Экономические науки/5.Óïðàâëåíèå òðóäîâûìè ðåñóðñàìè

Аяпбергенова Айдана Кыдырбековна

Ерниязова Жанат Нурахметовна

 

Персоналдың қызмет әрекетіндегі контроллинг жүйесінің тиімділігі және оны арттырудың негізгі резервтері (қызметті жан-жакты бағалау)

 

Конролингті ұйымдастыру белгілі бір мөлшерде кәсіпорын  қызметкерлерін басқару жүйесіндегі басқарудың  тиімділігіне  байланысты.

Контроллинг жүйесінің      компоненттері болып ұйымдастыру, адам және мәлімет ресурстары, сонымен қатар компонентаралық байланыстар табылады. Жоғарыдағы жүйе арқылы  төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:

1)  Кәсіпорын  қызметкерлерінің қызмет нәтижесін анықтауға бағытталған іс-шаралар;

2)  Кәсіпорын қызметкерлерінің қызмет нәтижесін бағалау және салыстыруға бағытталған іс-шаралар;

3)  Кәсіпорын қызметкерлері қызметінің қорытындысы және оны талдау;

4)  Контроллинг жүйесін бір қалыпқа келтіру және оның тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Бұдан бөлек жеке, бірақ маңызды міндет ретінде кәсіпорын  қызметкерлерін олардың қызметіне басшылар тарапынан қойылатын талаптар туралы өз уақытында және толық ақпар беру табылады[1].

Көрсетілген ақпарат ұйымдастыру бөлу және ұйымдастыру әдістемелік құжаттар түрінде қызметкерлерге түсіндіріледі. Қызметкерлерді ақпараттандырудың басқа да құралдары қолданылады.

Контроллингтің соңғы мақсаты қызметкерлердің қызмет қорытындыларын есептеу, бағалау және салыстыру үшін анықтауға негізделген кешенді және объективті бағалау. Кәсіптік қызметкерлерінің қызмет қорытындылары конроллингінің негізгі міндеттері мен мақсаты төмендегі 1 - суретте көрсетілген.Бұдан әрі қызметкерлердің қызмет қорытындылары есебі және оны анықтауды ұйымдастыруды қарастырамыз. Кәсіпорындарда бұл жұмыс әдетте 2 негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылады.

1-ші бағыт бойынша қызметкерлерге тапсырылған жұмыс қорытындысы немесе қызметтің еңбек қорытындысы есепке алынады және анықталады[2].

2-ші бағыт бойынша кәсіпорында бекітілген еңбек тәртібі ерекшеліктерінің сақталуы анықталады және есепке алынады.

Қызметкерлер еңбегінің сапасын есепке алу және анықтау кәсіпорындағы қолданылатын сапа жүйесі негізінде жүзеге асырылады. Сапа жүйесінің негізгі элементі болып еңбек сапасы критериі табылады . Кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек сапасын есепке алу және анықтау нәтижесінде қызметкер еңбегінің сапасы бекітілген сапа талаптарына сәйкес келу дәрежесі құжат түрінде тіркеледі және анықталады, яғни қызметкер арқылы өндірілген өнім белгілі бір талаптарға сай келеді ме немесе келмейді ме. Кәсіпорын қызметкерлері еңбегінің сапасын есепке алу және анықталуды тиімді жүргізу үшін төмендегі көрсеткіштерді алдын - ала анықтау керек:

- есепке алу мен анықтаудың уақытша параметрлері;

- көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру үшін  тартылған қаражаттар мен күштердің құрамы;

- көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру әдістері.

Еңбек сапасын есепке алу және анықтаудың қорытындысы болып қызметкерлердің еңбек сапасын көрсететін құжат түрінде бекітілген көрсеткіштер табылады, мысалы сапалы және сапасыз өнімдердің пайыздық ара қатынасы немесе белгілі бір мерзім ішінде қызметкермен өндірілген бүлінген өнім саны. Көрсетілген қорытындылар кәсіпорынның сәйкес құжаттарымен тіркеледі, одан кейін есеп мәліметтері автоматты түрде өңдеу жүйесіне жинақталады. Қызметкер еңбегінің санын есепке алу және анықтау кәсіпорында қолданылатын  еңбек нормалары - уақыт нормалары арқылы жүзеге асырылады.Қызметкерлер еңбегінің санын есепке алу мен тиімді анықтау үшін сапаны есепке алу мен анықтауға арналған талаптарды есепке алу керек, яғни тиісті іс-шараларды жүзеге асыратын әдістер мен құралдар және уақытша параметрлер.Кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек нәтижесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер есебі мен анықтау тиімділігі жұмыс орнының еңбек шарттарын құру арқылы  жүзеге асырылады[3].

