ЭКОЛОГИЯ Проблемы экологического воспитания молодежи.
Биология магистрі М. Б. Аманбаева
Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақстан
Қазақстанның
экологиялық мәселелерін шешудің және
электроэнергетиканы дамытудың басым бағытының бірі -
өздігінен жаңарып отыратын энергетикалық ресурстарды
пайдалану үдерісі
Энергия –
дүниежүзілік экономиканың көкейкесті
мәселелерінің бірі. Соңғы кездері, баламалы энергия
көздері әлемдік деңгейде талқыланып,
ғаламдық маңызға ие болуда. Оның басты
артықшылығы – сарқылмастығы мен экологиялық
тазалығы. Атмосфераға үлкен көлемде зиянды
газдардың бөлінуіне алып келетін мұнай және басқа
да қорларды өңдеумен салыстырғанда, баламалы энергия
көздерін пайдалану ғаламшардың энергетикалық
қалпын өзгертпейді.
Қазіргі таңда Қазақстанда
жалпы өндірілетін электр энергиясы 85%-ға дейін органикалық
отынды – негізінен, жергілікті көмірді және аз көлемде
көмірсутекті шикізаттарды жағу жолымен алынатынын ұмытпаған
жөн. Стационарлық көздерден еліміздің атмосферасына
қалдықтардың 10%-ға жуығын және улы
қалдықтардың басым үлесін мұнай және ілеспе
газ өндіру саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар
шығарады. Осы ретте, қалпына келетін энергия көздерін
қолдану арқылы энергетикадан бөлінетін парник газдарын
азайтуға мүмкіндік бар.
Қазіргі
тұрақты даму экономикалық, әлеуметтік және
экологиялық компонент сияқты үш құрауыштың
арасындағы кешенді өзара байланыстың орын алуын
болжайды.Соңғы онжылдықта пайда болған «жасыл»
экономика тұжырымдамасы тұрақты дамудың осы компоненті
арасындағы оңтайлы үйлесімділікті қамтамасыз етуге
негізделеді және дамыған, дамушы және өтпелі экономика
жағдайындағы мемлекеттердің барлығы үшін аса
қолайлы жүйе болатындығын дәлелдеуге тырысады.
«Табиғи
капитал» көптеген елдердің экономикасында маңызды рөл
ойнайды. Қазақстан үшін, мысалы, экономикада пайдалы
қазбалардың маңыздылығы өте ерекше болып
табылады, яғни табиғи ресурстардың өте мол қоры
экономиканың дамуында маңызды рөл ойнайды. Көптеген
елдер өзінің бай табиғатының есебінен экологиялық
туризм үшін табиғи капиталдың «рухани» қызметтерін
қамтамасыз етіп мол табыстарға кенеліп отыр.
Қазіргі
уақытта, инвестициялау үшін Қазақстан
экономикасының басымдықты секторларының біріне балама энергетика (альтернативті энергетика) саласы
жатады. Балама энергетика Қазақстан экономикасын дамытудың
балама мүмкіндіктері болып табылады. Экономикалық дамудың
осындай балама мүмкіндігі соңғы 15-20 жылда әлемдік
экономикада басым рөлді ойнап отырған «болашақ экономика»
секторларының бірі болып табылады.
Еліміз «ЕХРО - 2017»
халықаралық көрмесін өткізді. Орталық Азия мен
ТМД елдері ішінен бірінші болып осы айтулы шараны қолға алу
бастамасына ие болды. Елорданың көрмеге ұсынған
тақырыбы – «Болашақтың энергиясы». Демек, 2017 – жылы
өтетін ірі шара энергияның баламалы көздері мен «жасыл»
технология мәселесіне арналмақ. Аты әлемге танымал
халықаралық ЕХРО көрмесінің Астанада өтуі –
еліміздің өндірісі мен өнеркәсібінің жаңа
сатыға көтеруге ықпал етеді 1
Қазақстанның
экологиялық мәселелерін шешудің және
электроэнергетиканы дамытудың басым бағытының бірі ретінде
өздігінен жаңарып отыратын энергетикалық ресурстарды
кеңінен пайдалану үдерісі қарастырылып келеді.
Қазақстанда өздігінен жаңарып отыратын
энергетикалық ресурстардың әлеуеті өте зор болып
табылады. Жаңартпалы энергетикалық ресурстарға гидроэнергия,
жел энергиясы мен күн энергиясы жатады.
