Кәсіпорынның
қаржысын басқаруды жетілдіру Қазақстан
Республикасы экономикасының модернизациясын қаржылық
қамтамасыз етудің алғышарттарының бірі ретінде
Абылкаримова Д.Е., 2 курс магистранты
Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к. Мұхамбетова
Л.К.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті,
Астана қ., Қазақстан Республикасы
Қазақстан
Республикасының нарықтық экономика жағдайына
көшуіне 20 жылдан астам уақыт болды. Ол уақыт
аралығында еліміз нарықтық экономикаға көшіп,
көптеген белестерге жетті. Соның ішінде, шағын және
орта кәсіпкерлікті қолдау туралы көптеген шаралар
жүзеге асырылды. Ал, нарықтық экономиканың негізгі
кілті кәсіпорын болып табылатыны әрқайсысымызға
мәлім. Ел экономикасының тұрақтылығы кішкентайынан,
яғни кәсіпорынның тұрақтылығынан басталады.
Қазіргі
әлемдегі, сонымен қатар еліміздегі жағдайды алатын
болсақ, көптеген елдер экономикалық дағдарысқа
ұшырауда. Дағдарыстың болуы экономиканың заңды
құбылысы. Сол дағдарысқа қарсы тұра
алатындай, алдын-ала қажетті шараларды жүзеге асыру үшін біз
ауқымды түрде ел экономикасын ғана қарастырмай, сонымен
қатар шағын болып келетін, бірақ елге өз әсерін
тигізе алатын кәсіпорындардан бастаған жөн, әсіресе
олар өз қаржыларын қалай басқарады,
дағдарысқа қарсы қандай шаралар қолданып
жүр және қаржылық басқару тиімді жүргізіле
ме деген мәселелерге көңіл аудару қажет. Себебі,
кәсіпорындар мемлекеттің негізін құраушылардың бірі.
2012 жылғы
наурыздағы кәсіпорынның қаржы-шаруашылық
қызметінің негізгі көрсеткіштерін қарастыратын
болсақ, Жамбыл облысындағы кәсіпорындар -14,7% залалға
ұшырағанын, Алматы облысындағы кәсіпорындар
өндірістік емес шығыстардың салық салғанға
дейінгі пайдадан асып түскенін байқауға болады. Жалпы
өндіріс пайдалылығын қарастыратын болсақ, залалға
ұшыраған Жамбыл обл. кәсіпорындары, Солтүстік
Қазақстан обл. бұл көрсеткіш те өте төмен
2,8% құрап жатыр, одан кейінгі орындарды Алматы обл. (5,4%) және Ақмола обл. (8,8%) иеленуде (кесте-1).
Ал,
қаржылық менеджментке сәйкес, кәсіпорынның
тұрақтылығын анықтайтын көрсеткіштердің
ең маңыздысы рентабельділік болып табылады. Кестенің
мәліметін қарастыратын болсақ, еліміздің бірнеше
облыстарындағы кәсіпорындардың жағдайы тұрақсыз
деп айтуға болады.
Көптеген
кәсіпорындардың залалға ұшырауы немесе өндіріс
пайдалылығының төмендігі келесі себептермен түсіндіруге
болады:
1)
кәсіпорындардың өз қаржылық
жағдайларын дұрыс бағаламауы;
2)
қаржылық жағдайды
тұрақтандыруға қажетті іс-шаралардың жасалмауы;
3)
сапалы түрде қаржылық талдауды
жүзеге асыратын білікті маман кадрлардың болмауы;
4)
кәсіпорынның қаржылық ресурстарды
тиімді пайдаланбауы;
5)
келеңсіз жағдайлар мен дағдарысқа
қарсы бағытталған алдын-ала шаралардың
жүргізілмеуі.
