Мырқасымова М.А.,Асанова Н.Б.

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ,  №30 орта мектебінің мұғалімі, Қазақстан

 

 

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ АРҚЫЛЫ ТҰЛҒАНЫҢ  ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН  ДАМЫТУ

 

         Оқушының белсенді өмірлік позициясын қалыптастырудың нақты жолы мен танымдық белсенділігіне және тұлғаның әлеуметтік белсенділігі ретінде танылатын фактор - оқыту процесіндегі белсенділік принципі. Соңғы жылдары педагогикалық теория мен практикада оқыту процесінде белсенділік принципін іске асыру үшін көп жұмыс жасалуда. Жаңа білім беру пирамидасы бойынша оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мына жағдайларда іске асырылады:

1.Оқушы оқу процесінде және дамудың белсенді субъектісіне айналады;

2.Оқу пәндерінің ғылыми деңгейін жоғарылату үшін мектепте білім жаңа мазмұны ойластырылып енгізіледі;

3.Жалпы білім беретін мектепте жаңа ұрпаққа арналған оқулықтары оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған болады;

4.Жаңа педагогикалық және ақпараттық психологияны оқыту процесінде қолдану оқушылардың оқу процесіндегі формасы мен әдісін күшейтуде белсендік танытуда;

5.Психо-шығармашылық мазмұнындағы өзіндік жұмыс енгізіледі;

6. Оқытуды жекелендіру, мұның астарында оқушының оқу мүмкіндіктері есепке алынады [1].    

         Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру проблемасы Ресей дидактиктерінің өткен ғасырдың 70-80 жылдарынан бері қызықтырып келеді. Оқытудың белсенділік принципін іске асыруды ғалымдар білім беру сапасының жоғарылағанымен, шығармашылықтың дамуымен және жеке тұлғаның әлеуметтік белсенділігімен байланыстырады. Ғалым-дидакттар белсенділік принципін іске асыру үшін оған әр қырынан кіріседі. Ю.К. Бабанский, В.С.Ледиев, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов және т.б. белсенділік принципін арттыруды білім берудің мазмұнымен, оқыту әдістерімен, оған проблемалық  тұрғыдан қараумен байланыстырады [2].     

         Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру  И.Унт, И.М.Чередов, И.Ф.Харламов, С.Абылқасымова, В.А.Ситарова және т.б. пайымдауынша олармен жеке жұмыс барысында қалыптасады [3]. Олай болса, оқушылардың танымдық белсенділігі түрлі жолдармен артып отыратынын соңғы он жылдық зерттеулерден байқауға болады. Біздің зерттеуіміз үшін танымдық белсенділігін және “оқытуды арттыру” сияқты түсініктер басты назар аударуды қажет етеді.

         “Танымдық белсенділік” категориясы “ойлау әркеті”, “шығармашылық белсенділігі”, “танымдық өзінділігі” категорияларымен астарласып жатады. “Танымдық белсенділік” түсінігін жете түсіну үшін танымдық және ойлау әрекеттерінің айырмашылылығын ашып алу керек. М.Н.Скаткиннің ойынша олардың айырмашылығы мынада: танымдық белсенділікте тек ойлау әрекеті емес, бақылау, ес, ерлік процестері де орын алып, онда адамның қоршаған ортаға көзқарасы айқындалады. Ойшыл ешнәрсені танымауы мүмкін, ал тану ойлаусыз мүмкін емес.  

         Танымдық белсенділікті арттыру оқушылардың белсенділігін қалыптасыру, білім беру процесінің күшейтілуі үшін жүзеге асырылады. Зерттеушілер ішкі (ойлау) белсенділігі мен сыртқы (моторлы) белсенділікті бір-бірімен ажырата білудің маңыздылығын атап өтеді. Оқу процесіндегі екі белсенділік түрінің де өзіндік орны бар. Алайда оқушылардың  танымдық белсенділігін арттыру бірінші кезекте ойлау белсенділігімен байланысты, сыртқы (моторлы) әрекет мұнда ішкі белсенділіктің қалыптасуы оның дамуы үшін маңызды қызмет атқарады.    

         Кейбір зерттеулершілер белсенділікті атқарушы және шығармашылық деп екіге бөледі. Белгілі психолог В.А.Крутецкий белсенді және өзіндік ойлау туралы былай деп жазады: «белсенді ойлау», «өзіндік ойлау» және «ығармашылық ойлау» түсініктерінің ара-қатынасын онцептриналық айналым ретінде белгілеуге болады. Бұл ойлаудың түрлі деңгейлері, бұлардың әр қайсысының бір-біріне қатысы бар. Шығармашылық ойлау өзіндік және белсенді бола алады, бірақ  барлық белсендік ойлау өзіндік ойлау емес және барлық өзіндік ойлау шығармашылық емес» [4].

        Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне педагогтердің, психологтердің, көптеген еңбектері арналған зерттеулерде танымдық белсенділік туралы әр түрлі пікірлер айтылған . Біреулері танымдық белсенділікті іс-әрекеттер ретінде қарастырса, екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде қарастырады.