Гидроэнергия. Кейбір деректерге
сүйенсек, Қазақстан территориясы бойынша
гидроэнергетикалық ресурстар тең бөлінбеген, олардың
үлкен бөлігі Қазақстанның негізгі үш
аймағында шоғырландырылған:
1)
Оңтүстік-Шығыс аймағы, Іле өзені бассейні,
Шығыс Балқаш көлі бассейні және Алакөл
көлдерінің топтамасы бассейні;
2) Шығыс
аймағы, Ертіс өзені бассейні;
3)
Оңтүстік аймағы, Сырдария, Талас, Шу өзендерінің
бассейні.
Жел энергетикасын адамдар мыңдаған жылдар бойы энергия
көзі ретінде пайдаланып келді. Жел энергиясы арқылы желкенмен
жүзген. Дәнді-дақыл өнімдерін ұнтақтау
үшін жел диірменін пайдаланды, қажеттілігіне жаратты.
Осыдан-ақ адамзат үшін жел энергиясының маңызы
ешқашан жоғалмайтынын пайымдауға болады.
Жел энергетикасы
қондырғыларының технологиясын жетілдіру арқылы
оның тиімділігін арттыруға болады. Жел энергиясын
тұрақты пайдалану үшін жел энергетикасы
қондырғыларын басқа энергия көздерімен кешенді
түрде ұштастыру қажет. Қазақстан
Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік
аймақтарында су электр станциялары мен жел электр станцияларын біріктіріп
электр энергиясын өндіру өте тиімді. Қыс айларында жел
күші көбейсе, жаз айларында азаяды, ал су керісінше, қыс
айларында азайса, жаз айларында көбейеді. Сөйтіп, энергия өндіруді біршама
тұрақтандыруға болады. Қақпа
Қазақстанның Балқаш — Алакөл ойпатын Қытайдың Ебінұр ойпатымен жалғастырады.
Осы жердегі жел ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде оның электр
энергиясын өндіруге өте тиімді екені анықталды. Қыс
кезінде желдің соғатын бағыты оңтүстік,
оңтүстік-шығыстан болса, жаз айларында солтүстік,
солтүстік-батыстан соғады (Кесте 1).
Кесте -1 .
Жел электр
станцияларын салу үшін зерттелген алаптар тізімі
(БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы
ұйымының метеозерттеу мәліметтері бойынша)
|
№ № 1 |
Алаптар атауы |
Облыс |
Желдің жылдамдығы 50 м биіктіктегі |
ЖЭС-тің жоспарланған қуаты |
|
1 1 |
Жетісу қақпасы |
Алматы облысы |
9,7 |
50 МВт |
|
2 2 |
Шелек дәлізі |
Алматы облысы |
7,7 |
100 МВт |
|
3 3 |
Қордай |
Жамбыл облысы |
6,1 |
10-20 МВт |
|
44 |
Жүзімдік-Шаян |
ОҚО |
6,7 |
10-20 МВт |
|
5 5 |
Астана |
Ақмола облысы |
6,8 |
20 МВт |
|
6 6 |
Ерейментау |
Ақмола облысы |
7,3 |
50 МВт |
|
7 7 |
Қарқаралы |
Қарағанды облысы |
6,1 |
10-20 МВт |
|
8 8 |
Арқалық |
Қостанай облысы |
6,2 |
10-20 МВт |
|
9 9 |
Атырау |
Атырау облысы |
6,8 |
100 Мвт |
|
110 |
Форт-Шевченко |
Маңғыстау облысы |
7,5 |
50 МВт |
Күн энергиясы
2015 жылға дейін жалпы қуаттылығы 91 МВт күн
қондырғыларын іске қосу қарастырылған. Сонымен
бірге, Қазақстанда күн энергетикасын дамытуға
қажетті кремний және фотоэлектрлік элементтер шығаратын
өндірістік база құруға бағытталған шаралар
қабылданып жатыр. Күн батареялары қатты кремний материалынан
жасалынады, бұл жер қойнауындағы оттегіден кейін ең
көп таралған элементтердің бірі. Фотоэлектрлік
станциядағы 1 келі кремний өндіретін энергияның көлемі
жылу электр станциясында 75 тонна мұнай жұмсап өндірілген
энергиямен пара-пар. Сондықтан кремнийді 21 ғасырдың
мұнайы десек те артық айтпаймыз.