 

 

 

 

 


НЕГІЗГІ           МІНДЕТТЕР

 

 

 


                                        

Конроллинг жүйесін оптимизациялау, оның тиімділігін арттыру

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сурет 1. Кәсіпорын қызметкерінің қызмет қорытындысы контоллингінің негізгі міндеттері мен мақсаты

 

Мұндай шараларға жатқызылады:

- жұмыс процесінде қолданылатын жабдықтар мен машиналардың, құрылғылардың және орынның жағдайы;

- құжат айналымы үшін техникалық және басқада қажеттіліктерімен қамтамасыз етілуі;

-  жұмыс орындауға қажетті материалдардың, құралдардың басқа да  заттардың саны және жеткілікті мөлшерде қызметкерлерге өз уақытында жеткізілуі;

- еңбек шарттары, еңбекті қорғау және өндірістегі қауіпсіздік.

Еңбек санының есебі мен қорытындысын анықтаудың маңызды бөлігі болып қызметкер еңбегінің санын сипаттайтын құжатпен бекітілген көрсеткіштер табылады, мысалы, белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығындағы қызметкерлермен атқарылған еңбек өнімділігінің мәні. Көрсетілген қорытындылар  кәсіпорынның сәйкес құжаттарымен  тіркеуге алынады, одан кейін, ережеге сәйкес есеп мәліметтерін өңдеудің автоматтандырылған жүйесіне жинақталады.

Еңбек тәртібінің белгіленген ережелерін қызметкерлердің сақтау есебі және оны анықтау ҚР еңбек заңдылықтары талаптары негізінде, кәсіпорынның нормативтік құжаттары ұжымдық келісім - шарт және ішкі еңбек тәртібі ережелері бойынша, сондай-ақ жұмыс беруші және қызметкер арқылы жасалған еңбек келісім - шартындағы міндеттер арқылы жүзеге асырылады. Еңбек тәртібі дегеніміз кәсіпорында бекітілген тәртіп ережелеріне қызметкерлердің міндетті түрде бағынуы. Өз тарапынан жұмыс беруші кәсіпорында қызметкерлердің еңбек тәртібін сақтауы үшін қажетті жағдайларды қалыптастыруы қажет[4].Еңбек тәртібі ережелері кәсіпорының еңбек тәртібінде көрініс табады. Өз кезегінде еңбек тәртібі кәсіпорының ішкі еңбек тәртібі ережелерінің ҚР ЕК 189-бабына сәйкес анықталады:

- кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа алу және оларды жұмыстан босату тәртібі; еңбек шартындағы жақтардың негізгі құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері;

- кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыс уақытының ұзақтығы;

- кәсіпорын қызметкерлерін марапаттау шаралары;

- еңбек қатынастарын реттеудің басқа да сұрақтары.

Еңбек қорытындысының сандық және сапалық есебі, оны анықтау тәртібінің кәсіпорында бекітілген еңбек тәртібі ережелеріесебі мен оны анықтаудан ерекшелігі қызметкерлердің бекітілген ережені бұзу жағдайларын тіркеу әдістерімен жүзеге асырылады.

Осыған байланысты берілген жағдайда негізгі бағалау критерийлеріне біріншіден белгілі бір уақыт аралығындағы қызметкерлердің еңбек тәртібін бұзу жағдайларының саны, екіншіден, «сапа», яғни бұған тәртіп бұзушылықтың дәрежесі жатқызылады. Қызметкерлердің еңбек қорытындыларын есептеу және анықтау жүзеге асырылатын кәсіпорындағы ішкі нормативті құжаттар туралы мәлімет, сондай-ақ олар арқылы еңбек тәртібі ережелерінің сақталуы 1- кестеде көрсетілген.

