БАСТАУЫШ СЫНЫП
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ БЕЛСЕНДIЛIГIН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС АРҚЫЛЫ АРТТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
МҮМКІНДІКТЕРІ
Жұбаназарова Н.С.
психол.ғылым. канд. доцент
әл -Фараби атындағы ҚазҰУ
Нареге
Гулназ магистр №164 мектеп
қазақ тілі мен қазақ
әдебиетінің мұғалімі.
Оқыту процесіндегі
оқушының танымдық қызығушылығын
қалыптастыру қазіргі кездегі басты мәселелердің бірі
болып табылады. Танымдық іс-әрекет – шәкірттің білімге
деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Мектеп
оқушыларының танымдық іс-әрекетін жетілдіру проблемасын
психологтар мен педагогтардың ғылыми зерттеулерінен көруге
болады. Бұл проблеманың кейбір қырлары тамыры тереңге
бойлайтын көне замандардан бастау алады. Психология – педагогикалық
зерттеулердің негізгі бағыттарының бірі оқу және
тәрбие мәселесі. Бұл еңбек қажеттілігінде
және оқу танымдық қызығушылықтың
артуымен байланысты. Қызығушылық бұл – адамның
белгілі бір мақсатқа сай іс-әрекетке
құштарлығы. Қызығушылық бұл
адамның іс-әрекетіндегі мықты стимул беруші. Ол белгілі- бір
мақсатқа бағытталған шығармашылық
мінез-құлыққа ие. Қызығушылық –
формасы танымдылық қажеттіліктен көрінеді,
тұлғаның саналы түрде мақсатты іс-әрекетін
бағыттап, қамтамасыз етеді. Жаңа
дәйектермен танысу, іс-әрекетті
толық және терең түсіну [1].
Танымдылық
қызығушылықтың маңызды белгілерінің бірі
тұрақтылық болып
табылады. Қызығушылық кейбір жағдайда өте
ұзақ мерзімде болады,
бірақ жағдайларға байланысты ол тез жоғалып та
кетеді. Сондықтан қазақ
тілінің пән
мұғалімі оқушының қызығушылығын
арттыра білуі керек. Танымдық қызығушылық ол
өздігінен дамуы мүмкін емес. Осыған байланысты А.Н. Леонтьев
қызығушылықты екі топқа бөліп көрсетеді:
уақытша және тұрақты. Оқушының
бойындағы танымдық
қызығушылықтың қалыптасуына психологтың рөлі ерекше. Ол оқушының
дүниетанымын, білім құмарлығын,
тұрақтылығын қалыптастыруға әсер етеді.
Танымдық
қызығушылықты оқушының
мінез-құлқы бойынша үш топқа бөліп
көрсетуге болады. Бірінші, төменгі деңгейдегі –
оқушылар инертті, сабаққа белсенділігі баяу. Мұндай
оқушылар үшін сабақ оқу жағымсыз
міндеттердің бірі болып табылады.
Екіншісі, қызығушылығы жан-жақты орташа
деңгей – танымдық қызығушылығы жақсы
дамыған мұғалімнің көмекшісі. Мұндай
оқушылар сабақта
өткен материалдарды тез меңгереді, барлығына икемді
және берілген тапсырманы көпшілікпен талқылауға бейім,
сабақ үстінде сұрақ қойып, пікір алмаса біледі.
Сыныптастарының қатесін түзетіп отырады. Мұндай оқушылардың мінез –
құлық тұрақтылығы
қанағаттанарлық, оқу материалын меңгеруге және
танымдық қызығушылығының дамуына кедергі жасайды.
Үшіншісі, жоғары деңгейде білімге
құмарлығынан, ізденімпаздығынан танымдық
қызығушылығының
жоғарылығынан көруге болады. Мұндай
оқушылар бос уақытының бәрін өзін
қызықтыратын сабаққа арнайды.
Қазіргі балалар психологиясының негізгі
мәселелерінің бірі – бастауыш мектеп оқушыларының
психикасын дамыту мәселесі. Зерттеулерде бұл мәселені
психология ғылымының дәстүрлі анықталған
жолдарымен қарастырылады: бастауыш мектеп оқушыларының
психикалық даму заңдары мен шарттарын балаларда жүйелілік
бақылау жолдарымен оқыту, тәжірибе жүргізу жолдары
арқылы танымдық іс-әрекеттің нақты жүргізу
жолдары арқылы танымдық іс-әрекеттің нақты
ерекшеліктерінің бала жасының бір қалыптасқан жас
кезеңінен екіншісіне өткендегі даму кезеңін анықтайтын
жолдар көрсетті. Осы жолдар арқылы оқытуда баланың танымдық
іс-әрекетін салыстырып және зерттеуден алған нәтижелердің
сапасындағы өзгерістер дамудың дұрыс жағын
көрсетеді. Түсініктемелер негізінде психологиялық теория құрылады.
