Мәдени мұра - тарихымыздың тірегі
Отарбаева Г.К., Көбей Н.С., Смадияр С.
М. Әуезов атындағы Оңтүстік
Қазақстан мемлекеттік университеті, Мирас университеті, Шымкент, Қазақстан
E-mail:
gulotar@rambler.ru
Бүгiнгi Қазақстан - экономикасы қарқынды
дамып келе жатқан, әлеуметтiк-экономикалық инфрақұрылымы
өзiне сай қалыптасқан, демократиялық қоғам құруға
батыл кiрiскен бiрден-бiр мемлекет.
Егемендi ел болуда өз дәстүрi
мен менталитетiн сақтай отырып, дамудың жаңа бағытына
бет алып келе жатқан бiздiң мемлекетiмiз туралы әлемнiң
белгiлi басылымдары да үнемi айтып, жазып келедi.
Бұл орайда, Қазақстан Президентi
Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегi мен асқан көрегендiгi
әлем назарын өзiне аударып отыр. Осы 20 жыл сіз бен біздің
ортақ тарихымыз. Ортақ тағдырымыз. Ортақ қуанышымыз.
Ортақ жеңісіміз. Демек, осынау ғасырлық мәні бар ұлы
оқиғалардың басты кейіпкері, тәуелсіз Қазақстан
Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев туралы айтқанда, халқы Елбасын тек мақтамайды,
Президентімен мақтанады! “Бірінші” деп мақтанады!
Нұрсұлтан Назарбаев тек қана
Астана қаласының бас сәулетшісі емес, ол жаңа ғасырдағы
жаңа тұрпатты Қазақ елінің бас сәулетшісі.
Жаңарған Қазақстанның бас сәулетшісі. Қазақстан
мемлекеттілігінің іргетасын қалаушы, орнықтырушы, орнатушы,
тұңғыш Ту ұстаушысы. Жаңарған әлемдегі
жаңа Қазақстанның әрі ақыны, әрі
батыры! Халық қаһарманы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың
130-дан астам ұлттар мен ұлыстарды дархан даламыздың төрiнен
орын берiп, әрқайсысының тiлiн, дiлiн, дiнiн, әдет-ғұрпын,
салт-дәстүрлерiн сақтап өркендеуiне бейбiт
саяси-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшiн
ел, жер иесi қазақтармен достық ынтымақпен терезесi тең
құқықпен өмiр сүруi дана басшылығының
жемiсi.
Бүгiнгi таңда Елбасымыз Нұрсұлтан
Назарбаевтың сара, дана басшылығының арқасында Қазақ
мемлекетi дүниежүзiлiк Бүкiл Бiрiккен Ұлт Ұйымнан
бөлек саяси экономикалық одақтар мен ұйымдардың
белсендi мүшесi екенiн дүние жүзi халықтары мойындап
отыр.
Кеңес Одағы тараған соң,
экономикалық, әлеуметтiк-саяси құрылымдары тығырыққа
тiрелген басқа республикалардың iшiнде Қазақстан ғана
барлық сыннан мүдiрмей өтiп келе жатыр десе болады.
Осының бәрiне халық ел басшысы -
Президентiмiз Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен сенiм артып,
оны дұрыс таңдай бiлуiнiң арқасында ғана қол
жеткiзiп отыр. Үлкен мүмкiндiктерге ие Қазақстан бүгiнде
әлемдегi өте жылдам дамып келе жатқан мемлекеттiң бiрi.
Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі
дамыған, өркениетті 50 елдің қатарына қосылуға
бет бұрды. Бұл көреген көшбасшымыз Нұрсұлтан
Әбішұлының тікелей еңбегінің арқасы
екендігі аян. Тәуелсіздік алған мерзімнен көп ұзамай
жатып-ақ жаңа әлемде жаңа Қазақстан атауы
пайда болды. Аузы дуалы дүние жүзі саясаткерлері, сарапшыларының
өзі ел дамуының алып адымын “қазақстандық
модель” деп атауы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты екендігіне дау жоқ.
Кезінде Джордж Вашингтон, Мұстафа Кемал Ататүрік, Махатма Ганди
секілді ұлы тұлғалар.. жалғасын жақсы керуенінде
Нұрсұлтан Назарбаев алдыңғы сапта көш бастап
келеді”
Қазақстанның
тарихи-мәдени мұрасы жалпыадамзат мәдениетінің құрамдас
бөлігі, этнос қоғамы, адамның ақыл-ойын қалыптастырып
және дамытуға ықпал ететін, тарихи жадыны маңызды сақтаушы
болып табылады.
