. Ауызша
немесе жазбаша сөйлесім туындысы.
Н.Д.Артюнованың
пайымдауынша: «Дискурс – тілден тыс – прагматикалық, әлеуметтік,
мәдени, психологиялық факторларды біріктіретін байласымды
мәтін, оқиғалық аспектідегі мәтін, белгілі
мақсатқа бағытталған әлеуметтік әрекет
ретінде қаралатын сөйлеу (сөз). Адамдардың когнитивтік
санасында өзара қарым-қатынас механизміне қатысатын
компонент. Дискурс, бұл – «өмірмен біте қайнасқан»
сөз [4, 467-472].
«Дискурс –
қазіргі кезге дейін жазылған, айтылған және
түсінікті, осы, сонымен қатар басқа да тілде алдағы
уақытта оның өмір сүргенінің, өмір
сүру мүмкіндігінің тарихында айтылатын, жазылатын
барлық нәрселер, яғни, табиғи тіл мәтіндер
жиынтығы ретінде жасаған айтылымдардың барлық
түрлері...» [5, 41].
Қазіргі
филологиялық ғылымда дискурс пен оның табиғатын
ашуға байланысты пікірлер әртүрлі. Оған «белгілі бір
аядағы ағымдық тілдік қызмет», «тілдік байланыстар
арқылы жасалатын мәтін», «аяқталған тілдік
қарым-қатынас», «оқиғалық аспектідегі
мәтін» тағы сол сияқты көптеген анықтамалар
беріледі. Сонда «дискурс» ұғымы тілдік қызметті де,
мәтінді де, мәтін аясын да, ойтолғамды да білдіретін
көп қырлы термин болып есептеледі. Яғни бір сөзбен
айтқанда, дискурс мәтіннен басқа экстралингвистикалық
факторларды (қоршаған ортаны, ойтұжырымды,
қағидалар мен адресаттың мақсаты) білдіретін
күрделі экстралингвистикалық құбылыс. Бұл
жөнінде Л.Дж.Филиппс, М.В.Йоргенсен, М.Л.Макаров, Е.И.Шейгалдардың
зерттеулерінде кең айтылған.
Дискурстың
мұндай анықтамасы оны жалпы философиялық, жалпы
гуманитарлық ракурста қарастыруды талап етеді. Лингвистикалық
аспектіде дискурс, бұл – өзара қарым-қатынастағы
пропозиция түрінде көрінетін тілдік ойлау қызметі.
Дискурстың
жарты ғасыр бойы зерттелуіне қарамастан, дискурсқа деген
қызығушылық артпаса
кем емес. Оны кейбіреуі паразит-сөздер деп те атайды.
Соған
қарамастан, дискурстың
күрделі қарым-қатынас құбылысы екенін
мойындауымыз қажет. Кейбір
ғалымдар (Т.А.ван Дейк, В. Кинч, В.З.Демьянков, А.Е.Кибрик, И.М.Кобозева,
W.Chafe, W.Labov), сондай-ақ
(О.В.Александрова, Е.С.Кубрякова, В.В.Красных, т.б.) дискурсты
оның белгілі бір контексе байланыстылығын, жанрлық және идеологиялық
қажеттілігін атап көрсетеді.
Осы орайда,
Т. ван Дейк дискурстың екі мағынасын ашып алу керектігін айтады.
Кең мағынасында дискурс – сөйлеуші мен тыңдаушы
арасындағы белгілі бір уақытта, кеңістікте және
басқа да контексте айтылатын кешенді қарым-қатынастық
жағдай есебінде көрінеді. Бұл қарым-қатынастық іс-әрекет – тілдік,
ауызша, сонымен қатар вербальды
және вербальды емес құрылымда тұруы мүмкін [6].
Ал тар
мағынасында дискурс – жалғыз ғана вербальды
құрылымда келетін ауызша және жазбаша мәтін ретінде
айқындалады. Осыған байланысты дискурс жалғастырушы коммуникативтік
әрекет болып есептеледі.
Қазіргі
таңда адамның есі, оның ойлауы мен дүниетанымы оны
күнделікті өмірде қоршаған дискурстермен белгілі бір
нысанға келеді. Дискурс жеке тұлғаның барлық
қызмет бабында қатынасады және ол кез келген жазбаша
және ауызша формада болуы мүмкін. Мәселен, ғылыми
басылымдар мен оқу материалдары, лекциялар, медициналық
ұсыныстар, т.б. Дискурс – біртұтас сөздің туындысы.
Дискурстың
этимологиялық термині латынның «discurrere», яғни
«талқылау», «келіссөз жүргізу» деген мағына береді. Мұндай мағынасы
ғылымда XVI-XVIII ғасырда қолданылған болатын. Содан
бері «дискурс ұғымы» көптеген трактаттардың пайда
болуы мен ғылымның дамуына
үлес қосты.
XX
ғасырдың соңына қарай дискурс термині тек семантика мен
синтаксиске ғана қатысты емес, сонымен қатар прагматикада
мәтін – «адресат» құрылымында қарастырылды.
Дискурске
қатысты мәселелер И.Ю.Абелованың «Речь о речи коммуникативная система человека», Е.В.Жданованың «Личность и коммуникация», А.Я.Шайкевичтің «Введение в лингвистику», Е.А.Кожемякина,
Е.А.Кроткованың «Методологические
проблемы
изучения дискурсных практик», «Речевой акт», Н.С.Рябинскийдің «Речь как социальное действие: основные понятия
дискурсивного анализа», О.В.Акимованың «Типы
профессионального дискурса» атты еңбектерінде қарастырылған.
XX ғасырда лингвист ғалымдар
арасында мәтін алғашқы ма әлде дискурс алғаш
пайда болды ме деген пікір-таластар туындады. Дегенмен, мәтін мен дискурс
бір-бірімен өте тығыз қарым-қатынастағы
құбылыстар. Кез келген дискурс мәтін бола алады. Бірақ
кез келген мәтін дискурс бола алмайды. Мысалы, сөреде жатқан
кітап оқырманның (адресат) қолына түспейінше, ол
мәтін болып қала береді.
Дискурс пен мәтін айрықша ерекшеліктер
төмендегідей болып келеді:
1)
дискурс – прагматикалық,
мәтін – лингвистикалық категория;
2)
дискурс – үдеріс
категориясы, мәтін – нәтиже категориясы;
3)
мәтін – абстрактылы құрылым, ал дискурс – оның
актуализациясы.
Қазіргі лингвистикада «мәтін» және «дискурс»
ұғымдарының концептуалдық сарапталуы арқылы екі
ұғымның бір-бірімен тығыз байланыста болатыны
анықталды. Әлемдік лингвистикада мәтінді әртүрлі
аспекті тұрғысынан, яғни мәтіннің коммуникативтік
аспектісі және мәтін прагматикасы тұрғысынан зерттеу
қолға алынып жатқан кезде, өткен ғасырдың
аяғында дискурстық сараптаудың жаңа бағыт ретінде
қалыптасуы тегін емес.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
3. Нұрсейітова Х.Х. Медиялық дискурс
мәселелері. – Алматы, 2002.