Кесте
2.
Фотоэлектрлік станциялардың
артықшылықтары мен кемшіліктері
|
Артықшылықтары |
Кемшіліктері |
|
1. Күн
сәулесі – мұның қорлары жалпы шексіз болып келеді,
қуаттың жаңартылатын көзі. 2. Парник
газдарын, улы компоненттерді және басқа да ластағыштарды
қоршаған ортаға бөлмейді. 3. Шудың
болмауы. 4. Үлкен
ауданды алып бытыраңқы орналастырылады. Осындай бытыратып
орналастыру электр желілерінің апаттық өшірулерге
тұрақтылығын арттыра түседі. 5. Электр
станцияларының басқа түрлеріне қосымша ретінде
пайдаланыла алады, бұл елдің ұлттық қуат
жүйелерінің әртараптануына өз ықпалын тигізеді. 6. Ірі
құрылыстарды қажетсінбейді, биік құбырларды
және ғимаратттарды да талап етпейді. 7. Электр
қуатының әрбір киловатт-сағатының
құны өндіріс көлеміне тәуелді болып келуіне
байланысты - үнемділік. |
1. Күн
радиациясын мардымсыз алатын аумақтардағы оның
экономикалық тұрғыдағы тиімсіздігі. 2. Күн
қуаты көп мөлшерлерде жинақтала және
сақтала алмайды. 3. Күн
энергетикасы белгілі аумақты қуатпен қамтамасыз
етудің жалғыз ғана сенімді көзі болып қызмет
атқара алмайды, оны басқа түрлердегі генерациялаушы
қуаттылықтармен толықтыру қажет болады. 4.
Орнатылған жеріне талап қойғыш (күн
батареясының жарықты барынша көп уақыт
қабылдайтын жерде болуы шарт). 5. Оның
оңтайлы пайдалы әсер коэффициентіне қол жеткізу
үшін батареялар
күннің артынан бұрылатындай қозғалыста болуы
қажет. 6.
Айтарлықтай ауданды алып жатады (көп жер
аумағын қажет етеді). 7.
Жабдықтың бұршақпен және дауылмен
зақымдану мүмкіндігінің болуы.
Қондырғылардың жұмыс беткейлері
шаң-тозаңданған кезде батареялардың жұмыс
тиімділігінің азаюы. |
«Жасыл экономика» саласындағы жетістіктер паш етілетін осы
жаһандық көрме үшін Астана қаласы жанында арнайы
қалашық бой көтермек. Мемлекетіміз ЭКСПО өткеннен кейін
оны қалай пайдаланатындығын ендігі айқындап қойыпты.
«Онда тұрғызылғанның бәрі бізде қалады, -
деді Н.Назарбаев. -
Бұл жаңа, «жасыл» технологияларды бүкіл
Қазақстанда ендіруге қызмет ететін зертхана-лабораторияға,
ғылыми паркке айналады. Өйткені бүкіл әлем осы жолмен
ілгері жылжитын болады».
Қазақстан Көшбасшысы
«алдағы бес жыл бойы бүкіл әлемнің
Қазақстан туралы айтатындығын» нықтайды. «Мен
мұның айрықша маңыздылығын атап өткім
келеді, - деді Президент. - Біздің елордамызда ғылым мен техниканың
барлық ең үздік әлемдік жетістіктері ұсынылады.
Біздің өз халқымыз, көптеген қазақстандықтар
болашақтың экономикасын өз көздерімен көруге
мүмкіндік алады».
Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО -
2017 «мега-жоба» деп жариялады. «Одан барлық өңіріміз пайда
табады, - деді Мемлекет басшысы. -Бұл еліміздің инновациялық
дамуына қуатты серпін береді».
Әдебиеттер
1.
Б.У. Пухова. «Природный
капитал», как составная часть природных ресурсов // Фундаментальные
исследования. – 2008. - № 2, стр. 130-132.
2.
Альтернативная энергетика. Приоритетные сектора экономики
// Справочник инвестора, 2010. –
стр. 41.
3.
Б. Есекина. Концептуальные основы модели «зеленого роста»
// Евразийский экономический обзор. – 2011 - № 2, стр. 116-118.
4.
http://www.chathamhouse.org/research/eedp/current-projects/renewable-energy-finance-policy