Қазақстан
Республикасы Конституциясы әр азаматқа, мәдени өмірге
араласуға, мәдени мекемелер мен тарихи-мәдени мұраларды
пайдалануға кепілдік береді. Қазақстан Республикасы
Конституциясы әр азаматты тарихи-мәдени мұралардың сақталуына
қамқор болуға, тарих және мәдениет ескерткіштерін
қорғауға міндеттейді.
Тарихи-мәдени
мұраны мемлекеттік-құқықтық қорғау
өзінің құралдары, формалары және әдістер
эволюциясы бойынша қызықты танымдық тарихы бар. Қазақстан Евразияның әлеуметтік,
этномәдени және рухани байланысын біріктіретін Орталық Азиялық
аймақ бөлігі бола отырып, тек жақын арада ғана ХХ-ғасырдың 90-жылдарының басында мәдени және
табиғи мұраны қорғау бойынша ЮНЕСКО қызметіне қатыса
бастады.
ЮНЕСКО-ның мәдени мұра саласында
мәдени ресурстарды дамытуға ықпал ету және оны бүлінуден
аман сақтау бойынша көпжылдық қызметі ЮНЕСКО-ның
мәдени және табиғи мұраны сақтау бойынша
Конвенциясы (1972ж.), Материалдық емес мәдени мұраны сақтау
Конвенциясы (2003ж.), мәдени жан-жақтылық туралы Конвенцияны өңдеумен
іске асырылады.
Бүкіләлемдік мұра туралы
Конвенция және 812 объектіден тұратын Бүкіләлемдік мұра
тізімі, оның ішінде 137 елден 628
мәдени, 160 табиғи және 24 аралас мұра. Мәдени
материалдық және материалдық емес мұра, соның
ішінде аралас мұраны сақтау мәселелері Қазақстан
Республикасы Ұлттық комиссиясы мен ұйым арасындағы қызметтестіктің
басым бағыттардың бірі болуда [1].
Әлемдік мұра мен табиғи мұраны
сақтау және Бүкіләлемдік мұра тізімін одан ары нығайту
үшін Конвенцияны атқару бойынша қызметті үйлестіріп, бақылайды.
ЮНЕСКО-ның 33-ші Бас конференциясында Қазақстан 2005 жылдың
қазанында серіктестік ретінде Бүкіләлемдік мұра
Комитетіне енді. Біздің елдің Бүкіләлемдік мұра
Комитетіне енуі Ұлттық комиссия мен бүкілқазақстандық
қоғамнан бүкіләлемдік мұра Комитеті ұлттық,
аймақтық номинациялармен мұқият жұмыс істеуді
талап етеді. Сонымен қатар, бай табиғи және мәдени мұраларға
қарамастан Бүкіләлемдік мұра комитеті эксперттерінің
есептеуінше Орта Азияның Бүкіләлемдік мұра тізімінде үлесі
аз. 1991-2005 жж. аралығында бұл тізімге Орта Азия елдерінен тек
жеті номинация ендірілген. Жеті номинацияның ішінен Қазақстандық
Қожа Ахмед Яссауи мавзолейі және Тамғалы археологиялық
ландшафты-петроглифтер. Қалған бес объектілерге өзбек қалалары
- Хива, Бұхара, Шахрисябз, Самарқанд және түркмен қаласы
- Мерв.
Аймақтың басқа номинацияларын өткізу
жұмысы жеткіліксіз өтуде, бүкіләлемдік мұра
комитетіне ұсынған жеті номинацияның төртеуі қайта
өңдеуге қайтарылды. Қазақстан номинацияға ұсыныс
ретінде төрт объекті дайындаған: «Солтүстік Қазақстан
далалары мен көлдері», «Солтүстік Тянь-Шань», Торғай даласы,
Батыс Тянь-Шань.
ЮНЕСКО тапсырмасы бойынша бүкіләлемдік
табиғатты қорғау одағының мамандары «Сары-Арқа»
объектісін оңды бағалау мақсатында Орта Азияда тақырыптық
зерттеулер өткізуде. Бүкіләлемдік мұра тізімінде қырғыз
және тәжік табиғи және мәдени объектілерінің
болмауы, бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраны
қорғау бойынша Конвенцияны орындау қиыншылығы
экономикалық мәселелермен байланысты, номинацияларды ұсынуға
мемлекеттік қаржыландырудың болмауы, білікті ұлттық
эксперттердің жетіспеушілігінен түсіндіріледі.
