Маханова А.Н., Амантайқызы А.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан 

 

МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТ НЫШАНДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ТӘРБИЕЛЕП, ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ

 

Қабілет пен іс-әрекет арасындағы қатынасты сөз ете болсақ, егер адам іс-әрекетке байланысты талаптарды орындай алмаса, оның қабілетінің жетімсіздігін атап өткен жөн. Мұндай тұлға қажетті білім қорын жинақтап, етпіліктер мен дағдыларды қалыптастыру үшін талай күш салып, ұзақ уақыт жаттығуы тиіс, ал тәрбиеші – педагогтар оны оқытып үйрету үшін үлкен шеберлік пайдалануы лазым. Әйгілі режисер В. Немирович – Данченко «Кім болса, сол режисер бола алады ма?» деген сұраққа «Әлбетте, әркімде болады, бірақ біреуге ол үшін 3 жыл оқып, тәрбиеленуі қажет, ал екінші біреуге - 30 жыл, үшіншіге  - 300 жылда аз» - деп жауап беріпті. Сонымен бірге адам қабілеті уақыт өтумен пайда болып немесе қандай да қызметке қалыптасуы мүмкін. Әрқандай іс-әрекетке байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде бір жағынан өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде өз алдына қайталанбас көрінісінен жеке адам қабілеті деп аталады. Адам болғанның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ бұлардың бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі біріншісі – психологиялық құбылыс емес, екіншісі – баршада бірдей көрінетін әрекет. Қабілеттердің табысты іс-әрекетпен байланыстылығын  баса айтумен, тиімді нәтижеге негіз боларлық дара -  өзгермелі  адам қасиеттерінің шеңберін тарылта қарау керек, қабілетсіздерге қарағанда, қабілетті адам іс-әректті тезірек меңгереді. Қажетті, мол нәтижеге оңай жетеді.

Нақты көрінетін білім, ептілік және дағдылар қатарында қабілет адамның жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағаланғаны жөн, яғни қабілет жерге тастаған дәнмен бірдей: қолайлы жағдай болса өнеді. Кері жағдай да көрінбей – ақ жойылады. Осыдан қабілет – білім, ептілік және дағдыларды игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу – аспауы көп жәйттерге тәуелді. Мысалы, балада керемет математикалық қабілет болуы ықтимал, бірақ ол сол баланың ғұлама – математик боларына кепілі емес. Арнай шарттар (бағдарлы оқу, шығармашыл педагог, отбасы мүмкіндіктері т.б.) орындалмаса қабілет дамымай жатып, өшеді. Қоғам қолдамауынан қаншама даналардың болмай жатып, құрдымға кеткенін кім санапты? Ал мектепте «үштік» бағаға ептеп ілесіп жүрген Альберт Эйнштейн әлемге әйгілі ғалым – физик болыпты.

Сонымен, қабілет, білім, ептілік және дағдылардаң өздерінде көрінбей, танып үйренуге орай нақты әреккетті игеру динамикасында (тез – шабан, оңай - қиын) байқалады. Іс - әрекетің нәтижесі орындалу деңгейі мен тәсілдерінің тиімділігі қабілетке тәуелді [1. 246 бет].

Қабілетер дамының табиғи негізі болған мидың құрылымы, сезім мүшелері мен қозғалыстардың аннтомиялық – физиологиялық нәсілдік ерекшеліктері нышан деп аталады. Нышандар қабілет дамуының бастауы болғандықтан, адамның барынша жетіліп, кемелдену жолы осы екі құбылыстың өзара ұштасып, байланысқа келуінен болады. Нышанның арқасында дамығанмен қабілет сол нышанның өзіндік қызметінен туындамайды, ол нышаннан бастауын ғана алған даму процесінің нітиже жемісі. Шышандардың әртүрлі қабілеттерге байланысты маңызы бірдей емес. Көбіне нышандық қасиеттер музыкалық және суреткерлік өнерде қажет. Тума берілген нәзік есту қасиеті – музыкант болудың, ал түр-түс айыра білу – болашақ суреткер болудың алғы шарты. Нышандар дамуы әлуметтік процестерге тікелей тәуелді. Егер қоғамада белгілі бір кәсіпке қажеттік туып, қандай да адамның сол кәсіпке сай нышандық белгісі болса (музыкантқа қажет нәзік есту қасиеті), онда оның нақты еңбекке араласуға болған қабілеті тез әрі жоғары деңгейде қалыптасып, дамиды. Нышан іс-әрекеттің нақта формасына байланыссыз көп мағынаны келеді; сондықтан, белгілі бір нышан негізінде іс-әрекет талабына орай әртүрлі қабілеттер қалануы мүмкін. Осыдан, жақсы есту әрі әуен ырғағын сезінуден адам күй орындаушы, биші, әнші, педагог, композитор т.б. болары ықтимал. Сонымен бірге, болашақ қабілеттер мен ісәрекеттердің сан алуан болуынан нышан жеке адамның дара таңдамалық қасиетіне негіз береді [ 2. 251 бет].

