А.ш.ғ. д. Қожабаев Ж.І., Бейсембаев М.Қ.
Қазақ егіншілік және өсімдік
шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының
Талдықорған филиалы, Қазақстан
Алғы дақылға байланысты арпа
егістігінің ылғал
тұтыну ерекшеліктері
Егіншілік
мәдениетін арттыру өсірілетін дақылдардың сапалы
және мол өнімін алудың негізгі кепілі болып саналады. Осы
күрделі мәселенің оңтайлы шешімін табу ауыспалы егіс
жүйелерін кеңінен игерудің арқасында іске
асырылмақ. Нәтижесінде біз егістік жерлерді тиімді пайдаланып,
топырақтың құнарлығын сақтап әрі
қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға
толық мүмкіндік аламыз. Тәлімі жерлерде енгізілген ауыспалы
егістердің негізі сүрі өңделген танап болып
есептелінеді. Себебі ол жерде қыс-көктем мезгілдерінде жауған
жауын-шашын мен қоректік заттар жиналып, сонымен бірге арамшөптер,
өсімдіктер зиянкестері және ауруларына қарсы
күресудің агротехникалық тәсілдері сәтті
жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары
өнімділігі мен ойдағыдай өсіп-дамуын қамтамасыз ететін
шешуші факторлардың бірі – олардың өсу кезеңі бойына
ылғалмен толық және бірқалыпты жабдықталуы.
Топырақтағы ылғал қорына байыпты талдау жасау
дамудың жекелеген кезеңдерінде өсімдіктердің сумен
жабдықталуын анықтаса, ал мұндай әдіс зерттелінетін
агротехникалық тәсілдердің тиімділігін тезірек ұғынуға
мүмкіндік береді.
Топырақ ылғалының
қоры мен дән өнімінің арасындағы тәуелділікті
талдау арпа өнімін құрауда негізгі рөльді ерте
көктемдегі топырақ ылғалының қоры
атқаратындығын дәлелдейді және осы шаманың
мәніне басты назар аударуымыз керек. Ерекшелік ретінде сирек те болса
кездесіп тұратын мынадай құбылысты айта кеткеніміз
артық болмас: күзгі-қысқы мезгілдегі ауа райының
қолайсыз жағдайларына қарай көктемгі топырақ
ылғалы жетімсіз жиналса, онда арпа өнімінің қалыптасуы өсу кезеңіндегі
жауын-шашының мөлшеріне тікелей байланыста өтеді.
Алғы
дақыл мен өсу кезеңіндегі жауын-шашын мөлшеріне
байланысты 1 ц арпа дәнін түзу үшін жұмсалған
ылғал шығыны
|
Алғы
дақыл |
Себер
алдындағы ылғал қоры, мм |
Өсу
кезеңіндегі жауын-шашын мөлшері, мм |
Жинар
алдындағы ылғал қоры, мм |
Өсу
кезеңіндегі жалпы ылғал шығыны, мм |
Дән
өнімі, ц/га |
1ц
дәнге жұмсал-ған жалпы ылғал шығыны, мм |
|
Қуаңшылық жылдары |
||||||
|
1 |
105,7 |
27,3 |
0 |
133,0 |
12,1 |
11,0 |
|
2 |
82,7 |
27,3 |
0 |
110,0 |
6,1 |
18,0 |
|
3 |
71,0 |
27,3 |
0 |
98,3 |
4,0 |
24,6 |
|
4 |
47,7 |
27,3 |
0 |
75,0 |
1,4 |
53,6 |
|
Ылғалы орташа жылдары |
||||||
|
1 |
137,2 |
76,9 |
2,3 |
211,8 |
22,3 |
9,5 |
|
2 |
113,0 |
76,9 |
0 |
189,9 |
14,7 |
12,9 |
|
3 |
98,6 |
76,9 |
0 |
173,7 |
12,5 |
13,9 |
|
4 |
69,0 |
76,9 |
0 |
145,9 |
8,3 |
17,6 |
|
Ылғалды жылдары |
||||||
|
1 |
139,6 |
139,4 |
39,8 |
239,2 |
29,1 |
8,2 |
|
2 |
115,8 |
139,4 |
25,4 |
229,8 |
23,8 |
9,7 |
|
3 |
101,0 |
139,4 |
19,6 |
220,8 |
21,9 |
10,1 |
|
4 |
71,8 |
139,4 |
11,8 |
199,4 |
12,4 |
16,1 |
|
Ескертулер:
1. Сүрі жерге егілген арпа; 2. Арпаның сүрі жерден кейінгі
екінші дақылы; 3. Арпаның сүрі жерден кейінгі үшінші
дақылы; 4. Ауыспайтын арпа егістігі |
||||||
Жүргізілген
бақылаулар ылғал шығынының бұл түрі
алғы дақылға және нақты жылдың
жауын-шашынмен қамтамасыз етілу дәрежесіне қарай
өзгеретіндігін көрсетеді. Орта есеппен 14 жыл ішінде 1 центнер
дән түзу үшін жұмсалған жалпы ылғал
шығыны барлық алғы дақылдар бойынша 9,1 – 18,0 мм
аралығында ауытқыған. Дәлірек айтсақ, ауыспалы
егіс жүйесіндегі алғы дақылдардан кейін орналасқан арпа
егістігіндегі ылғал шығыны 9,1-12,4 мм құраса, ал тек
қана танабы ауыспайтын арпа егістігіндегі бұл көрсеткіш
салыстырмалы түрде үлкен шамаға жеткен.
Арпаның өсу кезеңіндегі жауған
жауын шашынның мөлшеріне қарай егістікте
жұмсалған ылғал шығынының көлемі де
өз алдына сөз етуге тұрарлық. Мәселен,
аталған кезеңдегі жауын-шашыны бар болғаны 27,3 мм
құраған қуаңшылық жылдары ылғал
шығыны күрт өсіп, сүрі жердегі егістікте 11,1 мм, арпаның
екінші дақылында 18,0 мм, үшінші дақылында 24,3 мм, ал
ауыспайтын егістікте шамадан тыс 53,6 миллиметрге дейін көбейген. Керісінше,
арпаның пісіп-жетілу мерзімінде орта есеппен 139,4 мм жауын жауған
ылғалды жылдары түзілетін өнім бірлігіне
жұмсалған ылғал әлдеқайда төмендеп,
зерттеуге алынған түгел алғы дақылдарға сәйкес
небары 8,2-16,1 мм арасында ғана өзгеріс тапты.
Бір ескеретіні, қара сүрі жердегі
ылғалдың жеткілікті жиналуынан жылдың жауын-шашынмен
қамтамасыз етілуіне байланысты 1 центнер дән үшін
жұмсалған жалпы ылғал шығынының арасында аса
үлкен айырмашылық байқалмайды.
Қорыта
айтқанда, қуаңшылық және ылғалды жылдары
жұмсалған ылғал шығыны сүрі танаптағы
егістікте тиісінше 11,1 және 8,2 мм құраса, екінші
дақылында – 18,0 және 9,7 мм, үшінші дақылында – 24,6
және 10,1 мм, ал ауыспайтын егістікте
- 53,6 және 16,1 мм аралығында ауытқушылық
сезіліп, соңғы үш алғы дақыл бойынша
ылғалдың тапшылығы айқын аңғарылады.
Резюме
В статье
приведен расход влаги на создание 1 ц зерна ячменя в зависимости от предшественников
и количества осадков в период вегетации.