Қоғамдағы  қарым-қатынаста  қақтығыстың туу себептері және қақтығыс жағдайына байланысты мінез-құлық стильдерінің ерекшеліктері

«Тұран-Астана» университеті

Магистрант Жангазакова К.

Қазақстан Республикасы

 

Қарым - қатынас серіктестер арасында дұрыс жүзеге аспай жатады. Бұған сыртқы шектеулермен қатар, біршама терең қарама-қайшылықтар  себеп болуы мүмкін.

Мұндай қарым-қатынастың шектеулері,  деп көрсетеді  әйгілі отандық психолог Д.С. Парыгин жасанды қарым-қатынастардың кейпін киіп, "стереотипін", "стандартты тәрбиелік  реакциялармен" орнын ауыстыра отырып, бұл "адамдар арасында психологиялық кедергі" туғызады дейді. Бұл кедергілер  адамдардың бір-бірін  дұрыс түсінуіне, өзара қарым-қатынасына кедергі  жасайтын қарама-қайшылықтар  ретінде көрінеді. Кез келген  адамның  қарым-қатынас процесінде  алдынан кездесетін  әр түрлі  күнделікті қиыншылықтарды  жеңе алмауы, бұл оның эмоцианалдық күйі, физикалық, психологиялық денсаулығына кері әсерін тигізеді [1].

Қақтығыс - (латын тілінен conflictus - қақтығыс) қарама - қарсы бағыттағы оппоненттердің, субъектілердің мақсаттарының, көзқарастарының,  бағыттарының  қарама-қайшылықтары.

Қақтығыс жағдайы - ұжымдағы ситуацияның қайшылығының күшейген шегі.

Өзінің табиғатына сай қарым-қатынастың сыртқы шектеулері  әр түрлі болуы мүмкін. А.Б.Добрович  қарым-қатынастағы екі жақтың  қанағаттанбаушылығын туғызуға себеп болатын шектеудің 3 типін көрсетіп береді /2/.

Шартты түрдегі  шектеулер - адамдар расында "конвенция"  болған жағдайда  пайда болады, яғни салт - дәстүр, ғұрып  өзін қалай ұстау керектігін көрсетеді. Осыған сай жасы төмен жастар - үлкендерді үлгі тұтып,  тыңдау керек, үлкендер - кішілерді үйретіп, көмектесу керек, күйеу бала  қалыңдығын қамқорына алу керек,  қалыңдық - басқа ер адамдарға көңіл аудармау керек, достар-бір-бірін сатпай,  алдамау керек. т.б.

Жағдайлық шектеулермен - біз  толыққанды қарым-қатынас  қатаң жағдайдың шеңберінде шектеулі болған жағдайда кездесеміз.  Қарым-қатынасқа тұлғалардың  серіктес ретінде қатысуы  жағдайды одан ары қиындатып жататынын кездестіріп жатамыз. Мысал ретінде жүгірушілердің эстафетаны беруі, қарауышының кезекті өткізіп беру ережесі, студенттердің емтихандық сессиясы, жапондықтардағы шәй беру рәсімін т.б.айтуға болады. Сондықтан да қалалық транспортта кездейсоқ кездескен әңгімелесушінің жеке өміріне қатысты сұрақтар қойылмайды. ("Сіз бүгін жақсы ұйықтамаған сияқтысыз?") немесе өзінің жеке өмірі туралы хабар беру ("Білесіз бе, менің өмірден көңілім қалған") Мұндай жағдайда  жеке өміріне қатысты емес қаратпа сөздерді қолдану керек. "Рұқсат па?- Мәселе жоқ", "Рұқсат етесіз бе?- Өтінемін", "Кешіріңіз-Айыбы жоқ" т.б.. Бұндай жағдайда  осындай жолмен көпшілік қарым-қатынасқа көшуге болады.

Эмоционалды шектеу - қарым-қатынас  атмосферасының құрылуында анықталады.  Егер әңгімелесушілер бір-бірін кездестіргенде жасанды қуаныш пен махаббатты сезінсе,  онда олар қарым-қатынастағы  бақытты минуттарды бұзбау үшін  олар өздерінің уайымы мен проблемаларын жасырады.  Егер серіктестер эмоционалды суық болса немесе бір-бірімен  жауласқан болса,  онда олар конфликтіні  шектеуге тырысып,  қарым-қатынаста масканы қолданады. Мұндай жағдайда  әркім өзінің серіктесіне  қуаныш сыйлауы өте сирек болады.

Н.И. Шевандрин  біздің эмоциямызға негізделген  келесі кедергілерді  көрсетіп берді:

 Жек көру және жиренгіштік кедергісі  - күнделікті өмірде  жиі кездеседі.  Қолайсыз иістер, тер қолдар, әңгімелесушіге тым жақын жүру әдеті - бұның бәрі қарым-қатынастағы  серіктесінің жиренгіштік сезімін туғызады.  Ал мұның алдын алу үшін  гигиена мен әдетке жиі көңіл бөлу керек.

