Экономические науки/2. Финансы и банковское дело
Магистр финансов, ст. преподаватель Адамов А.А.,
студентка 2-го курса
Әбу К.М.
Жетысуский Государственный Университет, Казахстан
Банк жүйесінің
стресстік жағдайын басқарудың басымдылықтары және
оның функционалдық жаңартылуы
Соңғы
жылдары банктік бизнес сферасында қызмет көрсету спектрі
айтарлықтай ұлғайды. Сонымен бірге олардың сапасы мен
сенімділігіне деген жауапкершіліктері бірталай артқан. Мұндай
ауқымды қаржылық потенциалдың жиналуы банк
нарығына клиенттердің күннен күнге артып келе
жатқанын байқауға болады. Яғни, бізге өтімділікті
реттеудің жаңа басқарушылық бағыттарын іздеу
өзекті мәселеге айналады. Ол үшін міндетті түрде банк
менеджментінің функционалдық өзара байланыстарын
күшейту қажет, ал ол өз кезегінде пассивті және активті
операциялардың сенімділігі арқылы банк өтімділігін
қамтамасыз етумен байланысты. Қазіргі уақытта
коммерциялық банктерге ауқымды ақпараттар ағымын минут
сайын өңдеуге тура келеді.
Банктің болуы мүмкін шығындарын («стоп-лосс»)
лимиттеудің есебін қазынашылық Департаменті жүзеге
асырады. Сауданың қаржылық
құралдарын лимиттеуді және активтің
нарықтық құнының өзгерістері бойынша
максималды ашық позицияның мөлшерін лимиттеуді тәуекел-менеджмент
Департаменті жүзеге асырады. Сөйтіп лимиттеу жүйесін
тәуекел менеджмент Департаменті мен қазынашылық
Департаментінің ұсыныстары бойынша Банк Басшылығы бекітеді.
Бағалық тәуекелдің лимиттерін
нарықтық жағдайға байланысты және Банктің
инвестициялық саясатының өзгертілуіне байланысты қайта
қарастырылады.
Мониторингтің мақсаты – нарықтық
факторлардың өзгерістеріне сезімтал қаржылық
құралдардың операциясынан түскен кіріс/шығыстарды
бақылау және талдау. Мониторинг процедурасы банкпен жіктелген
бағалы қағаздардың әділ құнының
көрінісін және есебін бақылауды қамтамасыз етеді.
Бағалы қағаздардың әділ
құнын есептеуді бағалы қағаздардың
әділ құнын бағалаудың белгіленген
әдістемесіне сәйкес Қазынашылық Департаменті іске
асырады. Бағалы қағаздар портфелінің
нарықтық құнын есептеу мониторингін тоқсан сайын
тәуекел-менеджмент Департаменті іске асырады.
Берілген әдістеменің стресс-тестілеу
жүргізу бөлімі маңызды болып табылады. Оның негізі
банктік қадағалау бойынша Базель комитетінің (Базель ІІ) іс-құжаттарына
енгізілген. Қазіргі заманда стресс-тестілеу көптеген елдердің
коммерциялық банктерінің әрекеттерін бақылау базасы
екенін көруге болады[1].
Біз ұсынып отырған әдістемедегі «стрес-тестинг»
бөлімінде келесілер белгіленген:
1.
Стресс-тестинг мақсаты – экстремалды жағдайларда, ауыр
болжанатын және күтпеген шығындар мен кірістер
жағдайында қоржынның тұрақталығын
бағалау.
2.
Стресс-тестілеуде қолданылатын құралдардың негізгі
қағидалары:
-
Олардың әрдайым қолданылуы;
-
Банк жағдайларына күйзелістік әсер етуі мүмкін
барлық сценарийлерді қарастыру.
3.
Стрес-тестілеуді жүргізгенде активтер қоржыны толығымен
ескеріледі.
4.
Стресс-тестілеу өткен уақыттағы құбылыстарды
талдау негізінде жүргізіледі. Тарихи сценарийлермен қатар
гипотетикалық сценарийлер де жасалады. Ол потенциалды шығындар мен
максималды мүмкін болар тәуекелдерге мінездеме береді.
5.
Стресс-тестілеу теңгенің девальвациясын немесе ревальвациясын
болжау мақсатында валюта курстарына, мұнайға баға
өзгерістерінің әсерін талдауды қосады.
6.
Комплексті стресс-тестілеуді жүргізу Банктің тәуекел-менеджмент
Департаменті жүргізеді.
7.
Стресс-тестинг параметрлерін жаңартулар (актуализациялау) нарықтық
және жалпы экономикалық конъюнктураның, және
тәуекел профилінің өзгеруімен байланысты жүзеге
асырылады.
8.
Стресс-тестілеуді жүргізу кезеңі алты айда бір рет болады.
9.
Стресс-тестілеу нәтижелері Банк Басшылығы мен Директорлар
кеңесіне алты айда бір рет жүргізіледі.
Қазіргі заман жағдайында стресс-тестілеу
көп мөлшерде өтімділікті басқаруды функционалдық
жаңартты. Ол банк өтімділігінің даму жағдайында нашар
деген варианттарын уақытылы анықтауға мүмкіндік береді.
Сол уақытта жүргізілген стресс-тест нәтижелерінен
банктің несиелік ресурстарының артықшылығымен
байланысты керісінше жағдайларды да көрсетуі мүмкін. Мұндай
жағдайда банк оларды орналастыруда перспективалы нәтижелігін
бағалайды. Бірақ өтімділік жағдайының бірнеше
варианттары болуы мүмкін деген пікірді Е.В.Самайлов [2] айтады. Онда
мақсатты түрде «сценарлық» бағыттардың келесідей
варианттарын қарастырайық:
1.