Мысалы, архитектуралық-тарихи қала Бұхара
Бүкіләлемдік мұра тізіміне 1993 жылы ендірілгеніне қарамастан
әлі күнге шейін бұл ескерткішті қорғау шаралары
бойынша Мемлекеттік бағдарлама өңделу үстінде. Бұл
бағдарлама және басқаларды іске асыруға мемлекеттік
бюджеттен қаржы бөлу қиындығымен байланысты.
Осындай қаржы қиындықтарына
байланысты Қазақстаннан басқа Орталық Азияның
бірде-бір елі мәдени мұраны сақтау саласы бойынша Мемлекеттік
бағдарламаны қабылдамаған.
Тәуелсіздік алғалы бері қолға
алынған және «Мәдени мұра» бағдарламасы[2]
аясындағы атқарылған жұмыстардың негізінде ғылыми
айналымға жаңа тарихи және археологиялық деректер қосылды
Қазақстан Орталық Азия тіпті бұрынғы Кеңес елдері
ішінен (2004-2006жж және 2009-2011жж) «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама
қабылдаған тұңғыш әрі әзірше жалғыз
ел болып тұр. Қазақстан үкіметі сол Бағдарламаға
сәйкес нормативті-құқықтық базасын даярлау
және зерттеу, сақтау және мәдени мұраны пайдалану
бойынша жұмыстар мен шаралар өткізуде.
Қазақстан Республикасы Мәдениет
және ақпарат министрлігінде «Мәдени мұра» бағдарламасын
іске асыру бойынша қоғамдық Кеңес жұмыс істеді.
Осылайша, бағдарлама басымдылығына сәйкес мәдени мұраны
қорғау мен насихаттау бойынша жобалар мен жасалып, атқарылуда.
Бұндай бағдарлама Қазақстандық номинацияларды Бүкіләлемдік
мұра тізіміне ендіруге ел мүмкіндігін арттыруға зор мүмкіндік
береді анық.
ЮНЕСКО эксперттерінің есептеуінше Қазақстан
материалдық мұра объектілері және археологиялық құрылымдарын
басқару мен консервациялау саласында Орта Азия аймағы бойынша алда
келеді. Оған куә Отырар ежелгі қалашығын консервациялау
бойынша табысты іске асырылған «Әрекет
жоспары», Қазақстан археологтарының кәсіпқойлығы,
әрі 2003 жылы құрылған ICOMOS-Қазақстан Ұлттық
комитеті. ЮНЕСКО Қазақстан-Жапония бірлескен ежелгі Отырар қаласын
консервациялау және сақтау бойынша жобасы Қазақстан үкіметінің
қолдауына ие болып соңғы жылдарда жалғасын табуда.
Отырар қалашығы бойынша құжат
дайындалу дәрежесінде, атап айтқанда менеджмент-жоспары дайындалуда.
Ол ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне ұсынылатын
номинациялардың бірі болып табылады. Номинацияға тағы бір
ескерткіш Яссы-Түркістан ұсынылды. Номнацияны даярлау бірнеше
мекемелер мен ведомоствалардың ЮНЕСКО ісі бойынша Қазақстан
Республикасы Ұлттық комиссиясының,
ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасы тұрақты өкілінің
жинақталған эксперттер командасының ұзақ және
жігерлі жұмысын қажет етеді. [3].
Менеджмент-жоспардың құжаттарын
даярлау міндетті түрде 4 «С» талабына сәйкес келуі тиіс –
Credibility, conservation, capacity building, communication - объектінің толық шынайылығы,
консервация немесе сақталуы, ұлттық потенциалын нығайту,
коммуникация құралдары арқылы тұрғындарды ақпараттандыруды
арттыру. Бірақ ол бұнымен біптейді, оны келіссөздер жүргізу,
хат жазысу, халықаралық эксперттерді тарту, ішкі және сыртқы
қаржыландыру көздерін табу арқылы іске асыру жолдары бар.
