А.ш.ғ.д. Қожабаев Ж.І.

 

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Талдықорған филиалы,  Қазақстан

 

Тәлімі жердегі арпа егістігінің қоректену жағдайларын оңтайландыру

 

 

Арпаның ауыспалы егістегі орнына, қоректену аумағы мен аясына сәйкес өсімдіктердің тіршілік барысында өсу  және даму жағдайларының белгілі бір бағытта өзгеретіндігі белгілі. Демек, түпкі өнім деңгейін айқындайтын алаң бірлігіндегі өсімдіктер саны, олардың түптену қабілеті, масақтағы дән саны мен массасы және сол сияқты өнімділік құрылымының қалған бөліктері де өсу кезеңі бойына біршама өзгерістерге ұшырайды.

 Жалпы, кез келген топырақ-климат жағдайында өсірілетін дәнді дақылдардың немесе жекелеген сорттардың сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына бейімделуі және генетикалық жолмен бақыланатын төзімділік қасиеттері жүргізілетін агротехникалық тәсілдер мен өсу кезеңіндегі ауа райына байланысты түрліше дәрежеде қалыптасады.

Арпаның өсу кезеңінің қай сатысында болмасын, ауыспалы егістегі қоректену аясы мен аумағына сәйкес топырақтан пайдаланылатын ылғал мөлшері және өсімдіктерге қажетті басқа да тіршілік көздеріндегі айырмашылық түзілетін өнім деңгейі мен оның құрылымына әсер етпей қоймайды. Осы мәселе туралы тәжірибедегі жүргізілген есептеулерге талдау өткізіп, тиісті тұжырымдар жасамақшымыз.

Зерттеулер Алматы облысының Іле ауданындағы «Қаскелең» акционерлік қоғамының кәдімгі сұр топырағында жүргізілген. Егістік танабаның агрохимиялық сипаттамасы төмендегідей: топырақтың жыртылмалы қабатында 1,02-1,11 % қарашірігі, 0,073-0,080% азоты, 0,14 пайызға жуық жалпы фосфор бар. Жылжымалы фосфоры 16,9-20,8 мг/кг.

Тәжірибе нұсқаларының қайталануы төрт ретті, мөлдектер бөлшектену әдісімен орналасқан. Бірінші реттегі мөлдектердің есепті ауданы 100, екінші реттегі – 25 шаршы метр. Зерттеу нысаны ретінде жаздық арпаның жемдік бағыттағы Днепровский 435 сорты пайдаланылды. Себу жұмыстары селекциялық ССФК-7 сепкішімен атқарылған.

 Сүрі танапта тыңайтқышсыз (бақылау), Р15 тұқыммен бірге; Р30; N30P30 қоректену аялары жасалып, арпа тұқымы барлық нұсқада гектарына 2,3,4,5 млн. дәнмен себілген. Тәжірибенің үлгісінде көрсетілген 15 кг түйіршіктелген суперфосфатты селекциялық секпішпен бір мезгілде тұқыммен бірге қатарлап енгізу біз жасаған рационализаторлық ұсынысқа сәйкес жүзеге асырылды [1].

Есептеулерді математикалық өндеу Б.А.Доспеховтың дисперсиялық талдау әдісімен, егістік тәжірибедегі сыналған факторлардың (А - қоректену аясы, В - қоректену аумағы) әсер ету дәрежесі Н.А. Плохинский бойынша жүргізілді.

 Егістік алқаптардың құнарлығы мен өнімділігін көтеретін аса қуатты агротехникалық шаралардың бірі – танаптарда ғылыми негізделген тыңайтқыштар жүйесін қолдану. Тәлімі егіншіліктегі пайдаланылатын тыңайтқыштар тиімділігі  егістікте жүргізілетін технологиялық тәсілдер мен нақты аймақтың жауын-шашынмен қамтылу дәрежесіне қарай өзгеріп отырады. Сұр топырақты ылғалы жеткіліксіз қатаң тәлімі жерлердің өзінде қолданылған тыңайтқыштардың дәнді дақылдар өнімі мен сапасына жағымды әсерін бақылап, көп жылдық тәжірибелердің негізінде олардың елеулі қайтарымын анықтаған авторлар да жетерлік [2-4].

