Экономические науки/12.Экономика сельского хозяйства.

Гульмира Нарбаева, Гулимжан Алимжанова

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Қазақстан, Астана қ.

Қазақстан Республикасында  астықты сақтау және өңдеу мәселелері

Тың жерлерін игеру кезенінде республикамызда астық өндеу, сақтау, қайта өндеуге арналған жеткілікті деңгейде дамыған техникалық база жасалған. Ол үш ірі бұыннан тұрады.

Бірінші деңгей – агроқұрылымдардың механикаландырылған элеваторла-ры. Оның қызметі – егіннен келіп түсетін астықты қабылдау, бастапқы өндеу, қысқамерзімді сақтау,  ішкі қажеттілікті қанағаттандыруға және сатуға арнал-ған  астық партияларын құру.

Екінші деңгей – элеватор өнеркәсібі жүйесінің  тереңдетілген астықты қабылдайтын кәсіпорындары. Олар астықты сатып алу, қажетті кондицияға жеткізу, астықтың бірегей партияларын қалыптастыру, сақтау және оны тұтынушыларға: ұн, жарма, құрама жем зауыттарына және үшінші деңгейдегі  ірі теміржол және су магистралдарында орналасқан желілік элеваторға жеберуді жүзеге асырады.    

Үшінші деңгей  – желілік және порттық (үйлестіретін) элеватор. Олар регион аралық және мемлекет аралық тұтынушыларға, тұқымдық және ауыспалы қорлар, облыс орталықтарында және ірі қалаларда орналасқан мемлекеттік резервтертер үшін   ірі астық партияларын қалыптастыру бойынша жинақтау және аудару қызметтерін атқарады. Жеке жағдайларда бұл элеватор жақында орналасқан астық өндіретін шаруашылықтардан астықты сатып алатын астықты қабылдау қызметін атқарады.

Элеватор өнеркәсібі кәсіпорындарының негізгі қызметтері астық өндірушілер мен ұн, жарма және құрама жем өнеркәсібі кәсіпорындары арасындағы делдал ролін атқару.  Олар жалпы өнімнің тауарлы бөлігін сатып алу және сақтау; мақсаттылы бағыттағы өнім партияларын дайындау – қайта өндеу өнеркәсібі, индустриалды әдістермен өнделген тұқымдық астықпен ауыл шаруашылығын қамтамасыз ету, алмастыру операцияларын (астықты астыққа, құрама жемді астыққа) жүзеге асырады.

Ауыл шаруашылығы және элеватор өнеркәсібі арасындағы өндірістік-технологиялық байланыстарды дамыту олардың арасында тұрақты экономикалық қатынастарды қалыптастырудың алғы шарты болып табылады. Астық шаруашылығы мен элеватор өнеркәсібі арасындағы экономикалық қатынастар астық өндірісінің деңгейімен қоса астық қабылдау, өндеу, сақтау және оны тұтынушыға жіберу орындарының материалдық-техникалық базасымен анықталады.  Мемлекеттік астық монополиясы жағдайында астықты сатып алу және сақтау қызметтерін атқарып, астық қоймаларының екінші  екі деңгейі, қолайлы материалдық-техникалық жабдықтау жағдайында болған. Әсіресе, өндіріс орындарынан елеулі қашықтықта орналасқан ірі элеватор (үшінші деңгей) ерекше жағдайда болған. 

Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша болашақта Қазақстанның көптеген региондарында тауарлы астық өндірісі орындарында орналасқан бірінші және екінші деңгейлі астық қоймаларының үлесі жоғарлауы тиіс. Олардың пікірі бойынша республика жағдайында ауыл шаруашылық астық қоймалары ретінде сыйымдылығы 10 мың тонна дейін тез құрылатын металдан жасалынған қоймалар тиімді. Оларды пайдалану тәжірибиесі дәстүрлі темірбетонды астық қоймалары және мини-элеватормен салыстырғанда бірқатар артықшылығы бар екенін көрсетті.

Республиканың элеватор-қойма шаруашылығының негізгі бөлігі (шамамен  85%) элеватор өнеркәсібінде шоғырланған. Олар 25,0 млн. тонна астықтың сақталуын қамтамасыз етеді, оның ішінде 10,0 млн. тонна немесе 40% элеваторда, 14 млн. тонна (56%) механикаландырылған қоймаларда және  754 мың тонна (3,2%) механикаландырылмаған қоймаларда.

Республиканың ауыл шаруашылық кәсіпорындарында астық қоймаларының сыйымдылығы (толықтыру коэффициенті 0,75) сақталатын тұқым мен фураждық астықтың тек 30% қажеттілігін қанағаттандырады. Бұл қоймалардың тек 25% ғана типтік үлгіге сай, бірақ оларда да астықты қабылдау, үйлестіру және жіберу жұмыстары механикаландырылмаған.

Астықты сақтау саласындағы кемшіліктер келесімен байланысты:

Ø     республиканың жеке аудандарында астықты сақтау қоймалары мен өндірілетін астықтың көлемі арасындағы айырмашылық;

Ø     астық қоймаларының, әсіресе ауылшаруашылығы кәсіпорындарының, мемлекеттің, интеграцияланған құрамалардың немесе дербес жұмыс істейтін кәсіпорындардың қарамағындаңғы қоймалардың төмен материалдық-техникалық  базасы. Қолда бар ауылшаруашылық қоймалар тауарлы астықты сақтауға жарамайды;

Ø     қазіргі уақытта Қазақстанның солтүстік облыстарында астық қоймаларының 10,4% ғана өндіріс орындарында орналасқан, бұл көрсеткіш 8,6 есе ауыл шаруашылық емес сферада орналасқан астық қоймаларынан төмен. Мысалы, АҚШ  60% астам сақтау қоймалары фермерлік шаруашылықтарында орналасқан. Канададағы фермерлік астық қоймаларының жалпы сыйымдылығы фермерлік емес астық қоймаларының сыйымдылығынан үш есе асады.

Ø  ірі элеватордың астықты сақтау, өндеу және жіберу қызметтерінің тарифтері жоғары, ал қоймада сақталатын астықтың тауарлы партияларының сапасына қарамай қабылданатындықтан, тауарөндірушілер сапасы жоғары өнім шығаруда мүдделі болмайды. Бұған қоса элеватор иелері қоймаларды жалға береді, тұпкі нәтижеде бұл тарифтердің жоғарлауына келтіреді.

Ø ауыл шарушылық тауарөндірушілер және өнімді қайта өндеу, қызмет көрсететін кәсіпорындар арасындағы қалыптасқан өзара қатынастар жетілдірілмеген. Бұл жерде өндеушілердің монолиясы орын алады. 

 

Әдебиеттер:

1. Рахимбеков Т.С. «Казахстанский рынок зерна и продуктов его переработки» II «Агроинформ» К4 //2010 г.

2. Н.Н. Қуанышева., Ж.К. Сапарова. «Қазақстан Республикасында астық нарығын дамыту мәселелерi»/Жаршы №9, 2009 ж.