Мерзімдік есеп беру Бүкіләлемдік мұраны
сақтау Конвенцияны орындау процесінің маңызды өлшемі
болып табылады, себебі өркениетке баға жетпес құндылық
болып табылатын қорғау объектілерінің жағдайын бақылау,
ақпаратты жаңарту мен аймақтық қызметтестік
механизмін кеңейту. Бұл жұмыстардың күрделілігін,
мысал ретінде тәжік өтініштерінің баяу жылжуын айтуға
болады.
Қазіргі кезде қазақстандық
номинациялардың ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра
тізіміне алдын-ала ендіруге 13 объект кіреді, олардың ішінде мәдени-ортағасырлық
қала Яссы-Түркістан; Отырар қалашығы; Бегазы-Дәндібай
мәдениетінің мегалитикалық мавзолейі; Арпа-Изен
петроглифтері; табиғи - Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи
қорығы, Алтын-Емель Ұлттық табиғи саябағы,
Солтүстік Тянь-Шань (Іле-Алатау Ұлттық табиғи саябағы);
Солтүстік Қазақстанның далалары мен көлдері;
аралас – Тамшалы мәдениетінің тас балбалдары; Ұлытау
мәдени ландшафты; Қаратау тау сілемдерінің палеолиттік құрылыстары; Ешкіөлмес петроглифтері, Меркі түркі мавзолейі.
Республикамызда өлкенiң
көне тарихын, архитектуралық ескерткiштерiн, материалдық мәдениетiн зерттеуде аз жұмыс
атқарып келе жатқан жоқ.
Қазақстан
Республикасы мәдениет және ақпарат министрлiгi, Республика
тарихи, мәдени, табиғи ескерткiштердi қорғау қоғамы
орталық кесененiң бiрлесiп
iс атқару нәтижесiнде көптеген жылжитын және
жылжымайтын ескерткiштер, елдi мекендер, қалашықтар немесе тұтас
қалалар және оның төңiрегiндегi мекендер, су ару
жүйелерi т.б. анықталып
табылады.
Оларды сақтап, зерттеу және
насихаттау мақсатында Республика үкiметi музей-қорықтар
ұйымдастырылды. Олардың iшiнде Тараздағы «Көне Тараз
ескерткiштерi», «Маңғыстау материалдық мәдениет ескерткiштерi» және Үстiрт-Маңғыстау
облысы, Отырар мемлекеттiк археологиялық қорық-музейі Оңтүстiк
Қазақстан облысында. Олар көне ескерткiштердi есептеу, сақтау,
паспорттау, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы
насихаттауда көп жұмыстар атқаруда
Қазiргi кезде
Ш.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының «Тарих
және мәдениет ескерткiштерi жинағы» арнайы бөлiмi Оңтүстік
Қазақстан және Жамбыл облыстары бойынша «Жинақ» құрастырылып жарыққа шығарған.
Белгiлi болғандай, барлығы он томдық «Қазақстан
тарихы» мен «Мәдениетiнiң жинағын» шығару жоспарланды.
Бұл iргелi
энциклопедиялық еңбек қазақ халқының
тарихи-мәдени мұрасын есепке алу, зерттеу, қорғау және
пайдалануының ғылыми-негiзi болып табылады.
Кәсiпорындар, мекемелер,
ұйымдар, оқу орындары, қоғамдық бiрлестiктер мен
азаматтар ескерткiштердi насихаттауға қатысып, ескерткiштердi қорғайтын
мемлекеттiк органдарға
ескерткiштердi қорғау, сақтау және пайдалану жөнiндегi
шаруаларды iске асыруда.
Отырар мемлекеттік
археологиялық қорық-музей қызметінің мақсаты
тарихи және мәдени маңызы бар археологиялық және
сәулет ескерткіштерін сақтау болса, онда тарихи мұраларды
жинақтау, сақтау, ғылыми зерттеу, ескерткіштерді қорғау,
ағартушылық-экскурсиялық көпшілік жұмыстарын жүргізетін
бес ғылыми бөлім жұмыс жасайды.
Сонымен қатар ғылыми
кітапхана қорында 3000-ға тарта аса сирек кездесетін кітаптар бар.
Музей қорында музей саласына қатысты өткен тарихымыз бен
рухани мәдениетімізді, тұрмыс-салтымызды халыққа көрнекті
түрде жеткізетін 22 мыңнан астам жәдігерлер сақтаулы.
Сондай-ақ музей қорын жылына ел ішінен және қазба жұмысы
кезінде табылған 300-ден астам жәдігер толықтырады.