Басқа сөзбен айтқанда бала психикасының дамуын
зерттейтін міндеттер: 1. Проблемалы жағдайларды шешуді талап ететін
тапсырмаларды жасау. 2. Оқытуға дейінгі сақталу
принципінің деңгейін анықтау. 3. Көрнекті
көріністің алдында заттарлы бағалау мен сөздік ой
пікірлердің байланысын зерттеу. Л.С.Выготскийдің пікірі бойынша
оқымай келген бала оқуға кірген соң ойы мен
интеллектісі үлкен өзгеріске ұшырайды: бала қарапайым,
яғни табиғи ойдан мәдени ұғым арқылы
ойлауға көшеді деген пікір басшылыққа алынады [2]. Танымдық
қызығушылықтың даму процесі –
мұғалімнің практикалық жұмысы арқылы
оқушының қызығушылығының қалыптасуына
үлкен көмек көрсетеді. Оқушылар өздерінің
оқыту процесіндегі бағдарының мәнін
маңыздылығын ұғынып, оның ерекшеліктерімен
заңдылықтарын – компоненттерін меңгеруге қажетті білім
негіздерін игерсе, онда танымдық іс-әрекеттің
тиімділігінің артқаны. Бұл оқушылардың өз
мүмкіндіктерін пайдалана білуі, білімнің пайдасы мен маңызын
саналы түрде ұғынып, түсінуге көмектеседі.
Оқушы білімді жай уақытша
қажеттілік деп санаса, онда білімнің маңыздылығы
төмендейді. Ал егер оқу әрекетін басқа
әрекеттермен (шығармашылық, танымдық,
қарым-қатынас, бағалау) байланыстырса, онда “білсем”,
“маған керек”, “маған қажет” деген мотивтер ұласады. Танымдық іс-әрекет, арнайы
ұйымдастырылған мектептік оқытудан құралады,
күрделі психологиялық білім бола отырып, оқыту
процесінің өзімен қоса өріледі. Танымдық
іс-әрекет ерекше психологиялық феномен болып саналады.
Психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде таным
процестері түйсіктен бастап, қабылдау және ойлаумен
аяқталады. Мұның өзінде қарапайым шындық жатыр, адам өзінің
қажеттілігінің келісімінсіз еш нәрсені қабылдай да,
ойлай да алмайды. Сондықтан қандай да танымдық
іс-әрекет құрамына әрекет немесе операция ретінде кіреді,
я болмаса ерекше іс-әрекет бойынша қайта құралады.
Ол үшін ең алдымен
танымдық іс-әрекеттің маңыздылығын ескертуіміз
тиімді. Оқыту материалдары баланың психикасына үлкен
талаптармен келеді. Өйткені ұғыну - өте күрделі
әрекет. Ұғынудың өзі бірнеше кезеңдерден
тұрады. Мәселен, оның бірінші кезеңі дап аталып, онда
бала нені қалай оқу керектігі жайында қажетті
мағлұматтар алады. Ал, үшінші кезеңде
ұғынғанын сөзбен тұжырымдайды, төртінші
кезеңде бала ұғынған нәрсесін ойына ұстап
тұрады да, бесінші кезеңде балада зат пен құбылыс
туралы белгілі бір ұғым қалыптасатын болады.
Ж.Пиаже және Л.С.Выготский
оқыта дамытудың үш концепциясын құрды.
Ж.Пиаженің айтуынша дамудан кейін жүруі керек. Ол баланың
оқытсаң да, оқытпасаң да психиканың дамуына,
ақыл-ойының өр салуына ықпалын тигізбейді деді.
Бұл пікірден үшінші концепция туындайды. Л.С.Выготскийдің
айтуынша, бала психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады
және оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму
дәрежесіне дәл ықшамдай, шамалы алға қарай
оздырып жүргізу керек. Сонда ғана оқыту баланы
ой-өрісін алға қарай сүйрейтін болады деді[3]. Мұндай оқыту формасы,
дағдыны кеңінен түсуіне отырып психиканың ішкі дамуына
байланысты құрылады. Біз психологтардың бұл
бағыттары арқылы оқыту процесі танымдық іс-әрекеті
негізінде қабылданып, дамып отыратынына көз жеткіземіз.
