Қыдырбаев Қ.А., Инаятулла М.

Әл-Фараби атындығы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан

 

ӘЛ-ХАЛИЛДІҢ АРАБ ЛЕКСИКАСЫН ЖИНАҚТАУДАҒЫ

НЕГІЗГІ ДЕРЕККӨЗДЕРІ

 

Тілдік сөздіктер көлеміне, мазмұнына қарай тілдегі барлық сөздерді мүмкіндігінше қамтуға тырысады. Араб әдеби тілінің Құран Кәрім, Пайғамбар (с.а.у.) хадистері, ақындардың өлеңдері, мақал-мәтелдер секілді  негізгі қайнар көздерінен мысалдар келтіре отырып сөздік құрастыру – осы салаға бар өмірін арнаған ғалымдардың ғана қолынан келетін қиын істердің бірі. Ортағасырлық араб ғалымдары араб тілі сөздерін жинақтап сөздік құрастыруда бірнеше әдіс-тәсілдер қолданды.

Ортағасырлық араб тілінің сөздігін құрастырушы ғалымдар араб сөздерін тіл рауилерінен, тілді зерттеуші ғалымдардан және олардың шәкірттерінен алып отырды. Сондай-ақ, тілі шұбарлана қоймаған араб тайпаларының диалектілерінен тікелей алу мақсатында шөлейтті ен даланы мекендеген тайпаларды аралауларына тура келді. Олар сөздерді кез-келген тайпаның сөздік қорынан емес, тілдері шұбарлана қоймаған араб тайпаларынан алды. Ал өзге ұлттармен араласа өмір сүріп жатқан араб тайпаларының сөздерін алмауға тырысты. 

Сөздік құрастырушы ғалымдардың көпшілігі өзінен бұрынғы ғалымдардың құрастырған сөздіктерін негізге алып, оған жаңа сөздер мен түсініктемелер енгізу арқылы алдыңғы жұмыстарға толықтырулар мен өзгерістер жасаумен шектелетіні белгілі. Ал ортағасырлық араб лексикологы әл-Халил ибн Ахмад әл-Фараһиди (шамамен 789 ж. қайтыс болған) «әл-Айн» сөздігін құрастыру кезінде араб тілі бойынша ешқандай сөдік болмаған. Оның бұл еңбегі араб тіл біліміндегі ең алғашқы сөздік саналады. Бұл сөздіктегі әрбір сөз бен оларға жасалған түсініктемелер әлі күнге дейін ғылыми маңызын жойған жоқ.

Ен далада жасап жүрген бәдәуи араб тайпаларына арнайы барып, олардан тікелей сөз алу немесе бәдәуи арабтардың арнайы мақсатта келіп, қалалы жерлердегі ғалымдарға тікелей сөздерін естіртуі ғылым тілінде «الوفادة» (әл-уифәда) деп аталады. Тілді не сөздерді шейхынан не ұстазынан  тыңдау – «السماع» (әс-симағ), оқу – «القراءة» (әл-қираға), жазу – «الكتابة» (әл-китәба) деген терминдермен аталады. Сондай-ақ, «وجدت كذا، ووجدته قال كذا، ألخ», яғни «осылай айтылғанын естідім немесе пәленшенің былай дегенін көрдім (естідім)» деу арқылы жаңа сөзді айналымға қосу не сөздікке енгізу араб тіл білімінде «الوجادة» (әл-уижәда)  деп аталады [1, 144 б.].