Кесте 1 - 2012 жылғы наурыздағы кәсіпорынның
қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
мың
теңге
|
|
|
|
|
|
|
|
||||
|
|
Өнімдерді өткізуден және қызметтер
көрсетуден |
Өткізілген
өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік
құны |
Өндірістік емес
шығыстар |
Салық
салынғанға дейінгі пайда (залал) |
Өндіріс
пайдалылығы (залалы), % |
|||||
|
Қазақстан
Республикасы |
2 208 916
730 |
1 287 115
486 |
414 818
095 |
587 056
847 |
34,5 |
|||||
|
Ақмола |
28 928 041 |
23 126 498 |
4 728 197 |
2 445 795 |
8,8 |
|||||
|
Ақтөбе |
139 187
141 |
53 573 205 |
45 254 701 |
42 903 701 |
43,4 |
|||||
|
Алматы |
39 535 830 |
29 234 519 |
9 962 043 |
2 112 416 |
5,4 |
|||||
|
Атырау |
409 779
842 |
145 452
324 |
56 543 965 |
217 364
188 |
107,6 |
|||||
|
Батыс Қазақстан |
122 097
065 |
32 567 601 |
9 042 483 |
81 372 844 |
195,6 |
|||||
|
Жамбыл |
18 126 804 |
17 254 529 |
5 420 611 |
-3 329 485 |
-14,7 |
|||||
|
Қарағанды |
130 694
736 |
95 964 719 |
20 041 035 |
18 332 521 |
15,8 |
|||||
|
Қостанай |
51 650 021 |
35 221 388 |
11 675 129 |
6 569 814 |
14,0 |
|||||
|
Қызылорда |
100 380
180 |
22 820 261 |
32 726 075 |
47 977 219 |
86,4 |
|||||
|
Маңғыстау |
123 620
638 |
60 230 740 |
36 848 113 |
29 541 125 |
30,4 |
|||||
|
Оңтүстік Қазақстан |
61 723 536 |
43 597 087 |
10 295 373 |
9 367 718 |
17,4 |
|||||
|
Павлодар |
112 673
410 |
86 107 632 |
9 117 919 |
18 579 994 |
19,5 |
|||||
|
Солтүстік Қазақстан |
18 844 653 |
15 698 013 |
2 937 655 |
523 345 |
2,8 |
|||||
|
Шығыс Қазақстан |
94 921591 |
67 266 229 |
14 651 856 |
16 835 766 |
20,6 |
|||||
|
Астана қаласы |
318 246
401 |
232 810
900 |
71 535 969 |
31 326 916 |
10,3 |
|||||
|
Алматы қаласы |
438 506
841 |
326 189
841 |
74 036 971 |
65 132 970 |
16,3 |
|||||
Аталған
себептер де кәсіпорынның өзекті мәселелерінің
бірі де болып табылады. Оларды алдын-алу қаржылық
басқарудың тиімділігіне және қаржылық
жағдайдың тұрақтылығына әкеледі.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
өз кезегінде ел экономикасының тұрақтылығына
өз септігін тигізеді.
Аталған
мәселелерді шешудің келесідей жолдары ұсынылады:
1)
кәсіпорындар өз қаржылық
жағдайын дұрыс бағалау үшін, қажетті
есептеулерді, яғни өтімділік пен төлемқабілеттілік
коэфициенттерін, іскерлік белсенділік көрсеткіштерін және т.с.с.,
жиірек ұйымдастыруы тиіс. Сонымен қатар, елдегі болып жатқан
жағдайларға көңіл аударуы, кәсіпорынның
қажетті бөлімдеріне ақпараттың уақытында жетуі;
2)
қаржылық жағдайды
тұрақтандыруға бағытталған іс-шараларға:
кредиторлық берешекті азайту, шығындар көлемін минималдау,
төлемқабілеттілік деңгейіне талдау жасап тұру
және т.с.с. шараларды жиірек ұйымдастыру, оған қоса
қаржылық бақылауды жүзеге асыру;
3)
қаржылық есептеулерді сапалы түрде
жүзеге асыратын «өз ісінің маманы» атты менеджерлерді
жұмысқа қабылдау, олардың еңбек
өнімділігінің артуына қажетті ынталандыру шараларын
қарастыру;
4)
қаржылық ресурстар – кез келген кәсіпорынның ең
маңызды тірегі, онсыз кәсіпорын өз жұмысын жүзеге
асыра алмайды. Оларды тиімді пайдалану үшін кәсіпорындағы
қаржылық жоспарлауды сапалы түрде жүргізу, сонымен
қатар қаржылық ресурстардың пайдалану барысына
бақылау жасау;
5)
кәсіпорынның жағдайына тікелей әсер ететін
дағдарыстық немесе келеңсіз құбылыстарды алдын
алу үшін арнайы дағдарысқа қарсы стратегия жасауы
(сыртқы ортаның түрлі жаңдайларына
кәсіпорынның төтеп бере алуы), бұл стратегия
кәсіпорынның персонал, маркетинг, қаржы және т.б.
бөлімдерін қамтуы қажет. Стратегия түрлі жағдайды
кәсіпорынның жұмыс жасау барысын қалай қалпына
келтіру және оңалту шараларын қарастырады. Сонымен
қатар, кәсіпорынның қаржы жағынан
мәселелерін шешу үшін арнайы резерв құру да өте
тиімді.
Аталған
мәселелердің шешу жолдарын кәсіпорынның
әрқайсысы қолданатын болатын болса, тиімділікке қол
жеткізе алады. Ал, кәсіпорынның тиімді жұмыс жасауы, тек
қана кәсіпорынға ғана емес, мемлекетке өз
оң әсерін тигізері сөзсіз.
Қорытындылай
келе, кәсіпорынның тек сату орталықтарын емес, сонымен
қатар ірі зауыттар мен фабрикалар ашса, оған қоса
инновацияның жаңалығын өз жұмыс барысында
қолданатын болса нұр үстіне нұр болар еді. Себебі,
еліміздің өркендеуі мен тұрақтылығы,
бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына және
Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі еліміздің қаншалықты
деңгейде инновацияны қолдануына байланысты. Ал,
кәсіпорындардың өз өндіріс процесіне инновацияларды
енгізу, оларға қатысты қаржылық ресурстарды тиімді
пайдалануы Қазақстан Республикасының экономикасын
модернизациялаудың алғашқы қадамдарының бірі.
Әдебиеттер
тізімі:
1. www.stat.kz
2.
Кучукова Н. Финансовое
обеспечение индустриально-инновационного развития Казахстана. Наша страна имеет
хорошие фундаментальные факторы для развития экономики и привлечения инвестиций//Казахстанская
правда-2010-№87-20-23б.