Мұндай жағынан оқыту процесі бірінші жағынан
оқушының қажеттілігін өтеуге ұйымдастырылса,
екіншіден оқушының оқуға деген мотивін туындырып
отыратын танымдық іс-әрекеттің қозғалысын
өрістетеді.
Л.И. Божович мотивке мынадай
анықтама береді: “Мотив – іс-әрекет не үшін іске
асырылмайтындығын білдіреді, оның мақсаттан
айырмашылығы осы іс-әрекетін бағытталуында, яғни,
баланың белсенділігін түрлендірудің бәрі мотив болып
табылады. Олар: баға, қызығулар, ұнамды болуға
ұмтылу, баланың қабылдаған шешімі және өзін
дұрыс сенінуі тағы басқалары болуы мүмкін”. Кез келген
оқу мотиві әр сыныпта әр түрлі маңыздылық
көрсетуі мүмкін, ендеше ниеттендіру күші де әр түрлі
болады.
Адамның білімі белгілі бір
нәрсеге өзінің аңдамай зейін қойып, оған
еліктеу арқылы үйренуден, не аңдамай біреудің әңгімесін тыңдап, радио не
телевизор арқылы хабар алудан пайда болады. Оған
қарағанда әдейі мақсат қойып, мектепте не
өзге оқу орындарында жүйелі білім алу, одан бір пәнге
деген мотив басымырақ болуы күрделі мағлұматтармен
хабарландырады. Сонымен, оқытудың көздейтін құнды
мақсаттарының бірі баланың ой өрісін кеңейту
болып табылады. Танымдық іс-әрекет мазмұны мен біріккен
диалогты іс-әрекет формасы арқылы білім қалыптастыру процесі,
индивидуалды іс-әрекет нәтижелері мен мағыналарының,
мақсаттарының арасындағы байланыстары мен қатынастары
барысында жүзеге асады. Танымдық іс-әрекеттің
қалыптасуы оқыту концепцияларына сүйене отырып, дамудың
негізін табады. Мұндағы басты рольді оқушының
психикалық дамуы, ақыл-ой әрекеті және
қоршаған орта ықпалы алады деген тұжырым жасаймыз.
Адамның психикалық даму процесі әсерінен тыс болмайды.
Баланың интеллектуалдық даму деңгейі оқытудың
сапасы мен мазмұнын және оны меңгеру процесінің
көмегі арқылы анықталады. Ол үшін оқытушы мен
оқушы арасында нақты байланыс, баланың психикасының
дамуына және ішкі жоспарының қалыптасу процесі
іс-әрекеттің өнімі ретінде қалыптастырылады,
оқытудың формасы мен мазмұны екі жақты
іс-әрекетте орындалады [4]. Мұғалімнің оқыту
іс-әрекетінің өзі екі негізгі компоненттерден тұрады:
бірінші жағынан оқушыға білімнің объективтік
маңыздылығын беру; екіншіден, осы білім барысында оның
мәнін оларда субъективтік қатынаста қалыптастыру қажет.
Егер оқыту материалдары ақыл-ой әрекеті мен практикалық
жағдайда қалыптастырылса оқытудың бірінші жағы
көрінеді, екінші жағы әрекеттердің орындалу процесін
анықтауда және түрлі түсіндірулерге
тоқталғанда көрінеді.
Жоғары психикалық
функцияның өзі бастапқыда біріккен іс-әрекетте
қалыптасады, басқа адамдармен қарым-қатынас
жасаудың өзі біртіндеп ішкі жоспарға кіреді, ол
баладағы ішкі психикалық процеске айналады. Л.С.Выготский
тұжырымында былай деп көрсеткен: “Қандай функция
баланың мәдениетті дамуында сахнаға екі рет шығады, екі
жоспарда, біріншіден - әлеуметтік, екіншіден – психологиялық;
біріншіден – адамдар арасында …, одан кейін бала ішінде”. Мысалы, бала сөзі бастапқыда қоршаған ортамен
қарым-қатынас құралы болып табылады, дамудың
ұзақ жолынан өткеннен кейін ол ойлау құралы
және ішкі сөйлеу болып қалыптасады. Оқыту процесі
негізінде жоғары психикалық функция қалыптасуы,
үлкендер мен баланың
біріккен іс-әрекетінен көрінеді.