 

Кесте 1

Қызметкерлердің кәсіпорындағы еңбек қорытындыларын есептеу және анықтау, ішкі нормативті құжаттар, қызметкерлер арқылы еңбек тәртібі ережелерінің сақталуы

Контроллинг объектісі

Кәсіпорынның нормативті құжаты (акт)

Қызметкер еңбегінің сапасы

Кәсіпорынның сапа жүйесінің критерийлері

Қызметкер еңбегінің саны

Кәсіпорынның еңбек нормалары

Қызметкерлермен еңбек тәртібінің сақталуы

Кәсіпорынның ішкі еңбек тәртібінің ережелері

Ескерту - Журавлев, Карташов, Маусов, Одегов. Технология управление персоналом. М: 2000г.

 

Қорыта келе,  қызметкерлердің еңбек қорытындыларын есептеу және анықтау, сондай-ақ олардың еңбек тәртібі ережелерінсақтау олардың басшыларының негізгі және басты міндеті болып табылады.

Қызметкерлердің қызмет қорытындысы контроллингінің екінші сатысын қорытындыларды бағалау және салыстыру құрайды. Сондықтан бағалау абсолютті көрсеткіштер түрінде қолданылады, салыстыру салыстырмалы көрсеткіш ретінде бұл қызмет қорытындысына әсер етеді.

Осыған байланысты қызметкерлердің қызмет қортындысын бағалау жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасындағы белгілі бір қатынастарды көрсету үшін қызмет атқарады.

Қорытындыны салыстыру қызмет қорытындысы арқылы бағаланған оның динамикасын анықтауға мүмкіндік береді [5].

Бағалау мен салыстырудың функционалды ерекшеліктері 2-суретте көрсетілген.

Кәсіпорының қызметкерінің қызмет нәтижесін бағалаудың жай мысалы ретінде еңбек өнімділігі көрсеткішін алуға болады. Бұл көрсеткіштің бағасы берілген қызмет түрінде қолданылатын уақыт нормасына негізделеді.

 

 

 


ҚОРЫТЫНДЫНЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ

 
                                                

 

 

                                                 

 

ҚОРЫТЫНДЫНЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРУ

 
 

 


                                                                            

БАҒАЛАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ФУНКЦИЯСЫ:

Қызмет көрсеткішінің абсолютті мағынасының көрсетілуі

 

САЛЫСТЫРУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ФУНКЦИЯСЫ:

Қызмет көрсеткішінің салыстырмалы мағынасының көрсетілуі

 

 
 

 


                                                                          

                                                                                                         

 

 

 


                         

 

 

 

 

 

ҚЫЗМЕТКЕРДІ АТТЕСТАТТАУ

 
 

 


                         

 

Сурет 2. Бағалау мен салыстырудың функционалды ерекшеліктері

Өз кезегінде еңбек өнімділігі көрсеткіші негізінде оның тек орташа көрсеткішін ғана емев, сонымен қатар төмендегі көрсеткіштерді салыстыруға болады:

- көрсеткіштің бір біріне салыстырмалы түрдегі максималды және минималды мағыналары;

- қызметкердің басқа уақыт кезеңіндегі еңбек өнімділігі;

- уақыт кезеңіндегі басқа қызметкердің еңбек өнімділігі.  

- Қызмет қорытындыларын бағалау көпжоспарлы түсінік екенін атап айқан жөн.

Жеке қызметкердің нақты қызмет қорытындысын бағалау (жеке бағалау) және берілген кәсіпорынның барлық қызметкерлері арқылы орындалған қызметті бағалау (жиынтық бағалау) мыналарды ажыратуды қажет етеді:

- кәсіпорын қызметкерінің қызмет қорытындысын кешенді бағалау әртүрлі қызмет түрлері көрсеткіштерімен бағаланады; 

-  кәсіпорын қызметкерінің қызмет қорытындысын орташа бағалау жекелеген қызметкердің қызмет қорытындысының орташа мағынасымен бағаланады;

-  кәсіпорын қызметкерінің қызмет қорытындысының болжанған бағасы бір ғана көрсеткішті емес, бірнеше көрсеткішті салыстыру арқылы бағаланады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1 Теория и практика антикризисного управления.Под/ред Г.П.Иванова, М: Закони право,Юнити-1995г.

2 Травин В.В, Дятлов В.А. Менеджмент персонала предрпиятии. М:Дело,2000.

3 Журавлев, Карташов, Маусов,Одегов.Технология управление персоналом. М: 2000г.

4 Под.ред.Короткова. Антикризисное управление.М: ИНФРА-М,2000.

5 Антикризисное управление. Под/ред Э.М. Короткова. М., Инфра-М,2005г