Әл-Айн еңбегінде әл-Халил сөздерді Аррам, Зәида, Рафиғ, әд-Дарир, Әбу Ләйла секілді т.б. бәдәуи арабтардан алғаны байқалады. Мысалы, «بضْعٌ» сөзі жөнінде «قال عرَّام: الخَرقُ هو البضْعُ، بالضاد. بَضَعْتَ الثوب بضعاً، أي: مزَّقته تمزيقا يسيرا.» [2, 247 б.], яғни «Аррам айтты» деп, ол сөзге Аррамның айтқан түсіндірмесін келтіреді. «دهع», «دهدع» сөздерінің мағынасын түсіндіру кезінде «دهع: دَهَعَ الراعي بالنُّوقِ ودَهَدَعَ بها: إذا قال لها "دَهَاعِ أو دَهْدَاعِ" الأوَّلُ مجرورٌ. قال زائدة: ودَهْدَعَ بالسَّخْلِ إذا أشْلاَهُ.» [2, 50 б.], «Зәида айтты деп», Зәиданың айтқанын түсіндірмеге қосады. «ثعل» сөзі жөнінде «قال رافع: الثعل دُوَيْبة صغيرة تكون في السّقاء إذا خبث ريحُه.» [2, 389 б.], яғни «Рафиғ айтты» дегенінен, бұл сөзді Рафиғтан естігенін білеміз. «العَنْزُ» сөзін «قال الضّرير: العَنْزُ: أَكَمَةٌ سوداء غليظة.», яғни «әд-Дарир айтты» дегенінен, әд-Дарирден алғанын байқаймыз. Сондай-ақ, «بُعْصُوصَة» сөзін «بعص: البُعْصُوصَة: دُوَيْبَّة صغيرة لها بريق من بياضها. يقال للصَّبيّ: يا بُعْصوصة لصغره وضعفه. لم يعرفه أبو ليلى، وعرفه عرام.»  [2, 246 б.] деп, бұл сөздің мағынасын Әбу Ләйланың білмегенін, Аррамның біліп мағынасын түсіндіріп бергенін айтады.

Кей бөлімдерде «бәдәуи арабтан естідім» деп ешкімнің атын атамайды. Мысалы, «ثَقْفٌ» сөзінің мағынасын түсіндіргенде «ث ق ف يستعمل فقط ثقف: قال أعرابي: إني لَثَقْفٌ لَقْفٌ راو رام شاعر. وثَفِقْتُ فلاناً في موضع كذا أي أخذناه ثَقفاً.» [2, 93 б.], яғни «бәдәуи араб айтты» деп, атын айтпастан бәдәуидің айтуы бойынша сөз мағынасын түсіндіре кетеді. Кейбір зерттеулерде «әл-Айн» сөздігінде Аррамнан елуден астам, Зәидадан қырық бестен астам, әд-Дарирден отыз үшке тарта сөз алынғаны, сондай-ақ әл-Хасан әл-Басри, Әбу әд-Дақиш және Әбу Хайра сынды ғалымдардан да сөздер алынғаны айтылады [3, 191 б.].

Бір деректерде әл-Халил сөздікке енгізгісі келген сөздерді ұстаздарына, танымал тіл мамандарына көрсеткені жөнінде айтылады. Бұл мәселеде әл-Халил өзінің шәкірттерін де пайдалана білген. Мәселен, әл-Халил білім-ғылым ордасы саналған әл-Басра қаласында жастайынан үлкен ғалымдардан ілім үйрене жүріп, сол замандағы араб тайпаларының тілдерін жетік меңгерген «шейх әл-арабия» (араб тілі шейхы, яғни араб тілінің білгірі) деген атпен танымал болған Әбу Амр ибн әл-Ала (154 һ.ж. қайтыс болған), Иса ибн Умар әс-Сақафи (148 һ.ж. қайтыс болған) cынды заманының ең білімді тіл ғалымдарынан сөздігіне көптеген сөздер енгізген [4, 19 б.].