Нышанның соңғы түрі қабілеттің дамуында белгілі орын алады. Нышанның ылпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық дейді. Адамның дарындылығы оның жоғары нерв қызметінің тума типіне (мида уақытша байланыстардың тез жасалып, берік орнығуы, нерв процестерінің қозғалғыштығы динамикалық стереотиптің шапшаң жасалып, оңай өзгеруі т.б) байланысты болып келеді. Қабілеттің ең жоғарға дережесін талант деген сөзбен  белгілейді. Талант  - бір әрекетті творчестволық пен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттің ерекше қиысып келуі. А.М. Горький «талантты өсіретін нәрсе – істі сүю» деген [3.226 бет].

Ес-ақыл дегеннің, жанды зат сияқты, өзіндік сипаты болады, оған бап керек. Бала күнгі көрген әшейін бір нәрселер ұзақ жылдар есте сақталуы мүмкін. Ал осыдан бір сағат бұрын үйренген формуланы еске түсіре алмай, жұртқа күлкі болу да мүмкін. Ғылым талай жүз жылдардан бері зерделілік сырын ашуға ат салысып келеді.

Тіпті таяу уақыттарға дейін көптеген ғылымдар есте сақтау деген мидың нервісінде қалған із, ол нуклеиндік және рибонукленидік қышқылдардың әрекетінен пайда болады деп жүрген. Бірақ РНК – тек ес-ақылдың ақпарларын сақтайтын ерекше магнитофон лентасы сияқты бір нәрсе деген пікір дәлелденген жоқ. Еске түсірген кезде нерв клеткаларының аралығындағы күрделі байланыстар – сипапстар болуы мүмкін, ал мұндай клеткалар саны бірнеше миллиардқа жетеді [ 4. 74 бет].

Мысал үшін алсақ, көптеген ірі ғалымдар өздерінің  жадына келген нәрсені ескере бермеу қабілетін бәрінен де артығырақ санаған. Руссо өзінің «Тәубеге келу» атты шығармасында  былай деп жалған: «Менің зерделілік қасиетімнің бір белгісі – еске алғыштығым. Өзімнің еске түсіргіштігіме сенсем ғана жадымда сақтай аламын; қағазға түссе сақталады ғой деп сенсем болды – есімнен шығып кетеді, енді қайтып не жазғанымды жадымы түсіре алмай қоямын». Эдгар По: «Егер бір нәрсені тез ұмытқыңыз келсе, соны жаза салыңыз» деп тауып айтқан сияқты.

Ой еңбегінің адамдары осы ақылды қолданса жақсы болар еді, өйткені қазіргі көл-көсір информация «мұхиты» жадымыздағыны «шайып» кетуі де ықтимал, соның үшін қажеті шамалы нәрселерді ұмыта алатын болуымыз керек [5. 75] .

Жатқа сақтау қасиетін дамыту  жөніндегі әңгімені ұмытудан бастаған себебіміз – қажетті шамалы мардымсыз нәрселерді ұмыта білу, тек өте қажетті нәрселерді есте сақтау – таланттың  бір белгісі болса да мәселенің осы жағына аз назар аударылуда. Шынында, ұмыту деген ес-ақылдың кемдігі емес, ес жинаудың шарты болып табылады.

Дегенмен, зерделілік туралы айтқанда, адамдарды, негізінен, ес-ақылды дамыту және кемелдендіру проблемасы қызықтырады – жұрттың бәрі жадында жақсы және ұзақ уақыт сақтағысы келеді.

Есте сақтау қабілетін күшейту жөнінде айтылатын негізгі өсиеттердің бірі – пысықтау. Орманды шарлай берсе, соқпақ түсетіні сияқты, қайта-қайта пысықтай берсе адамның  да есінде айқын із қалады.

Айталық, сіз серуенге шыққанда әсем көрініске сүйсініп қарадыңыз. Соны еске сақтағаныңыз келді. Ол үшін әлде неше рет үсті-үстіне қарауыңыз керек, көзіңізді ашып та, жұмып та қарауыңыз керек, сол сәттегі көргеніңіз бен көңіл көзінен өтіп жатқандарды салыстыра қарауыңыз керек. Көз мейіріңіз бірте-бірте қана береді, әсеріңіз жарқын да мол, айқындала береді – еске сақтау қабілетіңіз шыңдала түседі [5. 80 бет] .

Сонымен қатар, адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне тоқтала кетсек. Даралық ерекшеліктерге: дарындылық, шеберлік, талант, данышпандылық, шабыт жатады.

Әртүрлі іс-әрекеттер айсағына қажет білім, ептілік-дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшілігін  дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық көркемонер, адамаралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі анағұрлым жоғары.

 

Қолданылған әдебиеттер

1.Сәбит Бап- баба «Жалпы психология» Алматы дарын 2005/ [ 1.246 бет.]

2.Сәбит Бап- баба «Жалпы психология» Алматы дарын 2005/ [ 2.251 бет.]

3.Жарықбаев. «Жалпы психология» /[3. 226 бет]

4.В Пекелис «Адам қабілеттерінің қайнары» /[4. 74 бет.]

5.В Пекелис «Адам қабілеттерінің қайнары» /[5. 75 бет.]