Оқушының танымдық іс-әрекетінің дамуы
күрделі құрылым бола отырып, оқыту процесінің
тиімділігін анықтайтын фактор болып табылады. Жан-жақты білім
мақсаты оқыту процесі жүйелілік принципіне сүйене
отырып, оқыту процесінде жүйелі психологиялық талдау
жасауға тырысамыз. Оқу-тәрбие компоненттерінің
тақырыбы жеткілікті жағдайда қамтамасыз ететін қажетті
талаптарды орындауда оның жүйе ретінде жұмыс істеуіне
мүмкіндігі бар. Бұлар тура және кері жүйелердің
“оқытушы” мен “оқушы” арасында болады. Жүйе арасында
сәйкес тура (оқытушыдан оқушыға) және кері
(оқушыдан оқытушыға) байланыс орнайды.
Бастауыш мектептен бастап
біріккен іс-ірекет негізінде балада жаңа ғылыми түсініктер
қалыптасады. Бұл туралы Л.С. Выготскийдің өте
жақсы айтылған сөзі бар: “Өз еркімен және жете түсіну
ғылыми түсінік қақпасы арқылы санадан
шығады”. Мектептегі оқыту процесі жеке білімді берумен,
меңгеруден ғана тұрмайды, интеллектуалдық
операциялардың қалыптасуы мен талдап қорытуында негізінде
көрінеді.
Орта буында мектептегі
оқыту процесінде мұғалім баланың танымдық
іс-әрекетін дамытуға әсер ете отырып, есте сақтауы мен
зейіні тұрақталып, шоғырланады. Оқыту процесі
баланың қабілетінің дамуына көмектеседі. Адамның
психикалық дамуы оқыту процесі әсерінен тыс болмайды.
Интеллектуалды даму деңгейі оқытудың сапасын мазмұнымен
және оны меңгеру процесімен анықталады.
Оқушылар
әрекетінің жалпылануы және олардың танымдық
іс-әрекетінің нәтижелері ақыл-ой әрекетінің
жалпыланған тәсілдерін жасауды жеделдетеді, жаңа
танымдық іс-әрекеттерді шешу шеберліктерін арттырады. Оқыту
процесі өзіне екі міндет қояды: біріншіден, балаларға білім
беру; екіншіден, оларды жан-жақты дамыту. Ақыл-ой дамуы
танымдық қабілеттердің дамуы және адамның
гармониялық дамуының құрамдас бөлігін
құрайды. Оқыту процесіндегі іс-әрекет өзіне екі
міндет қоя отырып ойлау әрекетінің дамуын көрсетеді. Белгілерді
анықтау психологиялық тағы бір маңызды
мәселелердің бірі болып табылады.
1.
Оқыту мен дамудың өзара қатынас мәселелері
ақыл-ой дамуының белгілерін нақты анықтау негізінде
тұжырымдалады. Ол белгілер бойынша оқыту әдістері мен
мазмұны дамуға қалай әсер етеді, оның негізінде
дамудағы қозғалысты қалай көруге болады деген
сұрақтарға жауап аламыз.
2.
Осы белгілерді көрсететін ойлау ерекшеліктері мәселелі
тапсырмаларды шешуде жүзеге асатын ойлау операцияларында көрінеді.
3.
Тапсырманы шешуде ойлау әрекетінің тәуелсіздігі
ақыл-ой дамуының мәнді көрсеткішін береді.
Балалардың ойлау
әрекетінің дамуын зерттеу, оларда интеллектуалды жаңа
тәсілдерін қалыптастыру ең өзекті
мәселелердің бірі.
А.Н.Леонтьевтің,
П.Я.Гальпериннің, В.В. Давыдовтың, А.В. Запорожецтің, Д.Б.
Элькониннің және қазақстандық психологтар
Ә.Алдамұратовтың С.М.Жақыповтың жұмыстары әр түрлі
психологиялық функцияларды қалыптастыру процесінің
заңдылықтарын және басқада оқытудағы
іс-әрекет тәсілдерін дамытудың жолдарын анықтауға
мүмкіндік береді [5].
Л.С.Рубинштейн өзінің
шығармашылық жолының барлық кезеңдерінде субъекті
мен объектінің арасындағы психикалық қатынас
іс-әрекет ретінде жүзеге асады. Ол “Психология негіздері” монографиясында
“тұтастық” принципін сана мен іс-әрекет принцип
бірлігінің жүйелі түрде ашып көрсете келе,
адамның өмірінің барлық кезеңдерінде
өзіндік психика туындап қана қоймайды, сонымен қатар
іс-әрекет барысында қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы
баланың психикалық дамуына оқыту іс-әрекетінің
әсері әр түрлі. Ол оқытушының оқушыға
білім беруінің негізіне байланысты.