«Күтпеген жерден» банк клиенттеріне үлкен мөлшерде
несиелік ресурстарды беру. Бұл жерде ең алдымен банктің
құрылымдық бөлімшелері арасындағы өзара
қарым-қатынастардың жетіспеушілік мәселесі тұр.
Яғни бөлімшелердің өз қызметерін ешкіммен
келіспей іске асыруы.
2.
«Лоро» есеп-шоттарының тәуекелі. 90%-дан жоғары
өзінің қолданылатын банк-респонденттерінің «лоро»
шоттарына қорытынды жасау.
3.
Ағымдағы күнде төленеді деген банк сеніміне орай
клиенттің үлкен көлемдегі несиенің төленбей
қалу мүмкіндігі.
4.
Күнделікті жағдаймен салыстырғанда клиенттердің
есеп-шоттарына түсімдердің 40-60%-ға төмендеуі.
5.
Ірі клиенттердің (төрт-бес клиент) шоттарындағы
қаражаттардың толық алынуы.
6.
Есеп-шоттары ашылған компаниялар мен халықтың алдында
банктің абырой атағының түсу тәуекелі. Бұл
сценарийде үлкен қаражаттардың кетуі болады:
халықтың 15%-дан астам депозиттері алынуы мүмкін, ал
заңды тұлғалардың 50%-дан астам шоттағы
қаражаттарын басқа банктерге ауыстыруы мүмкін. Басында
бұл банктің өтімділік жағдайы тұрақты
және Орталық банктің нормативті талаптарын өте
жақсы орындайтын. Бірақ банк «жалған» ақпараттық
компаниялардың құрбаны болды.
Жоғарыда келтірілген сценарийлер қандай да
болмасын несиелік ұйымдарда болуы мүмкін өтімділік
жағдайының бір бөлігіне ғана көрініс береді. Банк
өтімділігі туралы жағдайға нақты баға беру
үшін бірнеше сценарийлерді біріктіретін жағдайды модельдеу
қажет.
Бір жағынан қарасақ, жоғарыда
көрсетілген сценарийлерді жекелей қолдану банк басқармасына
маңызды ақпараттар береді[3].
Негізінде мынадай негізгі төрт сценарийді
қарастырған жөн:
-
жағымды;
-
бір қалыпты;
-
жағымсыз;
-
стресс-сценарий.
Төлем позициясының есебі әр сценарийде
жүзеге асырылуы керек.
Жағымды
сценарий:
-
бағалы қағаздар қоржынының өтімділігін
ескере отырып жүзеге асырылатын есеп;
-
VaR-есебінде «талап етуге дейінгі» есеп-шоттардың
қалдықтарын максималды түрде төмендету жүзеге
асырылады;
-
БАН мөлшерлемесі 5% төмен болуы мүмкін ұсыныстар.
Бірқалыпты
сценарий:
-
VaR-есебінде «талап етуге дейінгі» есеп-шоттардың
қалдықтарын максималды түрде төмендету;
-
бағалы қағаздар портфелінің өтімділігі
ескерілген есебі;
-
шоттарының қалдықтарын максималды БАН
мөлшерлемелері – 6-дан 10%-ға дейін.
Жағымсыз
сценарий:
-
Shortfall әдістемесінің есебі бойынша “талап етуге дейінгі»
есеп-шоттарының қалдықтарын максималды түрде төмендету
(квантиль сенімділігі – 99,9%);
-
бағалы қағаздар портфелінің өтімділігі
ескерілген есебі (бағалы қағаздар қоржынының
өтімділігі ескерілмеген жағдайда - өтімді
қағаздар мерзімі 30-дан 45 күнге дейін);
-
БАН мөлшерлемелері – 11-ден 20%-ға дейін.
Стресс-сценарий:
-
БАН берген төлемдерді төлеу мерзімі 31-90 күнге
жылжытылады (бұл жағдайда қарыз алушы банктерде үлкен
қиындықтар туындайды);
-
жеке тұлғалардың мерзімді депозиттерінің 50%-ы 8-30
күн мерзімге ауыстырылады (бір ай ішінде депозиттердің жартысы шоттан
алынады);
-
БАН мөлшерлемелері – 21-70%.
Қорытынды есептеуде әрбір сценарий
өтімділік алшақтығын ескереді (бос ақша
қаражаттарының жетіспеушілігі), ол өз кезегінде БАН
максималды мөлшерлемесіне көбейтіледі. Бұдан өтімділік
алшақтығын қаржыландыру құны шығады.
Өтімділікті басқарудың басымды
бағыттарына – барлық варианттарын, тіпті төтенше
жағдайларды ескере отырып қазіргі нормативті - әдістемелік
база негізінде ақша ағымдарын реттеу саясатын мақсатты
түрде жүзеге асыру және өңдеу болып табылады.
Мұның бәрі банк өтімділігін басқару әдісін
жетілдіру шеңберінде банк құрылымының сәйкес
менеджмент деңгейін талап етеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Левина Ю.Б. Риск нелеквидности
банка. // Дайджест финансы, №5 (77), 2003 – 18 б;
2. Самойлов Е.В. Подход к стресс-тестированию
платежной позиции банка//Управление и кредитные организации – 2006, №1 (29) –
31 б;
3. Политика управления рыночными рисками АО «АТФБанк»;
-Алматы-2006ж;