Арпа бауларын талдау нәтижесінде анықталғандай, ауыспалы егістегі  сүрі танапқа минералды тыңайтқыштар енгізу өсімдіктердің коректену жағдайларын жақсартумен бірге өнім құралымының қалыпты деңгейде түзілуіне де едәуір оң ықпал етеді. Қоректену аясы мен тұқым себу мөлшеріне сәйкес жүргізілген есептеулерді тәжірибедегі бақылау егістігімен салыстырсақ, суперфосфаттың 15 килограмын арпа тұқымымен қатарлап енгізгенде егістіктің алаң бірлігінде құралған өнімді сабақтар саны орта есеппен 22-59 дана, не 9,0-16,8% Р30 -27-70 дана, не 11,0-19,9% N30P30 нұсқасында 39-95 дана, не 15,9-21,1% көбейетіндігі белгілі болды.

 

Қоректену аясы мен аумағына байланысты  сүрі

танаптағы  арпа өнімінің құрылымы

Тұқым себу мөлшері,

млн. дән/га

1 шаршы метрдегі саны,

дана

Өсімдік биіктігі, см

Масақ

өсімдіктер

өнімді

сабақтар

ұзындығы,

см

дән саны,

дана

Тыңайтқышсыз (бақылау)

2

142

245

78,1

7,0

19,0

3

202

296

75,0

6,4

18,1

4

259

351

71,6

5,8

16,2

5

309

375

68,4

5,3

15,3

х

228

317

73,3

6,1

17,2

Р15 тұқыммен бірге

2

149

267

81,0

7,3

19,8

3

215

343

78,2

6,7

18,8

4

274

410

74,4

6,2

17,1

5

325

421

71,2

5,5

16,0

х

241

360

76,2

6,4

17,9

N30P30

2

150

284

82,9

7,5

20,8

3

217

367

80,4

7,0

19,8

4

280

446

76,5

6,4

18,0

5

333

464

73,3

5,8

16,9

х

245

390

78,3

6,7

18,6

ЕКЕА05   А

9,8

2,6

2,2

0,4

0,7

ЕКЕА05   В

4,0

4,8

2,0

0,2

0,5

 

Минералды тыңайтқыштардың өнім құрылымының басқа бөліктеріне, яғни өсімдіктер биіктігі, масақтың ұзындығы мен дән саны, түптілік және өміршендік қасиеттері тәрізді құнды белгілеріне әсері де өз алдына сөз етуге тұрарлық.

Мысалы, тыңайтылған мөлдектердегі өсімдіктер биіктігі егістік жиілігіне байланысты Р15  аясында 2,8-3,2 см, ал P30 және N30P30 нұсқаларында тиісінше 3,2-3,6 және 4,2-4,8 см шамасына артқан. Тыңайтқыштар енгізілген аяларындағы масақ ұзындығының өсімі 0,2-0,6 см, масақтағы дән санының артықтығы 0,7-1,8 дана құраса, бұған қоса өсімдіктердің түптену қабілеті күшейіп, олардың егін жинар алдындағы сақталу дәрежесі 1,2-1,5 пайызға өсетіндігі дәлелденді.

 Дисперсиялық әдістің қорытындыларына жүгінсек, арпа өнімінің құрылымын құраудағы минералды тыңайтқыштардың ықпалы 42,8-58,6 % аралығында сезілсе, қалған 19,2-30,2 пайызы тұқым себу  мөлшерінің үлесіне тиеді.

 

Әдебиеттер

1. Кожабаев Ж.И. Рядковый способ внесения минеральных удобрений с селекционной сеялкой ССФК-7 при различных нормах высева семян // Удостоверение на рационализаторское предложение. - №23. – 10.06.1982.

2. Умбетов А.К. Экологическая оценка системы удобрения зерновых на богаре юго-востока Казахстана  // Проблемы экологии АПК и охрана окружающей среды. - Алматы: Бастау, 1997. – С. 121-122.

3. Қожабаев Ж.І. Тәлімі арпа егістігінде фосфор тыңайтқыштарын тұқыммен бірге қатарға енгізу әдісінің тиімділігі // Авторлық куәлік. - №148.-20.09.2001.

4. Киреев А.К., Нурманбетов Е.Н. Основные пути биологизации богарного земледелия в Казахстане // Вестник Казахского аграрного университета им. С.Сейфуллина. – Астана.- 2002. –Том 3. – С 184-188.