2008 жылғы есеп бойынша,
археологиялық көрме залында 356, этнография көрме залында
465, Әл-Фараби залында 78, Арыстанбаб кесенесінде 18, Отырар төбеде
1, музей ауласында 5, музейдің ғылыми кітапханасында 56, әдебиет
және өнер бөлімінің экспозиция залында 700 жәдігер
қойылған. Жалпы саны 1679 дана көрнекілер мен кітаптар көпшіліктің
көріп танысуына және тарихи мәліметтер алу үшін қойылған.
Көрме залдарына қойылатын жәдігерлер уақытына қарай
өзгертіліп отырылады. Музей қорындағы жәдігерлер саны
22281 дана. Негізгі қордағылар 19861, көмекші қордағылар
2460 дана[4].
Ұлы Жібек жолының
күре тамырында орналасқан Отырар өлкесінің тарихи-мәдени
мұралары Қазақстанның ортағасырлық тарихын
танып-білуде маңызы зор.
«Мәдени мұра»
мемлекеттік бағдарламасының идеясы әуел баста ұзақ
мерзімдік үлкен жоба ретінде көзделгендіктен, өткен бес жылға
арналған бағдарламаны осы жобаның екінші кезеңі деп қарай
отырып, қолға алынған көптеген ауқымды шараларды әрі
қарай жалғастырылады. Өйткені осының бәрі үлкен
істің бастамасы ғана. Осыған байланысты бастаған
ісімізді жүйелі жалғастыру мақсатында 2008 жылы қарашаның
17 жұлдызында Үкімет «Мәдени мұра» ұлттық
стратегиялық жобасының 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасының
жобасы қаралып, жүзеге асыруды тапсырылды. Біз ғана емес,
ЮНЕСКО тарапына да бұл – дүниеде сирек кездесетін жоба, басқа
елдерге де өнеге болатын құжат деп белгіленеді.
ХХ-ғасырдың
90-жылдары мәдениет және табиғат мұралары көптеген
елдерде аймақтық дамудың өзіндік экономикалық
ресурстары ретінде бола бастады. Қазақстанда ескерткіштерге бай бұндай
территориялар ғажайып тарихи территориялар (ҒТТ) ретінде белгілі
болды.
Елбасының бастамасымен қабылданған
«Мәдени мұра» бағдарламасы тарихи-мәдени мұраның
үлкен бір бөлігін жүйеге келтіріп, оны айналымға түсіруге
мүмкіндік берді. Осы кезең ішінде 40 археологиялық және
26 ғылыми-қолданбалы зерттеу жүргізілді. Соның арқасында
ғылымға мыңнан астам артефактілер енгізілді. «Мәдени мұра»
аясында Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр,
АҚШ және Батыс Еуропа елдеріне жасалған ғылыми-іздестіру
экспедицияларының нәтижесінде, қазақ халқының
тарихына, этнографиясына, өнеріне қатысты 5000-нан астам аса құнды
мұрағат құжаттары атажұртқа қайтарылды.
Тарихымызға және мәдениетімізге қатысты аса маңызды
73 ескерткіш қайта қалпына келтірілді[5].
«Мәдениет - ұлттың бет-бейнесі,
рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең
алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған
ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын
қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады.
Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті
арқылы ғана басқаға танылады» деген еді Президент Нұрсұлан
Назарбаев.
Әдебиеттер:
1.Закиева
Ж. Культурное наследие Казахстана и стран Центральной Азии в свете выполнения
Конвенции о Всемирном наследии // Вестник КазНУ. Сер. Политология. - №1. - 2006. - С.123-126.
2.2004-2006
жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы:
ҚР Президентінің 2004 жылғы 13 қантардағы № 1277
Жарлығымен бекітілген.
«Мәдени мұра» ұлттық жобасының 2009-2011
жылдарға арналған тұжырымдамасы: 2008 ж. қарашанын 4 жұлдызында
Үкімет отырысында қаралды//Егемен Қазақстан. - 2008. -
5 қараша (№336-337).
3. Аладьина
Т. Наши приоритетные раритеты: Культура//Экспресс-К.-2008. - 1 декабрь
4. Көне заман күмбірі // Егемен Қазақстан. - 12 наурыз. №90-93 (25939)
5.«Мәдени мұра» – ұлттық
тарихтың негізі //Айқын. Республикалық қоғамдық-саяси
газет. 01.11.2011.