       Таным – ол адамға бірден келмейді, ол өмір көріністерін топшылау, салыстыру, тәжірибе жинақтау, оны қорыту арқылы терең де тиянақты білім негізінде пайда болады. Танымдық іс -әрекетке баланың ақыл–ойын өсіру үшін олардың елестеулерін дамытуға көбірек зер салу керек. Егер бала ойын, оқу әрекеттері арқылы айналасындағы дүниемен тығыз байланыста болса, заттарды қабылдауға әрекет етсе, оның танымы артады. Танымдық ойын арқылы түрлі объектілерді көреді, байқай алады, оларға назар аударады.

      Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық қызығушылығын арттыру, танымдық жан қуаттарының оянуына түрткі болу – ол мектептегі оқытудың негізгі мәселелері.

      Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру үшін  С.Жақыпов өз еңбегінде " сабаққа әр түрлі бейнелі көрнекіліктерді, логикалық сызбаларды, шартты – графикалық құралдарды қолдану керек. Бұл оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекетін жандандырып, өз бетімен  жұмыс жасауға және оны меңгеруге төзімділігін  арттырудың бірден – бір тәсілі болып табылады" деп көрсетті.

     Оқушылардың танымы - өзіне тән ерекшелігі бар күрделі үрдіс. Танымдық  әрекеттің негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі артады.

     Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласының, қызығушылығының, құштарлығының ерекше көрінісі.  Оқушылардың өзіндік белсенділігін қалыптастыру мәселесінің маңызы өте зор.

    Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін мұғалім сол пәнге жан – жақты жетіктігін аңғарту қажет. Оқушының өзіндік ынта – ықыласы болмаса, ол сол пәнді жан – жақты меңгере алмайды. Оқу еңбегінің қиындығына төзімділік танытқан оқушы ғана  өзіндік белсенділігін дамыта алады.

      Төменгі мектеп жасындағы баланың  танымдық іс-әрекеті оқыту үрдісінде жүзеге асады. Осы жаста қарым – қатынас шеңберінің  көбеюінің маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтердің бүкіл оқыту – тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді. Негізгі іс түрі – оқу болып табылады. Осы оқу арқылы олардың танымы дамиды. Оқыту үрдісінің қозғаушысы-ұстаз бен оқушының біріккен танымдық іс-әрекеттерінің жиынтығы болып табылады.

      П.И. Пидкасистый өз зерттеуінде оқушы, өздігінен меңгеріп алуы үшін ол өзінің танымдық әрекетінің мәселесін және қалай жұмыс істеу керек екендігін білу керек дейді.

     Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолының бірі -өзіндік жұмысы. Өзінше жұмыс, оқушылардан  мидың белсенді жұмыс істеуін қажет етеді, осыдан кейін ақиқатты танудың белсенділіктің негізі пайда болады.

Оқушылардың өзіндік әрекетінің нәтижесінде   оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:

1. Өз бетінше ойлану біліктері .

2. Оқуға деген ынта – ықыласының артуы.

3. Өз ойының дербестігі.

4. Өз бетімен жұмыс жүргізуі.

Өзіндік жұмыстың дәстүрлі түрі – үй жұмысы, оны оқушы мұғалімінің көмегінсіз жасайды. Әрбір оқу пәні оқушылардың алдына көптеген міндеттер қояды және оқушылардың әрекеттерінің жиынын, олардың алған білімдерін, арнайы біліктерді пайдаланып, жұмыс істеуді талап ететін, әр түрлі сипаттағы өзіндік жұмыстар түрінде анықтайды.

     Сонымен төменгі сынып оқушыларының танымдық белсенділігі дегеніміз – мұғаліммен оқушылардың оқу іс-әрекетінің субъектісі ретіндегі өзара әрекеттесуі мен оқушылардың  өзара қарым – қатынасының бірлігін сипаттайтын күрделі тұлғалық құрылым болып табылады.

       Мектептегі таным процесі тек білім берушілік емес, сонымен қатар тәрбиелеушілік, дамытушылық сипатта болады. Танымдық білімді игеру барысында оқушылардың ақыл-ой қабілеттері дамиды, олардың көзқарастары мен сенімдері қалыптасады.

       Танымдық өзіндік жұмыс атқара білу қабілетінің қалыптасу үрдісі мотивті қалыптастыру, білімді сапалы түрде игеру және оқу – танымдық белсенділікті қорытындылау негізінде құрылады. Оқушылардың сабақтан тыс және үй тапсырмасын орындау кезіндегі белсенділігі әр түрлі деңгейде болады. Мысалы, танымдық белсенділігі орта деңгейдегі оқушы көп нәрсені білгенімен, оның мәнін ашып бере алмайды. Біраз қиын тапсырмаларды орындай алады, бірақ ондай тапсырмаларды орындау үшін едәуір күшін жұмсайды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.     Бұзаубақова К. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру.-Алматы, 2006.

2.     Қазақстан Республикасындағы жаңа тұрпатты мұғалім даярлаудың үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан. 2005. 20 тамыз.

3.     Гузеев В.В. Педагогическая техника в контексте образовательной  технологий. Москва: Народное образование, 2001.

4.     Кларин М.В. Интерактивные обучение – инструмент освоении  нового опыта // Педагогика. 2000. № 7.