В.А. Кольцованың
мәліметтері бойынша, қарым-қатынас күшті, орташа
және әлсіз қатысушыларға түрліше әсер
етеді. Олардың көбі бірлескен әрекеттің арқасында
күштілер деңгейіне көтеріледі [6].
Мұғалімнің оқушыларымен күнделікті
жасалатын қатынастардың бәрі де сөз арқылы іске
асады. Сондықтан, сөздерді үйлестіріп айта білуге байланысты,
балаға айтылатын сөздің ұтымды келуі олардың
танымдық іс-әрекетіне әсер өте зор.
Мұғалімнің оқушылармен қатынас жасаудағы
қолданылатын сөздері неше түрлі болып келгенмен, балаға
әсер ету жағынан алып қарағанда, оларды негізінен екіге
бөлуге болады. Біріншіден, сөйлесудегі сөздердің көбі
ақыл, кеңес беру жөніндегі айтылады. Ақыл айтып,
кеңес берудің өзі оқушының істеген ісін қоштамай,
қателігін мойындату үшін, керісінше, оның ісін ұнамды
болған жағдайда, осы баланың өзіне сездіру үшін
қолданылады.
Оқыту жағдайда, жалпы
мақсат ретінде оқытушы мен оқушының арасында
танымдық мақсат орын алады, ол көп мақсаттарының
ішінде оқытушы мен оқушының қажеттілігі мен
қызығушылығына жасап бере отырып, оқыту процесінде
біріккен диалогтың танымдық іс-әрекет негізінде жүзеге
асады . Әр оқушының танымдық іс-әрекеті
түрліше болғандықтан оқытушының
сөздерінің бәрі бір дауыс парағымен айтылмай, тиісті
жерінде үйлестіріле қолданып отырса ғана нәтиже бермек.
5 сынып оқушысының
даму деңгейін анықтау күрделі мен перспективалық
жұмыс, ол үшін оқытудың дамытушылық жағын
бағалау және бақылап отыру қажет. Оқушының
ойлауының дамуын анықтау деңгейі осы бақылаудың
бір түрі болып табылады. Психологияда
ойлау іс-әрекеті әдістемесі балаларда негізінен мектептік
оқыту барысында қалыптасады.
Психологиялық зерттеулерде
танымдық іс-әрекеттің маңыздылығы мен
оқытудың даму деңгейін анықтау жүйелі
психологиялық тәсіл ретінде қарастырылады.
Оқушылардың танымдық іс әрекетін қалыптастыру
негізінде жүйелі практикалық жұмыстарды жүргізе отырып
белсенділігін дамытуға арналған жаттығуларды жүргізуге
болады. Диагностикалық жұмыстар арқылы танымдық іс
әрекетін қалыптастыруға мүмкіндік туады.
Қорыта келгенде,
қарым-қатынас орнатуды мынадай екіге бөліп немесе ажыратып
көрсетуге болады. Оның бірі – адамның ішкі дүниесіне
қатысты қасиеттері ойлауы мен саналы әрекеті, ал, келесі бөлшегі
адамның мінез-құлқы мен өзгелермен тіл табысып
бірлесіп әрекет жасайтын қатынас сипаттарын білдіреді.
Резюме
В данной статье расматриваются познавательный процесс
учащихся 5 – х классов. Познавательныйпроцесс учащихся мотивируется через
изучение казахского языка. По этому учитель казахского языка и психолог должны
развивать познавательныйпроцесс учащихся на уроке.
Resume
In this article informative
interest of is 5 class pupils considered. Informative interest of pupils is based on
studing of Kazakh language. Therefore the teacher of Kazakh language and psychologist
should develop informative interest of pupils at lesson.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Джакупов С.М. Психология познавательной
деятельности.- Алма- Ата, Қазақ университеті.- 1992.- 195 с.
2. Леонтьев А.А. Педагогическое общение.
М., 1979.- 420с.
3. Данилин К.Е. Формирование внутригрупповых установок и рефлексивной
структуры группы // Межличностное восприятие в
группе. М., Изд-во МГУ, 1981.- 205 с
4.
Талызина Н.Ф.
Формирование познавательной деятельности младших школьников. М.: Педагогика,
1998-172 с.
5. Выготский Л.С. Мышление и речь. Л., 1986.-380с.
6. Кольцова В. А. Опыт экспериментального
изучения познавательной деятельности в условиях общения.— В кн.: Методология и
методы социальной психологии. М., Изд-во МГУ, 1977, с. 189—200