Сондай-ақ әл-Айн кітабында кейбір сахабалардан алынған сөздер де бар. Мысалы, «الحَوِيَّةُ» сөзінің мағынасын түсіндіру барысында «والحَوِيَّةُ: مركب يُهَيَّأ للمرأة. والحَوِيُّ: استدارة كلّ شيء، كحوِيِّ الحيّة، وكحويِّ بعض النُّجوم إذا رأيتها على نسق واحدٍ مستديرة، والحويّة والحاوية والجميع الحَوَايَا: الأمعاء. قال عليّ عليه السّلام:

 

أقتلُهـم ولا أرى مُـعـاوية      *        الأخْزَرَ العَيْنِ العظيمَ الحاوي                » [2, 959 б.]

 

деп, Алидің (р.а.) өлеңінен дәлел келтірсе, «حضن» сөзін түсіндіру кезінде «قال ابن مسعُود: لا تُحضَنُ زَيْنَبُ امرأةُ عبدِ الله أي لا تُحجَب عنه ولا يُقْطَعُ أمرٌ دونها.» деп, Абдуллаһ ибн Масғудтың (р.а.) сөзін келтіреді [2, 730 б.]. «رحض» сөзін «ثَوبٌ رَحيضٌ ومَرْحُوضٌ: أي: مَغسُول. والرحْضُ: الغَسْل. وقالتْ عائشة في عُثمانَ: "استَتابوه حتى إذا تَرَكوه كالثَوْبِ الرَّحيض أحالوا عليه فقَتَلُوه".» деп [2, 727 б.], Аиша анамыздың (р.а.) сөзімен түсіндіреді. Сондай-ақ, «خطف» сөзін әл-Хасан әл-Басриден (р.а.) [2, 1292 б.], «رتع» сөзін әл-Хажжаждан (р.а.) [2, 360 б.], «بظو» сөзін Әбу әл-Әсуадтан (р.а.) [2, 1338 б.], «حير» сөзін Әбу Амр ибн әл-Аладан (р.а.) [2, 926 б.] мысалдар келтіре отырып түсіндіреді.

Жалпылама айтар болсақ, әл-Халил ибн Ахмад «әл-Айн» сөздігін дайындау кезінде өзі аралаған Араб түбегіндегі әл-Хижаз, Нәжд, Тәһама аймақтарында жасайтын ешқандай да өзге ұлттармен араласпай қаймағы бұзылмай отырған араб тайпаларының тіліне, өз ұстаздарынан және заманының үлкен-үлкен тіл мамандарынан үйренген әртүрлі араб диалектілеріне, даналық сөздеріне, мақал-мәтелдеріне, ақындардың өлеңдеріне арқа сүйеді.

 

Әдебиеттер тізімі:

1.      جلال الدين السيوطي، المزهر في علوم اللغة وأنواعها، تحقيق: محمد أبو الفضل وآخرون. – صيدا-بيروت: المكتبة العصرية، 1992م

Жәлал әд-Дин ас-Суюти. Әл-Музһар фи улум әл-луға уә әнуағуһу. Тахқиқ: Мухаммад Әбу әл-Фадл уә ахарун. – Сайда, Бейрут: әл-Мәктәбә әл-Асрия, 1992 м.

2.      كتاب العـين لخليل ابن أحمد الفراهيدي. مكتبة مشكاة الإسلامية. ج1

Әл-Халил ибн Ахмад әл-Фараһиди. Китаб әл-Айн, І ж. – Мәктәбә Мишкаһ әл-Исламия.

3.      السامرائي، إبراهيم. الإبداع والمحاكاة في كتاب العين. – عمان: دار الكرمل، 2001 م. – 81 ص.

Әс-Сәмраи Ибраһим. Әл-Ибдағ уә әл-Мухакаһ фи Китаб әл-Айн. – Амман: дәр әл-Кәрмәл, 2001 м. – 81 с.

4.     أحمد، عبد السميع محمد. المعاجم العربية: دراسة تحليلية. – القاهرة: دار الفكر العربي.

Ахмад Абдуссамиғ Мухаммад.  Әл-Мағажим әл-Арабия: дирасаһ тахлилия. – әл-Қаһира: дәр әл-Фикр әл-Араби.