Саутова М.Б.
«ЖО СЭСО»
РМҚК физикалық-химиялық әдіспен зерттеу зертханасы,
Тараз
ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ –
ҚАУІПСІЗ ТАМАҚТАНУ
Қазақстанда тамақ
өнеркәсібі саласындағы нарықтық
экономиканың дамуы тамақ өнімдерін өндірудегі
бәсекелестікті арттыра отырып, тұтынушылардың
қажеттілігін сапалы да қауіпсіз өніммен қамтамасыз ету
арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Осы мақсаттың елімізде іс
жүзінде орындалуы үшін тамақ өнімдерін өндіруді
басқару ісіне жаңаша көзқарас жүйесін енгізу
мәселесі қолға алынуда.
Қазіргі кезеңде тамақ
өнеркәсібі саласы шикізат, ингредиенттер мен технологиялық
қоспалар, өніммен тікелей жанасатын орама, қапшық,
буып-түю материалдары және өнімді өңдеу
технологиялық әдіс-тәсілдердің алуан түрлілігімен
ерекшеленеді. Осындай жағдайда өндіріліп жатқан тамақ
өнімдерінің адам денсаулығына, соның ішінде,
әсіресе балалар мен жүкті әйелдер, сондай-ақ
науқас адамдардың денсаулығына кері әсер ету,
өміріне қатер төндіру фактілері жиі кездеседі. Сонымен катар
адамның қоршаған
ортаға зиянды іс-әрекеттерінен туындайтын экологияның
ластануы, жеңіл жолмен пайда табуды көздеп, рынокқа
жалған өнім енгізу фактілері азық-түлік
өнімдерінің залалдануына себепкер болуда. Нәтижесінде,
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мәселесі барған сайын күрделене түсуде. Мысалы, тамақтан
улану жөніндегі статистикалық мәліметтерге жүгінсек,
дүниежүзі бойынша минут сайын 5 жасқа дейінгі
балалардың бесеуі тамақ өнімдерінен туындаған
аурулардан көз жұматын көрінеді. Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әр жыл сайын дамыған елдер
халқының 30%-дан астамы тамақтан уланады, 2 млн. адам
қауіпті тамақ өнімдерін тұтыну салдарынан көз
жұмады екен. Біздің елде тек 2010 жылдың өзінде тиісті
талаптарға сәйкес келмейтін дәрі-дәрмек,
азық-түлік қатарлы биологиялық текті өнімдерді
пайдаланудың әсерінен 3400 адам уланған. Осындай
жағдайда елімізде тамақ өнімдері мен мал, жануарлар
азығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
халықаралық деңгейде қабылданған
нормативтік-құқықтық тәжірибелерді
пайдаланудың тиімділігі жоғары болмақ.
Адам ішкі ағзасының
бұзылуы күнделікті тұтынатын тағамнан болады.
Екіншіден, жеке бас гигиенасына салғырт қараған-дықтан,
дерттің асқыну қаупі туындайды. Жеміс-жидек жан-жақтан
ағылып келіп жатқан жаз мезгілінде оны тұтынушылар
қатары тіпті артып отыр.
Адам ағзасы көптеген заттардан
тұрады – олардың бәрі ағзаға тамақ
өнімдерімен түседі. Адам бірнеше апта бойы тамақтанбаса
өліп қалатындығы белгілі: ал нашар тамақтанатын болса,
ол жүдеп әлсірейді. Ағзаның қоректік
заттарға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін
сан алуан тағамдардың жеткілікті мөлшерін қамтамасыз
ететін рационды (ас үлесін) теңгерілімденген қоректену деп
атайды.
Тамақтану қауіпсіздігін сақтау үшін
төмендегі бірқатар
ұсыныстар мен ескертулерді есте сақтаған жөн:
- көгеріп кеткен
азық-түлікті тамаққа пайдаланбаңыз! Есте
сақтаңыз, зең азық-түліктің ішіне
өтетін, көзге көрінбейтін токсиндерді (афлатоксиндерді,
охратоксиндерді және т.б.) бөледі. Афлатоксиндер температураға аса төзімді келеді, олар
күн сәулесінің немесе УК-сәулелендірудің
әсерінен ғана бұзылады;
- афлактоксиндер жеміс-жидектерді және т.б.
өңдеу өнімдеріне өтеді. Сондықтан көгерген
өнімдерді шарап, шырын, мармелад және т.б. дайындау үшін
пайдаланбаңыз;
- жер жаңғақта, жасымықта,
қабығы бар жаңғақта, өрік
сүйектерінде афлатоксиндер көзге айқын көрінбейтін
көгерулі және білінбейтін көгеру иісінсіз болуы мүмкін
екенін ұмытпаңыз;
- токсикалық (уытты) заттар
азық-түлікті дұрыс сақтамағанда пайда болуы
мүмкін. Мәселен, сүйекті жемістерден жасалған спирт
тұнбаларын ұзақ уақыт бойы сақтағанда
ерітіндіге күшті у-көгерткіш қышқыл түседі;
- картопты жарық көзіне
сақтағанда, әрі, ол өскенде соланин түзіледі. Ол
картопты жасыл түске бояйды. Соланинмен улану өлім қаупін
тудырмайды, бірақ оны болдырмаған жөн. Жасылданған
картопты мұқият тазалай отырып, “көздерін” алып тастау керек;
- тамақ өнімдерін орау үшін газет,
журнал, қаптама қағаздарын пайдаланбаңыз: оның
құрамында көп мөлшерде қорғасын мен кадмий
болуы мүмкін;
- шойын табаны пайдаланғанда тамақ
өнімдері темірді азырақ сіңіретінін ескеріңіз;
- мыс пен қорғасынның
азық-түлікпен экстрациялану деңгейі ыдыстың қанша
уақыт ұсталғанына байланысты. Ұзақ мерзім
пайдаланылған соң мысты жауып тұрған қалайы
қорғаныш қабатының тиімділігі кемиді;
- құрамында кадмийдің біршама
мөлшері бар мырыш сұйытылған қышқылдармен тез
ериді, сондықтан ыдысты құрамында қышқылы бар
тамақ өнімдерін сақтау үшін пайдалануға болмайды;
- алюминидің ерігіштігі және оның
тамаққа түсуі сілтілік немесе қышқылдық
ортада артады.
- қалбыр банкасын ашып, оны бөлме
температурасында сақтаған соң қалайыланған
қаңылтырдан тағамға өткен қалайының
мөлшері артады;
- қаңылтыр банкілердегі тағамға
қалайының өтуі нитраттар болған кезде арта
түседі; әрі мұнда нитриттар болғанда
қалайының уыттылығы жоғарлайды;
- тамақтануда тағам талшықтарын
көбірек пайдаланыңыз (яғни, жеміс-жидектер оның
көзі болып табылады): олар ағзадан зиянды алмасу
өнімдерінің, ауыр металл тұздарының шығуына
ықпал етеді.
Қазіргі заманғы ғылыми білім негізінде салауатты
тамақтану туралы хабардарлықты көтеріп жəне
тамақтану əдетін өзгерту табандылық пен уақытты
қажет етеді. Дегенмен бұндай талпыныс жақсы жемістерін
береді: салауатты тамақтану – бұл əрбір адамның
денінің саулығы жəне жалпы ұлттың денінің
саулығы.