       Уайым мен қайғырудан  пайда болатын  қарым-қатынастағы кедергімен  кез-келген адам кездеседі. Қайғырудың адам ойын өзіне аударатыны соншалық, ол адамның ойын басқа адамдарға бұру өте қиын. Қайғыруға себеп әдетте трагедиялық  оқиғалар, өзінің жағдайына қанағаттанбаушылықтан,  артық физикалық шаршауды сезінуден пайда болады.

Қорқыныш кедергісі - тұлғалар арасындағы  қарым-қатынаста кедергі жасайтын жеңуі қиын  кедергілердің бірі. Кейбір адамдарда  өмірлік қиын жағдайлардан қорқыныш тез туындайды. Қорқыныштың себептері түрлі  болып кетуі мүмкін. Сіз бұл қорқыныш кедергісін жеңе алуыңыз, оны қаншалықты дұрыс шеше алуыңызға байланысты.

Ұят пен кінә кедергісі - бұл басқа біреудің немесе өзіне деген  қолайсыздықтан туатын кедергі. Ұят адамды сынау немесе жақтау кезінде пайда болады.  Ұят пен кінәнің әңгімелесушімен қарым-қатынасты  үзетін кездері аз емес.  Артық ұялушылықтан зардап шегетін және ұятқа мойынсынбайтын  адамдар да бар.  Соңғылары өзінде  психологиялық қорған құрып алған.  Олар көп жағдайларда, оларға сын айтқандарды тыңдамайды, өзіне ақтаушы  мотивтер іздейді. Өте төмен және өте жоғары  кінәні сезіну  адамдар арасындағы  психологиялық қарым-қатынасты бұзады.

Күштеу шектеулері туралы біз серіктестердің  біреуі тұлғааралық  қарым-қатынасқа дайын  болса,  басқасы қандай да бір  себептер арқылы бұдан өтіп кетіп,  вербальды немесе вербальды емес жолдарды қолдана отырып,  өзінің серіктесін тура соны істеуге  мәжбүрлеуінен көреміз.  Осындай қарым-қатынасты әйгілі Шекспир  сахнада бейнелеп берген болатын, оны Рамеоның  Капулетти  әулетімен достасуға тырысқан көрінісінен көруге болады. Осындай шектеудің ішінен мынандай кедергілерді көрсетуге болады:

Жек көрушілік кедергісі -  мінездің бейнеленуін көрсетеді, бірақ бұл кейде нәсілдік немесе  ұлттық кемсітушіліктен көрінеді. Кейбір жағдайда ғана болмаса, оны жеңу қиын.

Қабылдау кедергісі -  түсініксіз ойды  айтуда, әңгімедегі ойдың дұрыс құрылмауы,  т.б. жағдайда пайда болады.

Ойдың дыбысталуы, мағынасына қарағанда маңызды емес. Аз эмоционалды сөздің адамның жүрегі мен жанына жол табуы қиын.

Жоғарыда айтылған сыртқы шектеулермен қатар, қарым-қатынас  кедергісі ретінде  басқа да факторлар  конфликтінің пайда болуына  әсер етеді. Көбіне ішкі психологиялық  кедергілермен қақтығыс жиі кездеседі. Кез- келген конфликт өздігінен пайда болып, ізсіз жоғалып кетпейді.  Кез-келген әрекеттің астында  қарым-қатынастағы  әріптестердің мақсаттар, ал конфликтінің артында  - қарым-қатынастағы  серіктестердің мақсаттары мен  тілегінің келіспеушілігі жатады. Әйгілі психолог  М. Аргайл  қарым-қатынастың маңызды мотивтері, конфликтінің  себептері ретінде: өзіндік таным, рухани және эмоционалдық байланыс, басқару,  агрессия,  басқаларды өзіне бағындыру  сияқты т.б. себептерді  көрсетіп береді/9/.

Қақтығыста соңғы қарым-қатынастағы табыс өзгереді, яғни адамдар арасындағы  бір-бірінен күткен, тәртіп сәйкестілігі. Қарым-қатынас әрқашан және барлық жерде  жақсы жүреді және ішкі қарама-қайшылықтардан азат болуы мүмкін емес. Кейбір жағдайларда  келіспеушілік байқалады, мақсат пен тапсырмаларды шектелуін бейнелейтін  антогонизм позициясы,  бұл кейде  өзара жауласушылықты - өзара конфликт пайда болады.

"Қақтығыс" аударғанда қақтығыс деген мағынаны береді. Кез-келген конфликтінің негізі болып бір жағдай жатады,  оған қарым-қатынастағы  серіктестердің  қарама-қарсы бағыттағы  мақсат, позиция,  көзқарас, ойының қақтығысуынан болады. Қақтығыстың әлеуметтік маңызы  әр түрлі болып келеді  және тұлғааралық қарым-қатынаста негізінен қандай  құндылықтар жатқандығына байланысты.. Бұл былғанған жейдеден туған конфликт бір бөлек,  ал мемлекеттік мәселелері өз алдына бір бөлек болып табылады.

Қатысушылардың санына байланысты қақтығыс тұлғааралық,  тұлға-топ арасында,  топаралық болуы мүмкін. Тұлғааралық қақтығыс бірнеше қатысушылардан тұрып, олардың әр қайсысы  басқаларына  қарсы өзіндік ойымен қарсы шығады/10/.  Мысалы: 3 мектеп оқушысы өзара келісе алмай,  бүгін кешке қайда барарын шеше алмай жатыр.  Егер бір жақтың ойын басқа қатысушылар қолдаса, онда ол тұлға - топ арасындағы қақтығысқа айналады. Топаралық конфликтіде  әр түрлі топтардың  көзқарасының  қақтығысы жүреді. Қақтығыс қандай қысқа мерзімді немесе шулы болмасын,  оның өзіне тән  заңдылықтары бар. Әдетте, конфликтінің негізгі 5 кезеңін атап көрсетуге болады: Қақтығыстық жағдайдың пайда болуы, конфликтіні тану,  конфликттік  тәртіп орнату, қақтығыстың тереңдеуі және оның шешілуі. Оларды тереңдетіп қарастырайық.

  Қарым – қатынас процесінде кері байланыстың нәтижелілігін көтеретін белгілі бір ережелер бар. Бұл ережелерді өз іс-әрекеті процесінде адамдармен: қол астындағылар, ұжымдастар, жоғарғы басшылармен үнемі қатынаста болатындықтан әрбір  жеке тұлға білуі тиіс. Бұл ережелер бірнешеу:

1.                Сіз айтқан ескертулерде тұлғаға тиіспеу керек, ал сіздің әріптесіңіздің мінез-құлқындағы ерекшеліктерді ескеру керек.

2.                Көбірек қорытынды туралы емес, бақылау туралы айту керек. Бақылау – Сіздің көргеніңіз бен естігеніңіз, ал қорытынды – Сіздің фактіге негізделген қайта толқталуыңыз.

3.                Бағалау формасында сөйлемеу керек. Егер сіз кейбір бағалаулар айтатын болсаңыз, мейірім және жауыздық, дұрыстық және дұрыс еместік, жағымды және жағымсыздық туралы т.б. сияқты қарапайым категорияларды қолданасыз. Бұндай типтегі баға сіздің құндылық жүйеңізге негізделеді. Баға қарым – қатынас процесіндегі  жақсы түсінушілікке көмектеспейді.

4.                Маңызға ие жағдайларда алыс өткенге емес, жақын уақытқа назар аудару керек.

5.                Кеңесті барынша аз беру керек. Әріптесіңізбен ой, ақпарат алмаса отырып, өз бақылағаныңызды ғана айтуыңыз керек.

6.                Сұқбаттас әріптесіңіздің тұлғасына және оның мінез-құлқындағы ерекшеліктерді сынға алу мәнсіз, оған ықпал ету мүмкін емес.

7.                Әріптесіңізге керекті ақпаратты жеткізу үшін қолайлы жағдай және оның жеткізілуінде дәлдік формасын таңдау керек.                 Қақтығыстық жағдайдағы мінез-құлық моделінің әр түрі бар. 

    Өзара сенім және әріптестік жағдайын жасау.

Бұл келісім мен өзара түсінікке негізделген, сонымен бірге қарсыластың әлсіз жақтарын пайдалануды көздемеу. Егер екі жақ та ортақ нәтижеге жетуді көздесе және осы негізде әріптестікке ұмтылса, бұл жағдайда қақтығыс сәтті шешіледі. Ортақ мақсат пен өзара іс-әрекет тәжірибесі әріптестерді бір-біріне жақындата түседі. Бұл «қарым- қатынастағы ашықтық тәуекелін» жеңілдетеді. Көрініп тұрғандай, алайда, адамдар өздері қақтығыстық қарым-қатынастағы адаммен бірге ары қарай жақсы  жұмыс  жүргізу  мүмкіндігін  ойлап  жатпайды. Егер мұндай жағдайдағы жетекші бағыты туралы айтсақ, ол үлкен қиындыққа тап келеді. Мұндайда тіпті дәлелдер де маңызды емес, керісінше мәселені қоя білу, жауап тездігі, шешендік және т.б. тәсілдер маңызды